Қазақша
Шежіре
Арғысын білмеймін, Өзбектен: Алаш, Қараш
Туып-өскен Өзбектен болғаны рас.
Қараштан Сарт атамыз болған екен,
Атанып өзбек деп айтқаны рас.
Алаштан болған екен жалғыз Медет,
Медеттен өсіп-өніп болған үдеп.
Болыпты екі бала Қазақ, Созақ,
Атанған халық аузында айтқан әдет.
Созақтан қарақалпақ өсіп-өнген,
Қазақтан Әбілқайыр бұдан да туып,
Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс та,
Атанған халық аузында айтып жүрген.
Ақарыс – оны атаған Байшөре деп,
Бекарыс – оны атаған Жаншөре деп.
Жанарыс – о да атанған Қашера,
Еркеліктен атанған үшеуі де осылай деп.
Байшөреден болыпты екі бала:
Жұмабай Кейкібаймен осы ғана.
Кейкібайдан өскенін айтпайды шежіреде
Жұмабайдан төрт бала болған екен, осы ғана.
Мекірейіл, Қоғам, Майқы мен Төбей би,
Мекірейіл, Майқының тұқымын айтпайды шежіреде.
Қоғамнан Қаңлы, Төбей бидің төрт баласы:
Құйылдыр, Құрамыс, Ойсыл, Үйсін болған екен.
Құйылдыр, Құрамыс, Ойсылды таратпайды шежіреде,
Үйсіннен Бақтияр деп шежіреде өсіреді.
Таралып Бақтиярдан өскен тұқым
Ақсақал Жансақалмен деседі.
Бақтияр жылқысы көп бай болыпты,
Байлығы төрт түлікке сай болыпты.
Балаға енші беру атаның міндеті еді,
Малына тамға салу ой болыпты.
Ақсақалға салынған ақ тамға,
Жансақал атаныпты «тарақ» деген.
Тамғасы жылқылардың белгі болып,
Атанған тамға атынан осылай деп.
Тарақтан болған екен Досбалдақ деп,
Атанған жанама аты «Жалайыр» деп.
Жылқыдан асау байтал ұстағанда,
Халық көрген бір топ жал қолында деп.
Болыпты Жалайырдың үш баласы,
Ажыратып, айтып берсем сөз данасы.
Сырманақ, Шуманақ Бірманақпен
Жалайырдың өскен екен осы атасы.
Абақтан Қараша би болып өскен,
Қараша бидің билігі Үш Арыста болып өткен.
Болыпты Қараша биден екі бала:
Бәйдібек, Байтолы олар да өткен.
Болыпты Бәйдібек бидің үш әйелі,
Келіні Зеріп сұлуды алған соң болған жайы.
«Інісі өлсе, ағасы мұра» деген сөз бар,
Тілек емес Байтолының өлуіне оның ойы.
Арабиядан алып келген Бәйдібектің кіші әйелі
Тұқымы Махтым Мағзұм әулиенің.
Домалақ енем деп айтушы еді ел аузында,
Атанған аты болған осыменен.
Домалақ енемнен Жарықшақ жалғыз бала,
Жарықшақтан болған екен үш бала осы ғана.
Үлкен Дулат болып туған еді,
Албан мен Суан болған тағы жана.
Бәйдібектің үлкен әйелі – Әйімбүбі /Сары бәйбіше/
Айтып берсем теріс болмас осылай десе.
Туыпты Сарыбәйбішеден тоғыз сары,
Бекер емес жау қолында өлді десе.
Сарытау, құм қал(а) шенгелде болған еді,
Ойы-қыры тау Аңырақай болған жері.
Таласып қырғызбенен осы жерге
Қазаққа қалған екен бітім болып осы неге?
Сары бәйбішеден қалыпты бір бала Сыдық деген
Атанған жанама аты «Сарыүйсін» деп, болып бекем.
Барғанда Астарханға, жүз адамның бірі болып,
Көп ішінен бір адам Сарыүйсін деп атап берген.
Зеріптен Жалмағанбет жалғыз туған,
Мал өсіріп, әкесінің жолын қуған.
Қазақтың көшіп жүрген әдетінде
Қыстаудан көктеу көшіп жұрттан ауған.
Болыпты Жалмағанбеттің үш әйелі,
Қоңырат Қызыл бидің қыз еді – үлкен әйелі.
Қызыл би Мапыраштыны ұзатқанда,
Келісімен туған еді Шапыраштыны осы әйелі.
Қызыл би Сыландыны Мапыраштымен қоса берді,
Қызының екіқабат болғанын көзі көрді.
«Мапырашты барысымен туып қалса,
Әпкеңе көмекші боп еріп жүргін».
Барысымен Мапырашты туып қалды,
Қан кетіп, марту басып өліп қалды.
Баласы тірі болып туғаннан соң
Сыланды ол баланы асырауға жүріп қалды.
