Корпусқа оралу

Әлеуке батыр және оның ұлы Орақ

Әлеуке дейтін батыр болыпты. Оның Әліби деген досы болыпты. Әлеуке батырдың тоғыз ұлы болыпты. Әлеуке батырдың жауы қалмақтар екен. Батыр қалмақтарға қарсы тоғыз ұлын бас қылып, әскер жібереді. Көп күндер мен айлар өткен соң әскер қалмақ жеріне жетеді. Әскер арасында ешкімнің жаудың күшін байқауға батылы бармағанда Әле...

Қазақша
Әлеуке батыр және оның ұлы Орақ
Әлеуке дейтін батыр болыпты. Оның Әліби деген досы болыпты. Әлеуке батырдың тоғыз ұлы болыпты. Әлеуке батырдың жауы қалмақтар екен. Батыр қалмақтарға қарсы тоғыз ұлын бас қылып, әскер жібереді. Көп күндер мен айлар өткен соң әскер қалмақ жеріне жетеді. Әскер арасында ешкімнің жаудың күшін байқауға батылы бармағанда Әлеукенің тоғыз ұлы барады. Олар өздері отырған тау басынан сансыз әскерді көреді. Соған қарамастан, қалмақтарға қарсы күреске шығады. Жау әскері бірден бас салады. Тоғыз ұл өз әскерлеріне хабар беріп үлгере алмай қалады. Тоғыз батыр жау әскеріне тоғыз тұстан тиісіп ұрыс салады. Ұрыс үстінде қалмақтардың Көбікті дейтін батыры кешке жақын Әлеуке батырдың үлкен ұлын өлтіреді. Қалған сегіз ұлы сегіз тұстан алты күн соғысады. Жетінші күні тоғыз батырдың тағы біреуі өледі. Қалған жетеуі қаймықпай соғысады. Тағы да тоғыз күн өткенде, Көбікті батыр жеті батырдың тағы біреуін өлтіреді. Бесеуі жау әскерінің бес тұсынан тиіседі. Алты күн өткен соң Көбікті батыр тағы бір батырды өлтіреді. Енді төртеуі қалады. Төртеуі әскердің төрт тұсынан соғысады. Қалмақтың Көбікті батыры тағы бір батырды өлтіреді де үшеуі қалады. Қалған үшеуі де беріспей алты күн соғысады. Жетінші күні Көбікті батырмен соғысқанда тағы біреуі өліп, енді екеуі ғана қалады. Бірақ екеуі де берілмейді. Тағы да алты күн соғысады. Екі батырдың біреуі тағы да өледі. Қалмақтың қалың қолы Әлеуке батырдың әскеріне басып кіріп, ұзақ күндер соғыс жүреді. Әлеуке батырдың көптеген адамдары қырылып, сансыз шығынға ұшырайды. Қалмақтар жеңеді. Әлеуке батыр Әліби досымен бірге қашып құтылып, еліне келеді. Әлеуке халқын жинап, ұлдарынан айрылғанын айтып, не істеу керектігі жөнінде кеңес сұрайды. Оған халық әулиелерге барып, ұл сұрау керектігін айтады. Әлеуке әр түліктің еркегін таңдапалып, әйеліменбіргеаттаныпкетеді. Әртүрліәулиелердің басына түнеп, құрбандық шалып, қонақ асы береді. Бірақ ешқандай өзгеріс болмайды. Бірғана қошқар қалады. Бір күні олар Баба-Түкті-Шашты-Әзіз тұсынан өтіп бара жатып, басына түнеуге тоқтайды. Әлеуке соңғы қошқарды сойып, шырақ жағып, құдайға құлшылық етіп, ұйықтап қалады. Түсінде ақ сәлделі бір адам келіп, былай дейді: «Мен де сендер үшін дұға тіледім. Біздің дұғамыз қабыл болды. Сен не қалайсың? Тоғыз ұл ма, әлде тоғыз ұлға татитын бір ұл ма?» Әлеуке айтты: «Маған тоғыз ұлға татитын бір ұл керек». Ақ сәлделі адам: «Саған құдай бір ұл, бір қыз береді. Олар туылғанда атын өзім қоямын»— дейді. Әлеуке әйелі екеуі оянғанда, қастарында ешкім жоқ болады. Олар қуанып, еліне оралады да той жасайды. Көп ұзамай әйелі жүкті болады. Он ай, он күн өткен соң бір ұл бір қыз туады. Халық балаға ат қоюға жиналады. Әлеуке ұлын, әйелі қызын қолына алып, халық арасын аралап, балаларына ат беруді сұрайды. Олар халыққа: «Кіде-кім жақсы ат қойса, ат басындай алтын береміз» деп жар салады. Осы кезде ел қыдырып, көк есекке мінген, басында ақ сәлдесі бар бір