Қазақша
Қисса анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны
Бисмилла, сөз бастаймын, иә, Рахман,
Нұр болып ай менен күн толықсыған.
Айтайын бiр қисса—артық сөзден,
Тыңдаңыз, құлақ салып, дiн мұсылман.
Қиссаның сөз айтайын сарасынан,
Мұхаммед екi дүние панасынан.
Жазайын Миғражды қисса қылып,
Мәулид пен Бақырғанның арасынан.
Бисмилла—тамам сөздiң басы дейдi,
Бұл сөзiм шариғаттың қасы дейдi.
Тыңдасаң құлақ салып, мұсылмандар,
Миғражы хазiреттiң осы дейдi.
Жүредi имандылар әдеп сақтап,
Имандыны перiште тұрар мақтап.
Бұл қиссаны шығардым ғибрат үшiн,
Мәулид пен Бақырғаннан мұны баптап.
Достысын өзге жаннан артық қыпты,
Тапсырған шапағатқа көп үмбеттi.
Шақырып Хабибiсiн Миғражына,
Құдайым «көрсетемiн нұрым» дептi.
Тыңдаңыз Расулдың Миғражын,
Бейiштен киген екен ләулiк тәжiн.
Миғражға қонақ болып барған жолы,
Достына көп айтыпты үмбет назын.
Перiште хабар алған бiр Құдайдан,
Нұры артық Мұхаммедтiң күн мен айдан.
Көрем деп Мұхаммедтiң салтанатын,
Жиылды перiштелер әлдеқайдан.
Дiн ислам Мұхаммедке бас ұрып тұр,
Бейнамаздан дидарын жасырып тұр.
Мұхаммед Мұстафаның шарапатын
Ғаламнан он сегiз мың асырып тұр.
Дос қылған Алла Тағала Мұхаммедтi,
Тiлептi қыспақ жолда көп үмбеттi.
Бiр күнi өз үйiнде Расул Алла
Дүйсенбi күн кешiнде ұйықтап жатты.
Әр жерде үмбеттерiн аяп едi,
Көз жасын үмбет үшiн бояп едi.
Нұр төсекте жатқанда шынашақтап,
Көзi ұйқыда, көкiрегi ояу едi.
Көрiңдер бiр Алланың құдiретiн,
Қондырды Мұстафаға нұр нәубетiн.
«Шақыр!» деп Жәбiрейiлге әмiр қылды,
«Дидарым көрсетем» деп Мұхаммедiн.
Жәбiрейiл бұл әмiрдi естiп бiлдi,
Есiтiп қол қусырып түрегелдi.
«Досы досының дидарын көредi» деп,
Райханда Ризуанға хабар бердi.
Расул Алла—ғаламға гауhар шырақ,
Осы сөз өзге сөзден артығырақ.
Перiште Жәбiрейiл келiп көрдi,
Оттап жүр Райханда жүз мың пырақ.
Бiр пырақ арасында зарлар қатты,
Өзi адам көрiктi, нұр сипатты.
Өзге пырақ оттаса, оттамайды,
Басын жерге салмастан зар жылапты.
Көзiнен аққан жасы бiр тыйылмас,
Шөбiне Райханның көзiн салмас.
Биттей тағат қыла алмай, зар еңiрейдi,
Көзiнен тыйылмайды төгiлген жас.
Жануар неден бүйтiп зарлар ендi,
Қасына Жәбiрейiл жетiп келдi.
—Не себептен, жануар, қайғырдың?—деп,
Пырақтан Жәбiрейiл сұрайды ендi.
—Iшiңдi қайғы отымен жандырасың,
Нелiктен жүрегiңдi қан қыласың?
Қасыңдағы жолдасың бәрi оттап жүр,
Не себептен шөп жемей, зар қыласың?
Сол пырақ Жәбiрейiлге бердi жауап,
Еңкейiп басқан iзiн қылды тәуап.
—Мұңымды мен айтайын, әй, перiште,
Қылыңыз, шамаң келсе, маған сауап.
Iшiнде перiштенiң мұқаррапсыз,
Сөзiме құлағың сал, бiр қарап сiз.
Қырық мың жылдай Құдайға арыз қылдым,
Бүгiн сiздi Құдайым келтiрдi-ай кез.
Қырық мыңдай маған жыл болды,
Естiдiм бiр жақсы есiм-үндi.
«Мұхаммед» деп шақырды айғай салып,
Қарасам екi жаhан нұрға толды.
Естiдiм сол дауысты құлақ салып,
Бойым балқып көп тұрдым, есiм танып.
Құдайым ғашық қылды сол дауысқа,
Күнi-түнi жылаймын көп зарланып.
