Шежіре-дастан

Қожасы жан біткеннің Жаппар жалғыз, Әртүрлі жан жаратқан жанды-жансыз. Сағаттай мезгілімен шыр айналып, Үш ай қыс, үш ай көктем, жаз бенен күз. Өне бойы осыменен шыр айналып, Дөңгелеп бара жатыр жалғанымыз. Тірлікте туыс боп құшақтасқан, Алланың біз асығыс аңғалымыз. Айта жүріп, көз көріп, көңіл бөлмей, Таусылған сүйті...

Қазақша
Шежіре-дастан
Қожасы жан біткеннің Жаппар жалғыз, Әртүрлі жан жаратқан жанды-жансыз. Сағаттай мезгілімен шыр айналып, Үш ай қыс, үш ай көктем, жаз бенен күз. Өне бойы осыменен шыр айналып, Дөңгелеп бара жатыр жалғанымыз. Тірлікте туыс боп құшақтасқан, Алланың біз асығыс аңғалымыз. Айта жүріп, көз көріп, көңіл бөлмей, Таусылған сүйтіп жүріп талқанымыз. Бұл нәубет адамзаттан қалған мирас, Болғанмен дүние – жалған, өлім – рас. Көз жайнап, көңіл ойнап, тілің сайрап, Қозғалмай бір секунд та тыныш тұрмас. Ал, қозғал жан кеудеде, қызыл тілім, Өтер сәт өлім келмей болса білім. Тән мен жан бір ұяда тұрған шақта, Талпынсаң, не қылсаң да келмей ме алда. Сұлуда мықын деген тұла бойын, Бір мата оранасың өлсең құның. Көпшілік, тыңдасаңыз сөз қозғайын, Өрбіген қандай жерден ата жөнің. Кезінде Нұх пайғамбар жүрді топан, Теңіз боп су толады бүкіл жаһан. Нұх нәби кемеменен жүзді суға Ғарық боп қалың халық мұндай науға. Үш келін, үш ұлымен жетеуі қап, Жер жүзі қайта туған адамдарға. Бірден жүз, жүзден мың боп өсіп-өніп, Ғасырдан ғасырға өтіп сарқылмаған. Мың бұтақ, неше бұтақ бәйтеректен Акаша біз өскенбіз сахабадан. Арқада пайғамбарым мөрін сүйіп, Қырда өсіп, қызыр шалған ата-бабам. Келеміз Акашадан Аннас болып, Термелеп сөз сөйлейін жалғастырып. Аннастың Жапал деген жалғыз ұлы Жаратқан Құдай қалап алғашқыдан. Жапалдан туған екен Сейіл Мағаз, Ақшолпан ол кісіден туған жалғыз. Айрылған осы арадан қазақ, қырғыз, Қойылдырдан Аламан мен Алшын келер. Көп жауап шежіреден талас келер, Алшыннан Сейілхан мен Жайылхан боп. Сейілден сегіз арыс бірақ келер Жайылханнан Өзбек Суфиан деп. Суфианның Қазақ, Созақ екі ұлы бар, Созақтан Қарақалпақ, Айырқалпақ Жаратқан оны Құдай бір бөлектеп. Қазақтан үш ұл туған арыс болып, Сөйлейін соныменен таныстырып. Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс деп, Ат қойған ата Қазақ жарастырып. Екі ұл бар Жанарыстан Алшын, Жаппас, Кіші жүз ел руы халін таппас. Келтесіп, кіндік кесіп өскен жері Ұялы Орал тауы, Атанаспас. Туыпты Бекарыстан Арғын, Найман, Арғынның алты ұлы бар мағлұм жайдан. Найманнан Сүгірші боп Төлегетай Таралған сол кісіден барлық Найман. Бақтияр Ақарыстан туған жалғыз, Туыпты Үйсін, Ойсыл одан нағыз. Үйсіннен Естек деген ел тарайды, Ол халық жағасында Қаратеңіз. Үйсіннің екі ұлы бар: Абақ, Тарақ, Әртүрлі ауыл болған қабат-қабат. Әулеті әрбірінің толып жатыр Есебін ала алмайсың бір жыл санап. Тарақтан туған екен Тілеуқабыл, Айтады оның ұлын деп Жалайыр. Жалайырдан