ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ (М.Нукин нұсқасы)

Шебер тіл ғой шешетін, сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. “Мың соққан” деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар, дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сый...

Қазақша
ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ (М.Нукин нұсқасы)
Шебер тіл ғой шешетін, сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. “Мың соққан” деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар, дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сыйғандай жер менен көк. Көрші-қоңсы, күң менен құлдарына, Тамшыдай тамызатын рақымы жоқ. Жүзінен бір кетпеген кесір сызы, Қуаныштың түспеген өмірі ізі. Айтады “ағасының қызы еді” деп, Ай, Таңсық – асыранды екі қызы. Тай-тайлағы таңбасыз, тоқтысы енсіз, Қойы сансыз, жылқысы түгендеусіз. Боранда қасқарып қой бастайтын, Мың серке жамалы аппақ, меңсіз. Аю шаш, қызыл өңеш, теке ерін, Ақбас бура бастайтын түйелерін. Қарабайдан басқаны аралатпас, Бақташы сыртынан шолыр жатқан жерін. Мінбей жарап Бақа айғыр жазы-қысы, Соңынан шұбыратын бар жылқысы. Жаз самалға, бастайтын қыс тебінге, Жылқы бетін бұрмайтын жылқышысы. Оның түбін сұрасаң түрікпен-ді, Түрікпеннен Қарабай үріккенді. Қарабайға қолшоқпар төлеңгіт болып, Елден шыққан не бұзық іріктелді. Болымсыз бір сөз үшін жанжалдасып, Қарабай қыңыр болып, ауа қашып. Балталы, бағаналы елін тапты, Дария өтіп, шөл кезіп, таулар асып. Тайлақ би балталыға қадірлі би, “Сыйға-сый, – деген дейін, – тигенге ти” Жүз кісі ертіп келеді Қарабайға, Ерулік тарту алып, тоғыз бен сый. Бермепті Тайлақ биге қонақасы, Малқорда, ақмақ бай шірінді мый. Ел-жұрты намыстанып, бек айтады: –Көшірейік, он бір сан халқыңды, жи. Би, сонда қасындағы көпке айтады: –Оларың дұрыс емес, сөзіңді тый. Кеткенің тұлпар болса құйрығын кес, Келгенін қошеметтеп, қойыңды сой. Жөншілікпен ол саған алдырмайды, Ебін тауып тамағын мақтамен қи. Қанды судай көрмейтін жаңғыз ұрттам, Сараңдықпен, ел ақтап жерді құртқан. Секілді боқ аунатқан, ол бір қоңыз, Мал үшін кезіп жүрген ел мен жұрттан. Сарыбай хан боп өткен Ормамбетке, Намысын бермейтұғын елдің шетке. Бала үшін екі қатын алса дағы, Зар болып жүруші еді, бір перзентке. Бір жынды “Сарыбай қубас” десті, Қысқа кекті, ағайын, ұзыннан өшті. “Қубас” деген сөзге шыдай алмай, Елімен өкпелесіп о да көшті. “Тоқта” десе, еліне тоқтамапты, Хан мінезі – әдеті өте қатты. Үдеріп күн-түн қатып, көшіп келіп, Бұ дағы балталының елін тапты. Сән-салтанат сайманы елден артық, Отыз нарға келіпті, жамбы артып. Шұрайлы жақсы жерден қоныс алды, Тоғыз қылып, Тайлақ биге тарту тартып. Үйіне бос қайтпады келген адам, Біреуі ат мінсе, біреуі киіп шапан. Би мен бектің толған соң көмейлері, Ел болып, Сарыбайды хан сайлаған. Қарабайдың елімен жоқ қатынасы, Қалайда пайда табу ықыласы. Бір күні ерте тұрып, аңға кетті, Дәл сонда жетпіс бірге келген жасы. Сақалы белуардан, аппақ шашты, Ер қара, денелі түнек қасты. Көз сүйегі ордай еңірейген, Мұрыны елестетер қолағашты. Төрт аяқты жылқының тұрпаттысы, Аққайыңмен келіп бір, белден асты. Кәрі аңшыны көрген соң, түсі суық, Бұғып жатқан, бір марал тұра қашты. Ат үстінен тартқанда кәрі күшті, Қос қанатты саржа оғы зырлап ұшты. Дәл тимей осы жолы атқан оғы, Маралдан әнеғұрым асып түсті. Марал түгіл аюды атып көрген, Айнымайтын нысана алған жерден. Садағын ашуланып екі бөлді, Оғы шығын болмайтын кәрі мерген. Шықпады қиын құждан марал қашты, Қиын құж аралады ну ағашты. Марал да, өзі де әбден діңкеледі, Күн батты әбден қарны да ашты. Жазығы жоқ маралмен болды кекті, Тар түбекке күн батты, марал кетті. “Жерге кірсең алам” деп ертең сені, Қаңтарып Аққайыңды жата кетті. Себеп туса себептен не болмақшы, Себеппенен балқытар қара тасты. Себебінен бүлінер рулы аймақ, Себепсіз тілек, сыртқа шықпай жайнап. Себеппен батырдың туы құлап, Себеппен бақыт қонып, бақыт таймақ. Сарыбайдың себепкер ажалына, Оқиғасын айтайын, себепке айғақ. Керқызыл мен ханымның бозжорға атын, Кірмеге қоюшы еді түнде байлап. Себеп болар сараңның бермесіне, Себеп кейде жаңылтар ерді есінен. Ханымның бозжорға атын мәпелеген, Түнде жарып кетіпті кермесінен. “Тоспадан тосамын” деп Сарыбай хан, Керқызылмен жөнелді сарғая таң. Қарай-қарай іздерді аңғарады, Жасынан шебер еді аулауға аң. Керқызыл емен болып алған жарап, Жарасымды ер тұрман қару-жарақ. Соны жерден із кесіп келе жатты, Сайға үңіліп, бұтаны тесе қарап. Өшігіп қорқау еді көздегені, Басқа аңдарды атпады, кез кеп еді. Ханың тауды қақ жарып келе жатып, Біреуге ат қаңтарған кез келеді. Ат алдынан Қарабай атып тұрып, Үндемей қала берді, ол қырсығып. Ақсақалды адамды көрген соң, Сарыбай сәлем берді қол қусырып. Сарыбай ақылды еді талғамы кең, Қарабайға қайратқа келмейді тең. Көрместен сыртынан істі түген, Сарыбай Қарабайдан сұрайды жөн. – Ер адамға өзімді баламаймын, Дәулетке елден озған дарадаймын. Жетпіс бес жасқа келгенше баласы жоқ, Сең соққандай сандалған Қарабаймын. Көлдей толқып жатса да зұлымдығы, Сыртына шығармайтын сырға мығым. Әдісін, ауамалын Хақпен қылған, Сен кімсің, сырты жылы, іші жылым? – Бет алдың сеңгір таудың қамсағындай, Ызғарың қатты қыстың қаңтарындай. Алпыс жасқа келгенше баласы жоқ, Менде өзіңдей сенделген, хан Сарыбай. Екеумізде бірталай жасқа жеттік, Перзент тілеп, Тәңірге зарлық еттік. Бір қайғыға ортақтас жан екенбіз, Ендеше, дос болайық қияметтік. Ақ пейіл адамдай, желдей есіп, Ботасын мойнына салып, белін шешіп. Екеуі аттан түсіп құшақтасты, Жаны бір, малы ортақ дос болдық десіп. – Достық кімге ауады сынасалық, Орынсыз өкпелеспей кінә салып. Ұл туып, қыз туатын заман болса, Қалыңмалсыз беруге шыдасалық. Бала үшін бетті жаспен жусам дағы, Дәулет құсым аспанға бір самғады. Бала десе, аңшыдай айламенен Белімді қанша қатты бусам дағы. Сол қайғымен кетіп ем, алға шығып, Босаңсып қанша қатты тусам дағы. Таң сәріден кездескен бір маралды, Ала алмадым күн ұзын қусам дағы. Ат шаба алмай дүниемнің ауырынан, Сыртыма терім шықты жауырынымнан. Түн аударып, таң-кешім қажымаушы ем, Тұрғандай болдым сүзек аурудан. Тәулік шапсам қолтығы бусанбайтын, Тер шықты Аққайыңның сауырынан. Шапқанда шашасына шаң жұқпайтын, Шаң түгіл сорасы ақты бауырынан. Дос болдым, қонысы бір әрі көрші, Достықпен айтқан сөзді көрме ерсі. Бұл маралдың ызасы әбден өтті, Мерген болсаң, осыны атып берші. Шын дос болсаң, Қареке, ердім саған, Жас жеткенмен түскен жоқ, көзге таған. Бұйрықты аңды кездескен құтқармаушы едім, Мылтығым ұрындыдан көрсет маған. Тар түбек алдындағы шатқал арал, Атқанда оғың тисе мейірің қанар. Қашып кетіп жүрмесін, көріп қойып, Аңдап барсаң, алдыңда жатар марал. – Маралдың жатқан жері қалың томар, Жүректен дәл байласаң оғың соғар. Маралың буаз екен ата алмаймын, Әйелім екі қабат, кесел болар. Аң жаралған адамның пайдасына, Біреу атып, біреуге, байласуға. Обалын мен тартайын, қорғанбай ат, Көріне тисін менің қай басыма. Қынжылып мылтығының оғын салды, Көтеріп нысанаға бетін алды. Жүректен дәлдеп байлап тартқанында, Кетсін бе, ұрындыдан құлап қалды. Араны үлкен Қарабай, пейілі тарды, Аранға қиған құрбан ұят-арды. Адамнан аң болып туған хан Қарабай, Маралдың жаны шықпай, ішін жарды. Ішінен егіз бұзау тулап түсті, Сарыбайдың көргенде зәресі ұшты. Ажарлы ақсақалын қанға бояп, Маралдың жылы қанын тойғанша ішті. Қан ішіп, хан Қарабай көңілденді, Екі беті албырап, өңі де енді. “Неге отырып қалдың?” деп орныңда, Қасына Сарыбайдың қайтып келді. – Маралың құрып қалсын, айтпа жоқты, Сені қимай шығардым, маралға оқты. Қатал едің, далаға тастап кетпе, Мен өлемін, киесі мені соқты. Соны айтып, хан Сарыбай жан тапсырды, Қасында хан Қарабай біраз тұрды. “Өліміңе болайын”, – деді дағы, Досының кеудесіне тас бастырды. Қарабайдың қарасаң, қара ниетін, Шіркіннің шіркеу шалмас, сірә, бетін. Досының өлгеніне қуанды ол, “Өзім, жалғыз алам” деп марал етін. Достықты айтып еді өзі бастап, Пейілі тар мейірімсіз, мінезі сондай асқақ. Егіз лақ [пен] маралды теңдеп алып, Достысын жапан түзге кетті тастап. Қарабай бұл мінезін не сән көреді, Өзіне-өзі ақылды бір тәуір жан көреді. Шырышты төмен қуалап келе жатып, Алдында будақтаған шаң көреді. Сарыбай мергендікпен маралды атқан, Маралға ант Қарабай дінін сатқан. Ханымы Сарыбайдың буаз екен, Босанып аман-есен бір ұл тапқан. “Сүйінші Сарыбайдан аламыз” деп, Сол ауылдың адамы екен, келе жатқан. Бұлар келіп сәлем берді Қарабайға, Дұрыс сәлем алатын ол Қарабай бай ма? –Мал қадірін білмейтін көп ақымақ, Ат терлетіп барасың, – деді, – қайда? –Жылы сөзге шығады жылан інінен, Қатты сөзге қайытылар қай мал, іңген. “Ақсақалды адам” деп сәлем берсек, Сен кім едің, қара есекке теріс мінген? –Сендер алтау, мен жалғыз жасым кәрі, Көптігің мен жастығың кімге дәрі. Ала мойнақ, бұзаутіс қамшы тиер, Жаның барда, кетіңдер менен әрі. – “Ақсақал” деп ойлап едік көпті көрген, Ант екенсің, сөзіңнен пәле өрген. Мылтықпен маралды қайдан