Құдайым Мұхаммедке ғашық қылды,
Өткердiм жылауменен талай жылды.
Армансыз барар едiм ғарасатқа,
Үстiме бiр мiндiрсем Хақ Расулды.
Ғашықтық жүрегiме кеттi өтiп,
Ғарышта және көрдiм атты пiтiк.
Жаппар Ием қабыл қып көзiм жасын,
Сүйiнер күн бар ма екен соған жетiп.
Жылаймын Аллаға сонан берi,
Хақ Расул екi жаhан кемеңгерi.
Қайта-қайта сөйлесем, әй, перiште,
Мұңымның осы тамам болған жерi.
Жәбiрейiл айтты сонда: —Әй, нұр пырақ,
Қайғыңды iшiңдегi бiлдiм,—дейдi.
Тiлегiң бердi бүгiн Алла Тағала,
Қырық мың жылдай бейiште жүрсiң жылап.
Берiптi тiлегiңдi сенiң Қадiр Алла,
Тарқайды мен сөйлесем iшiңнен дерт.
Ерттеп қызыл жақұт апарамын,
Үстiңе мiнбек болды Нұр Мұхаммед.
Үмбеттiң тiлегенi күнәhлары,
Жылайды шапағатқа жанның бәрi.
Үстiңе бүгiнгi күн мiнбек болды
Он сегiз мың ғаламның хақ сәруары.
Көңiлiңнiң тарқар ендi көп қапасы,
Әркiмнiң рахат болсын көп жапасы.
Үстiңе бүгiн түнде мiнбек болды
Он сегiз мың ғаламның падишасы.
Пырақтың қабыл болды тiлегi ендi,
Қырық мың жылдай тақсырды тiледi ендi.
Сол пырақ Мұстафаға сонша зарлап,
Тақсырдың абзалдығын бiледi ендi.
Жаhанда Мұстафаның артық сәнi,
Екi дүние шырағы, ол сұлтаны.
Бейiште пырақ ғашық Мұхаммедке,
Қалайша шыдар бұған үмбет жаны.
Пырақты алып жүрдi мiнедi деп,
Тәж ләулiк алып жүрдi киедi деп.
Пырақты алып жүрдi жарқылдатып,
Бұларды киiп, мiнiп келедi деп.
Пыраққа ер ерттедi қызыл жақұт,
Тiзгiнi—зүбәржаттан, жүгенi—ақық.
Перiште Жәбiрейiл алып жүрдi,
Жетелеп ап келедi жарқылдатып.
Бар Құдай Мұхаммедке нұрын құйды,
Ғаламнан он сегiз мың артық сүйдi.
Есiкте әдеп сақтап пырақ тұрды,
Перiште Жәбiрейiл үйге кiрдi.
Толықсып пырақ тұрды нұрға батып,
Гауhардан тiзген жалын жаудыратып.
Жәбiрейiл перiште үйге кiрiп,
Сөйлейдi Мұстафаны ендi оятып.
—Достыңыз сәлем дедi, әй, Мұстафа,
Екi дүние шырағы, әй, Нұр сафа.
Достыңыз қонаққа бүгiн келсiн,—дейдi,
Он сегiз мың ғаламға, әй, Басафа.
Достыңыз қонаққа бүгiн келсiн,—дейдi,
Хале тонын үстiне кисiн,—дейдi.
Лаухул Махфуз, Садратул Мұнтаhины
Хабибiм сайран қылып көрсiн,—дейдi.
Достыңыз қонаққа бүгiн келсiн,—дейдi,
Нұр пырақты астына мiнсiн,—дейдi.
Ғаршы Күрсi, Лаухул Қаламды тамаша қып,
Хабибiм дидарымды көрсiн,—дейдi.
Жарлықпен перiштелер жиылды көп,
Дидарын Мұстафаның көремiн деп.
Лаухул Қалам, Садратул Мұнтаhа, Ғаршы Күрсi,
Көруге ынтық болды жер менен көк.
Бар Құдай Хабибiнiң сүйер өзiн,
Сүйiктi қылған жұртқа айтқан сөзiн.
Сегiз бейiш есiгiн ашып қойды,
Қызметкерге шығарып хордың қызын.
Осындай әмiр қылды Құдауанда,
Бейiштен пырақ алып келдiм мұнда.
Жүрiңiз, пырақ мiнiп досыңызға,
Сiзге дидар көрсетер осы түнде.
Хазiрет естiп бiлдi бұл әмiрдi,
Алланың бұйрығына мойын бұрды.
«Алладан әмiр болса барайын»,—деп,
Төсектен Расул Алла түрегелдi.
