Корпусқа оралу

Қу түлкі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: – Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: – Мүмкін емес, – дейді. – Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдар менен қалай қорқатынын өз кө...

Қазақша
Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: – Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: – Мүмкін емес, – дейді. – Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдар менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырақай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: – Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі? – деп мақтанады. – Я, сен шынында да айбарлы екенсің, – деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.