Құлыншақ (Үзінді)

Ноғайлыдан бөлініп, Жалғыз өзі аттанып жүр еді, Астына мінген кері еді. Артық туған ноғайдан О да бөлек ер еді. Бір жыл анық жүрген соң, Дәукескен елін көреді. Барды жетіп қалаға, Биік таудан өте алмай, Тағы бір жыл жатып қалады. Дәукескеннің ханы басқа бір жаққа кетіп қалады. Оның елі Құлыншақты білмейді. Құлыншақ көр...

Қазақша
Құлыншақ (Үзінді)
Ноғайлыдан бөлініп, Жалғыз өзі аттанып жүр еді, Астына мінген кері еді. Артық туған ноғайдан О да бөлек ер еді. Бір жыл анық жүрген соң, Дәукескен елін көреді. Барды жетіп қалаға, Биік таудан өте алмай, Тағы бір жыл жатып қалады. Дәукескеннің ханы басқа бір жаққа кетіп қалады. Оның елі Құлыншақты білмейді. Құлыншақ көріп жүреді. Құлыншақ жол күзетшіні өлтіріп, өзі қалмақпен соғысуға күтіп жатады. Бір күні әскер келеді. Қызылбас елін шауып алып келе жатыр екен. Еліне хабар жібереді. Барса, елі жоқ. Көрді сонда ханыңыз Әдіра қалған қаласын. Көрмеді-ау сонда ханыңыз Бір тәуір тышқан лақ пен Көрмеді қатын, баласын. Қайтадан салды хабарға, Әскерлерге барды да, Барып сөйлей береді: – Келдік қайта хабарға Кім алғанын білмедік Артынан іздеп барарға. Хан ақылдан сасады, Ханның сұсы қашады, “Енді қалай етем деп, Елімді, менің жұртымды Қайдан іздеп кетем” деп. Сонда ақсақал құрады, Кетті деп қайда сұрады. Деседі ізін қарайық, Асты кебір жер еді. Тудырған ізін қалмақтың Сонда патша көреді, Ізіне түсіп жөнеді. Құлыншақтай батырың Таудың астынан шыға келеді. Астына мінген кер еді, Келе сөйлей береді. Қорықпайтын ер еді, Қамшы басып керіне Топқа келіп кіреді. Сонда соғыс салады, Үш айдай соғысып, Қалмақты да жеңген соң, Қызылбасқа жөнеді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.