Хақ Расул түрегелдi орнынан,
Тақсырдың нұр төгiлдi қойнынан.
«Бисмилла» деп Хақ Расул тысқа шығып,
Пырақтың күн түсiп тұр мойнынан.
Пырақтың ноқтасына көзiн салды,
Қасына Расул Алла жақын барды.
Пырақтың сипатын көргеннен соң,
Құданың құдiретiне қайран қалды.
Әй, мұсылман, жарандар,
Алып келген пырақтың
Ендi жайын айтайын,
Сипатына қараңдар.
Ернi қызыл гауhардан,
Нұрдан бiткен иегi,
Сом алтыннан сүйегi,
Жауhардан бiткен аяғы,
Алтыннан бiткен тұяғы.
Жұмақтан келдi жаралып,
Дүниеде болмас тұрағы,
Зағыпыраннан етi бар,
Анық нұрдан ұқсасы.
Қызыл күрең сипаты,
Нұр зағыпыраннан жаралған,
Мұқым сүйек мүшесi
Жаралған емшi Қанбардан.
Көрген адам таң қалған,
Анхазiрет Расулым
Оны көрiп аңғарған.
Райханнан жаралған
Құйрығы мен жалы бар.
Сондай сұлу жануар,
Бес жүз жылдық жол аттар
Аяғының әлi бар.
Сондай едi жүрiсi,
Жұпардан едi иiсi,
Өне бойы бәрi абзал,
Бәрi хордың кiрiсi.
Аттан едi зорырақ,
Әр нәрсесi молырақ,
Екi көзiн қарасаң,
Нұрдан жанған шамшырақ,
Толықсиды мол пырақ.
Түйеден едi аласа,
Өне бойы тамаша,
Көзi тоймас пенденiң
Келбетiне қараса.
Өне бойы нұр едi,
Әдеп сақтап тұр едi.
Пайғамбарды көрген соң,
Әлгi пырақ, жарандар,
Иiлiп сәлем бередi.
Сәлемiн алды Мұхаммед,
Пырақты жақсы көредi.
Айдай нұры ашылып,
Аузынан дүрлер шашылып,
Құдай досты Пайғамбар
Пыраққа жақын келедi.
Қашты пырақ шегiнiп,
Жәбiрейiл ұрысты зекiрiп.
Пырақ зарлап жылайды,
«Тiлегiм бар» деп бас ұрып.
Расул айтты:—Әй, пырақ,
Айт,—дейдi арызын құп сұрап.
—Алланың досты Хақ Расул,
Бүгiн көрдiм түсiңдi,
Сiзге айтайын iсiмдi.
Сансыз пырақ құрметтеп,
Бәрi сiзге қарайды.
Жұмақтың тұрар iшiнде,
Нұрдан кежiм жабылып,
Зүбәржат тiзгiн тағынып,
Бәрi сiзге қарайды.
Ғарасат қашан болар деп,
Мiнерге сiздi сағынып,
Естуге ынтық сөзiңдi,
Көруге ынтық жүзiңдi.
Сол пырақтың бәрiнен
Бұрын көрдiм өзiңдi,
Сiзге айтайын мұңымды.
Бүгiн менi мiнсеңiз,
Ғарасаттың күнiнде
Тағы менi мiнiңiз.
Сiзге айтқан арызым,
Көңiлiмдегi сол едi.
Мұхаммед келедi қасына ендi,
Көзiнiң рақым қылып жасына ендi.
Ғарасатта мiнбекке уағда қылып,
Пырақтың бiлек салды басына ендi.
Бар Құдай артық қылды Мұхаммедтi,
Тақсырға перiштелер қызмет еттi.
Пырақ мiнiп достына жүрмек болды,
Перiште Жәбiрейiл тiзгiн тұтты.
Жәбiрейiл тiзгiн тұтып қызмет қылды,
Мекайыл үзеңгiсiн басып тұрды.
Әзiрейiл қолтығынан махкам ұстап,
Ысрапыл аяғынан аттандырды.
Хақ Расул мiнiп алды пырақты ендi,
Пырақтың әр тұлғасын сынапты ендi.
Басқан сайын жүрiсi жүз жылдық жол,
Жүрiсiн жақсы қылып ұнатты ендi.
Хақ Расул ендi көкке өрлей жүрдi,
Перiштелер қызметiн қыла бердi.
Оң жағынан үн келдi «тоқта!» деген,
Пайғамбар бұрылмады, жүре бердi.
Жетi түрлi ғаламнан өтiп едi,
Перiштелер қызметiн етiп едi.
Сол жағынан үн келдi «тоқта!» деген,
Пайғамбар бұрылмады, кете бердi.
