Қазақша
Етігел
Бір бай қырғыздың тоғыз ұлы мен қисапсыз малы болыпты. Байдың осы тоғыз ұлы әкесінен рұқсат сұрап, алысқа мал айдауға кетеді. Аздаған малы мен әйелі екеуі ғана қалған байдың малы жұтап, кедейшілікке ұшырайды. Малы жұтаған байдың ауылы да көшіп кетіп, айдалада жападан-жалғыз қалады. Бір күні бір жолаушы олардан келіп, тамақ сұрайды. Кемпір мен шал түк таппай, керегеде керулі тұрған сүрленген бір бөлік етті асып береді. Кедейленген бай әйелі осы сүрленген етті жеген соң жүкті болып, ұл туады. Оның атын Етігел қояды. . Осы Етігел ержеткен соң тоғыз ағасын іздеп сапарға шығады. Ол ағаларын бірде белдеуінде тоғыз көк түсті жылқы байлаған үйде отырған жерінде кездестірсе, енді бірде тоғыз күрең арғымақ байлаулы үйде көреді. Етігелдің батылдығын байқаған тоғыз ағайындылар онымен жөн сұрасады. Етігел өзінің шыққан тегін баяндап,, әкесінің жалғыз өзі көшіпқонып жүрген кедей екендігін айтып: «малды әкесі отырған өріске айдаңдар»—дейді. Бірақ ағалары қарсы болады. Өйткені жылқы үйірі шексіз көп болғандықтан, түгел бір бағытқа айдау қиын болады. Сонда Етігел үйірдің ішінен бір атты таңдап мініп, бастап жүріп кеткенде, оның соңынан жылқылар бірінен соң бірі топ-тобымен ілесе жөнеледі. Әкесінің жалғыз қараша үйі мекен еткен жерге аман-есен жетіп, барлығы табысқан соң ағалары әкесінен өздеріне қалыңдық табуды талап ете бастайды. Он баласына да қалыңдықты бір үйден табу мақсатын көздеген әкесі ел аралап, кезіп кетеді. Екі рет ойлағаны болмай оралады. Үшінші жолы, айдалада тігілген ақ үйдің жабығынан сығалаған сегіз қыздың ән айтқан дауысын естиді. Ойындағы іздегеніне жете алмағанына көңілі жабырқаған шалдың ойын есік алдында отырған кемпір байқап қалады: «Менің үйімнің сыртынан өтіп бара жатып алдымен қуандың, сосын қамығып жылауыңың сыры неде?»—деп сұрайды. Шал өзінің ойлаған ойы мен көрген жағдайын салыстырып айтып береді. Сонда кемпір айтады: «Сенде қанша ұл болса, менде сонша қыз бар. Оған қамығатын жөнің жоқ»—дейді. Осы уақытта қыздардың әкесі келеді де жасырып қойған кіші қызына қалыңмал сұрайды. Оның аты Қанжекей екен. Бұл қызына ол, қисапсыз көп жылқыдан, тек арғымақтан қалың мал сұрайды. Шал үйіне оралып, өзінің балаларына адам шошырлық қалыңның мәнісін түсіндіреді. Етігел өзен жағасына келіп, дыбыс бергенде өзеннен жылқы табыны бірінен соң бірі, бірін-бірі бастырмалата шығып, төрт тарапты толтырып тастайды. Қалың малын төлеп, түйесімен келіндерінің жасауымен алып қайтуға шал келеді.
Қанжекей өзіне аттан Жалқұйрықты және қырық түйенің жүгін көтерерлік бір түйені таңдайды. Оның тілегі орындалады. Кенже ұлы мен қалыңдығын шығарып салған шал, өзен жағасына тоқтайды. Анасы қызына жолда кездескен өзен жағасына тоқтамауға кеңес береді. Бірақ Қанжекейдің бұл ақылына шал құлақ аспайды. Таңертең өзеннің тура ортасында тұрған түйесін көріп, ұстап әкелуге барғанда шайтан оның сақалына жармасады. Шалды өзінің бостандығы үшін Етігелді құрбандыққа беруге күштейді. Әкесі Қанжекейді аулына алып келіп той жасайды, барлық тоғыз ұлы қалыңдықтарын алып үйді-үйіне тарқасады. Тойға тек Етігел ғана келмейді. Себебі Етігел мен Қанжекей әкесінің әрекетін алдын-ала сезеді. Сондықтан Қанжекей Етігелге Жалқұйрықты беріп былай дейді: «Егер осы ат өлсе, сен де өлесің, егер өлмесе, тірі қаласың. Өз бостандығыңды қайтару үшін аттан, мынау саған құстың қауырсыны, мұны шайтанның құрсауынан құтылу үшін тұтатасың»—дейді. Етігел өзенге келеді. Шайтан оның жолын бөгеп, шылауына жармасып, Тоқтамыс ханның қызын алып келуге бұйырады. Жолда ол жалғыз аяғымен жүрген адамды жолықтырады.