алдың, Хан Сарыбай емес пе атып бергесін? Таңертең кетіп еді, қасқыр қуып, Ойлап едік “жүр ғой” деп жерде жуық. “Сүйінші алайық” деп шығып едік, Әйелі өзі жоқта бір ұл тауып. Сарыбай сағым мініп, желге жеткен, Алты ақмақ еңбегіңді сарып еткен. Іздеме Сарыбайды босқа әуре болып, Жете алмайсың біржола мүлде кеткен. Адам туып, аң болып өмір сүрген, Алжыған арландай-ақ көрмей үрген. Жұрт иесі ханыма жора бастап, Орнына өзің кеткір мүрдем. Бұл сөзге ызаланған кәрі күшті, Қамшысын үйіреді бұзаутісті. Алтауы алты тартып қалғанда, Аттарынан домалап, бөрікше ұшты. Алтауын жаяу тастап, жүзіп кетті, Шаңқай түсте аулына келіп жетті. Ханымы Қарабайдың бір қыз тауып, Сүйінші сұрап сақау кемпір кепті. – Қарабай, кісі жоқ сізден бақты, Ойыңа алып, тәубе етсе жалғыз хақты. Шыр еткенге зар болы, жүруші едік, Ай мен күндей бәйбіше бір қыз тапты. Жетпіс жастан асқанда туған айың, Бір жібірсің болсаң дағы тастан қатты. Өмірде жанған жалғыз шырағың ғой, Сүйіншіңе сақауға мінгіз атты. –“Ал” дегенді естісем жаным сүйер, “Бер” дегенді естісем ішім күйер. Былжырамай сақау ғар жөнің тап, Алты таспа, бұзаутіс қамшым тиер. –Қыз баланы қуаныш көрмейсің бе, Қуантқалы келгенді жерлейсің бе? Қартайғанда көрген бір перзентің, Шынымен бір шапан бермейсің бе? Хан Қарабай келеді күн-түн қатып, Егіз лақ, маралды қабат атып. Сегіз өрме, бұзаутіс аламойнақ, Басын жарды сақаудың сартылдатып. Сол сақау құрдай болып жорғалады, Аққан қаны мойнынан сорғалады. Жар басында бар еді жарты лашық, Сақау кемпір сонда барып, қорғалады. – Үлкеніңді-кішіңді жалмап жерсің, Маған берген жазаңды Тәңірім берсін. Сүйіншіңе қан қылып, қамшы бердің, Ұлы-қызың мендей болып бейнет көрсін. Тоқсан мыңнан түгі қалмай толықсыған, Айықпастай басыңа бәле келсін. Малдан басқа өмірі тілеуің жоқ, Қара сенің соңыңнан қалай ерсін! Деп кемпір жылап, сарнағанда, Қойны толып кетіпті, қызыл қанға. Тіл есесін қайтарып қамшымен, Араша бермей ұрды тірі жанға. Кемпірден сорғалатып қызыл қанды, Көзіне елестетіп шыбын жанды. Қос маралдың [лағымен] етін тұздап, “Қатын саған қала” деп қуанады. “Баян” деп бай қыздың атын қойды, Ел айтты: “Ат шаптыр, істе тойды”. “Ұл емес, істемеймін қызға тойды”, Зорлықпен бір қойды зорға сойды. Кәрі құлақ естіген, көрген жоқ көз, Ұғынып [ал сөзімді] тыңдаушы тез. Қарабай аулына келе тұрсын, Сарыбайдың аулынан сөйлейін сөз. Көк шалғынға тігілген ақ ордасы, Керменің атқа толған айналасы. Ас үйдің жанында жер ошаққа, Сойылған тай, үйтілген қойдың басы. Жас әйелдер етегі сабсыр ала, Ішек-қарын аршыған бәрі жана. Етегіне оралып, “ет әпер” деп, Соңынан еріп жүр, жас балалар. Қонақ үй ауылдан аулақ жерде, Масаты қызыл кілем жайған төрде. Үй іші лық толған ақсақал, би, Тамаққа орын таба алмай ішіп-жерге. Шешен шалдар өткенді, кеткенді айтып, Қызып сөйлеп, буылып қара терге. Иығында орамал, қолда шайың, Табақшы болып, ыңғайлы жігіттерден. Тартқан желі, байлаған құлын [тізіп], Бие сауып құлдар жүр күнге шыжып. Шыбындаған құлынмен арпаласып, Оларға әсер бермес мына қызық. Топтанып қыз-келіншек таза киіп, Шашбауы салақтаған белге тиіп. Кәмшат бөрік, үкілі маржан тізген, Күміс жүзік саусағын көмілдіріп. Далада жас жігіттер ат мақтасып, Қымыз ішіп, елігер судай тасып. Мақтаны аттан шығып, қызға ауысты, Әңгіме әбден қызып, шалқып тасып. Қалжыңмен бірін-бірі кеміткенде, Шорқақтары төмендеп қалды жасып. Жайдақ таймен жарысып жас балалар, Бір топ болып, өзі әлінше, жүр жарасып. Ас үйден төріне шейін шәйі жайып, Сапы, пышағын шалбарына жанып-жанып. Мәз болып ет жасаушы шалдар отыр, Қанша ет алғаны өзіне анық. Ордада бәйбішелер қабылетті, Біреуі айтса, біреуі сипап бетті. Біреуінің біреуі сөзін тоспай, Сөзінің берекесі ұшып кетті. Сол кезде алты жаяу келді үйге, Көргендерін айтады Тайлақ биге. Іздеуге Тайлақ би әмір береді: [Елге] үйірде ат қалмасын, – деп, – айт еркек үйде Тайлақ келіп айтады: ханымына, Ханымы сөз түрін таныды да, Беріктікпен сыртына шығармады, Ішінен қан қатталып налыды да. Іздесіп алды-алдына кетті шауып, Ханым, Тайлақ ішінен қылды қауіп. Көбінің “өлді” деген ойында жоқ, “Сүйінші аламыз” деп ханды тауып. Астында ала аты бар көзге күйкі, Ішінде бір тазша бар жаман сыйқы. Он бір адам бір бөлек келе жатыр, Бет алды шабуда ойқы-тойқы. Он бір жасар баладай таздың бойы, Дәл он бес жыл баққаны ханның қойы. Ескі-құсқы ораған сары алтындай, Тайлақ биден кем емес ақыл-ойы. Көзі көк, басы таз, ерні жалақ, Жоқшылыққа оралып, жүрген жылап. Емшекке ерні тимеген, туа жетім, Өскен сол сарқыт ішіп, жұғын жылап. Тайлақ шешен дегенің топ иесі, Дарыған десек болады сөз киесі. Өлең жағына келгенде үйлесімі, Жібекке тізген меруерт сөз жүйесі. – Тазша айтты: Таба алмаймыз албат шауып, Ханды аман табу өте қауіп. Кешегі алтаудың ізіменен, Өкше ізін Қарабайдың, алсақ тауып. Қарабайдың бір сыр бар өкше ізінде, Егер табам десең ізбен ізде. Не өліп, не мертігіп жатқан шығар, Аман болса Сарыбай, қонбас түзде. Тазшаны біреуі сөгіп, біреуі боқтап, Кейбіреуі “ұрам” деп, қамшы оқтап. Кейбіреуі” тазшаға илан” деді, Бір төбенің басына тұрды тоқтап. Іштерінде бір жігіт басшысымақ, Таздың сөзін қостады, о дағы ұнап. “Ізді тапсын, ізден ханды тапсын, Біз соңынан ерейік, тазды сынап”. Көзінен ірің аққан, басы бүрісіп, Алтаудың өкше ізін тауып алып Күйкі аламен жөнелді тазша жортып. Із түспейтін жер болса бетегелі, Ізінің бетіменен төтеледі. Барлығын бағындырып лажсыздан, Итше ертіп, түйеше жетеледі. Қарабайдың өкше ізін тапты келіп. Ақ қайыңның ізі от орнындай, Ізге түсіп, жөнелді тағы желіп. Сарыбайды табады жатқан өліп, Орнынан қозғалмастан жатқан күйде. Қолма-қол хабар берді Тайлақ иге, Әуелі ханымға естіртпестен, “Ұят болар апарсақ” деседі үйге. Тайлақ айтты: – Хан еді халыққа ырыс”, Өлімді құрметтеуіміз, болмас бұрыс. Ханымға жерлеп барып естіртуге, Қандай жыршы жіберсек болады, дұрыс. – Сіз ғой сөздің сынайтын ақ-қарасын, Ханымға естіртуге тазша барсын, – Десті жұрт, Тайлақ би де мақұлдады, Барлығы бір ауыздан мақтағансын. Күйкі аламен бөгелмей тазша кетті, Тілге бай, ақын тазша сөзге епті. Ханым ойға үңіліп отыр еді, Тазшасы есіктен кіріп кеп, өлеңдетті. – Тұғыры ақсұңқардың, тақсыр ханым, Жаза бассам, тазшаңды басқа ұр, ханым. “Жақсы мал, – деген, – жанның садағасы”, Боз жорға атты жеді қасқыр, ханым. Аман-есен босандың, жесе жесін, Табалаған дұшпандар десе, десін. Әкесі өлсе, баласы – мирасқоры, Ат өлсе, толтырмай ма тай есесін? Бала өліп, әке қалса, кім мирасқор, Тайы өліп, ат қалса, өсімге сор? Таудай қайғы, теңіздей қуаныш бар, Жалы зордың болмай ма, ығы да зор? Ханым сен шынар ағаш қорықтағы, Сан нашар маңайыңа қоныстады. Алты алуан түс көріп өткен түні, Әдейі сізге келіп едім жорытқалы. – Айта қойшы көргенің немене түс, Түсіңде көрдің бе, әлде, бір ғажап іс. Түс – түлкінің құйрығы бұлаңдаған, Жорушыға бұлжытпай жору күш. –Ханым, түсімді теріс жори көрме, Өзім төмен болғанмен, көңілім өрде. Хан ием, ояндым содан шошып, Басымнан сәлдем ұшып, түсті жерге. –Сұм тазша, кеудем – кітап, тілім – қалам, Түсімді “жаман түс” деп бол ма алаң. Басыңнан сәлдең ұшып түссе, Жабысқан кетеді екен пәле-жалаң. –Ханым, саған жорытам көрген түсті, Түс екіұшты болған соң, сөз де екіұшты. Ханым ием, ояндым содан шошып, Қолымнан жібек баулы сұңқар ұшты. –Қара орнында отырғанда, хан тағында, Бір сұмдықты бастадың, сен тағы да. Қолыңнан жібек баулы сұңқар ұшса, Жоғары көтерілген ел бағы да. Бар түсімнің шешуін ханым тапты, Басына әкеліп орнатты, мал мен бақты. Түсімде ақ ордамды құйын соғып, Орнында атын дінгек белгі қапты. Діңгек өсіп, [жетіліп] бәйтерек боп, Сансыз жан саясына саялапты. Құйын соққан орданы қайта тігіп, Бір шебер босағасын алтындапты. Хан қадірлі болмағы елден екен, Сұм тазша бір сұмдықпенен келген екен. Атын діңгек Қозым ғой қалған белгі, Далада Сарыбай хан өлген екен. Өмір – өлім, екі егіз, Бірі тұщы, бірі ащы. Жратылыс заңы сол Туған соң өлім рас ты, Айым батса, алдымнан күнім туад, Көздің жасы су алмас ұлы суат. Өлген адам тірілмес жылағанмен, Жалғызыма Құдайым берсін қуат. Ханымды тазша ертіп келеді алып, Қасіретті басына қара салып. Сонда да қайсар ханым жыламады, Көңіл айтып, көрісті шулап халық. Қайғының іші жалын, сырты мұздай, Жалын тисе жан жүйең тұрмас қызбай. Ыстық пен суықтық арасында Көңіл күйі, сақталмас қалпын бұзбай. Көз жасынан шығады сыртқа жалын, Іштен тынған адамның алар әлін. Не себепті көзіне жас алмады, Ханымға аян, бізге емес мәлім. Жаратылыста еркектен әйел нәзік, Тез айланар, сондықтан тез азып. Әйелдің күйінші-сүйініші, Көз жасынсыз бере алмас жанына азық. Көп ішінде аман да есен де бар, Тілге ділмар, ақылға кемел де бар “Жас ханым кәрі ханның өліміне Неменеге жыласын” деген де бар. Қарабайдың әңгімесі келеді Ал енді Қарабайдан сөйлейік кеп, Саба-саба қымызды жиғызды көп. Тоқсан саба толтырып, бата оқыды, “Сарыбаймен құдалық сөйлескем” деп. Сарыбайдың ханымы да, үй тіктіріп, Құдасын қарсы алады, тіке тұрып. Жаңа туған балаға “көрімдік” сұрайтын Жақынынан әуелден бар ғой ғұрып. Қырқынан Қозы Көрпеш шыққан жаңа, Баулы құстай отырған қанат қаға. “Атасынан көрімдік аламын” деп, Бір бәйбіше жүгірді баланы ала. Сонда алты айлық балада тығыншақтай, Баулы құстай талпиды дамыл таппай. Маңдайы кереқарыс жарқырап тұр, Екі көзі жанады шамшырақтай. Баланы бәйбіше еді алып барған, “Көрімдік аламын” деп қыңыр шалдан. “Бала емес, мені жұтар пәле екен, Аулақ жүр, әкет, – деді, – менен әрмен!” – Жер жұтқырды әрі әкет, мен көрмеймін, Көрімдік түгіл, бұған қыз бермеймін. Қырқынан шықпай жатып түрі мынау, Жалмауыз демей [оны], мен не деймін. Түңілтіп естіген ел, көрген жанды, Жолдасын ертіп барған жинап алды. Тоқсан саба қымызын жарып тастап, Тамаққа қарамастан кетіп қалды. Араға кісі салды ханым ұдай, Қарабай қойды бірақ мойынсұнбай. “Қыз бермеймін, – деген сөз, – жетім ұлға”, Ат ізін салмай қойды жеті жылдай. Сол елде түсіреді бір бай келін, Келін түсті, бай той қылып жимақ елін. Қазақтың атамұра әдеті ғой, Тойға сый, асқа көмек, құнға телім. Жақындарын шақырмақ атап, арнап, Аты аталған ол тойға сый апармақ. Ханымды әдейі арнап шақырған соң, Қозыны алып сол тойға болды бармақ. Жігіттерге тай сойды, тана тағар, Әйелдерге қой сойды, тоқым қағар. Тұз сирақтап, басына үкі тағып, Садақасын береді пәле қағар. Ханым келді бұл тойға сәніменен, Ат жетелеп, саба артып мәніменен. Нөкерлері келін-қыз, кербез жігіт, Көпті көлдей толқытқан әніменен. Үйде рахат көретін Қарабайма, Жылқы – қырда, түйе – ойда, қойы қайда? Отардағы малына кетіп еді, Аралап қайтушы еді әр бір айда. Қарабайдың ханымы тойға келді, Баян қызды мінгізіп жорға тайға. Үйде болса Қарабай жібере ме, “Ат терлер тойдан түсер жоқ, – деп, – пайда”. Екі ханым сол тойда түйіседі, Балаларын шақырып сүйіседі. Екі бала асыр салып ойнағанда, Емшектері елжіреп иіседі. Басынан сыр тартысып ырғасады, Балалары ойнаса, жырғасады. “Осы екеуін қоссақ, – деп, – Тәңір жазса”, Аулақта екі ханым сырласады. Ай қасынан күн туса ұнасады, Сұлулыққа Баяннан кім асады? Екі бала той тарап айрыларда, Бірін-бірі қиыспай жыласады. Екі ханым көзіне жас алады, Күндігімен көздерін тасалады. Қары қалың Қарабай – қайырсыз бек, Онан қайтіп екі әйел аса алады. Ханым келіп Тайлақтан өтінеді, “Қарабай қыз бермеймін, жетім, – деді. – Бар малымды берсем де сөйлесіп бер, Мал есесі бас болса жетіледі. Тайлақ айтты: – Қарабай сөзге түспес, Ол антпенен болғамын талай істес. Сөйлесіп сөзге түсу, былай тұрсын, Көппен бірге табақтан тамақ ішпес. Ханым, сенің көңілің болсын ырза, Қарабай сірә, келмес, шындық сырға. Мен барсам, жанжалдаспай, тек қайта аламын, Кісі ертіп барып қайтсын Тынас мырза. Ханым да бидің сөзін мақұлдапты, Қасына кісі қосып аузы епті. Он бір жігіт соңына ертіп алып, Тынас мырза Қарабайға жүріп кетті. Түскі жылқы ауылға қайтқан кезі, Жылқы алдында жүреді байдың өзі. Жылқы ішінде жолығып Қарабайға, Тынастың сонда мынау айтқан сөзі: – Хан Қарабай, өзіңді бүгін көрдік, Жасың үлкен алдияр, сәлем бердік. Өзің айтып “Құдай” деп, құда болып, Өзің танып, неліктен жүрсіз кергіп? –Мен құда бола алмаймын жесір-тұлға, Бұлдасаң жесір тұлды сен-ақ бол да. Құдай аты дегеннің керегі жоқ, Құда болып, қыз бермеймін жетім ұлға. –Қареке, мұндай сөзді айтпа бекер, “Серттен тайған” деген бар сыннан өтер. ............................................................. Сарыбайдың дәулеті қайтсе, жетер. “Малға жарлымын ба”, – деп ашуланды. Бақа айғырды астына мініп алды, Он бірі де болады қызыл шеке. Аламойнақ қамшымен бір-бір салып, Ханымға келіп айтады сол он бірі. – Құдаңыз қайтармады бізді құры, Құда болып, қыз беру былай тұрсын, Қондыратын [жанына] жоқ қой түрі. Біз оны “ел” деп барсақ, санап жауға, “Барамыз” деп басымыз қалды дауға. Айнала бәрімізді қойдай қуып, Қамшы берді құдамыз қарғыбауға. Тайлақ би естіген соң ашуланды: – Жина, – деді, – халқымды он бір санды – Малын талап, қыздарын тартып алып, Үйретем, – деп, – жүгенсіз хайуанды. Ханым айттыТайлаққа: – Арызым бар, Бәленің алды дауыл, арты қар. Сен соқтықсаң о дағы қарап тұрмас, Қарабайды жақтаушы көп табылар. Арты келіп, айналып мені соғар, Ел күйзелер, ер өлер, мал сабылар. Ол үшін ел сабылтып, қан төкпеңіз, Жалғызым тірі болса, қыз табылар. Қарабай мәселесі Қарабай аулына барды шауып, Кездескен малшыларын итше қауып. Қозы Көрпеш ер жетсе, маған дажал, Ойбай, қатын, үйді жық, кетем ауып. – Халпыңнан ел-жұртқа масқарасың, Қайда бәле көрінсе, қасқарасың. Дажал деме сандалып бесіктегі, Біреудің жеті жасар жас баласын. – Ойбай, қатын, үйді жық, түндікті ал, Қимасаң балталыны сен мұнда қал. Көзі шыққыр, көрқаптың көрмеймісің, Бейнесі арыстанның түлігі дәл. Дәулетімді сапырып, қызымды алып, Дажал емей, немене, бақпаса мал. Қонақ келсе, семізін таңдап сойып, Дастарханнан кетпесе мейіз бен бал. Көрінген-сұрағанға майын беріп, Түйемде қом, қалмаса атым да жал. Ит жүгіртіп, ат баптап, қосын күйлеп, Дүрие, [мақпал] шұлғанып, торқа кимек. Қызым – Баян, күйеуім – Қозы болса, Дәулетімді кетпей ме, мүлде билеп. Еліне тоқтамастан ауа көшті, Көргендер: “Жолы болмас, анттың”! – десті. Ақсақ-тоқсақ малынан жұртта қалған, Балталының кедей аулы үлесті. Жоқ еді байда болса мән мен сәні, Басы емес, ойлайтыны малдың қамы. Қарабай ауа қашып жөнелгенде, Жер-суға Таңсық қыздың қоштасқаны. Қыз Таңсық: Балталы, бағаналы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл аман бол. Ерте-кеш [соғатын] жылы леппен, Жібек баулы, желпіген жел аман бол! Көлденең көлдей біткен жал аман бол, Үйеңкі, қайың, терек, тал аман бол. Көркем ат, көрікті нар, көнекті сиыр, Төрт түлік лағып жатқан мал аман бол! Кемеңгер кие басы би (?) аман бол, Қос өркеш қом жасаған түйе аман бол. Құтты айғыр, жал-құйрығы, жерді сызған Сауырлы тұтам емшек бие аман бол! Қошемет, әзіл-қалжың, ойын-күлкі, Салт-сана жол мен жоба, жүйе аман бол. Домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, Сарынды, қан қыздырған күй аман бол! Торқалы топ бас қосқан той аман бол, Ұзын аққан өзеннің бойы аман бол. Құйрығы тегенедей төңкерілген, Ақтылы сырт айналған қой аман бол! Мүйізі қарағайдай серке аман бол, Еркебұлан елге ерген ерке аман бол. Жеткіншек Қозы Көрпеш бала аман бол, Кең қоныс, еркін өріс дала аман бол! Жібектей шалғыныңда оранатын, Тау қойны, жұмбақ сырлы сала аман бол. Кіші іні, жасы үлкен аға аман бол, Тау кезген арқар, бұғы тағы аман бол. Ел көшіп, асатұғын қара соқпақ, Тар шатқал, талды бұлақ саға аман бол! Аман бол, балталының қалған елі, Арқаның өзен, орман, асқар белі. Тайы құлындап, тайлағы қайып тұрған, Қайран ел, шын қалдың ба, берекелі? Қарабай сол кеткеннен батыс жақтан, Түйеден қом алмастан, ерді аттан. Сарыарқаны сайрандап, екі ай көшіп, Ертіске кеп тіреледі, ұзын аққан. Ертіске біразырақ дамыл алды, Сонасы көп, сорады деді малды. Қалыпты теріскейлеп, өрлей көшіп, Тарбағатай таумен сырт айналды. Тоқсан мыңды шұбыртып салды соқпақ, Қанжар қайрап, [қайыңнан] садақ оқтап. Жолдағы қалмақтардан именбеді, Ылғи бұзық-тентектен әскер топтап. Қияли талай кесел соған ерген, Елді қорғап жүрген жоқ, ол намыс жоқтап. Жоңғардың Алтайын күнгейлетіп, Іле басы Құлжаға тұрды тоқтап. Қарабайдың мінезі ылды-өрлі, Қоныс таңдап кезеді талай жерді. Іледе сегіз жылдай тұрып еді, Жерсінбей жылқы Арқаға қаша берді. Исіне қоймаған соң, мал тойына, Қиналар жаның төзбес өлуіне. Қырғыздың Алатауын аса көшіп, Нарын құлап, түседі Сыр бойына. Сыр бойында біраз күн мекен етті, Қоқанның хандығынан елші кепті. “Бізге қарап тұрсың” дегеннен соң, “Қарамаймын” дегеннен тағы кетті. Қарабай асқан тентек елі де есті, “Апырмай, енді қайда бармақ?” десті. Түркістан, Қаратауды аса көшіп, Бетпақ шөл – сарыдалаға келіп түсті. Қарабайдың малына Бетпақ – қамал, Аяқ баса күтіп тұр алдында жар. Бетпақтан өте алмасам, өлгенмен тең, Ойшыл едің, бәйбіше, тапсаңшы амал. Бәйбіше айтты: – Сұрайсың оның несін, Ақыл сөзді алмасаң, жарым есің. Балталыға қайта көш, тілімді алсаң, Қысқада кек жоқ еді, ұзында өшің. – Бар ақылың осы ма, маған берген? Дұшманына бас иер, саған ерген. Балталыңа болайын, енді ол жерді Қаңғырып қалсам дағы, сірә, көрмен. Соны айтып отырады, киіп налып, Малы қонар су таппай алдын шолып. Тау басында отырса қарауылдап, Көз ұшында келеді біреу салып. Торғауытта қолбасшы – Қодар батыр, Батырға мұздан төсек, бұлттан шатыр. “Қызы сұлу” деп естіп Қарабайдың, Ізімен әдейі іздеп, келе жатыр. Ала бедеу астында жылқыдан сұр, Тұяғынан желгенде қазылар ор. “Дәл осы іздегенім”, – деп қуанды, Алыстан көргенінде қараны ол. Түйе жүні сулығы, сары шекпен, Айнала дүрияменен әдіптеткен. Өзіне жақсы болғанмен, бізге өрескел, Жағасы жалғайынан алшақ кеткен. Бет-ауызын түк басқан, түсі суық, Түйе ерінді, сойдақ тіс, құлан иек. Қабағын қарыс түйіп қарағанда, Сескенбей қалмайды адам, қауіп қылып. Ат жақты, аю кеуде, кең жауырын, Бұқа шүйде, жар қабақ, қоңқақ мұрын. Кеңірдегі сорайған, кең маңдай бар, Кесер басы қазандай кішігірім. Маңдайы