Корпусқа оралу

Кептердің аяғының қызыл болуы

Тарихта Нұх пайғамбар он сегіз мың ғаламнан ұрық алып келе жатқанда, әбден қалжыраған Нұх пайғамбар кептерге: – Сен жер шалып келсең, мына жан-жануарлар дамылдаса, – дейді. Бұл сөзді естіген кептер дүниені айналып жүріп, бір тауға келсе, су жырып кеткен керішке қонақтап, қайтып барған соң кептер Нұхқа: – Басқа өңірден...

Қазақша
Кептердің аяғының қызыл болуы
Тарихта Нұх пайғамбар он сегіз мың ғаламнан ұрық алып келе жатқанда, әбден қалжыраған Нұх пайғамбар кептерге: – Сен жер шалып келсең, мына жан-жануарлар дамылдаса, – дейді. Бұл сөзді естіген кептер дүниені айналып жүріп, бір тауға келсе, су жырып кеткен керішке қонақтап, қайтып барған соң кептер Нұхқа: – Басқа өңірден құрғақ жер таба алмадым, бірақ бір жерде жаңа ғана судан ашылған бір керіш бар екен. Сонда түнеп едім, аяғым батпаққа малынып, қызарып қалды, – депті. Мұны естіп Нұх пайғамбарлар сол жерге барып дамылдаған екен. Содан бастап кептердің аяғы қызыл болып қалыпты.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.