дуана келеді. Дуана айтады: «Егер мен жақсы ат берсем, осы алтынды маған бересің бе?». Әлеуке: «Берем» дейді. Дуана Әлеуке батырдың ұлының бетін ашып, оның атын «Орақ батыр», қыздың бетін ашып «Қарлығаш» деп ат қояды. Сөйтіп, ат басындай екі алтынды алып қалады. Халық: «Бұл аттар жақсы емес. Біз өзіміз де ат ойлап табатын едік, сондықтан дуананың алып кеткен алтынын қайтарамыз» деп артынан қуады. Халық дуанаға жақындап қалғанда, дуана есегін бір жөңкітіп алып, көзден ғайып болады. Бұл Баба-Түкті-Шаш-Әзіздің өзі болатын. Балаларды бесікке салып, той жасайды. Әліби досы Әлеуке батырға келіп: «Қалмақтармен соғысуға барамыз ба, әлде тоқтай тұрамыз ба?»—деп сұрайды. Әлеуке батыр: «Мен патша болсам да, енді менің жасым келді. Ұлым жас. Сол ержеткенше қоя тұрайық» дейді. Халық та ұлдың өсуін күтеді. Бала жеті жасқа келеді. Халық бұдан әрі күте алмай, соғысуға шығады. Жеті жасар ұлы Әлеуке батырға келіп: «Маған рұқсат беріңіз. Мен тоғыз ағамның қаны үшін кегімді аламын» дейді. Бірақ әкесі: «Сен әлі жассың» деп көнбей қояды. Бала жылап анасына келеді. Анасы да рұқсат етпейді. Ол енді әжесіне келіп, әжесі екеуі Әлеуке батырдың досы Әлібиге келеді. Сонда Әліби олармен бірге Әлеуке батырға келіп: «Маған балаңызды беріңіз. Мен оны соғысқа жібермеймін, қасымда ұстаймын. Тек оның Орақ аты әскер арасында аталса болды. Әлеуке батыр баласын жібергісі келеді, бірақ әпкесі Қарлығаш Әлібиге: «Қырық күн тоса тұрыңыздар, біз Орақтың тұлпары мен ер-тұрманын дайындайық» дейді. Әпкесі тоқым жасап, киіздердің арасына тобылғы салады, шапанының астарына жібектен әдіптеп тігіп, бауырсақ салады. Біткен соң, жылқышы Қодарды шақырады. Әлеуке батырдың тоқсан құлы болыпты, Қодар солардың басшысы еді. Оған аттарды үлкен өзенге қарай айдау бұйырылады. Қарлығаш қыз әрбір атты жетектеп, өзеннің басқа бетіне қарай жібереді. Барлығын жан-жаққа таратып жіберіп: «Бұлардан басқа ат жоқ па? Бұл аттардың арасында, менің інім, Ораққа лайықтысы жоқ»—дейді. Қодар осыдан он жыл бұрын аралға бірнеше ат жібергенін айтады. Қодардың өзі жүйрік Тоқпақ жалға мініп, аттарды тауып алады, баяғы аз жылқы көбейіп жүз бас болған екен. Қыз Қарлығаш бұл аттарды да басқа жағалауға айдап, таратып жібереді. Тек бір жасар сұр құлыншақ қалады. Қыз оны да өзенге тастайды. Бірақ ол өзеннің ортасына құлап, қыз тастаған жағалауға қарай кері жүзіп қайтып келеді. Қыз қайта тастайды. Ол ортасына барғанда қайта құлап, тасталған жағалауына қайта оралады. Үшінші ретінде ғана ол басқа жағалауға қарай құлайды. Қыз: «Осы ат қана Ораққа жарайды»—дейді. Сосын Орақ осы атты ұстап, ерттеп мінеді. Сөйтіп Әлеуке батырға келеді. Әкесі оған бата береді. Қырық күн өткен соң, әскер жолға шығып Көделі жеріне жетеді, сосын Тобылғылы  жерін,  сонан  соң  Жусанды,  сосын  Шиелі, Бүлдіргенді, жерлерін басып өтіп, Балдырғанды мекеніне келеді. Осы мекеннің ортасына келіп тоқтайды. Күзет қойғысы келеді, бірақ күзетке ешкімнің барғысы келмейді. Сосын Орақтың өзі жалғыз күзетке шығады. Ол алыс шаңның арасынан тудың түбіне жиналған қалың әскерді көреді. Бұл да соғысқа дайындалады. Қолына қаруын алып, жауына қарсы жалғыз күреске шығады. Жау жағының Қисық атты батыры Орақпен жекпе-жекке шығады. Орақ Қисықты өлтіреді. Осыдан кейін бәрі Орақтан қорқады. Орақ жалғыз өзі бүкіл қалмақ әскерімен соғысады, ағалары секілді қарсы