Жүһүдтің баласы Пайғамбарға ғашық болғаны

Әуелі сөз бастайын “аузубилла”, Мұхаммед Құдай досты, Хабиб Алла. Шерменде күнәһі көп біз бір жазған, Иә, Мұхаммед Мұстафа, өзің қолда. Дұғада сөз бастаймын “бисмилла” деп, Жаратқан барша жанды “Құдайым” деп. Намаз бенен рузаға біз салақпыз, Бейшарамыз бір жүрген, күнәміз көп. Әуелі жаратыпты досты нұрын, һеш нәрсе жар...

Қазақша
Жүһүдтің баласы Пайғамбарға ғашық болғаны
Әуелі сөз бастайын “аузубилла”, Мұхаммед Құдай досты, Хабиб Алла. Шерменде күнәһі көп біз бір жазған, Иә, Мұхаммед Мұстафа, өзің қолда. Дұғада сөз бастаймын “бисмилла” деп, Жаратқан барша жанды “Құдайым” деп. Намаз бенен рузаға біз салақпыз, Бейшарамыз бір жүрген, күнәміз көп. Әуелі жаратыпты досты нұрын, һеш нәрсе жаратқан жоқ онан бұрын. Мұхаммед Мұстафадан сөз бастаймын, Шерменде күнәһі көп біз бір құлың. Бұйрық қылды Құдайым бес намазын, Әуелі жаратыпты досты нұрын. Азырақ құлақ салып тыңдасаңыз, Айтайын кәпір жүһүд бір баласын. Бір күні кәпір жүһүд оқыр кітап, Баласы жеті жасар отыр тыңдап. Бір жерден Мұхаммедтің аты шықты, Сұрайды: – Ей, жан баба, осы кім?– деп. – Ей, балам, не қыласың бұ бір жауды, Сиқырлап жердің жүзін бұл жүреді. Қылған ісі сиқырлық жадулық пенен, Бізге дұшпан болады мұның өзі. Кәпір жүһүд қолына қалам алды, Жазылған Мұхаммедтің атын жойды. Болғанда екінші күн кәпір жүһүд, Оқыпты қолына алып ол Тауратты. Баласы атасының қасында отыра, Мұхаммед аты тағы жазулы тұра. Ол бала атасына сөз айтады: – Ей, ата, бұзғансың бұл атты, ақымақ-дүр. Бұл атты және бұздың қалам алып, Бұ тағы жазылып тұр өзіндей боп. “Мұхаммед” деп көзінің жасын төкті, Атасы қарап отыр ұғлын көріп. Кәпір жүһүд қолына пышақ алды, Тағы да Мұхаммедтің атын бұзды. Үшінші күн болғанда кәпір жүһүд, Қолына алып оқыды ол Тауратты. Атасының жас бала қасында отыр, Мұхаммедтің аты тағы жазулы тұр. Алтынменен жазғанын көргеннен соң, Қайтерін һеш білмейін қарап отыр. Ол бала Мұхаммедтің атын көрді, Сол жерде есін білмей талып қалды. Түрегеліп айтады: – Ақымақ бабам, Құдайым артық қылған адам,– деді. – Ей, ата, осы атты айтшы маған, Бұл атты іздеп таппай, сірә, тынбан. Жанымды үшбу атқа құрбан қылдым, Жемеймін тіпті, сірә, енді тағам. Ол бала “Мұхаммед” деп зар жылайды, “Көрмесем Мұхаммедті өлем” дейді. Мұхаммедтің атына ғашық болып, Ол бала “Дүния маған харам” дейді. Ұғлы неге ант ішкенін білді дейді, Ол бала “Мұхаммед” деп жылайды енді. Баласының тоқтамасын білгеннен соң, Бекітіп аяғына кісен салды [дейді]. Байлаулы жалғыз үйде бала жатты, Айтқан сөзі аузында Мұхаммед-ті. “Ғашық қылдың Мұхаммедке Жаппар Құдай, Мені сен бұл кәпірден құтқар” деді. Ол бала жылап енді көзін ашты, Аяғынан кісені түсіп қапты. Қарап тұрса, есігі ашулы тұр, Ол бала қаранғаннан шыға қашты. Ол бала айдалаға шығып кетті, Көруге Мұхаммедті ашық бопты. Барады қарайғанды Мұхаммед деп, Жас бала жөнін білмей жүгіреді. Құдайдың кімге жетпес құдіреті, Пайғамбар бізге қылған шапағатты. Бірталай керуендер келе жатса, Жүгірген жас баланы тауып алды. Жалаң