қатпар-қатпар кереқарыс, Жуан балтыр табаны бейне талыс Екі аяғы көпірдің діңгегіндей, Атса атаннан да адымы алыс. түйгенде зор тоқпақтай жұдырығы, Құлағы тебінгідей, мойны бұғы. Төсінің шұңқырына шыққан түгі, Бұршақ соққан шалғындай ығы-жығы. Сол жағында байлаулы тұр саптаяқ. Сабағы тірсегіне тұрған таяп. Көзіне көрінгенді жей береді, Отқа аунатып дүмбілез, пісірмей-ақ. Сол жағында белінде қайың шоқпар, Қорамсағы қаз-қатар сарымжа оқтар. Өмірі жаудан беті бір қайтпаған, Қодар батыр осы еді ғұмыр сотқар. Елемей сотқар мінез, тантық сөзін, “Ермін, – деп санайды өзін, – намыс жоқтар”. Үдеріп күн-түн қатып қашқан өңі, Желпітіп, жел сияқты алған демі. Тау басында жолығып Қарабайға, “Шөлге келіп қамалған кімсің?” – деді. – Дәулетке елден асқан дарадаймын, Бас изеген, бұтақ-бүрсіз қарағаймын. Мал үшін елден безген, жаһан кезген, Жасырмаймын кәрі күйкі Қарабаймын. – Қарағым, мен – мүсәпір малым баққан, Шөлдеп құлын-тайым шатыра қаққан. Кескінің ертегінің алыбындай, Сен кімсің бедеу мініп, күн-түн қатқан? Сабаз боламын торғауыт тоғыз санды, Оймауыт – он сан қалмақ маған тән-ді. Шеп бұзып, ел төңкеріп, ерлігі асқан, “Қодар батыр – мен!” деп масаттанды. – Сен болсаң, аты шыққан Қодар батыр, Құлын-тайым қамалып, шөлде жатыр. Тоқсан мың мал сыятын қоныс бар ма, Батыр болсаң, тапсаңшы бұған ақыл?! –Қос ұшып өте алмайтын меңіреу керең, Саған – сараң Бетпақ шөл, маған – берен. Сен менің тілегімді орындасаң, Мен саған жайлы қоныс тауып берем. –Досым болсаң, Қодар, сен – күш-құралым, Жауым болсаң, жыландай ысқырамын. Егер де жайлы қоныс тауып берсең, Қалыңмалсыз қалыңдық көш қыламын. Бір жағы – ойылған, бір жағы – кер, Мен саған тауып беремін, шұрайлы жер. Тоқсан мың қанатын көл болады, Бетпаққа маңдайымнан бір тамған тер. Мылқау шөлге тіл бітер қайратымнан, Бетпақ басын иеді, көзіңмен көр. Асыранды алмаймын қыздарыңды, “Ақ Баянды берем”, – деп уағда бер. Күйеуге бармай, үйде отырмас қыз, Он жетіге шығады дәл осы күз. Жиырмаға келгенінше қыз бермейтін, Атамыздан бері қарай мирасымыз, Ұлым жоқ, жалғыз қызым бар, балам сол-ақ, Қыз баладан пайда не, ол бір қонақ. Егер де жайлы қоныс тауып берсең, Жиырмаға келген соң, беруім хақ. – Жылқыңыз Бетпақ шөлден аман өтсе, Аякөздей ақ мөлдір сайға жетсе. Қайратыммен жылқыңды өткіземін. Дер кезінде айтқаным, алдап кетпе! –Қарағым-ау, соншама не дегенің? Жол бастасаң, соңыңнан мен еремін. Егерде жайлы қоныс тауып берсең, Қызымды алдамай-ақ, мен беремін. –Ендеше, күйеуіңнің қайратын көр, Аякөз осы арадан екі айлық жер. Жиырма бес серкенің терісінен Он саба, он жігіт бер, Атам, сізде дәулет көп, менде күш көп. Баян десе қайратым кетеді үстеп. Тігі екі, көлденеңі үш қарыстай. Шыңдалған сом темірден кетпен істет. Еменмен саптат сабы болсын мығым, Аспабың сай болмаса, күшің шығын. Екі елі ұңғының қалыңдығы, – Кеңдігі сиятындай жұдырығым. Кетпенді ұста бітірді болмай-ақ түс, Қодардың бар қайраты мөлшерден тыс. Түске дейін аршыды тоғыз құдық, Көргендер таң қалды: “бұл не деген күш?” Қодар “алам” деп Баянды қуанса, Баян көріп Қодарды, қайғыланса. Қаңырығы түтеген қалың малы, Қарабайдың тілегі суға қанса. Баянның сұлулығы – Қодарға дерт, Қодар дерті – Баянның өміріне мерт. Қодар Баянды көргенде бірін-бірі, Екеуі де ішінен байласты серт. Күшке сенген Қодардың, серті батым, “Сені алмасам, құрысын Қодар атым!” Баян сеніп серт берді, қажырына, “Жер жұтсын”, – деп, –болғанша саған қатын. Баян қыз сүймесе де, Қодар ғашық, Көргенде қоразданар маң-маң басып. Жүре алмай шөлде қалған құлын-тайын, Ерінбей суарады меспен тасып. Әуе айналып, жер жанған, ыстық күнде, Қорқынышты жаңбырлы, жайлы түнде. Күндіз жылқы суарып, түнде бағып, Бір тыныштық тапқан жоқ Қодар мүлде. Ерте тұрып кетеді озып көштен, Жан емес түнде ұйықтап, белін шешкен. Зәрең түгіл, ендеше таз болса да, Қодар шапқан кетпені құмдай ескен Өлшеусіз [бұл] Қодарда қайрат ерен. …………………………………….. Тамшы су тамызбайтын меңіреу шөл, Қодардың қайратымен болды берен. Қарабай мал-жанымен соңына ерген, Қыз үшін қисынсыз көп бейнет көрген. Қодардың көтерген күрегінен, Тозаңы көрінеді күндік жерден. Кеудесінде қап-қара сүңгі тұрды, Шекпені байланысып аққан термен. Сол көрген бейнетінің бәрі ұмыт боп, Баян десе, үміті қаулай берген. Көшті әкеліп қондырып Бақанасқа, Бақа айғыр қосағында Бедеу аста. “Түн қатып жер шоламын, – дейді, – Қодар, – Менің жүрген іздеріммен, көшті баста”. Қодар жортты қосармен атқанша таң, Жаудан қорқып[ешқашан] қылмайды қам. Қосар айғыр Бедеуі өзіне сай, Тұрпатынан шошиды көрген адам. Қодардың өзі кесел, ізі кесек, Күндіз-түн, елде-елсіз бір-ақ есеп. Таң ата бір биікке келіп шығып, Жел жаққа жата кетті, төсін төсеп. Таң желімен шынығып, еті мұздап, Шошығандай оянады бір-ақ мызғып. Тұра келіп, көз салып төңірегіне, Көңілімен отырды Баян қызды ап. Аякөздің тоғайын шолды көзі, Қоныс тапса, қыз бермек байдың сөзі. “Мен алмасам, Баянды кім алады? Бақытты екем”, – дейді ол өзіне-өзі. Аякөздің түстік жер батыс жағы, Әсіресе, көрікке жердің бабы. Ерекше жаратылған үш биік бар, Ел ырысы, дейтұғын, малдың бағы. Тартқан желі секілді осы үш биік, Ойы – балық дегендей, қыры – киік. Ақсақалдар аңыз қылып айтуынша, Суына Қыдыр кеткен құтын құйып Алтын қазық желінің батыс жағы, Алтын десе алтындай сары тасы. Тоқсан түрлі шөбінен толқыған, Кесте тіккен мақпалдай айналасы. Қара қазық батыс жақ оңын ала, Оның бауыры бір сахара жатқан дала. Дәл түбінде бұлақ бар мың қанатын, Секілді кең пейілді ол бір ана. Оны аңыз қып айтады тұрғын халық, Тас [тың] жайын танығандай екен анық. Ақ Баян тауға қарап күрсінгенде, Тастары қарайып [ты] қайғы шалып. Көз көрмесе, алдайды сөз құлақты, “Ақ Баян, Қозы Көрпеш” деп жылапты. Баянның көз жасынан, қариялар Жаралыпты деседі сол бұлақты. Әсерлі әңгімеге енгізер өң, Ақыл аспас әңгімені айтпау да жөн. Халықтың аңызынан аттай алмай, Сөкпеңдер, ақыл сенбес сөзді айтам мен. Қисынға қиғаш емес, келісімді, Түйсікті өтірігім шындықпен тең. Шығыста Алтын қазық – жеке дара, Секілді қолдан құйған ақ мұнара. Тастарына кетіпті таңба салып, Қодар келіп жатқаны дәл осы ара. “Баянды ару, Қозыны ардақты”, – деп, – “Қодарды дейтұғын ел, – қас масқара”. Келсе, Аякөз мөлдір су ну тоғайлы, Екі жағы кең өріс, малға жайлы. Тоғайы, суы шөбі бірдей келген, Арқадан мұндай қоныс таба алмайды. Сайы шалғын, алуалы, шыршылы бау, Жоңырышқа түрлі гүлден таққан жалау. Көкбек, ащы жусан шөпке оралып, Қарауытқан қара оты – ойы анау. Жайлы қоныс тапқан соң Қодар басшы, Қарабайда күйеуге ықыласты. Ақтоғай, Қызыл қия, Мұзөткел мен Көкөріс, кең суатқа орналасты. Өкшесіне жететін сүмбіл шашты, Қодар алмай, кім алмақ қиғаш қасты? Күлген де күлкісіне гүл құлпырған, Бұл сұлудың буына Қодар мас-ты. Қимылының бәрі де қылық пен наз, Сұлулығы базарлап, болмайды мәз. Сыртына сыр шығармай жүрсе дағы, Тағдырына табынбас, мүлдем араз. Қардан аппақ, мамықтан жұмсақ етті, Еті мінсіз, ерні қызыл гүл, сүюге епті. Не түсті сұлулар екен бұл жетпейтін, Бұғағында бір түс бар күн сәулетті. Баянда сұлулықтың киесі бар, Қодарда құрғақ, құр мал иесі бар. Ол анық өміріне – өлім ортақ, Жалғызғана Қозының тиесі бар. Дүниеге һешбір назар салмаушы еді, Орынсыз ойын тойға бармаушы еді. Ақниет, адал жүрек ару тәнін Жалғыз ғана Қозыға арнаушы еді. Баяннан таба алмайсың талдай мінді, Мінезінен жел тынды, көл де тынды. Қолы жетпей, Баянды қиып кетпей, Нелер есер мырзалар құл болып сіңді. Құл саны тоқсан болды бара-бара, Ішінде Қодар басшы жеке дара. Сыбызғының үніне сыр тигізген, Соның бірі атақты Болат қара. Бәрінің де Баян болып ынтызары, Қолы жетпей, құл болып кетті, бәрі. Қыз сүйгені, сүйкімді икемі бар, Толғамдысы [солардың] Көсемсары. Қыз сүйе ме, сүймей ме, жұмысы жоқ, Жүзін көрсе жанының тынысы боп. Тарыққан тас сауғанмен, нәр тамбақ па, Жоқты іздеп, тың тыңдап, дыбысы жоқ. Тоқсаны тоқсан оймен қызды алады, Біреуіне біреуі сызданады. “Ақ Баян” деп, біреуі атын айтса, Қалғаны іші күйіп, қызғанады. Кейбіреуі байлыққа меңдеп жүрді, Кейбіреуі күшін, бәрінен дендеп жүрді. Кейбіреу бет-бейне, сыртқы түрін, Сұлулығын Баянмен тең деп жүрді. Өзара күнде жанжал, қызыл шеке, Кейде жақ-жақ болды, кейде жеке. Бірін боқтап, жекіріп, бірін сөгіп, Қодар жуық жанжалға, өте-мөте. Бәріне қайткенмен Қодар үстем, Ақыл емес, айла емес, албырт күшпен. Біреуіне-біреуі сөз қатқанда, Қошқардай аларысып, шегініскен. Қодар жүр, барлығына жынын бүркіп, Тұрпатынан шошыды көрген үркіп. “Ас пісті, қазан түсті, тамақ іш” деп, Қодарды оятады бірі түртіп. Өзара жанжалдары ұзын сүре, Өштіктері ұлғайған жүре-жүре. “Түсіме Баян кіріп жатыр еді” деп, Оятқанды жығып салып, салды дүре. Он ұрып, он келсе де сескенеді, Өштіктері ұлғайып өскенеді. Жеке-жеке шығысып онан дағы, Бір мазақ қылайық дескен еді. Бәрі де қанжар қайрап, найза ұштап, Ол еліріп жүргенде өкпе қыспақ. Қодар барып тұрады қан майданға, Бір-бірлеп бара бермек жеребе ұстап. Жеребеден шыққаны, бұрын бармақ, Айтқан