Жәбiрейiл жүрген екен оң жағынан,
Мекайыл жүрген екен сол жағынан.
Алдында Ысрапыл бастап отыр,
Әзiрейiл қызмет қылды арт жағынан.
Төрт мұқарраб перiште қызмет қылды,
Құрметтеп Пайғамбарды алып жүрдi.
Сол сағатта Мұстафа шөлдеп едi,
Төрт қадақпен төрт түрлi шарап келдi.
Шараптың бiрi хамыр көрiнедi,
Бiреуi анкабиндай бiлiнедi.
Төрт шарап: бiреуi оның—сүттен,
Бiреуi шаhд шекер көрiнедi.
Хақ Расул төрт шарапты аралады,
Көңiлiне екi шарап жарамады.
Сүт пенен шекердi алып iштi,
Хамыр мен анкабинге қарамады.
Сол уақытта төрт тон көрдi Хақ Расулы,
Жасыл, ақ, қызыл, сары—әрбiр түрлi.
Құдайым төрт түрлi тон жiберiптi,
Ғаламнан пешенесi артық түрлi.
Бар Құдай Мұхаммедке нұрын құйды,
Ғаламнан он сегiз мың артық сүйдi.
Қызыл тон мен сары тонға қарамады,
Жасыл тон мен ақ тонды алып кидi.
Сол тонның өне бойы нұрдан едi,
Хабибi Хақ Расулы нұрдан болды.
—Оңды-солды шақырған кiм едi?—деп,
Пайғамбар Жәбiрейiлден сұрайды ендi.
—Сiздердi тоқтатайын мұнда,—дедi,
Үмбетiң тозақ көрсiн таңда,—дедi.
Иә, тақсыр, бұрылмадың, жақсы қылдың,
Шақырған оң жағыңнан дүние едi.
Бұ малғұн алдайын деп отыр едi,
Алдыңа жас қатын боп келiп едi.
Иә, тақсыр, бұрылмадың, жақсы қылдың,
Шақырған сол жағыңнан жүhүд едi.
Мұхаммед естiп бiлдi бұл әмiрдi,
Алланың бұйрығына мойынсұнды.
Расул Алла пырақты мiнiп алып,
Мұнда мәсжiд Ақсаға барып кiрдi.
Сонда мәсжiд Ақсаға барып кiрдi,
Жиылған пайғамбардың бәрiн көрдi.
Бәрiне пайғамбардың Расул Алла
Иiлiп тағзымменен сәлем бердi.
Пайғамбар сәлем берiп көрiс қылды,
Жиылған пайғамбарды көзi көрдi.
Бәрiнен туған айдай Хақ Пайғамбар,
Iшiнде оның нұрдай жарып тұрды.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбарлар,
Әзiр болды соңғы барған әулиелер.
Бәрi намаз оқуға жамағат боп,
Құрметтеп Пайғамбардан рұқсат тiлер.
Жәбiрейiл айтты сонда:—Иә, Мұхаммед,
Сол сенсiң Хамид уа Махмұд уа Ахмед.
Сiзден өзге ешкiмге лайық емес,
Жарасар әрне қылсаң, қыл имамат.
Мұса айтты:—Иә, тақсыр, Адам ата,
Осыншаның бәрi де сiзге бота.
Сiз оқыңыз бұ намазды имам болып,
Бiзге имам болмаққа болар қата.
Адам айтты:—Әй, Мұса Кәлим,—дейдi,
Көңiлiме бiр iс келдi менiң,—дейдi.
Мұстафаның қасында имам болмақ
Бiзге лайық емес қой, жаным,—дейдi.
Мұстафа имам болып азан айтар,
Сап тұрды перiштелер қатар-қатар.
Екi ракағат намазға имам болып,
Дұғаға қол көтердi Хақ Пайғамбар.
Хақ Расул жарық қылды нұр сарайды,
Нұрына ғашық қылды күн мен айды.
Хақ Расул дұғаға қол көтердi,
«Әумин» деп күллi жаhан қолын жайды.
Нұр пырақ келiп тұрды қасына ендi,
Пайғамбар тағы мiндi үстiне ендi.
Жүрген сайын оралды нұрдан-нұрға,
Көңiлi дариядайын тасыды ендi.
Онан соң әуелiнше көкке шықты,
Бiр кiдiрмей жүредi пырақ тiптi.
«Жамалын Хақ Расулдың көремiз» деп,
Жол тосып перiштелер көрiсiптi.
Болып тұр ер кейiп нұрдан өткiрiрек,
Тақсырдың абзалдығын айту керек.
Екiншi аспанға шығып едi,
Көрiстi перiштелер кезек-кезек.