Сырманақ, Шуманақ деп, Ел болды он екі ата анық зайыр. Таралсын енді, міне, Абақ атам, Құдай-а, кешіре гөр болса қатам. Осылай шежіреде көрсетеді, Сөйлейін баян етіп, келсе шамам. Абақтан туған екен Қойылдыр боп, Азамат байып алған құлақ шалған. Көз салсам Қойылдырдан Мәке туып, Мәкенің екі ұлы бар: Майқы, Қоғам. Майқыдан Қаңлы деген ел болады, Сауалға жауап осы жұрт сұраған. Қоғамнан туған екен Байсақал боп, Баласы Байсақалдың Жансақал боп. Жансақалдан Бәйдібек пен Шақшам туып, Шақшамнан қыздан тоғыз, ұл қалған жоқ. Бәйдібек алған екен үш бәйбіше, Ішінде ең үлкені Сары бәйбіше. Сыланды-Мапырашты ортаншысы Аталған ең кішісі Жезбике деп. Жезбике доп-домалақ адам екен, Аталған Домалақ деп бірте-бірте. Тегінде Сары бәйбіше аты – Құндыз, Болыпты ол кісіде ұлдан тоғыз. Домалақ күншілдікпен көріп қорлық. Сарыға нала оқып, берген қарғыс. Тоғыз ұлдың бірінен тұқым қалмай, Қайтты Сары бәйбіше бір баласыз. Жақып, Қалша дегенді бағып алып, Сарыүйсін дегеннің осы дейміз. Аталар екіншісі Ысты, Ошақты, Шешеден ер туады көп атақты. Үйсіннен руын сұрасаңыз, Руы өніп-өскен Шапырашты. Аталар төртіншісі Домалақ деп (Нұрила) Баласы туылыпты біреу-ақ боп. Аты екен ол баланың Тәңірберген, Бұлардың арасында кереғат көп. Бәйбіше басын сығып жарып қойып, Атағын әркім берген Жарықшақ боп. Көбейтіп Жаппар Алла мал мен басын, Таралған бұл бәйтерек үш бұтақ боп. Бар екен екі қызы: Мұрын, Қызай, Ұзатқан Орта жүзге жекжат боп. Болады үш ұлының бірі Дулат, Өсірген мұны Алла нұрмен бөлеп. Дулаттан: Шымыр, Жаныс, Ботпай, Сиқым, Талапты ер алсын ұғып мұны тыңдап. Бұлардың үшеуіне қазақ жетпес, Әсерлеп айтқаным жоқ сөзбен сырлап. Қамыс пен қара шыбын мысал болған, Сан жағын қостырсаң екеуін ап. Албанның екі ұлы бар: Шыбал, Сары, Адамның сөз обалы бағдары. Шыбалдан: Қоңырбөрік, Қызылбөрік Құртқа май, қуа берсең, тұқымдары. Сарыдан: Сүйерқұл мен Сүймен туып, Анықтап алғаным жоқ өзін санап. Сүйменнен: Айт, Бозым екі ұл туып, Тек өсіп күлтеленген құйрық, жалы. Қарашаш – Айт, Бозымның қарындасы, Қыстық боп қыздан туған мұның бәрі. Болады үшіншісі – Суан атам, Жетпейсің сөз соңына қуаласаң. Жанбағы, Орысбайы боп бір әйелден, Жерінен Әулиеата ұрын алған. Суанның кіші әйелі екі ұл туып, Ат қойған: Байтөкей мен Тоқарыстан. Осылар қыр киігі, су балығы, Іле мен Қарақойын ұрын алған. Сөйлейін Байтөкейдің балаларын, Қысқаша бұтақтаған салаларын. Түгелдеп түгел бәрін айтпасам да, Туыстық айта кетем араларын. Ал енді Байтөкейден екі ұл туған, Елтінді, Қабыланды деп атын қойған. Елтіндіден жалғыз-ақ Молақ болып, Ағайын Қабыландыдан үш ұл туған. Айтайын араларын енді реттеп, Баласын Қабыландының бір бөлектеп. Аққабақ, Алдиярмен бірге туып, Айтады екі кісі Елшібек деп. Елтінді Елшібекті асырап ап, Қойыпты Молақпенен еншілес қып. Сөйлейін екіншіден Тоқарыстан, Жүйрікті байқасыпты