бас, жалаң аяқ бір жас бала, Жүгірген олай-бұлай бұ бірдеңе. Көзінен қан, жас ағып ол жылайды, Керуендер мұны көріп қалды таңға. Жалаң бас, жалаң аяқ жүгіреді, Үш күн, үш түн ол бала ас ішпейді. Аузынан көбік ағып, айқай салып, Айтады тоқтамастан Мұхаммедті. Керуендер сөз сұрайды жас баладан. – Жүгіріп жап-жалаңаш жүрсің қайдан? Аузыңнан көбік ағып көзің жасты, Сен өзің Мұхаммедті не қыласың? – Мұхаммедке ғашық болған бейшарамын, Бар болса, Мұхаммедті көрсем деймін. Мен үйімнен шыққалы үш күн болды, Аузыма бір қасықтай дәм салмаймын. Жөндерін қайдан шыққан сұрап алды, “Мұхаммед” деп зар қылып жылайды енді. Ашықтығын Мұхаммедке білгеннен соң, Алдына жас баланың тағам қойды. – Айрылған ата-анамнан жас баламын, Жөнімді балалықпен біле алмаймын. Көргенше Мұхаммедті ант ішкенмін, Өлсем де бір қасықтай дәм салмаймын. Айтады жас балаға керуендер: – Мұхаммедтің шаһары жеті күн-дүр. Қаларсың ас ішпесең орта жолда, Ей, балам, жете алмассың жол ұзын-дүр. Жас бала сөйдеген соң зар жылайды, Не дерін балалықпен біле алмайды: – Мұхаммедті көргенше ант ішкенмін, Жан шықпас ажал жетпей тәуекел-ді. Сонан соң керуендер жүрді дейді, “Түйеге, ей, жас бала мінші” дейді. – Атсыз жаяу іздейтұғын уәде бар, Жолыма кесел болар маған,– дейді. Бұ сөзге керуендер бөгеледі, Түйесіз тоқтамастан жөнеледі. “Расул Алла Мұхаммед медет бер” деп, Соңынан керуеннің жаяу жүрді. Ол керуен жеті күн жүрді дейді, Ол арада жас бала зар жылайды. Жетінші күн болғанда керуендер, Қасына Мәдиненің келіп қонды. – Ей, балам, Мәдинеге келдік,– дейді, Шаһары Мұхаммедтің осы,– дейді. Қонамыз бүгінгі күн осы жерге, Кіреміз ертеменен елге,– дейді. Ол бала сөйдеген соң зары қылды, “Шаһарға бүгін мені апар” дейді. – Кеудемнен шыбын жаным шығып кетсе, Көре алмай Мұхаммедті қалам,– дейді. Қарашы, ол жүһүдтің жас баласын, Ғашық болып Мұхаммедке қылған ісін. Ойыңа Мұхаммедті бір алмайсың, Дүниеде қой-қозым деп шу жанасың. Жемейді әлі тағам, ойында жоқ, Айтқанда Мұхаммедті көңіліне тоқ. Жөнелді Мұхаммедтің шаһарына, Ойламас Мұхаммедті ақылы жоқ. Керуендер баланы қоя берді, Көрсетті Құдайым һәр бір жөнді. Жүгіріп жалғыз бала келе жатып, Күзетші[сі] Мұхаммедтің кез келеді. Ол бала күзетшіге сәлем берді, Көрген соң “Мұхаммед” деп жүгіреді. Білмейді ғашықтықпен ол жас бала, Кім көрінсе, Мұхаммед осы дейді. Кім кірер оныменен барып көрге, Бұл дүние ақыр бір күн желге. Жігіттер, білсең керек шариғатты, Ашық болды ол бала біздің дінге. Жаратқан өз нұрынан Мұхаммедті, Күзетшіге қара басын құрбан етті. Баланың зар қақсаған дауысынан, Жығылып ат үстінен талып қалды. Көтерді бала жылап оның басын, Көзінен ағызады қанды жасын. Жүгірді ассыз, сусыз айдалаға, Бала іздейді Айубтың жан-жолдасын. “Аһ” ұрады ауызы да, көзі жасты, Бір уақыт күзетші көзін ашты. Боздайды ботадайын түрегеліп, Бұл енді жалғыз тұрып енді састы. Алланың құдіретіне кім көнбейді, Пендесін өзі сүйген “құлым” дейді. Мұхаммед өткеніне үш күн болды, Жігіттер, есітіңдер мынау сөзді. Күзетші ол балаға сырын айтпас: – Балам-ау, Мұхаммедтей біздер емес. Көңілін аулап алдайды ол баланы, Қайғысы Мұхаммедтің естен кетпес. Мұхаммед бұ дүниеден өтіп еді, Қолынан жас баланың жетелейді. “Мұхаммедтің үйіне апарам” деп, Мешітке жетелеп алып келді. – Ей, балам, осы жерде тұршы,– деді, Кірейін мен үйіне енді дейді. “Мұхаммедті үйінен шығарам” деп, Баланы алдап тысқа қойып кірді. Мешітке кіріп келді сәлем беріп, – Алдап келдім баланы шығайын деп. Бір жас бала, жарандар, тысқарыда тұра, Келіпті Мұхаммедті көрейін деп. Жүһүдтің ғашық болған жас баласы, Төгеді “Мұхаммед” деп көзден жасы. Жеті күн өзі жаяу, ас ішпеген, Зар қылады, “Мұхаммед” – айтқан сөзі. һәр іске Құдайым өзі салған, Бұл бала Мұхаммедке ғашық болған. Жарандар, енді бұған не айтарсыз, Зар қылып “кіремін” деп жылап тұрған. Мұхаммед үш күн болды дүние салды, Опасыз бұ дүниядан кімдер қалды. Қайғысы Мұхаммедтің еске түсті, Отырған сахабалар сандалады. һеш бірісі сахабаның төзе алмайды, Көз жасын жамағаттар тыя алмайды. “Тысқарыдағы баланы әкелем” деп, Шаһимардан Мұртаза түрегелді. Әли тақсыр мешіттен шыға келді, Ол бала сәлемін шапшаң берді. Әлиді “Мұхаммед” деп құшақтайды, Ол Әли шыдай алмай талып қалды. Қайғысы Мұхаммедтің жанға батты, Ол Әли шыдай алмай талып қапты. Көзінен қан, жас ағып түрегелді, Жетелеп ол мешітке алып келді. Мешітке алып кірсе, Мұхаммед жоқ, Не дерін біле алмайды жиылған көп. Мұхаммедтің балалары құшақтайды, “Айрылған атамыздан біз жетім” деп. Ол бала мешітке келді, кірді дейді, Өлгенін Мұхаммедтің білді дейді. Жас бала “Мұхаммед” деп зарланғанда, Төрт жар менен сахабалар талып қалды. Ол бала “Мұхаммед” деп жылайды енді, Көзінің жасын төгіп бұлайды енді. “Ақ жүзін Пайғамбардың көрмедім” деп, Төрт жар менен сахабадан сұрайды енді. – Мұхаммед өтіп кетті бұ дүниядан, Тағдыр жетті көрсетпей бір Құдайдан. Көзіне бұ дүниеде көрінбеді, Ақыретте көрмесе көрсін қайдан. Мұхаммед аманатын берді дейді, Ұжмақтан пырақ атын мінді дейді. Ол бала “Мұхаммед” деп зар жылайды, Сол күні бала дағы дүние салды. Екі деп ойламаңыз, Құдай бір-ді, Үшеу деп ойласаңыз күн мен айды. Жігіттер, қағаз ұста, хатқа қара, Жаратқан жаннан бұрын жалғыз нұрды. Құдайым өзі жалғыз не-дүр шара, Құдайым құдіретпенен бақи қала. Намаз бенен рузаны біз күтпейміз, Ғафу қыл күнәмізді, Хақ Тағала. Мекені жерде де емес, көкте де емес, Мекенін бір Алланың адам білмес. Мекені сондай жерде деген адам, Аллаға құл, Мұхаммедке үмбет емес. Ұстағаным қолыма күміс қалам, Күнәһім кешіре гөр, Алла Тағалам. Қағазға енді жазып тамам болды, Бітірдім бұ кітапты таммат-тамам. Медреседе азырақ мен де тұрдым, Екі жүз оқып тұрған бала көрдім. Сақалым ағарғанша байғұс басым, Екі ортада қаңғырып текке жүрдім. Қырық беске менің енді жасым келген, Ғаламдық һешнәрсе жоқ хасыл қылған. “Не оқудан-шоқудан жоқ” деген сөз бар, Со сөздің өзі маған тура келген. Мәулекей бет алдына қуанады, Білмейді ақырында не болады. Диуананың қылғаны өңкей бекер, Болар-болмас іспенен жұбанады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.