Манашы (Үзінді)

Он сан ноғай болған жер, Орманбет бидің өлген жер, Күйкен сырты Манашы. Он бір би қалмаққа (Манашыны) және оның шешесін алып барады. Қалмақ Манашыны сатып алың дейді. Он бір би “үш күннен қалдырмай ақшасын тауып, алып келеміз” деп, Манашыны тастап кетеді. Манашының үш жасар қызы бар еді, қапталынан жүгірді. Әкесін сұра...

Қазақша
Манашы (Үзінді)
Он сан ноғай болған жер, Орманбет бидің өлген жер, Күйкен сырты Манашы. Он бір би қалмаққа (Манашыны) және оның шешесін алып барады. Қалмақ Манашыны сатып алың дейді. Он бір би “үш күннен қалдырмай ақшасын тауып, алып келеміз” деп, Манашыны тастап кетеді. Манашының үш жасар қызы бар еді, қапталынан жүгірді. Әкесін сұрайын деп еді, билер қарамай кетеді. Сонда Ақмоншақ сөйледі: – Ай, он бір би, он бір би, Көкем қайда Манашы, Қасындағы қайда апасы? Қарамайсың біздерге, Жүгіріп едім сіздерге. – Құрғыр әкең келеді, – деп, өтіп жүре береді. Бала үйіне келіп шешесіне айтады: – Әкем менің өлген-ді, Өлгенін шешем көрген-ді, Сосын келмей қалған-ды. Ноғайлы босып көшер деп, Ноғайлы салды-ау көзіңді, Төбеге шықшы өзің де. Қараса ноғайлы босып көшіп жатқан екен дейді. Бұ да бір күннен соң көшеді. Үш күнге толған соң, Келетін уақыт болған соң, Қалмақтар қарап тұрады: – Ақшаңды бер, – деп сұрады, Келмейді ноғай саған деп, Берді қорлық маған деп. Манашы артық ер еді, Орманбеттің Ақсұр ат Мінейін десе бермеді. Өлерін нағыз білген соң, Қыдырайын мен, – деді. Ақсұр атқа мінген соң, Атқа қамшы басады. Сол уақыт болғанда, Алмасты суырып алады, Қиғаштан соғыс салады. Манашы жалғыз өзі үш күн соғыс салады. Үш күнге толғанда, кешке таман болғанда, күннің көзі батарда қалмақтар сасады және қашады. Қалмақтар қашты жағалап, Сай-саланы паналап, Манашы талайын өлтірді. Манашының соғысып, Қалмақты қашырған жері осы екен.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.