Үшiншi қат аспанға шығып барып,
Қарайды жан-жағына көзiн салып.
Ғарыш ағланың сипатын көргеннен соң,
Сұрайды Жәбiрейiлден мұны танып.
Перiште айтты:—Бұл тұрған Ғарыш,— дейдi,
Мұнымен жаңа болдың таныс,—дейдi.
Құданың құдiретiмен мұнда тұрған,
Тұрады уағдалы әр iс,—дейдi.
Хақ Расул бұл хабарды естiп ұқты,
Төртiншi қат аспанға барып шықты.
Төртiншi қат аспанға жетiп едi,
Жақия, Иса екеуi көрiс қыпты.
Иса айтты:—Мұхаммед, айналайын,
Сұрай гөр достыңыздан үмбет жайын.
Жетi түрлi дозақтан азат қылып,
Бейiштiң көрсетiңiз кең сарайын.
Бұлармен амандасып айырылыпты,
Бесiншi қат аспанға барып шықты.
Алдынан Адам ата, Жүсiппенен
Көрмекке Мұхаммедтi Ыдырыс кептi.
Жақсы сөз өзге сөзден осы қисса,
Тақсырдың сауап болар, сөзiн ұқса.
Алтыншы қат аспанға шығып едi,
Көрiстi сәлем берiп хазiрет Мұса.
Мұса айтты:—Мұхаммед, әй, перзентiм,
Дозақтан аман болсын көп үмбетiң.
Он сегiз мың ғаламның падишаһы,
Құтты болсын Миғражы бұ дәулетiң.
Айырылды амандасып екi нұр зат,
Аспанға шығып тұрды алтыншы қат.
Кеудесiнде басы жоқ перiштелер
Көрген соң, қайран қалды Нұр Мұхаммед.
Жетiншi көкке шықты нұр аспанға,
Көрiстi перiштелер сол аспанда.
Бәрi де намаз оқып, сәждеде тұр,
Босанбай тұр жөндерiн сұрасқанға.
Бiр пәресi намазда тұр қатар-қатар,
Жаратқан неше түрлi жан Құдiрет Жаппар.
Бiр пәре тiзе басып рүкүғде тұр,
Бәрi де тәсбихпенен зiкiр айтар.
Пайғамбар бұған қайран қалды дейдi,
Тамаша қып Ғарышқа қарайды ендi.
Жетiншi қат аспанға тамаша қып,
Бойы балқып қызығына тоймайды ендi.
Пайғамбар бұны көрiп қайран қалды,
Нұрына қайран қылды тамам жанды.
Бойы балқып Ғарышқа қарап тұрса,
Бiр нәрсе аузына келiп тамды.
Ол нәрсе келiп тамды шарапатты,
Қардан сұйық, сүттен ақ, балдан тәттi.
Үш жүз алпыс тамырын жарып тұрды,
Шыққан жерiн сұрасаң нұр сипатты.
Жаратқан бiр Алладан әмiр келдi,
«Ғарышқа жылдам жүр» деп әмiр қылды.
Құдiретiнен хабарды естiген соң,
Көңiлi қуаныштан шүкiр қылды.
Мұстафа бұл әмiрдi естiп бiлдi,
Ғажайып, ғарайыптың бәрiн көрдi.
Садратул Мұнтаhидан ары өтiп,
Афақ деген орынға барып кiрдi.
Мұнтаhидан көрiптi ол Афақты,
Рафраф ахдар төсеп ахат еттi.
Аяғының астына Анхазiреттiң
Алтын төсеп, бiр Алла құрмет еттi.
Жәбiрейiл жайды сонда шын сипатын,
Үш жүз алпыс жазыпты hәм қанатын.
Бұл сипатын Пайғамбар екi көрдi,
Адам болып келушi едi заhир-батин.
Құданың достына қылған сәнi,
Бұл жолда бердi артық бес нәрсенi.
Бiрi—пырақ, бiрi—Миғраж, бiрi—Рафраф,
Және hәм мiнiп барды перiштенi.
Садратул Мұнтаhидан ары өттi,
Афақ деген орынға барып жеттi.
«Мұнан ары баратын бұйрық жоқ» деп,
Жәбiрейiл сол арада тұрып қапты.
—Бұл Афақ—менiң орным өзiм кiрер,
Мұнан ары орын жоқ маған көрер.
Мұнан ары мен барсам Дәргаhыға,
Иә, Расул, қанатымның ұшы күйер.
Ол жерге нұр пырақ тағы келiп түстi,
Хазiрет оған мiнiп тағы да ұшты.
Ғарыш ағла үстiне шығып тұрып,
Қаб қаусайн ауадқа барып түстi.