жақтың басым әскерін жайпап салады. Жау әскерінің аз ғана бөлігі қалады. Орақ оларды да өз жеріне дейін тықсыра қуып тастайды. Осы уақытта Ораққа Көбікті келеді. Көбікті өзінің жұртына қарап: «Сендер онымен соғыспаңдар, себебі, ол Баба-Түкті-Шашты-Әзізбен байланысты, бәріңді қырып салады. Оны жасырын шұңқыр қазып, соған түсіру арқылы қулықпен алу керек. Қаладан сұлу қыздарды жинап әкеп, оларды шұңқырдың келесі бетіне қою керек. Сонда соларға қараймын деп, ол шұңқырға түседі»,—дейді. Қыздарды әкеп, шұңқырды қазады. Орақ қыздарға қарай бассалғанда аты әрі қарай аяқ баспай шұңқырдың алдында тұрып қалады. Сонда Орақ атын сабайды, ат шұңқырдың келесі жағына қарғығанда Орақ шұңқырға түсіп кетеді. Ат далаға қашып кетеді. Адамдар атты ұстағысы келеді, бірақ ұстай алмайды. Ат өзінің әскеріне қашып келеді. Халық Орақтың тұтқынға түскенін біледі. Қалмақтар бір тауды әкеліп, шұңқырды жауып қояды. Қырық күн өткен соң олар Орақты алып шығып, аяғындағы шынжырын шешеді. Қалмақ ханның қызын әкеп қосып, тұқым алып қалғысы келеді. Орақ тұқымын бергісі келмейді. Оны тағы да шұңқырға тастайды, қырық күн өткен соң қызды тағы әкеліп, Орақты шұңқырдан шығарады. Батыр тағы да қарсыласады. Сосын оны сексен адамымен қайыққа отырғызып, Барсакелмес аралына жөнелтеді. Жолда сексен адам өзара ақылдасып: «Аралға дейін әлі алыс, теңіз үлкен, азық-түлік жетпейді. Оның қолын шешіп, теңіздің түбіне тастайық»—дейді. Сөйтіп, батырдың аяқ-қолын шешеді. Қол-аяғы босаған Орақ батыр олардың барлығын суға лақтырып, қайықпен жалғыз өзі жүзіп кете береді. Бір күні жағалауға, құрғақ жерге шығады. Айналасына қараса, тамырын судың тереңінен тартып тұрған ағашты көреді. Бұл—өзінжөнелткенаралболатын. Ол өзінің қайығымен ері қайтады. Жолда қатты дауыл соғып, қайықты алып кетеді де қайықсыз жалғыз өзі қалады. Аралда тамағы таусылып, қаңғып жүргенде шапанының астарынан әпкесі салған бауырсақты тауып алып өзек жалғайды. Бірақ ол да таусылып, біраз күннен соң тағы ашығады. Содан ол шапанын қағыпсілкіп жүріп сынған ине тауып алады. Балық аулап күнелтеді. Бір күні үлкен бір балық түсіп, қармақтың бауы үзіліп қалады. Қайтадан аш қалады. Аш күйінде аралда қаңғып жүріп, аштықтан өлім халіне жақындайды. Балшық әкеп, оған құм қосып, шұңқыр жасап, сонда өлім күтіп жатады. Бірнеше күн жатып, шығар шықпас жаны қалғанда қырық қарға ұшып өтіп, Орақтың бір көзін ойып алады. «Енді өлетін болдым»—деп Орақ жылап жатады. Сол уақытта ағашқа үлкен қара құс келіп қонады. Орақ: «Бұл мені енді мүлде жеп қояр. Әке-шешем менің не халде екенімді білмейді. Қарындасым Қарлығаш та хабарсыз»,—деп ойланып, жылайды. Сонда Қарақұсқа тіл бітіп: «Сен бір рет те Баба-Түкті-Шаш-Әзіздің атын аузыңа алмадың»—дейді. Бұл Қыран кейпінде келіп отырған Әулиенің өзі екен. Ол Ораққа: «Сен жауыңмен соғысқанда мен саған көмектестім. Бірақ, сен мені есіңе алмадың. Сосын мен сені шұңқырға тастадым, сен мені есіңе алмадың. Мен саған көмектесіп шұңқырдан шығардым, саған қызбен қосылуға кедергі болдым. Сексен адаммен қайыққа отырғызып, аттандыруға себепші болдым. Сонда да сен мені есіңе алмадың. Теңіз ортасында сені суға тастатпай, оларды қолыңды шешуге мәжбүрледім. Содан сен ол сексен адамды суға лақтырдың, мұнда да мен саған көмектестім. Одан кейін жағалауға, аралға шықтың, жел болып сенің қайығыңды алып кеттім. Сен мені