тоқты сықылды әруаққа арнап. Айтылған ақсары басқа жан жетпейді, Сиынбаған қалмайды, Құдай әруаққа. Көсемсары бұл істен бой тежеді, Баянның тимейтінін ол сезеді. Таңсықпенен астыртын сөз байласып, “Келем” деп, күтіп жүрген бір кезегі. Көсемсары айтады Баянға кеп: – Ұшқыны сенен шығады, ұлғайды кек, Ішінде бағлан да бар, маңғаз да бар. Бір сен үшін қырылмақ, қанша көп, Тіл алсаң, адам қанын төкпе, Баян. Ғашықлық жүрмейді өкпе, Баян, Қасиетті ата, киелі аналардың Қарғысына ұшырап кетпе, Баян. Сен оларға алдап айт, “шын” деп сенер, Сен оған теріс айтсаң, “оң” деп көнер. Ортасына бір барып, езу тартсаң, Бәрінің де ашуы күл боп сөнер. Көсем сөзін Тансық та қостады да, Баян келді жүгіріп тоқсанына. Үш жыл бойы сынадым барлығыңды, Тиемін көңлім сүйіп қосқанына. Мен үшін бірің күлме, бірің жылап, Өзара тату болып, қос ынтымақ. Барлығыңа бірдей жар бола алмаймын, Біреуіңе тиемін, сынап-сынап. Мен үшін бірің емес, бәрің де өлме, Өлімдерің болады күлкі елге. Ақ отаудың алдынан шұбырып өт, Ертең сәске болғанда бәрің кел де. Шыдағаның мақсатқа жетесіңдер, Шыдамасаң маңымнан кетесіңдер. Ақ отаудың алдынан үш жыл бойы Ай сайын бір шұбырып өтесіңдер. “Мақұл” деді тоқсаны, тоқтады да, Баян салды айланың соқпағына. Бір хабар күтіп Баян Қозысынан, Шарпылды, ғашықтықтың от табына. Ертеңінде тоқсаны түгел кепті. Қарабай, сырт айналып бір кекетті. Құнан өгіз қолтықтап қолтығында, Қарсы алдынан қасқайып Қодар өтті. Біреуі күй, біреуі әнін, біреуі биін, Ұсынып жаратылыс берген сыйын. Малға сеніп, өнерден құр қалған Көбі байдың баласы ала құйын. Бәрі де сұлулыққа құл боп көніп, “Айды алам” деп баладай суға төніп. Күндіз жылқы суарып, түнде бағып, Осылай жүре берсін, әуреленіп. Қозының әңгімесі: Кәрі құлақ естіген, көрген жоқ көз, Халық сыры өлең құрылды тез. Қарабай, қамқор Қодар тұра тұрсын, Енді Қозы Көрпештен сөйлейін сөз. Он жеті Қозы Көрпеш жасқа келді, Түгел күтіп бастады тамам елді. Топтан таңдап басады тақымына, Наркүрең дейтін бір емен белді. Асқан мерген садағын сағымға ілген, Топта нелер қайсарды тілмен жеңген. Ішінен ханым күнде “тәуба” істейді, “Сақта, – деп, – жалғызымды көз бен тілден”. Бір кемпірдің баласы болды мықты, Балталыдан қайраты озып шықты. Бір байы балталының қыз ұзатып, Ат шаптырып, бір үлкен той қылыпты. Кемпірдің баласы қайраты мол, Сол тойда бас балуанға түседі сол. Тайлақ жақтан шыға алмай оған ешкім, Енді күреспей-ақ бәйгіні алмақ ол. Тайлаққа Қозыке келді жетіп: – Мынаның кетті маған ызасы өтіп. Мұнымен күресуге мен барайын, Жат елге қалады ғой намыс кетіп. Тайлақ айтты: – Жассың ғой, Қозы бала, Балуандықтан даңқы артық жана. Естісе, ханым маған өкпелейді, Бір сен емес, анамыз – халыққа ана. Қозы айтты: – Ханым сізге түк те демес, Ерліктің бар керегі болғанда егес. Қазам жетсе өлемін онсыз дағы, Мен сандыққа сақтайтын бұйым емес. “Жас, жас” деп құр қалдыр ма һәр талаптан, Талап, жігер шығады жастық шақтан. Топ алдында бәйгі алмақ сізге мұрат, “Жетімді жетілттік” деп сонда мақтан. “Рұқсат, бер Қозының сөзі жөн” деп, Тайлақты тұс-тұсынан қамады көп. Елдің салты ежелден келе жатқан, Кек те кек, бәсеке мен бәйгеде кек. Ортаға Қозы шықты, жең сыбанып, “Япырай, не істер екен”, – десті халық. Келе сап, үйіріп кеп соққанында, Сол балуан сүт пісірім жатты талып. Жүгіріп кемпір келді баласына, Қарамай істің ақ пен қарасына. Өрт тілді, орақ ауыз, тантық кемпір Қарамай, қарғап берді шамасына. Тумай шөккір, қу жетім тудың қайдан? Тумай жатып, әкеңді жұтқан хайуан. Менің балам түбіңе құй қазған жоқ, Жесіріңді іздеп ал, Қарабайдан! Жүрекке кемпір сөзі жара салды, Жесірі не, біле алмай аң-таң қалды. Келді де шешесіне сырын айтпай, Төсекке теріс қарап жатып алды. Болғанын бір оқиға ханым сезді, Шақырып Тайлақ биді әкелгізді. Ханымға бастан аяқ айтты Тайлақ, Бағана сұмырай кемпір айтқан сөзді. Тайлақ келіп көтерді Қозы басын, Қозыға шын аударған ықыласын Жесір деген сөзі не түсіндірді, Ал “соны іздеймін” деп шырағым, не қыласың? – Бұл сөзің рас болса, биім Тайлақ, Ыза-кегім қозады, қаным қайнап. Жақсы болса, қыз Баян – менің жарым, Жаман болса, артыма салам жайдақ. – Жүр бер, Қозы, еліңде ойнап-күліп, Менің де жүрегімде жүрген ілік. Мал басымды аямай, әперемін, Кісі өлсе де жолыңда, қан төгіліп. Қалыңмалға табылар бар төрт түлік, Батырларым сақадай шықса бөлек. Қандай жерде тұр екен, қызы қандай? Әуелі Айбас барып, келсін біліп. Тайлақтың Айбас деген кенже інісі, “Ер туса, – деген сөз бар, – ел тынысы”. “Қарабай Аякөзге барды”, – деген, Астыртын, ұзынқұлақ, ел сыбысы. Қыз бала он сегізде қыналады, Ер әбден отыз бесте сыналады. Дәл отыз бес жасында Айбас сонда, Ел кегі – ерге міндет сыбағалы. Тұлпармен Тайкөк деген іздеп шықты, Төрт аяқты жылқының шығанағы. Айлық құйысқанын, қылдан тағып, Тәуекелге тас түссе шыдағалы. Мініп алып жөнелді жел жетпесіне, Бет қойды жесір кеткен ел бетіне. Шөл апат ұры-бөрі, жылан-шаян, Сескенбей қиындықпен серттесуге. Белін шешіп жатпайды, аттан түссе, Бір-ақ қана жұтады сусын ішсе. Айналасын арылтып қарауылдап, Сүт пісірім мүлгиде, шаңқай түсте. Күннің қызғылт тартқанда батыс жағы, Шығыстың сұрғылттанар ақсаң дағы. Желпінтіп қайта ерттеп Көк тұлпарды, Салқын түссе, жортады Айбас тағы. Тегінде ер жігітке тұлпар жолдас, Ол күнге атсыз ерге бақыт қонбас. Дәл қырық күн болғанда, көк тұлпардың Шеңбірегі білінді болар болмас. Ер Айбас сырға берік, сертке мықты, Әрі сақ, әрі зерек, әрі ұқыпты. Қырық бір күн дегенде, дәл күн шыға, Басына Ақшәулінің келіп шықты. Күн шықса күңгірттеніп ай қалады, Болжады Ақшәуліден айналаны. Көргенде Айбастың көзі күн де Мөлдір су, шалғын шөпті аймалады. Алакөл сары атлас ұстағандай, Секілді күміс табақ айнадағы. Сол кезде тұнық ауа лайланып, Батыс жақ тозаң басты айдаланы. Тозаңдатпай қайтеді тоқсан мыңды, Шұбыртып суға Қарабай айдағанды. Маңайынан шаң шыққан будақ-будақ, Аулы Қарабайдың осы ғой нақ. Қайтейін бұрынғыңды, Көктұлпарым, Барыңды бүгінгі күн, қарыштап бақ! Дейді де, Көктұлпарға қамшы ұрады, Тер жерге тебінгіден тамшылады. Өзенде жидек теріп, ойнап жүрген, Өзектен үш қыз бұған дәл шығады. Айбасты анадайдан көргенде, үш қыз Сұқсырдай болды көрген қаршығаны. Ат екпіні, жігіттік желіменен Үш қыздан өлеңменен жөн сұрады. – Айбас сұлудың көркі – сусын шөл қандырған, Тыңдаушың түсінбесе, сөз қаңғырған. Бикештер, жатырқамай жөніңді айт, Жоқшымын жорықшы емес, серт алдырған. Қасына Таңсық таяу барады да, Қадалып ат-тұрман, қару-жарағына. “Тоқсан екі болды”, – деп бір жымиды, Ай сұлу Ақ Баянға қарады да. Таңсықтың ойы ұшқыр қырағы да, Өмірдің ой жіберіп жырағына. Тайсалмай тілмен қиып Таңсық сұлу, Өлеңмен жауап берді сұрағына. Таңсық қыз: Екпінің жел айдаған өрт екпінді, ............................................................. [Тотым бар торға енген], түз қыраны, Келесің өз жөніңді айт, іздеп кімді? [Айбас]: Қыз қырға шығар жігіттік киесінен, Ұялған құр қалады тиесіден. Тор иесін білсеңіз айтшы, бикеш, Тотының торға түскен иесі мен. [Таңсық]: Қыз босатар қырсыққан ер жүйесін, Ер түгіл есер жейді, өз тиесін. Тотыңды анық танысам торға түскен, Мен айтпай-ақ білесің тор иесін. Ер Айбас: Ақ Баян: – Қыз бозбала біледі, белгілі жайт, Шиырламай, ақ бикеш, жөніңе қайт. Бұрынғы “мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл” деген, атыңды айт. Айбас: – Қаршыға қаймықтырар көлдің қазын, Егер қаз тобын жазса, болар жазым, Бұрынғының мұрасын қумақ болсаң Жігітке бұрын айту болар ләзім. – Алдасайын дейсің бе сырға беркім, Сыр айтпасқа бар ма әлде берген сертің? Кекседей көп алданып, көп қуылған, Атыңды айтуға да жетпейді еркің. Баян: Айбас: – Шолпандай биік, туған таң саңлағы, Айбатың арысландай аң саңлағы. Жеті жаста бір тойда көріп едім, Танимын, батыр Айбас танса дағы. – Танбаймын, менің атым, – батыр Айбас, Ержігіт егескенде сертінен таймас. Еңбегім сені көріп, менің жанды, Баян: Біздік болсаң, ал, Баян, сөзің байлас. – Ағеке-ау, сыр – шымылдық, шындық айна, Тумаған, бата істеймін, қайтіп Айға. Серт беріп, мен кімнен серт алмақшымын, Мені алатын Қозының өзі қайда? Серт бергем, жеті жаста – Аллаға аян, Сертімнен сеніп берген, неге таям. Ағеке, шөлге шыққан мен бір шынар, Саямда қожынаған бақа-шаян. Сертінен уағдаласқан, әкем тайған, Қозыны қарғап, қолын теріс жайған. Айбас: Таңсық: – Сендей асыл туады деп, кім ойлапты, Ант соққан, ақылы жоқ Қарабайдан. Таңсық айтты: – Барады күндағы ысып, Аттың белін талдырмай аттан түсіп, Талға кіріп отырып сөйлесейік, Жолаушы тынықсын сусын ішіп. Ай: “Солай, рас”, – деп қостады да-ай, Деп күрсінді: “Тәңірдің қосқанын-ай. Баян сөйледі: – Жағаңа жармасатын жау бар, Айбас, Қодар мен Қарабай – қос тағыдай. Жасырғанның жарасы асқынады, Қодар білсе Айбасқа қас қылады. Аянбай атысатын сырт жау емес, Әкеміз – ең бәленің басты ылаңы. Айбас: Айбас айтты: – Жау деме Қарабайды, Жау болғанмен, жаулыққа ол жарамайды. “Құбыжық” деп қорқытқан Қодарың кім, Қарабай жау боп кімді жаралайды?! Баян: – Қодардан сескенеді осы күнгі ел, Баян үшін өлуге байлаған бел. Сардалада сағымнан пайда болды, Қодардың атасы – жел, анасы – шөл. Бетпақ шөлде бізді іздеп Қодар кепті, Алабажақ бедеумен қуып жетті. Су таба алмай, қамалып құлын-тайы, Малқорда, қайырсыз бай зар еңірепті. “Бетпақтан жылқыны аман алып өтсең, Жалғыз қызым Баянды берем”, – депті. Айбас: Баян: Бетпақтан жылқыны аман алып келген, Еңбегі – ен, су шығарған не дегенмен. Қозы Көрпеш әкемнің ойында жоқ, Баянды Қодар құлға солай берген. – Ерге намыс емес пе, жаудан ықпақ, Жар жағалап, жасыры, бойын тықпақ. Ондай сотқар мәңгіріп кететұғын, Оңбастай соққыны берсе мықтап. Баян айтты: – Айтпаймын Қодарды аяп, Рас, ондай сотқардың емі – таяқ. Бұлар бұзық – рулы ел, сіз жалғызсыз, Осы жолы қайтасыз көрінбей-ақ. Ауылға көрінбеңіз, барма, – дейді, Тығылып, тынығып жат, жарда, – дейді. Көп бұзықтың түспеңіз талауына, Қарамайтын ұяттарға, – дейді. Тығылып сол арада үш күн жатты, Аунатып, тынықтырып Тайкөк атты. Ер Айбас үш күннен соң, қайтпақ болды, Тоғыз белгі қыз берді – аманатты. Бір қатын тезек терген сол арадан, Айбас пен қыздарды көріп қапты. “Қодарға айтайын”, – деп жүгіреді, Далаға тастай беріп қапты. Қатын: – Бір жігіт жан жетпестей бағасына, Періште ме, перінің баласы ма? Үш қызбен сөйлесті, көзім көрді, Сонау бір қалың тоғай арасында. Бақ а айғ ырмен жө нелді әңгі қ ызба “Мен бар демей, сөйлескен кім, – деп, – қызға?” Үш қызбен сөйлесіп тұрғанында, Айбасты ұстай алды аңдаусызда. Не қылыш суырыспай, не оқ атып, Қолдары тиген жерде қалды қатып. Бақа айғыр қайыспастан сүйретеді, Тайкөк ат шөке түсіп, қалды жатып. Екеуі жағаласып, аттан түсті, Үш қыздың өңі қашып, үрейі ұшты. Түбірімен қопарып шөптің түбін, Ары-бері сілкелесті екі күшті. Екеуі бірін-бірі тұрды тіреп, Кенеттен сұлу Таңсық тапты бір еп. “Ойының ба, Қодар-ау, шының ба?” – деп, Қасына келді жетіп күлімсіреп. – Ай тәтемнің күйеуі, қайын бикең, Бажасына болмай ма екен, бажасы икем. Қодар-ау, жағасынан неге ұстайсың, Жасы кіші болғанмен, жолы үлкен? Айбасты ала алмасын Қодар біліп, Айрылуға тұрады таппай ілік. “Бағанадан айтсаңыз, не қылад”, – деп, Қоя беріп отырды, қарқ-қарқ күліп. – “Өзіңді бажа” деді, босап жүйем, Басында білген болсам, неге тием? Келіп, кетіп жүрерсің, қош бол, бажа, Ал енді, мен кетемін, малым мен Айламен жіберді Қодарды ептеп, Ақымақтың түбіне мақтап жетпек. Баянмен қоштасып, сөз байласып, Түн қатып, батыр Айбас болды кетпек. Атына мінді дағы қайта түсіп, Денесі бірде суып, бірде ысып. Іңірде көтерілген ай сәулесі Астында, Ай сұлуды тұрды құшып. Атына мініп, атының басын бұрып, Батысқа бетін түзеп, кетті жүріп. Тұлпардың тұяғынан көтерілген, Тозаңға, бел асқанша қарап тұрып. Ай қыздың тұла бойын толықсытып, Түскенін білмей қалды, қайдан құрық. Тозаң, топыр таратты, түн қойылды. Сылқ етіп, отыра кетті, буыны құрып. “Құрбандық” деген дейін еркек тоқты, Қайтарда тура тартып кетпек бопты. “Қайта келсек жақсы, – деп, – адаспасқа”, Әр жерге белгі қойып, оба соқты. Ер Айбас бетіне алды батыс жақты. Ерлікпен талай жерді аралапты. Қыз берген күміс теңге атыменен. “Ақша тау” деп ат қойған сол себепті. Бір жерде батыр Айбас ат суытты, От жақты, бақыр асты, шақпақ шақты. “Шақпақты” деп ат қойған батыр Айбас, Шақпағы сол арада ұмыт қапты. Ер Айбас түсін бұзып, күн, түн қатты, Төтесін тәмам жолдың оймен тапты. “Жауыр тағы” дейтұғын жерге келіп, Жауыр арқа сол жерден марал атты. Бір жерде күн жауады өте қатты, Найзағай, жайдың оғы жарқылдапты. “Нар шөккен” деп ат қойған батыр Айбас, Бұлт шөгіп тау басына нар сыфатты. Ер Айбас күнмен шығып, күлмен батты, Ақ семсер беліндегі алтын сапты. Құланның жорға айғырын ұстап алып, Шұбар айғыр “Жорға” деп қояды атты. Өткелін бір өзеннің таба алмапты, “Тілсіз, жау – кешу жоқ судан қатты”. “Есіл, көгім, “Есіл!” деп жүзіп өтіп, Дейтұғын “Есіл” [аты] содан қапты. Ер Айбас Көктұлпармен желдей ұшты, Тау асып, тар жолменен кешу кешті. Сарыбайдың келіп түсіп ордасына, Шыққаннан сонда ханым белін шешті. Айтады Қозы Көрпеш жинап елін: – Іздемесім іздегім анық менің. Бата бер, рұқсат ет, іздеуіме, Тілектес ең, Тайлақ би, асқар белім. Тайлақ айтты: – Не көрсе адам басы, Ер жігіттің тәуекел – жан жолдасы. Батамызды біз беріп жөнетелік, Көптің ауған, бала едің, ықыласы. Сексен батыр жігіт ерт елден таңдап, Жалғыздық емес ердің сыбағасы. Ел-жұрты жоқ адамдай жалғыз барсаң, Елдің тағы [шықпай ма] масқарасы. Тайлақ би осылай шешеді де, Көпшілік соған мақұл деседі де. Қозы айтты: – Кісі ертпеймін, жалғыз барам, Керек емес батыр да, көсемі де. “Алды, – деп, – Қозы біздің арқамызбен”, Ертең кеп бәрі де желдей еседі де. “Жесірін іздеп барып, әпердік”, – деп, Қалмаймын балталының өсегіне. Анасы айтты: – Шының ба, сенің, балам, Іздеген мұрат па еді, менің, балам. Жалғыздық қандай жанға лайықты, Шының болса, айтайын, тыңда, балам. Алды-арты он санды, аяры жоқ, Жалғыздық лайықты сынға, балам. Емшегі иіп көрмеген, бала сүйіп, Жалғыздық лайықты тұлға, балам. Болса да жүрегіңде от бар, балам, Намысын жалғыз қайтіп, жоқтар балам. Ер де болса, соңынан ел ермесе, Елден шыққан дейді сотқар балам. “Анам” деп тілімді алсаң, тоқта, балам, Тірідей салып кетпе, отқа, балам. Егер де тілімді алмай, жалғыз кетсең, Санаймын да қаламын, жоққа, балам. – Жоқ анам, жалғыздық жоқ, сірә, да ерге, Жалғыздық келеді өліп көрге. Әйтпесе, қолыңды теріс жайып, Қала бер маған теріс бата бер де. Ерсенсе ерлігіне ел де сенер, Ел сенерлік көрсетсе елінде өнер. Елден елдің аты өзге, әдеті бір, Бұл ел мені елесе, ол ел де елер. Мен қайрат жұмсамаймын қиянатқа, Қайда жүрсе көмек көп ісі аққа. Еңбегімді сіңірсем, ел менікі, Мұндағыдай ел жоқ па, ана, ол жақта. Қозы: Ел айтар арман қылып арманданы, Айып емес ерлердің арланғаны. Қос атпен Қозы Көрпеш жөнелгенде, Ханымның елді күйзелтті зарланғаны. – Ботакөз, бөрі құла, бөкен санды, Оның әсем желісі одан сәнді. Нар күреңнің тілі теріс қарындасы, Қунай күрең бедеуді қосарға алды. Үдерді күреңменен Қозы Көрпеш, Дем алмай, сапар шегіп ертелі-кеш. Кездесіп, кейде салқын Сары далаға, Кейде таулар кездесіп, кейде белес. Түн желсіз, аспан мұңсыз, жарық айлы, Жортуға бүгінгі түн өте ыңғайлы. Тынбай жортып келеді Қозы Көрпеш Ай жарығы әлсіреп, таң сарғайды. Бір жерде аты сезік беріп, “Жануар сескенді” деп нені көріп. Сезіктеніп артына жалт қараса, Соңынан көкжал бөрі, келеді еріп. “Киелі ердің болады иесі” деп, Жорықта ердің жолы, болады де. Елесі емес қорқаудың өзі еді де, Елдегі ер қылығы, ұран сөзі еді де, Естіген ер аңызын есіне алып, Атпады садағын алып кезеді де. Күншыға бұлаққа келіп жетті, Соған шейін көк бөрі еріп кепті. Желге қарап тұмсығын көтерді де, Ықжақтағы тасқа бөрі кетті. Атының бірі ерттеулі, бірі жайдақ, Садағына оқ салып, қойды сайлап. Екі атын кезекпенен оттатады, Біреуін арқандаса, бірін байлап. Далдалап келіп түскен бір, Жартас еді. Отын жинап алды да бақыр асты. Қунай күрең бедеуді арқандауы шығасыға айласы екен. Пышақтығын азығының асты сарқып, Отырды делсал болып, дене балқып. Көзі ілініп, кетіпті сөйткенінше, Наркүрең ат осқырып қалды тартып. Ықжақтан қорқау аңдып шыққан екен, Шалғынның арасына бұққан екен. Қунай күрең бедеуді жайратып сап, Тұмсығын жылы қанға тыққан екен. У жалаған кісідей іші ашып, Ыза кернеп, қайраты кетті тасып. Садағын бетіне алып кезеуі мұң, Домалап қорқау жатты, жан таласып. Бас шайқап, бармақ тістеп өкінеді, Алдайды деп әлдекім өкінеді. “Енді қайтып, аңызға нанбаспын” деп, Серт беріп, өзіне-өзі бекінеді. Не көрді, жалғыздықтан мұны көрді, “Қандысай” деп айтты, дәл сол жерді. Бірінің ажалына бірі себеп, Айқасып, екі өлексе қала берді. Жол жүріп, күні-түні жүдеді азып, Жан торсығы қаңғырып, таусылды азық. Күндіз жатып жортады аяғы, түнде Жұлдызды белгілеп алып, темірқазық. Шығынға кеткен емес, атылқан оқ, Азығы жоқ болғанмен, тамағы тоқ. Тері кеппей, теріне қосылған соң, Наркүрең ат құбылады, құбақан боп. Бір жерде түнеп қалды, жаңбыр жауып, “Жұлдыз жоқ, кетемін” деп теріс ауып. “Жататұғын мөлшерім болып еді, Адасып кетем бе” деп қылды қауіп. Таңертең тұра сала ашады бал, Оңды-солды кез түсті айқасып дәл. Басына Аюлының келіп шығып, Бір таудың бөктерінен көреді мал. Ойлады барайын деп осы малға, Бұл тау [кәдуілгі] ескі Қара Қалба. Біріккен екі сайдың түбінде [кеп], Кенеттен кез болып қалды қалмақ шалға. Қозы сәлем берді, қусырып қол, Сәлемін алды, шал да: “болсын”, – деп, – жол”. Бұл қуанса “шалдан жол сұраймын” деп, Жатырқап “жау екен” деп шегінді ол. Бурыл түкті қалың қас, көзін жапқан, Мінезінде бір зілдей салмақ жатқан. Іске епті, сөзге алғыр адам еді, Қысылғанда, қиыннан қисын тапқан. Шалдың жақын келе алмас маңайына Өтірік, өсек [пенен] қулық-мақтан. Аю жарып көмген соң, бір түйесін, Үстіне кеше әкеліп, құрған қақпан. Қақпанына түсіпті аю басып, Ұзамай жатқан екен белде асып. “Ауылдан мерген ертіп келемін” деп, Бара жатқан беті еді асып-сасып. Сескенгенін біл ді