Жәбiрейiл кейiн тұрып қылды ишарат,
«Достыңа сәлем бергiн, иә,Мұхаммед».
Пайғамбар бiр Аллаға сәлем бердi,
Сол үшiн сәлем бiзге болды сүннет.
Көрiңдер бiр Алланың құдiретiн,
Қондырды Мұстафаға нұр нәубетiн.
«Аттахийату ли-Ллаhи уас салауату уат
тайибату»,—дедi Расул,
Сол жерде қонақ қылды Мұхаммедiн.
Сәлемiн достысының әлiк алды,
Хақ Расул қол қусырып, шүкiр қылды.
Алла Тағала дидарын көрсеткен соң,
Бойы балқып, денесi нұрға толды.
Не қылса Жаппар Алла құдiретi көп,
Тыңдасаң осы сөздiң сауабы көп.
—Досты досқа келгенде құры келмес,
Сұрайды:—Достым, маған не ап келдiң?—деп.
Анхазiрет бұ хабарды естiп бiлдi,
Достына сәжде қылып, арыз қылды.
—Төрт нәрсенi ап келдiм Дәргаhыңа,
Рузе, намаз, бiрi—хажы, зекет,—дедi.
Көрсеттi достысына Хақ дидарын,
Сондай қылса көрмей ме жанның бәрiн.
Дидарын көрсеткенi Расулына,
Көр Құранда «Тәнзила» аяттарын.
—Құдiретiңнен,иә, Алла,
Мен жылаймын зар қылып,
Он сегiз мың ғаламның
Падишасы сен едiң,
Өз нұрыңнан жаратқан
Жалғыз достың мен едiм.
Дәргаhыңа зар қылып,
Мен жылаймын, иә, Алла,
Миғраждың түнiнде
Бiр тiлектi тiледiм,
Сөзiмдi қабыл қылсаңыз.
Көп үмбетiм күнәсiн
Ендi маған берсеңiз.
Фазылың бiрлә, иә, Алла,
480
490
500
510
70 ДІНИ ДАСТАНДАР
Көп үмбетiм күнәсiн
Кешiре гөр, Иләhим.
Нұрға батты сүйегiм,
Қызыққа батты жүрегiм.
Оң қолымда ниязым,
Сол қолымда тiлегiм.
Көп үмбетiм күнәсiн
Ғафу қылғыл, панаhым.
Көп үмбетiм тiлермiн,
Жарылқа деп жылармын.
Дәргаhыңа зарланып,
Көзiмнiң жасын бұлармын,
Үмбетiмнiң күнәсiн
Кешiргiл деп сұрармын.
—Тiлей бер тiлегiңдi, иә, Расулым,
Тiлейтұғын уағдалы күнiң сенiң.
Он сегiз мың ғаламның падишасы,
Не тiлесең, тiлегiң қабыл қылдым.
Жараттым досты қылып өз нұрымнан,
Не тiлегiңдi аяп ем бұрын сенен.
Күнәһар үмбеттерiң, иә, Мұхаммед,
Дозақтың отынан болсын аман.
—Жаратқан Пәруардигар, иә, Құдайым,
Күнәсiн үмбетiмнiң мен сұрайын.
Күнәсiн үмбетiмнiң бағышласаң,
Өзге нәрсе тiлеп мен не қылайын.
Безгенмiн үмбет үшiн ата-анадан,
Көп болар үмбетiмде жәhiл-надан.
Тiлегiм, иә, Иләhи Зұлжалалым,
Дозақтан үмбетiмдi қылғыл аман.
Хақ Расул бiр Аллаға көп зарланды,
Айтады көңiлiнде бар арманды.
Басын қойып сәждеде жатып алды,
«Үмбетсiз не қылам,—деп,—бұл жалғанды».
Құданың Дәргаhынан уахи келдi,
Құданың достысына мейiрi келдi.
—Үмбетiңнiң күнәсiн бағышладым,
Хабибiм, ендi басың көтер,—дедi.
Күнәсiн бағышладым үмбетiңнiң,
Тiлегiңдi беретiн күнiм менiң.
Дәргаhыма қонаққа шақырған соң,
Құрметiңе үмбетiң бердiм сенiң.
Осындай әмiр қылды Құдауанда,
Бес намаз дiн исламға бердi сонда.
«Сегiз бейiш қызығын көрер,—дедi,
Бес намаз қаза қылмай келген пенде».
Мұхаммед рахат тәжiн киiнiптi,
Басына ләулiк тәжiн ораныпты.
«Әй, Хабибiм, сол жағыңа қара!»—деп,
Жетi тамұқ баршасы көрiнiптi.