демалмастан. Тұрдымбет, Мұрат деген екі ұлы бар, Іргелес туыс бір араласқан. Бердіке, Баубек деген және екі ұл Бұлар да ұрпақтары Тоқарыстан. Сөйлейін енді, міне, Тұрдымбеттен, Шешейін ел іргесін бір-бір шеттен. Есет, Тұрсын, Бозғылтай – үш ұлы бар, Бәйбіше, тоқалымен еншілескен. Баласы бәйбішенің Тұрсын болар, Жетік сөз сөйлемейін бір сын болар. Тоқалдан Есет пенен Бозғылтай боп, Есеттен Үмбетей деп бір ұл туар. Бозғылтайдан Түйте Қошқар бабаң, Төрт қатын алған екен дәл сол заман. Өрен, Мейіз, Төленді қыздай алып, Жеңеше алған Айбикені кейін таман. Айбике – бұрын Есет бәйбішесі, Әр сөздің келтеменен бар кісесі. Қошқардан Жанқозы мен Бөлек туып, Бөлектің Үмбетеймен бір шешесі. Үмбетей жалғыз болып қалмасын деп, Бөлекті бөліп берген еншілесі. Осылай екі ағайын тел аталып, Ежелден бөлінбеген ел іргесі. Сөйлейін енді, міне, Мұрат бабам, Көлқамыс, Тереңкөлді тұрақтаған. Құдайым бақытына бес ұл беріп, Әрқайсысы қанат жайып құлаштаған. Қозғайын ел алдаған Орысты енді (Егізек) Орыстан Жангелді мен Мырзаштары. Жангелді деп Ақша мен Сұлтанқұл боп, Осылай екі руға бөлінеді. Келейін енді, міне, Сұлтанқұлға, Ауыл боп өсіп-өнген әрбір тұлға. Әр сөзді сарасына салған кезде Шығады айқындап сай мен жылға. Сұлтанқұл: Ұзақ, Төлек, Назар, Тайлақ, Ер болған Ұзақ батыр қудай жайнап. Күнбатыс, күнбатыстың арасынан Бас пенен мал жинаған күн-түн айдап. Келейін енді аяңдап төрт Ақшаға Төрт ұлға қара қазан, ортақ саба. Есдәулет, Бекболат пен Байбұғасы, Тайбұғасы тағы бар төрт бақшаға. Мұраттың екінші ұлы – Қараменді Тосқауыл сөз қалмайды кемеңгерге. Дейді екен: Жапал, Тана, Мүлік, Тілеу Төрт ұл бар бұл кісінің көлемінде. Мұраттың үшінші ұлы – Әбен деген, Адамның бір қызығы бала деген. Әбеннің аты шықпай қалып қойып, Шеткірек көрінеді шежіреден. Мұраттың төртінші ұлы Әбсүгір деп, Шешейін соның түбін мен түгендеп. Тоқсейіт пен Бесқара деген ұл бар, Таралған Тоқсейіттен тоғыз ұл бар. Әйелін Қарабектің Әбсүгір ап, Арғынбай кеткен екен соған ұл боп. Арғынбай Әбсүгірге іште кеткен, Арада айта берсе әңгіме көп.326 Қарабек бесінші кенже бабам, Атасын талдап айтам, келсе шамам. Алшынбай, Бабаназар екі ұлы бар Көпшілік кешіре гөр болса қатам. Азырақ шежіреден жазып қойдым, Көпшілік бүгінгіше болды тамам*. Жалғайын халім келсе Байтөкейді Демеңдер бәрін айтып түгендейді. Елтінді, Қабыланды деп екі бала Тел өсіп, бауырынан тел түлейді. Алдияр мен Аққабақ, Елшібек-ті, Қабыланды осы үш ұлға тәуба депті. Баласы Елтіндінің өле беріп, Сарғайып алпыс-жетпіс жасқа кепті. Әйелі екіқабат қартайғанда, Тоғыз ай, он күнін түгендепті. Ұрпақтан үміт үзіп жүргенінде Іңгәлап дүниеге бір ұл кепті. Сүйінші сұрап барған ағайынға «Менің балам емес ол молланікі», Деп атамыз маңына жолатпапты. «Ендеше Молақ болсын баласы» деп Молақ деп нәрестеге ат қойыпты. Міне, осылай өткен ғой дүние