де, айтты шалға: – Адам түгіл зияным тимес малға. Аякөз қай жағымда қалды, атеке, Менен зиян келеді деп ойға алма. – Иә, балам, сағым қуып жүр екенсің, Сен де бір кейінгіге жыр екенсің. Айтпасаң да жөніңді білдім, балам, Баянды іздеп жүргеннің бірі екенсің. Аякөз оң жағыңда қалды кейін, Батысқа ал жүрерсің әнтек бейім. Атың арып қалыпты, ақырын жүр, Үш күндік “құлан аян” оған дейін. Аю түсіп қалыпты қақпаныма, Алу үшін айласын таппадым да. “Мерген ертіп келемін” деп барамын, Жалғыз өзім баруға батпадым да. – Ау, ата, аюыңды маған көрсет, Езге ертек іс емес пе, ерге бір серт. Ертіп келіп [аюға], айтты шал: Абайла, алыстан ат, боласың мерт. Ашулы аю ақырып бергенде, тап, Сапысын бұ да ұмтылды, суырып алып. Арбаңдап аю келіп, жармасқанша, Шап беріп, сол жағынан бұрылып қап. Өте бере желкеден бірақ шапты, Аюдың кеңірдегі сопаң қақты. Денесінен бір бөлек анадайдан, Ыржың дап, тісі ақсиып, басы жатты. Шал сүйсініп ісіне берді бата, “Батаңыз қабыл болсын, – деді, – ата. – Балам, сенен дүниемді аямас едім. Белгілі қазақ – қалмақ ежелден жау, Кетпейді арасынан ұласқан дау. Шапқыншы деп, Қалмақтар нанбас саған, Үйге де бұрылмадың дәмнен тата. Үйге ертіп барғанмен, жібермес сау, Бұл жерге адам келе алмас, бірен-саран, “Менен қастық келеді” деп болма алаң, Бір мес қымыз, бір тоқты әкеп берем. Осы арада түс те жат, – деді, – балам. Бір мес қымыз, бір тоқты өңгеріп, Шал келді айтқанындай кешке таман. Қымызды ішіп, тоқты етін пісіріп жеп, Қозы кетті, шал қалды: “қош бол, аман”. Тетігі ауыздықта, тізгін қолда, Ер Қозы Күреңменен тартты оңға. Қазақ-қалмақ жауласып шіреніскен, Құлан аян Сарыарқа ел жоқ, онда. Мойнынан Күрең аттың үзілді жал, Төмендеген секілді жүрісісәл. Кесе басып Күрең ат ақсап қалды, Арқаттың қопасына келгенде дәл. Күн қызылы шымылдыққа барады еніп, Шығыстан түн келеді, жерге төніп. Қаңтарып, Күрең атты, суытты да Шоқпарына сүйеніп тұрды, ойы жеңіп. – Уа, Күрең өзіңді-өзің жараладың, Адамың мен апшытқан жер алабын. Мен кетерде қош айтыспай кетіп едім, Әлде сені соқтыма, зары анамның. Дегенде, қақ жарылды қалың қамыс, Қамыстан тұрған жері емес алыс. Қамыстан шықты дағы қарсы қарап, Бүк түсіп, жата қалды бір жолбарыс. Қозы да қарсы жүрді, қақпай кірпік, Осқырып Күрең тұлпар, шегінді үркіп. Жауырыны қимылдап жолбарыстың, Көзінен жас, тамған, жалын бүркіп. Қозының мұршасы жоқ, садақ оқтар, Бір дегенше секірді тағы сотқар. Құлағы мен көзінің арасынан, Сәт дегенше сарт етті қайың шоқпар. Жолбарыс шөге түсті жерді қауып, Көзінің оты сөнді, қаны жауып. Жүрегінен қанжарды бұлғап алып, Үріккен [Күрең] атын алды тауып. Ендеше еркіне кім барарсың, Айналды қас қарайып, болуға түн. Жолбарысты жеңген соң бойы сергіп, Тарады қамалаған [көп] табашың. Ұзыны жолбарыстың екі құлаш, Биіктігі Күреңнен сәл ғана пәс. Отын жинап кірісті от жағуға, Тамақ істеп ішуге – күндізден аш. От жақты бір шұқырға шөбі тақыр, Ағаштан мосы жасап, асты бақыр. Қиядағы қылмаққа сауда істейтін, Қопаға қалың керуен келе жатыр. Қопада керуендер үш күн болмақ, Үдеріп бүгін қайтса, жете қонбақ. Мұнан кейін мол су жоқ, көпке дейін, Көліктерін тыншытып, жүгін оңдап. Әрі бай, әрі ғалым керуен басшы, Сенімді ертіп алып төрт жолдасты. Көш бастап, қоныс қарап келе жатып, Отты көріп, тұра қалып ақылдасты. Бастық айтты: – Отта бар үлкен барық, Жалғыз адам шығармас түнде жарық. Көрмейді от басында отырғандар, Бірің байқап келіңдер, таяу барып. Барып келген айтады: – Бардым жуық, Пақыр асқан үш талдың басын буып. Бір жас жігіт жолбарыс сойып жатыр, Қасында ер-тоқымды ат тұр суып. Бастық айтты: – Ендеше жау емес ол, Шалғыншы от жақпайды, бастаған қол. Аты менен өзіне сенген біреу, Тәжірибесі аз болса да қайраты мол. Көп жүріп, керуен басы, көрген көпті, Іске іскер, ойға алғыр, сөзге епті. Түйелері бақырып, иттері үріп, Ана-мынау дегенше керуен де жетті. Қопаны ел жайлайтын көл дейді де, Ит, үрген соң, бір көшкен ел, дейді де. Отырды от басында жайбарақат, Отын да өшірмей, көрмейді, – деп. Бастық айтты: – Жігіттер, болыңдар сақ, Отқа әсте бармаңдар, артына бақ. Ол жау болса, енді отын сөндіреді, Ел болса, өзі келіп, жолығар-ақ. Ол күні көзі ілінбей, таңды атырды, Неге ұйықтасын, ұйқыдан бір “қап” ұрды. Керуендер де құмартып, көруге болды асық, Жолбарысты өлтірген жас батырды. Киімі өте жақсы сән құрады, Келбеті көзді тартып бой бұрады. Ақсақ ат жетелеген жаяу жігіт, Таңертең керуеннен жөн сұрады. Жолбарыстың терісі бөктеріншек, Ендеше ерлігіне кім қояр шек. Қозының аты-жөнін білгеннен соң, Керуендер тіке, тұрды бек құрметтеп. Бастық айтты: “Бізбенен үш күн жатып, Бұйырған біздің қостың дәмін татып. Аяғын басар атың, оған дейін, Аякөз жететін жер, бір түн қатып”. Қолма-қол көк шалғынға тояды қос. “Құрметті қонағымыз келдің” – деп, – қош. Қолынан, іс келетін ержігіт”, – деп, Қозы мен керуенбасы болады дос. Ат ақсаса, несі уайым? Оташы емдейтін дәрі дайын. Құндыздығын тақырлап Күрең аттың, Сазға арқандап, борсықтың тартты майын. Қопада үш күн емес, бір күн тосты, Ат аяғын басқан соң, Айтты досты: – Бір қос ат беремін, топтан таңдап, Керек десең, берейін бір жолдасты. Досты айтты: – Қарағым, сөзімді ұқ, Жауды әдіспен, досыңды шындықпен жық. Жаудың бойын бұрын көріп, бой көрсетпе, Жау шығатын тұрғыға, сен бұрын шық. Істің басын бастасаң, артын аңда, Кім айтсын, шындығына жетпей, нанба. Жаныңа қысым келсе, лажың жоқ, Кек үшін қанжарыңды қанға малма. Залымға “жақыным” деп ара түспе, Үйде-түзде жоспарсыз кіріспе іске. Ақылыңды ашудың алдында ұста, Ақылға санаспай ерме күшке. Жоспарсыз тәуекелдің жазымы көп, Тәуекелшіл болудың қажеті жоқ. Ақылға алтын-қазына тең келмейді, Батырлықтың бағасы жалғыз-ақ оқ. Жау ордасы тайғақ жол, тар асуда, Менмұндалап, жауыңа барасың ба? Бұл түріңмен көрінбе көздеріне, Ең әуелі атпен бір кір арасына. Таздың кебін берейін, жаман киім, Ел шетіне барғанда соны киін. Қарабайға сыр айтпа, әсте нанба, Қайырымсыз қатты адам, ісі қиын. Досынан қосарына бір ат алды, Қоржынға жетерлік азық салды. Тауға шығып көрсетті жердің жөнін, Қозы кетті қош айтып, досы қалды. Қозы Көрпеш, “Баян” деп елден безді, Құлан жортпас құба жон шөлді кезді. Басына Сандықтастың келіп шығып, Елдің таяу екенін шөптен сезді. Сол жерде Қозы атынан түсе қалды, Бар-киімін қоржынға қаттап салды. Досы берген қой жүні, қоңыр бөстек, Басына таздың кебін киіп алды. Құбылып тазша болып өзгереді, Өз бойынан табылады өз керегі. Құлдилап Аякөзге келе жатып, Қаптаған қалың қойға кез келеді. Қой жайған тазды көріп Қозы келді, Таз қойшыға таз бала сәлем берді. “Жайған қойың кімдікі, атың кім?” – деп, Таздың жөнін сұрайды арғы-бергі. – Көңілің көтеріңкі, сергек бойың, Қыр қыдырып келесің, қызда ойың. Қайырсыз Қарабайдай ханның қойы, Осынша қой дейсің бе, менің қойым. Байқаймын, ұқсамайсың өзің тазға, Баланың бетін ашып, түбін қазба. Дәу де болсаң, бірісің сен де соның Баянды іздеп қаңғыған жігіт аз ба? Қайырсыз қатты десең Қарабайым, Көрмей білмей мен қайтіп қаралайын. Келген жігіт қайта ізін таба алмайтын, Баяның кім, канеки, айтшы жайын? Шақпақ шақты дегенше тұтанды қу, Су қайнады дегенше күшейді бу. Баянның атын естіп, жүзін көрмей, Ғашық оты бетіне шықты ду-ду. –Мені қаңбақ дейсің бе, желге ілескен, Қызға ғашық болатын есер емен. –Сыр-сипатын әуелі түсінбестен, Шырағым, пайда берер, егес кімге? Мен сенің тексерушің емеспін де, Сірә, сен, Қозы Көрпеш емессің бе? –Қозы Көрпеш болсаң да, көрсең, көр ме, Естілген сөз, айтылған сөз, қалсын жерде. Сыр-сипатын қыздардың түсіндірші, Өңі сұлу болмай ма, ойын көр де. –Қыздың жайын сұрадың Қозы бала, Қыз дегенде жігіттің көңлі ала. Келбетіне келіскен кеңпейілі, Бәйбішелік лайық Айға ғана. Төсекте топқа – алқа, жұртқа – еркек, Таңсық қыз болалады аймаққа ана. Ерекшелік болмаса ақ Баянда, Торына тоқсан шері шырмала ма? Тоқсан бір Қодарменен сері бойдақ, Баянды алам деген бәрі де ойлап. Тоқсанын бірдей [бекер] дәметтіріп, Баян жүрген секілді жалқыны ойлап. Кез болдық, ойда жоқта, жалған түзде, Бақыт сені іздемес, сен оны ізде. Бар шығар әлі де болса, алдыңда бақытты өмір, Талабыңды тойтарма, күдер үзбе. –Атасенен тілейтін тілегім сол, Дос болдық әуелі, алысып қол. Орныңа енді қойды, мен жаяйын, Мен сізге бала болайын, сіз әке бол. Керек десең ерттеулі қосарымды ал, Тілесең басқа жаққа кетіптеқал. Өміріңе жетерлік алтын берейін, Басыңа үй тік, алдыңа сен де мал сал. –Ташкенді табар едім күн-түн қатып, Онда істейтін інім бар сауда-саттық. Бірақ мені Қарабай босатпайды, Құлақкесті құл қылып алған сатып, Тазша екеуі аттан түсіп, ақылдасып, Тазша айтады: –Қайтеді кетсем қашып. Қозы айтады: –Қашқаның дұрыс емес, Қашпай-ақ кетем десең, жолың ашық. –Қайырымсыз Қарабай аямайды, Егер де қолға түссем, жаза басып. Сөзге айналып, екеуі байқамапты, Қарабай шыға келді, белден асып. Қойшыны көре сала-ақ шақырады, “Қойды, әне, жібердің”, – деп ақырады. “Жаның шығып, бар ма – дейді тазша, – Қайырымсыз топалаңың жатыр, әні”. Қамшы