Қараса, от жанады дүр-дүр етiп,
Шалқиды мың жылшылық жерге жетiп.
Оты жайнап, түтiнi бықсып жатыр,
Қорқады Пайғамбардың есi кетiп.
Қараса, әр дозаққа қан қылып тұр,
Оттан күрзi қолға алып, жандырып тұр.
Бейшара күнәсi көп пенделердi
Көрмеген азаптарға көндiрiп тұр.
Бiр түрлi адамдарды «малғұн» десiп,
Еңiретiп азап қылып тұр ернiн тесiп.
Кей жанның желкесiнен тiлiн тартып,
Кей жанды шыңғыртып тұр отқа басып.
Иманды мұсылмандар «Алла» дейдi,
«Имансыздың қасына барма» дейдi.
Бiр дозақта ата мен анасы тұр,
Таныған соң баласын зар еңiрейдi.
550
560
570
72 ДІНИ ДАСТАНДАР
«Әй, перзентiм, ата-анаң мұнда жатқан,
Еңiретпей, шығарып кет бiздi оттан».
Ата-анасын Хақ Расул көргеннен соң,
Көңiлi шаттықтан ренжу тартқан.
—Жараттым өз нұрымнан, Мұхаммедiм,
Анаңнан үш күннен соң қалдың жетiм.
Екi тiлек сыймайды бiр көңiлге,
Хақ достым, бiр тiлекпен болғын дедiм.
—Құдай-а, көп үмбетiм тiлегiн бер,
Күн сайын жақсылығын асыра гөр.
Ата-анамның күнәсiн тiлемеймiн,
Көп үмбетiм күнәсiн кешiре гөр.
Жылаңыз осы сөзге көңiл бұзып,
Бұрылды оң жағына мойын созып.
Сегiз жұмақ сарайы көрiнiптi,
Көз айырмай тұрғандай бәрi қызық.
Келедi Расул Аллаға нұры тасып,
Сап тұрды хор қыздары есiк ашып.
Қатар-қатар келедi хор қыздары,
Басына дүр уа маржан, iнжу шашып.
Құдайым пырақты қылған күштi,
Анхазiрет оған мiнiп тағы да ұшты.
Төрт мұқарраб перiште құрмет қылып,
Мешiт Харам жанына келiп түстi.
Атың жақсы, Мұхаммед,
Айналайын атыңнан,
Нұрдан болған затыңнан.
Ғарасаттың күнiнде
Үмбетiң ерер артыңнан.
Қиямет күн болғанда,
Жан жиылып толғанда,
Сиратқа айдап барғанда,
Көп үмбетiң не болар.
580
590
600
72 73 ҚИССА АНХАЗІРЕТ...
Перiштелер ергенде,
Кей адамдар өтедi,
Кей адамдар кетедi.
Күнәсi ауыр пенделер
Қияметте не етедi?
Өз нұрынан жаратып,
«Хабибiм» деп ат қойды,
Аузына жанды қаратып,
Ол Мұхаммед Мұстафа
Қонақ болған достына.
Сегiз қат көктен ары өтiп,
Достысынан тiлептi
Көп үмбеттiң күнәсiн.
Неше мың мәртебе зар етiп,
Ата менен анасын,
Тiлемедi баласын,
Кеше гөр деп тiлептi
Көп үмбеттiң күнәсiн.
Сұбхана әлләзи асра би ғабдиhи лайлан минал-масжидил-
Харам илал масжидил Ақса.
Расулды мейман қылған Аллаға аян,
Аш дедi сегiз бейiш нұр сарайдан.
Таң атып бамдат намаз оқыған соң,
Миғражын жұртына қылды баян.
Қаратты тамашаға дiн сабазын,
Оқып болғаннан соң таң намазын.
Әбужәhiлге айтыпты елден бұрын
Анхазiрет Расул Алла Миғражын.
Тыңдады құлақ салып Әбужәhiл,
Ол өзi кәпiр едi дiннен ғапыл.
—Әй, Мұхаммед, тек отыр, көп сөйлемей,
Мұнша өтiрiк айтқаның емес мақұл.
Көрiңдер, әй, жарандар, Мұхаммедтi,
Айта ма ұялмай-ақ насихатты.
610
620
630
640
74 ДІНИ ДАСТАНДАР
Өтiрiкшi мұндай жан болар ма?—деп
Айғайлап, тысқа шығып күлдi қатты.
—Жарандар, Мұхаммедтiң тыңда сөзiн,
Пайғамбармын деп жүр ғой елге өзiн.
Сиқыршы, жалғаншыны ел бұзғызбай,
Онан да жоғалтсайшы мұның көзiн.
