Корпусқа оралу

Үркер

Үркер көкке шығып, өрлеген сайын күн суытып, ол төмендеген сайын күн жылына береді. Халықтың «Үркерлі айдың бәрі қыс» дейтіні осыдан. Әсіресе, Үркердің жануарлар үшін «жерге түскен» кезі-ақ жағымды. Үркер «жерге түскен» кезде (мамыр, маусым айларында) ол жерде жатып, көк шөпті «айдап, шығарып жатады-мыс». Бір қыста жер...

Қазақша
Үркер
Үркер көкке шығып, өрлеген сайын күн суытып, ол төмендеген сайын күн жылына береді. Халықтың «Үркерлі айдың бәрі қыс» дейтіні осыдан. Әсіресе, Үркердің жануарлар үшін «жерге түскен» кезі-ақ жағымды. Үркер «жерге түскен» кезде (мамыр, маусым айларында) ол жерде жатып, көк шөпті «айдап, шығарып жатады-мыс». Бір қыста жер жүзін мұз басып, мал қырылып, қалғандары сіңірі шығып, әупірімдеп жазға зорға жетіпті. Ауыр қыстан әбден запы болған жануарлар есін жия келе ақылдасыпты, «пәле Үркердің жерде жатпай, көкке шығып кетуінен болды. Ендеше Үркерді көкке шығармай, кезек-кезек басып тұрайық» деп, олар пәтуа жасап, пәлен жерде Үркер жатыр дегенді естіп, іздеп шығады. Жылқы, сиыр, түйе «Мен жүйрікпін, мен жүйрікпін» деп бәстесіп, жарысып келе жатса, алдарында шөптің арасында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. Бұрын жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр «Мен басамын» деп мүйізін шайқап, оны жолатпайды. ...Үркер басында он екі жұлдыз екен. Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған алтауы тұяғының арасынан шығып, аспанға ұшып кетеді. Міне, қыстың алты ай, жаздың алты ай болып қалғаны сондықтан. Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер түгел жерде жататын еді де, мәңгі-бақи жаз болар еді деседі. «Үркерден неге айрылып қалдың?» деп сұрағанда сиыр басқа хайуандарға «Ыстықта сәйгелдеп шауып жүргеннен де сақылдаған сары аязда сықыр-сықыр басып жүргенім жақсы» деп жауап беріпті.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.