жалған Алланың бермесін кім тартып алған? «Ер ұланда шығар-шықпас жаны бар» деп, Айтылған аталы сөз көптен қалған. «Молақ жалғыз өмірде болмасын» деп, Елшібекті еншілес етіп алған. Ары қарай таратайын Аққабақты Айтқаны үлкендердің есте қапты. Бас иіп бір Аллаға сиынайын, Тербетіп білгенімше әруақты. Ұқса кейінгі ұрпақ айта жүрер Шежіре Сатан деген шалдан қапты. Аққабақтан Құдайберді, Сатай ғана Бітіпті маңдайына екі бала. Құдайберді момындау шаруа болып, Сатай ер жетіпті болып дара. Бес әйел алған екен Сатай атам, Көріпті бесеуінен тоғыз бала. Қойекеден: Абылай, Көпіс, Бектемір (Сарман) туған, Бір бала батырлықпен олжа алған. Қарабатыр қойыпты оның атын, Осымен Қойекенің төрт ұлы болған. Екінші әйелінен: Досқұл, Мәуке, Таутан өліп кетіп үшінші әйел Жетімқозы атамыз содан қалар. Төртінші әйелінен Ақылбек атам Үлкендер қабыл болсын берген батаң. Бұрынғы аталардан есіткенді Тағы да желсем мен сабақтағам. Заман тыныш тұрған ба соғыс болып, Бас кесілмей тұрмаған, қан шашылмай. Бейғам жатқан халыққа зобалаң кеп, Ана аңырап, қарт боздап, бала шулай. Сол сұрапыл соғысты қалмақ бастап, Қазаққа қырғын шашқан, міне, осылай. Қарсыласса, найзалап қанын төгіп, Тірілерін айдаған олжа қойдай. Қашқан елді қуалап алға өңмеңдеп, Қазақ қолы жылжыған бір күн тынбай. Жауға қарсы шығуға жасағы жоқ, Жасанбаған көп қазақ қапы қалған. Іленің екі жағын мекендеген Албан, Суан жылжымай қалып қойған. Аз халық өз-өзінен қарайды деп, Қалмақтар күпірлікті көңіліне алған. Екінші қалмақтар Ілені жорық жолы Бұлардың мекенінен шалғай болған. Хангелді батыр шығып Албан жақтан Еліне «жауға аттан» деп ұран салған. Қазақтың жағасынан жау алғанда, Қазақ қазақ бола ма бұғып қалған! Ел намысын бірігіп ту ғып ұстап, Албан, Суан осылай жасақтанған. Тас түйін сарбаздарын сайлап алып, Қалмақтың бүйірінен атой салған. Ханкелді жасы келіп шау тартқан соң Бата алып Райымбек жолын қуған. Өзі алғыр, өзі батыр, әрі айлакер Қалмаққа ес жиғызбай ойран салған. Райымбек батырменен тізе қосып, Сатай ақылшы серік болған. Үш сан қолдың біреуін Сатай бастап, Іленің бар өңірін азат қылған. Сатайдың ерлігі мен алғырлығы Қиыннан алып шығар тапқырлығы. Қалмақтың нояндарын жер соқтырып, Өз елін ерлігімен тәнті қылды. Жеңіс тойы біткенде Райымбек Хас сұлуды Сатайға сыйға қойды. Талай батыр көз салып тамсанды, Талайы дәмеленіп көз салады. Сыйлықтың ең үлкені Сатайға деп, Әулие қалың елге жар салады. Сұлуды Сатай алып бас бәйгеге, Басқасы амалсыздан қозғалады. Бұйығы біткен кербез сұлу көркем екен, Аруың көз тартатын көркем екен. Хас батырға лайық жар болар деп, Кермақан деп ат қойып, отау тіккен. Қалмақы аты ұмытылып, содан бастап, Кермақан боп аталып бізге жеткен. Сатайға Әбдігер деп бір ұл туып, Көз жұмып, дүниеден өтіп кеткен. Азырақ есіткенді айттым нұсқа, Жатқызбас естігенді ел қылмысқа. Сатайдың