Корпусқа оралу

Бөдененің құйрығы неге қысқа?

Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» – дегенде,...

Қазақша
Бөдененің құйрығы неге қысқа?
Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» – дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты. – Тәуекел! – деп, бөдене ұша жөнеліпті. Шырқап көтеріліп барып, таудан ол да аса алмапты. Содан соң ызаланған бөдене зымырап құйылғаннан құйылып кеп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол таудың ар жағына бір-ақ түсіп кетіпті. Міне, содан бері қарай бөдене қонғанда, аяғымен қонбайды, көкірегін жерге соға қонады. Ал құйрығы нағып қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып қалып қойыпты... Әйтпесе бұрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек. Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар ары қарай бөдене тескен тесіктен өтіп барыпты дейді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.