Ертілеудің өлер алдында айтқаны
Ертілеудің өлер алдында айтқан қоштасуы.«Ертілеудің өлер алдында айтқаны» деп аталатын араз- дасу үлгісі ӘӨИ-дің 325-бума, 4-дәптерінен алынды. Хамзин Мысалдың 1905-1911 жылдары жазып алған араб әрпіндегі әдебиет жинағы 1962 жылы институт қорына тапсырылған. Дәстүрлі қалыптасқан салт бойынша, өлім халіне жақындаған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-туғандарына хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адам- ды о дүниеге жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып, бұлжытпай орындалуы қадағаланған. Ең алдымен иман кали- малары айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін жабу, оқшаулау т.б.).