тоғыз ұлын түгендеймін, Айтайын басқаларын етіп қысқа. Бір ұлы Аққабақтың Құдайберді, Алланың жазғанына кім көнбейді. Бауыры Сатай батыр атанғанда, Құдайберді шаруамен өмір сүрді. Бір әйелден Ақбура, Аманқұл деп, Торсық шеке саңлақты екі ұл көрді. Екінші әйелінен туған ұлға Ырымдап Көтен деген ерсі ат қойды. Осы кезде он қожа ауып келіп, Суанға жақын тартып сіңген еді. Біреуін соның Әбушайқы деген Бала қып Құдайберді иемденді. Көтенге еншілес қып сол Шайқыны, Басына үй, бауырына қазан берді. Шегір көз, ұзын өрім, жуан мойын, Бесек батыр секілді қара шойын. Жүнді бет, түкті кеуде, жұмыр білек, Жан шошырлық қара күш біреу еді. Кім білген ар жағында не жатқанын Ауылға бала болып жүре берді. Қазақтың бір қызығы бәйге, палуан. Қыз қуып, көкпар тартып, сайран салған. Жел жетпес тұлпарларын бәйге қосып, Байлар көп тұлпарымен атақ алған. Палуанын жуан балтыр күреске сап, Әр ру дәмелісін сынға салған. Үш жүздің басын қосқан бір жиында Әбушайқы күресіп жолды алған. Дуан палуан атанып содан бастап, Әбушайқы деген ат ұмыт қалған. Сол Дуаннан: Атабай, Ақан, Бөтек, Көтібоқ, Құрмысы атты бес ұл болған. Сармолда деген біреу келіп сіңіп, Дуанның алтыншы ұлы боп атанған. Сармолдаға Мазыбай төртінші ұрпақ Қашыр жеп, Дуандарға таңба салған. Құрмысыға бесінші ұрпақ Кенжебек-ті, Суанға болыс болып аты шықты. Көпшілік бас қосқан съездерде Басқаға сөз бермейтін болған мықты. Алдиярда екі ұл бар: Есалы, Дат, Есалыдан: Шал, Толыбай ұл екеу-ақ. Шалдан туған Саңырықтың жылқысынан Тоқта барлық бұлағы қалған тоқтап. Саңырықтан Өтеулі, Сары туып, Кетеді ары қарай тармақ-тармақ. Толыбайдан: Ізбасар, Қарымсақ боп, Бір-бірінен бұл күнде алшақ-алшақ. Даттан үш ұл: Дәулет, Оянай, Сарбас Бұларда бұтақ жайып кемелденген. Барлығын айта берсем, сөз ұзарар Осымен Алдиярды түгендедім. Қалдырмай ақ қағазға түсіргенім Бүгінгі жаңа туған ұлға дейін. Дүйсебай Рақымжаны көмектесті, Бата ет рухына кейінгі елім! Жан тәтті ойлағанға, өмір қымбат, Бүгінгі өмір ертең жоқ, қайта оралмас. Әне-міне дүниеге айналумен Көп нәрсе өтіп жатыр құпия боп. Шежіре кеуде қарттардың бәрі кетті, Солардан қазынаны сарқып қалмай, Отырмыз міне, бүгін арманда қап. Әттегене біздерде болмас еді-ау, Өмірді тура өлшеп пайдалансақ. Топан кеуде шалдар да көп осы күнде Жөн сұрасаң, отырар жер шұқылап. Жеті атасын білмейтін жетесізді Қария, ақсақал деп кім жақтамақ?! Суанның шежіресін жазамыз деп, Бірталай босағаны жүрдім аттап. Елшібекті қайынағам таратар деп, Тіредім аттың басын Тұрсынға кеп. Білемін Елшібекке Төкең ұрпақ* Жан емес жөн білмейтін сөзге шорқақ. Тұрлыбай, Ордағұл мен Уәлидей Билерге өскен адам құлағын сап. Сұңғыла, құйма құлақ адам еді, Сөйлейтін бұйымтайды сұрап алып. – Елшібекте нең кетті сары қыз, – дейді, Ісіне құдіреттің кім көнбейді? Күйеулері қалмақпен шайқаста өліп, Екі келін боп