Қазақша
Теміркіндік
Бір байдың ұлы мен қызы болыпты. Жартысы орыс, жартысы қазақ-қырғыз жаулар келеді. Теміркіндік атты ұл, олардың бәрін талқандайды. Бір күні олардың әпкесі далада тастың астында бастырылып жатқан адамды тауып алады. Ол тасты алып тастауды өтінеді. Алғашында қыз көнбейді. Сонда ол оған үйленуге уәде береді. Қыз тасты көтереді де, әлгі адамды өзінің үйіне әкеп, алтын сандыққа жасырады. Бір күні киіз үйдің орнын ауыстырып тігу керек болады. Сандықты көтерген адамдар оның ерекше ауыр екенін байқайды. Бір күні Теміркіндіктің әпкесі інісіне: «Мен науқаспын, оның емі—мойнында қоңырауы бар қара киіктің сүті, соны тауып әкел!»—дейді. Теміркіндік сүтті іздеп кетеді. Жолда кезіккен адам оның бағыт алған сапарының қауіпті екенін ескертіп, кері қайтуға үгіттейді. Бірақ Теміркіндік алған бетінен қайтпайды. Сонда жолда кезіккен адам: «Сенің жолыңда екі ит кезігеді, оған жамбас пен сан беру керек. Сосын түйе кездеседі, оған: бас жіп лақтырып, «бұйдаға қара»,—десең тынышталады. Сосын бір ақ, бір көк, бір қара үш дәу кезігеді, ақыр соңында қолында киігі бар кемпір кездеседі»,—дейді. Теміркіндік ары қарай сапар шегеді. Оған екі ит кездеседі де, оларға жамбас тастаған соң бұған тиіспейді. Жолында кездескен түйеге қамшы тастап: «бас жібіңе орал»,—дейді. Түйе оның жолын босатады. Ақ дәумен жолығып, онымен 4 күн күні-түні алысып, ақыры өлтіреді. Сосын көк дәумен 3 күн күні-түні алысып, оны да өлтіреді. Ең соңында қара дәумен де 4 күн күні-түні күресіп өлтіреді де, үшеуінің де құлағын кесіп алады. Теміркіндік жүріп отырып, жердің жыртығын жамап отырған кемпірдің қасындағы қоңыраулы қара киікке жетеді. Теміркіндік киіктің желінінен сүтті сауып алып, қашып кетеді. Кемпір қуа жөнеледі. Олар дәудің мекенінің қасынан өткенде кемпір: «Дәу, ананы ұста!»— деп айғайлайды. Сонда Теміркіндік дәудің өлтірілгенін білдіру үшін кесіп алған құлақтарды көрсетеді. Сосын олар түйенің қасынан өтеді. Кемпір түйеге: «Мынаны ұста, тұншықтыр!»— деп айғайлайды. Сонда түйе оған: «Сен мені ешуақытта бас жіппен қамтамасыз етпедің, ал ол маған оны берді, сондықтан енді ешуақытта сенің айтқандарыңды істемеймін»,—дейді. Әрі қарай олар иттерге кезігеді, кемпір оларға да: «Оны ұстап өлтіріңдер!»—деп айғайлады. Бірақ иттер де «сен бізді еш уақытта тамақтандырмадың, ал, ол бізге ет берді»,—деп айтқанын орындамай қояды. Теміркіндік киік сүтін үйге ап келеді. Ауылға жақындағанда «Бұлкімніңауылы?»деп сұрайды. Халық: «Бұл тастың астында жатқан адамның ауылы, бұрын Теміркіндіктің ауылы болған»,—деп жауап береді. Теміркіндік мал бағып жүрген өзінің әке-шешесімен кезігеді. Олардан да: «Бұл кімнің ауылы?»—деп сұрайды. Олар: «Бұрын бұл біздің ұлымыз Теміркіндікке тиеселі болатын, қазір Теміркіндіктің әпкесіне үйленіп алып, бізді құлға айналдырған тастың астынан шыққан батырға тиеселі»,—дейді. Түнде Теміркіндік киіз үй ішіне тығылып қалады да кемпірден арқасын қасып беруді өтінеді. Оның арқасындағы қалынан танып қалған анасы оны
құшақтап, көрісіп жылайды. Теміркіндік өзінің кім екендігін айтқан соң, барлығы қуанысып, ұлан-асыр той жасайды. Халық батырды қолдап, тас астында жатқан батыр мен қарындасына жұмсайды. Теміркіндік бұл батырды, оған әйел болған өз қарындасын да өлтіріп, өз жұртына да, өзге жұртқа да хан болып, мұрат-мақсатына жетеді.