Қоялық бұл баланың аты кім деп,
Шешесіне ұқсас болсын «Шапырашты» деп,
Сланды бұл баланы асыраған соң,
Жүрді ғой әпкесі үшін дедек қағып.
Балдыз Сыландыны Жалмағанбет алған еді,
Сыланды әпкесінің баласын баурына салған еді.
Марту басып Мапырашты өлгеннен соң,
Жалмағанбет Қызыл биге қызын естіртуге барған еді.
Ой түсті Қызыл биге Мапырашты өлгеннен соң,
Өлген қызын естіртуге келгеннен соң.
«Бәйдібектен артық қызымды кімге беремін» деп,
Қарашаштыны тағы берді, Жалмағанбетке барғаннан соң.
Туыпты Қарашаштыдан Ошақты – жалғыз бала,
Айтпайды шежіреде аз ба, көп пе, осы ғана.
Ел болып бұдан қалған төрт баласы,
Өскен екен Бәйдібек байдың бір саласы.
Жауатар Сландыны туып-өскен,
«Ысты» деп жанама аты болып бекем.
Кәсібі тері ыстағыш болғаннан соң
Қайда деп тері ыстағыш іздегендер айтып өткен.
Атанған Ыты деген аты болған,
Айтып берсем дұрысын, болмас жалған.
Болыпты екі бала: Ойық, Тілік,
Бұлар да өсіп-өніп, артына ізін салған.
Ойықтың болған еді төрт баласы,
Үлкені Қызылқұрт, ол – ағы.
Үш Арысты Қызылқұрт аралап жүргенде,
Батырлығы белгілі еді өз шамасы
Көкшегөз, Сәтек пенен Зарыбай да,
Бір туған Қызылқұртпен осылар да.
Үш туысына өкпелеп Зарыбай да,
Өтіп кеткен Шу өзенінің шығыс оң жағына.
Зарыбай /аузы үсігеннен/ болған екен екі бала:
Байгелді, Кемешкенен, осы ғана.
Кемештен Таз, Құланшы болған еді
Байгелдіден Қосай, Досым, Бошай осылар да.
Қосайдан Малай еді болған жалғыз,
Досайдан: Есім, Қожан, болған Абыз.
Бошайдан Жалшы болған өзі ғана
Туып-өскен үшеуінен болып сансыз.
Есімнен болып өскен бес баласы,
Бесеуімен өскен тұқым ер саласы.
Кенжесі болған еді Едіге батыр,
Айтып берсем, дұрысы – сөз саласы.
Жолшыдан Салмырза туып қалған,
Айтып берсем расын, болмас жалған.
Тұсында Жошы ханның, батырлығы
Салмырза бір салса, сойылмен ұрып жыққан.
Құланшыдан: Бұқа, Амантап, Жәнібек,
Таздан: Рыспембет, Аманбет, Бершімбет.
Рыспембеттен болған еді жеті бала,
Айтады шежіреде осылай деп.
Рыспембет атаныпты «Қаттықұлақ»,
Естілмеген, айтқан сөз болып жырақ.
Атанып жанама аты халық аузында,
Қайда деп «Қаттықұлақ» келген сұрап.
Байлығы Қаттықұлақтың болған еді,
Төрт түлікке байлығы толған еді.
Қалмаққырған жерінде отырғанда
Малданып, қалмақ шауып алған еді.
Қалмақтар алыстан жетті әдейі арнап,
Тиісті еру елге күшін сайлап.
Ертістен өте басып, Арғын елін көктей басып,
Келуде қазақ елін басып алу, осыны ойлап.
Жошы хан келген еді асыға басып,
Басқарып қалмақ елін, шын сасып.
Қаттықұлақтың үш баласы бір келінімен
Өлтірген, аямай-ақ қанын шашып.
Қаттықұлақтан болыпты жеті бала,
Үлкен әйелі Қаракемпірден: Есентай, Есмұрат, Шақан.
Сарыкемпірден: Саназар, Қаным, Меңліғай, Жолым,
Өскен екен әрқайсысынан әрбір сала.
Есмұраттан болыпты екі бала,
Кәдір, Сәмбет болыпты осы ғана.
Сәмбеттен: Бейменей, Өлменей, /Қабан батыр/
Қарсыласқан жаулар кие балаған.
Сарыкемпірдің кенжесі Жолым болған,
Ақтабан-шұбырындыда жолда туған.
Жолымнан төрт бала боп қалған еді,
Үлкені Қылыш еді, ол өсіп, қанат жайған.
Қылыштан болған еді Азнабай,
Айтып берсем шежіреден мұның жайын.
Болыпты Азнабайдан алты бала,
Қате болса, сұрағын білгендерден мұның бәрін.
Үлкені бесеуінің Қанай еді,
Сөйлегенде Қанайдың тапқырлығы талай еді.
Келтіріп тиімді сөз сөйлегенде,
Тиісті шешуге оның жайы осылай еді.