есіңе алуға мәжбүрлеу үшін. Сен қанша күн аш жүрдің. Мен саған әпкең жасаған бауырсақты тауып, жүрек жалғауға көмектестім. Ал сен балық аулағанда мен үлкен балық болып келіп, қармағыңды үзу арқылы, мені есіне алар деп ойладым. Бірақ, сен өйтпедің. Мен қарға кейпінде келіп көзіңді шұқыдым, сонда да сен мені есіңе алмадың. Соғыс үстінде мен саған оқ дарытпадым. Мен саған үнемі жақсылық жасадым. Ал сен, мені бір рет те есіңе алмадың. Сондықтан, енді өзім келіп тұрмын»— дейді. Орақ айтады: «Мен сіздің қандай түрде келгеніңізді білмедім. Сізді ешқашан көрген емеспін. Сіздің қолыңыздан не келетінін мен қайдан білемін». Сонда қыран жерге түсіп сілкініп қалғанда, қанатынан екі оқ ұшып шығады. Ол өзінің қанатымен Орақтың көзін сипап өткенде, көзі орнына келеді. Үлкен құс батырға: «Сен көзіңді жұм да, арқама отыр»—дейді. Орақ құстың қанатына бекініп отырады. Құс ұша жөнеледі. Біраз уақыт өткен соң құс көзін ашуға бұйырады. Орақ көзін ашса құс таудың басында тұр. «Бұл жерді білесің бе?»—деп сұрайды құс. «Білем»—дейді Орақ. Бұл жерде әкем халықпен кеңесу үшін жиналатын. Сондықтан «Кеңес төбе» деп аталады—дейді. «Ал сен өз үйіңді таба аласың ба?»—дейді құс. «Таба аламын»—дейді Орақ. «Келесі жолы мені есіңде ұстайтын бол!»—дейді құс. Орақ өзінің еліне келеді. Келсе, әке-шешесі қартайған, малмүлкін Қодар иемденіп алған. Әрі қарындасы Қарлығашты зорлықпен әйелдікке алмақшы болып жатыр екен. Орақ туырлық артындағы ши арасына жасырынады. Ата-анасы әр күн сайын жылап Орақты есіне алады. Анасы Орақты түсінде көргенін, омырауы иігенін айтып, «ол тірі» деп үміттенеді. Сол уақытта Қодар келіп, Орақтың апасына: «Сен не үшін күн сайын жылайсың. Орақ баяғыда-ақ өлген. Мен Қарлығашқа үйленіп, малдарды алып кетем»,—дейді. Қатты қорқыныштан Орақтың ата-анасының үні шықпай қалады. Қодар кетеді. Сонда Орақ үйге кіріп келіп, әкесіне тағзым етіп, жыласып көріседі. Халық арасында Орақтың келгендігі жайлы әңгіме тарап кетеді. Жұрт жиналып келіп, Орақпен амандасады. Үлкен той болады. Той тарқаған соң Орақ Қодарды шақыртады. Бірақ Қодар келмей қояды. Сосын оған Орақтың өзі келеді. Орақ одан: «Шақырғанда неге келмедің?»—деп сұрайды. «Малымды қарайтын малшы болмады, сондықтан келмедім»—дейді Қодар. Орақ Қодарды ұстап алып, қол-аяғын байлап киіз үйге қамап қояды. Әр күні етінен ет кесіп алып, өзіне зорлап жегізеді. Ақыры Қодар өледі. Орақ халықты жинап: «Мен қалмақтан кек аламын»—дейді. Ол қырық мың әскермен аттанады. Сөйтіп, соғыс өтетін жерге жетеді. Қалмақтың қолы бұрынғыдан да көп болады. Орақ қалмақ әскерімен жалғыз соғысуға шығады. Оларды қырыпжойып, өз қаласына дейін тықсыра қуады. Қаладан қалмақтың қыздары мен әйелдерін де қуып шығады. Бұл жерде ол Көбіктімен кезігіп жекпе-жекке шығады, жеті күн соғысып, бірін-бірі жеңе алмайды. Сонда Орақ өзінің қасиетті Баба-ТүктіШашты-Әзізді есіне алады. Сол сәтте Көбіктіні алып ұрады. Көбікті оған: «Сенің дініңді қабылдаймын» дейді. Сөйтіп, Көбікті мұсылман болады. Сонда қырық күн болып, мешіт салады. Сол қалада Көбікті батырды хан сайлайды. Көбікті Орақты алтын, күміс секілді көп сый-сияпатпен сыйлап, құрметтеп Орақты еліне дейін шығарып салып, Әлеуке батырдан кешірім сұрайды. Әлеуке батыр Орақты өз орнына хан сайлайды. Бұл уақытта Орақтың жасы жиырма да болады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.