қалған ел тірегі. Елшібекте болыпты он жеті ұл Ризық берген бір Алла мал менен пұл. Бейғам жатқан қазаққа хабар жетті, «Жоңғардың қақпасынан қалмақ өтті». Жасанған қалың шерік қарсы шығады, Жасақ жоқ халық сасып болды ділгір. Қазірше тау мен тасты паналауға, Бар Суан уәделесіп етті көпір. Бұл хабар Елшібекке кеп жетеді, Анамыз адуынды, есер еді. «Он жеті ұлым бір жаулық болады» деп, Күпір сөйлеп, орынынан көшірмеді. Жасанған жау, түмен қол, жойқын қырғын, Жекпе-жек он жеті ұлды сілейтеді. Ең соңында Елшібек өзі шығып, Дүниеден он сегізінші боп ол да өтеді. «Жауменен жекпе-жекке мен шығам» деп, Кемпірі атқа міне ұмтылады. «Әйелменен алысу зор намыс» деп, Қия тартып, қарамай жау кетеді. Көрдің бе құдіреттің шеберіне Көрінді бір шұңқырда бәрінің өлеріне. «Асқанға бір тосқан бар» деген сөзді Орайлағым келеді осы жерге. «Ажал есірткен» сөз деген тағы да бар, Анамызды есірткен ажал ма әлде?! Он сегізден айрылған ана байқұс Бармақ шайнап қалды екен қандай күйде?! Бет жыртып, екі келін қалды аңырап, Қазақты қойдай қырып жатыр қалмақ. Басқа түскен зобалаң кезегінде, Олардың мұң мен зарын кім тыңдамақ! Бел буып, екі келін етті тірлік, Сары қыздан екі ұл болды: Төлеке, Ерсі. Анаға бала деген ол бір тыныс, Төлекеден Қужырен, Жолдас, Малай, Тепек менен төрт ұлы болған солай. Ерсіден Алакүшік, Алшаңменен Нарбота үш ұл туған асқар таудай. Нарбота: Қосай, Досай, Көржекей боп, Кетеді тармақтап ары қарай. Көржекей атамыздан жеті тармақ Берейін зерікпесең бәрін санап. Сәтеке, қаламыңды жорғалатқын, Сөзіме менің айтқан құлағың сап. Деді де ары қарай тармақтады, Бір ашып, бір жұмылып саусақтары. Бұтағын, жапырағын түгел ақтап, Әзіргі өркеніне кеп тоқтады. – Үһ, – деп бір азырақ тыныс алды, Кеудеге кең танаудан тыныс алды. Тоғызыншы ұрпағын Елшібектің Білмеймін қайсы атамыз қайда қалды. Әр атаны отыз жыл есептесең, Елшібекке үш жүз жыл боп қалды. Мың жеті жүз жиырма үштегі зор қырғынға Елшібектің өлімі дөп келеді. Деп Тұрсекең өмірді еске алды, Тоқтабарлық мекеніне былтыр бардым. Бір істі көзім көріп, қайран қалдым, Суанның қорғаны бар осы арада. Деген бір кезіктірдім Найман шалды, Мырзагелді байдың қорғаны мынау деді, Жауын шайып мүжілген дәу қорғанды. Қашан, қалай келді екен бұл өңірге, Белгісіз болды маған арғы жағы. Енекейді таратып бере алмай, Тұрсекең Елшібекті тамамдады. Өзі жалғыз болғанмен атам Молақ Жеті ұл өсіріпті құндаққа сап. Дәулетбақ, Қабанбай мен Қасаболат, Сүйінбай, Шәуке, Шақа, Сексен деген, Бәріне азан айтып қойыпты ат. Жәмеңке сегізінші ұлдың аты Меркі мекендеген екен тұрақтары. Сегізі сегіз рулы ел осы күнде Ар жағын айта алмаймын мен тармақтап. Қатесін түзетерсің оқыған соң, Шындықтан кеткен болсам мен алшақтап. Жаным жасап осымен аяқтадым, Әруақтың аты аталған бәріне арнап.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.