«Сен не істеп жүрсің»—деп сұрайды. «Мен, жаяу жарысқа бәйгеге қатысқалы жүрмін»—дейді ол. Екінші бір кезіккен адам сыраны көп ішетіндігімен мақтанса, үшіншісі етті көп жейтіндігімен, төртіншісі моншада ұзақ отыратындығымен мақтанады. Ақырында Етігел Тоқтамыс ханның жұртына келіп шайтанға ұсынысын жасайды. Тоқтамыс хан алдымен той жасап, жаяу жарыс ұйымдастырады. Хан Етігелден жарысқа шығуын талап етеді. Етігел алғашқы жолда жолыққан адамды қосады. Шайтанның өзі де тойға қатысып, Етігелдің табысқа жетуіне қарсыласып бағады.Бірақ Етігел серіктерімен Тоқтамыстың сырамен, ыстық моншамен сынауынан сүрінбей өтеді. Ең соңында ат бәйгесі басталады. Етігел Жалқұйрықты қосады. Жал-құйрыққа тіл бітіп былай дейді: «Үш қатар арқанды бірге ширатып,келер жолға үш қатарға керіп қой, әйтпесе мен қатты екпінмен тоқтай алмай қалуым мүмкін, не зорығып өлуім мүмкін»—дейді. Бірақ Етігел арқанның біреуін керуді ұмытып, екі қатар арқан ғана кереді. Жалқұйрық оны кесіп өтіп, құлап жарақаттанады. Сонда Етігел қалыңдығының сөзін есіне алып, қамығады. Жалқұйрық сонда қайта тіріледі. Етігел үшін емес, Қанжекей үшін барлық күшін жиыстырады.
Барлық сынақта жеңіске жетіп, Етігел Тоқтамыстың қызын алып, келген жағына кетеді. Жолда ол тас астынан шыққан бір дыбысты естиді. Тоқтамыстың қызы оған мән бермеуге кеңес береді. Бірақ, Етігел оны тыңдамай тасты аударып, астында жатқан адамды босатып алады, ол алғысын айтып кетіп қалады. Бірақ, бұл—шайтан болатын. Жолаушылар бір жерге қонуға жайланғанда шайтан қосқа кіріп, Жалқұйрықты күзеп, шешіп алып, ерттеп мінеді де,артынан қуған киіз үйден шыққан Етігелді күшпен тас астына бастырып кетеді. Осы жерде батырға баяғы қалыңдығы берген қауырсын көмектеседі. Жан алқымға келіп қиналғанда қанатты жылан оны бұл қауіптен алып шығады. Етігел қауіптен құтылып, Тоқтамыстың қызы қалған жердегі жол жағасындағы өзеннің қамысына жасырынады. Қызметші әйел өтіп бара жатып айғайлайды: «Сен әлі де тірімісің, Етігел»—деп. Етігел Тоқтамыс қыздарының жағдайы туралы сұрайды. Қыздарға келген әр күн сайын шайтан Жалқұйрыққа мініп әбден жадатып, жүдетеді. Жем-су бермей әбден арып-аршиды. Тоқтамыстың қызы шайтаннан бала әкеледі. Етігел шайтаннан өгізді буып тастауға рұқсат сұрайды. Бұл үшін баланы жылағанын пайдаланып, қулық істемекші болады. Шайтан: «бала не үшін жылайды?»—деп сұрайды. Сонда оған: «Өгізді қалайды»—деп жауап береді. «Ал бізде басқа мал аз ба?»—деп сұрайды шайтан. Осындай жолмен үш өгіз сойылады. Етігелдің өзі бұл уақытта басқа үйде жасырынады, түнде шығып, өгіздің етін жейді. Сөйтіп, ол, үш күн күш жинап, төртінші күні Жалқұйрықты босатады, шайтанды байлап, қайта тастың астына бастырады. Ал өзі Тоқтамыстың қызымен үйіне көшіп келеді. Қанжекей Етігелді жолға жіберіп өзіне серт жасайды, «егер батыр өлсе, сол күні інген еркек бота, ал егер тірі келсе ұрғашы бота табады.» Үш жыл өткен соң осы уақытқа дейін тумаған інген боталап, хабаршы бүкіл ауылды аралап хабар таратады. Қанжекей түн қараңғылығына қарамай інгеннің не туғанын білуге асығады. Жолда ол Етігелді кезіктіреді. Бірақ оны танымайды. Етігел оны тоқтатып: «Түйеңіздің не туғанын біліп келетін адамыңыз жоқ па?—дейді. Бірақ Қанжекей бұл оқиғаның мән-жайының маңызды екенін түгел түсіндіріп, әр қарай асығып жүріп кетеді. Інген еркек бота боталаған екен. Қанжекей ауылға қайтуға асығады, бірақ оған осы сәттеақ Етігелдің Тоқтамыс ханның қыздарын үй-күйімен алып келгендігі жайлы хабар жетеді. Сөйтіп, Етігел өзінің ауылымен, әйелдерімен көшіп-қонып, бақытты өмір сүріпті.