Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу

Бұл марқұмды жерлеуге дейінгі міндетті рәсімдердің бірі-ақ киізге орау немесе ағаш табытқа салудың рәсімі көрініс табатын мәтін болғандықтан томға енгізілді. Бұрын марқұмды қабірге дейін жеткізу үшін қазіргі кілемге орау орнына Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарының қазақтары мен Орта Азиядағы кейбір халықтарда арнайы «табыт ағаш» қолданылған. Ал бір өңірлерде табытты ақ киізден басылған арнайы киіз ауыстырады. Ол «ақ киіз», «иман киіз», «табыт киіз» деп аталады. Бастапқы кезде бүкіл ру үшін бір киіз басылса, келе-келе әрбір үйдің өзінде болуы міндеттеліп, өлімнен тыс уақытта қадірлі жерде, жүк арасында жинаулы тұрған. Жерлеуге пайдаланылған киізді түнде «жұлдыз көрсін» деп, далада қалдырған. Жерлеу салтына қатысты өлеңдерде «табыт ағаш» ұғымы көбірек сақталған.

Қазақша
Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу
Кеттің бе енді, кеттің бе, Бұл дүниеден өттің бе? «Жесірлік» деген сұм тағдыр, Басымды бүркеп жеттің бе? Өлсемші, Алла, өлсемші, Мені жұртым көмсеңші. Арысым қалып, мен өліп, Ел-жұртпен бірге жүрсеңші. Жан үнім шықты-ау сызылып, Арманым сөнді-ау үзіліп. Бір ауыз тіл қатсаңшы, Елің тұр тұтас тізіліп. Машина мынау қаптаған, Қара жерді таптаған. Көшіріп қайда барасың? Бағланың еді-ау баптаған. Біз қалдық енді зарланып, Жүрекке қайғы байланып. Күңіренсек те ел болып, Арысым келмес айналып. Қош бол, енді арысым! Шырқырып қалды дауысым. Қиямет-қайым болғанда, Жаннаттан елің танысын!
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.