Аспанға шықтым дейдi атқа мiнiп,
Бұған да ел шынымен жүр ме сенiп.
Ғаршы Күрсi бәрiнен қабат өтiп,
Миғражға келдiм дейдi қонақ болып.
Мұсылман мiне қашып, жасыған ба,
Шынымен нана ма екен осыған да.
Осыған ерген адам оңбайсың,—деп,
Әбужәhiл айтады барша жанға.
Мұсылмандық дiндерi жарық болды
Расулдың Миғражына нанған адам.
Кей пасық Әбужәhiл тiлiне ердi,
Хақ Расул мұсылманға үгiт бердi.
Көп адамның көңiлi айныған соң,
Құдайдан пәрменменен аят келдi.
Әбубәкiр айтады:—Әй, жарандар,
Бекер тұрған аспанға бiр қараңдар.
Мұғаллақ бұл аспанды қылған Құдай,
Олай болса һеш нәрсе ойламаңдар.
Пайғамбар, шаhариардың келдi кәрi,
Ойпаң-тойпаң болған соң жанның бәрi.
Шаhариар «иә, Алла» деп атқа мiндi,
«Қырамыз,—деп,—нанбаған адамдарды».
Төрт жар, сахабалар атқа мiндi,
«Қырамыз,—деп,—нанбаған адамдарды».
Алланың өз құдiретi айтқаннан соң,
Күмән қылмай мұсылман бәрi нанды.
650
660
670
74 75 ҚИССА АНХАЗІРЕТ...
Мұсылманды Құдайым жарылқады,
Күмән қылған бiр адам еш қалмады.
Дiн исламға Құдайым қуат берiп,
Сөзi өтпей Әбужәhiл назаланды.
Қор болды Әбужәhiл сөзi өтпей,
Ешкiмдi жаратқан жоқ Мұхаммедтей.
Мұсылманды азғырам деген кәпiр
Тыныш жүрдi онан кейiн үмiт етпей.
Қор болды кәпiр болып күлген адам,
Расулға үмбет болды бiлген адам.
Жамағат, қол көтерiп бiр дұға қыл,
Бұл қисса осылайша болды тамам.
Пенде жоқ бұл дүниеде мендей болған,
Жақсыдан жаман туып әуре болған.
Ақылдан бос шайтанға досты болып,
Есепсiз күнә қылып ғарiп болған.
Бiр күнi ғарасат деп жар шақырса,
Адамнан туған жанның бәрi барса.
Жақсы-жаман баршадан жауап алып,
«Күнәһар, қайдасың?» деп менi апарса.
Қорқамын көзiмнен қан аға ма деп,
Жылаймын жалбарынып «иә, Алла» деп.
Рахмат дарияң жетедi бұл ғаламға,
Үмiтiм бiр тамшысы тама ма деп.
Мұхаммед—Тәңiрi досы, хақ Мұстафа,
Таңда шапағат қыласың үмбетiңе.
Жан бiткеннiң iшiнде мен күнәһар,
Жылатып сонда менi құр тастама.
Құдайым досым деген хақ Мұхаммед,
Жолыңа, аруағыңа мың салауат.
Шапағат қыл, күнәһар шермендемiн,
Салауат қайта-қайта бес жүз қабат.
680
697
76 ДІНИ ДАСТАНДАР
Қалдырма жақсылардан, Жаппар, Ғани,
Күнәhым хадден асқан, жоқ-дүр саны.
Махшар халқы алдында рәсуа қылма,
Сөз айтып мен пендеңнiң жалбарғаны.
Иә, Алла, қабыл әйла бұ қажетiм,
Жетедi бұл ғаламға Рахман атың.
Иә,Рахими, махшарда рақым қылып,
Күнәсiн кешiре гөр пенделердiң.
Өмiрiм өттi, бiлмедiм шерменде боп,
Көңiлiмдi харам қылдым, нәпсi—мәрдуд.
Қылғаныма қарасам—уайымым көп,
Фазылыңа қарасам—үмiтiм көп.
Һәркiмге ғибрат үшiн жаздым мұны,
Жайымыз қандай болар махшар күнi.
Иә, Алла, рахматы көп, жарылқағыл,
Ғафу қып мен ғасының күнәhыны.
Мұны жазған, сұрасаң, қожа затым,
Жақсылар, айып етпе жазған хатым.
Әкем аты Шайхыслам қожазада,
Жүсiпбек мұны жазған—менiң атым.
Көңiлiме жаздым Құда салғаныны,
Ақын қожа деушi едi һәркiм менi.
Қата болса оқыңдар өзiң түзеп,
Ғалат боп айып қылма қалғаныны.