иіріп, бай атын үйірлетті, Қамшысын тазша жігіт ұстай апты. Кекілінен ұстап алып, басып қалса, Аққайың шөге түсіп, жата қапты. Атынан түсе қалды қорқып сасып, Көзі аларып, қалтырап өңі қашып. Есіркегелі кісідей именгеннен, Тазшамен сөзге келді, жөн сұрасып. Тазша айтты: – Осы шалдың баласы ем, Ержеттім, әкемді іздеу емес пе, жөн. Лұқсат болса, әкемді қайтарамын, Орнына, енді қойды жаямын, мен. –Балам жүріп келіпсің, бір талай жер, Қартайған сұмырай әкең, кімге дәргар? Өзі де қой бағалмай қалжырап жүр, Әкеңе лұқсат бердім, қайтара бер. Соны айтып, хан Қарабай қайтып кетті, Қарабай қыздары мен қатынына айтып кепті. Не керекке жарайтын қайраты мол, Шал тазшаға жас тазша таптым депті. Қыздардың барлық жайын шалдан ұқты, Қозы Көрпеш өзіне өзі ұқыпты. “Жаңа келген тазшаны көреміз”, – деп, Алдынан қой қайтқан соң, қыздар шықты. Баянды “ақ ару” деп еркелетіп, Кәмшат бөрік, кигені күміс етік. Қыздарды көрген соң, тазша бала Алдына қоя берді өлеңдетіп. Қозы: –Күндегідей шал емес, мен – жас тазша, Қыздың жолы болмайды, менен қашса. Қыздар: Қозы: Тасыған су асқан емес шарасынан, Таудан асып кетпейді, талдан асса. –Күндегідей шал емес, сен – жас тазша, Құдыққа [дәрет етер құлдар тасыса. Тұншығып, сорлы тазым, өліп қалма, Ұстап алып, “түйе бас” қылып, қыздар басса. –Маған қарай байқап бас, аяғыңды, Тұншықтыр тоқсан топас саяғыңды. Әлдекім жебейтін дертіңді, Мен Емдеймін естеріңе түсіріп баяғыңды. Қыздар: Қозы: –Кеселің бойыңдағы ерен екен, Өз мінін бойындағы көре ме екен. Көкек болып шақырдың өз атыңды, Құл емес, қойшы тазша төре ме екен? –Мен емес, қыздарменен теретұғын, Соңымнан сендей қыздар еретұғын. Сыртым тазша болғанмен, ішім дана, Қасиетім бар, қыздар жақсы көретұғын. Қыздар: –Қайда тазша көрінсе бәрі ділмар, Таз екенсің тіліңнің қотыры бар. Бастың тазы жалғыз-ақ жатты бағар, Тіл қотыры айла орап, елді бағар. Қодар: –Мені тазша дегенің жала шығар, Басымның қотыр емес, жарасы бар. Досына бал дұшпанға у тамызатын, Тілімнің қотыр емес, арасы бар. Қыздар: –Қойшы мінер қойына жуасторы Шілдеде Шыбын шықса таздың соры. Кереметің бар болса, бір түс көрдім, Тапсаң, ақы берейін соны жоры. Қозы: Қыз: –Қыз Баян сен бір шаңқан мен бір таз сері, Дертің болса болайын дәргері. Түсің түгіл, өңіңді жорытарсың, Тазшамен ойнасаң ары-бері. –Мен көрдім, қорқытқан аққу құсты, Жай серіп, қос қанатын көлге түсті. “Тоятқа сол аққуды аламын” деп, Алыстан бір күшіген тілеп ұшты. Қозы: Қыздар: Қозы: – Көргенің аққұтан ғой, аққу емес, Көрінген көл бетінен көзге елес. Күшігеннің тояты – тышқан, жемтік, Күшіген, сірә, аққуды алам демес. –Жақсыны жаман күндеп, табалайды, Ақылды адам өзі әлін шамалайды. Түс көрдім, тағы да, бір жоры, тазша, Сол көлді бір ақсұңқар жағалайды. –Баян қыз, сен ортаға шыққан шынар, Қодар, тоқсан, бәрі де саған құмар. Сол көлді бір ақсұңқар жағаласа, Еркешім, сені алатын күйеу шығар. Қарабай: Соны айтқанда, Қарабай айқай салды, “Қотанға айда бері, – деп, – тазша, малды”. Күреңмен қой қайтарып, желіп жүріп, Қаймықпай, тазша бала шырқады әнді: “Теріс азу, тоң мойын, қара қабан, Тұмсығымен түрткені қалмады аман. Тоқсан торай түрткілеп бірін-бірі, Сүрлеу таппай шұбырып, болды ақтабан. Қарт бура бір басында тоқсан ноқта, Қаңсыған сасық кеуде, суық соқта. Тіздеулі ақ інгенмен аю ойнап, Төбет сарып, бөрі аттар аю жоқта. Күш қайда, күшке басшы айла қайда? Ақылсыз, айласыз күш абшымайма, Қарт бураның шығып алып өркешіне, Қара жан қағынып шабады айға. Қосқұнанша матауда болды маймақ, Арқандаулы әлсіреп ақ нартайлақ. Өткелден өтуге арман – өткел тайғақ. Баян айтты:– Сұңғыла едің, тапшы, Таңсық, Сағыныш – сары ауру, үміт – талшық. Тазшаның сөзі үстімнен серпілкендей, Сағыныштың салмағын жүрген жаншып, Өзі таз, сөзі меруерт санатқандай, Ай туып, қарсы алдыңнан таң атқандай. Апеке, сүйініш пе, күйініш пе, Жүрегім лүпілдейді, тағат қалмай? Таңсық айтты: – Тазшаның нәрі бар таз, Бойында сені емдейтін, дәрі бар таз. Емдесе, әуелетер зары бар таз, Жақсылық, жаманшылық бәрі бар таз. Баян сенің дертіңді емдейтін таз, Тоқсандай алдауға көнбейтін таз. Қолбала емес қарайтын пиялайға, Алмайтын аңына, төнбейтін таз. Тазшаның сөзі байды ойға батырады, Іштенде еніп ызасын сапырады. “Сұм тазшаның сөзіне түсінбедім, Түсіндір”, – деп Таңсықты шақырады. Хан Қарабай тыңдамас, ылди-өрді, Қит десе таяғымен сабап жерді. Айтшы-айтшылап мазасын кетірген соң, Таңсық қыз Қарабайға айтып берді. Тоқсан сері күткендей көктен ғайып, Күндіз жылқы суарып, түнде жайып. Торай демей оларды, не демекші, Ойыңызша, “қабан” ат кімге лайық? Тоқсан жас – тоқсан ноқта, сіз – қарт бура, Қасақана сұрайсың, біле тұра. Ақ інген кім екенін, білмек болсаң, Тоқалыңнан түнде сұра. Уайымы – азығы, үміт – талшық, Көңілі күңгірттеніп арман жаншып. Матаудан босана алмай маймақ болған, Қос құнанша дегені Ай мен Таңсық Әуелі ойы улығып, уға ұласқан Нар дәметсе Зар тамған қара тастан, Кең пейіл, кең ақылы іске аса алмай, Аруана шөккен Ай қыз арман асқан. Дүниеден не қызыққа тойдың, әкем, Малға сатып арыңды жойдың әкем. Ару туған Баянды аямастан, Арқандап, Аңыратып қойдың әкем. Мал қандай, бала қандай тексер, әкем, Қартайдың алды-артыңды ескер, әкем. Қодар жоқта біткен мал өз басыңа, Қодар “құтым” дегенің бекер әкем. – Ойбай, Таңсық, бұл сөзді ауызыңа алма, Малды бақпай кетпесін, тазшаны алда. ......................................................... [Бұ тазша] жайлы болды маған малға. Бүйте берсе жүре алмас дейді көпке, Қодарға айтсам, ұшырар күлін көкке. Қойды айырып, тазша үйге келіп еді, Табаққа сап алдына қояды өкпе. Қарабай – сансыз малы, мың мен жарлы, Қайырсыз бел секілді қалың қарлы. “Мен еңбекті жейтін кісі емес” деп, Өкпе берген табағын екі жарды. Өкпе берген ақ тоқал қаны сұйық. Малшыға Әдетіндей тілі тиіп, Тазшаға ұрысуға бата алмады, Табағының сынығын алды жиып. Мықты арқанмен Күреңді арқандапты, Ауылдан аулақ жерге барып жатты. Көптен бері шала ұйқы болып жүрген, Алаңсыз ұйықтап қалды, таң да атты. Ерте тұрып, суарды Күрең атты, Ер салып, суарып мініп апты. Қойды өргізіп өріске бара жатып, Сескенбей тазша бала, ән шырқапты. Сыбызғының үніндей нәзік әнді, Тамылжытып, қалқытып, сорғалатты. Таң желімен қосылып салған әні, Үш қыздың сай сүйегін сырқыратты. Таң атпай мен мінемін Күреңіме, Тілегі сай келе ме тілегіме. Кім білсін, әлде, достым, әлде, қасым, От салған шақпақ салып жүрегіме . Баян айтты: – Бұл тазша емес тегін, Бұл тазшада буы бар әлдененің. Тазшаның дауысы маған әсер беріп, Сай сүйегім сырқырап кетті менің. Қызымыз епті емес пе осындайда, Епті болсаң, еңбектен тигіз пайда. Ел ме, жау ма, білсеңізші, таздың жөнін, Қайдан келді, бұл тазша бармақ қайда? Қыз айтты: – Сәтін күт, сабыр ет те, Өлкеге қой жусатар келіп түсте. Көрінбей тауға кіріп, тыңдап жатсам, Тазшадан бір сыр шығар, сәті түссе. Түсте әкеп қарасуға қой жусатты, Шылбырынан арқандап Күрең атты. Шүйгін шөпке тойған қой [көлеңкелеп] Солықтап, жар жағалап тегіс жетті, Дөңге шығып болжады айналаны, Жан бар деп тал ішінде ойламады. Шешініп кебін тастап, тазша бала, Суға түсіп, шомылып жайланады. Таз емес таза жігіт кебін ашса, Қайта кебін кигенде болды тазша. Сом денесі, келісті келбетіне, Қыз көрсе, шарасы жоқ қызықпасқа. Қозы Көрпеш: Жел тынса тыныштыққа шырқағаны, ........................................................... Әлдекімнің тигендей құлағына, Арманын айтып тазша жырлағаны. Балталы, бағаналы елім менің, [Бақалы, балдырғанды көлім менің]. Ер Тайлақ атамның тілін алмай, Сүйгенім Баянды іздеп келіп едім. Кімге айтты, кім тыңдады тазша жырын, Жырменен ағытылған шындық сырын. Жырымды жан естіген жоқ деп еді, Ауылға жыры өзінен жетті бұрын. Баян отыр күткендей көктен ғайып, Үміті, кейде азайып, кейде ұлғайып. Күлімсіреп қызымыз кіріп келді, Деп кәне сүйіншіме не лайық? Баян-ау, көз жасыңды Тәңір иген Қозы Көрпеш – тазшаның кебін киген. Шешініп шомылғанда көрдім анық, Қыздарда арман бар ма соны сүйген? Мен тыңдап, жетім тазша көп жырлады, “Баянға мен ғашықпын” деп жырлады. “Алдымда аға, артымда інім жоқ” деп, Өзінің қамын тағы жеп, жырлады. Балталы, бағаналы – тегім, – деді, Тайлақ би ел меңгерген бегім, – деді. Баяннан басқа менің сүйгенім жоқ, Қодар мен Қарабайда кегім, – деді. Жалғызбын, Баян ғана панам, – деді, Ісімнің ақтығына нанам, – деді. Сансыз мал қазынамен арман емес, Артымда зарлап қалды анам, – деді. Түн серпілді, күн жерге нұрын төкті, Махаббаттың отына дәру септі. Сәнді киім киісіп шаттанысып, Алдынан қой қайтқан соң, қыздар кепті. – Кешегіндей емессің бүгін, тазша, Ал тыңдайық, біразырақ кеңес баста. Кереметің бар екен білдік, тазым, Қыздың жолы болмайтын, сенен қашса. Қозы: Ақ істің әбден жетіп, дерегіне, Ойыңның сүңги түсіп тереңіне. Қодар сықылды мырзаға қол арытқан, Мен секілді тазшаның керегі не? Киесіз сөз жараспас сіз бен бізге, Кінә болмасты кінә деп қалға тізбе. Кешегі өзіңізге жорытқан түс – Даладан ақ сұ ңқ арды көрдіңіз бе? – Ол сұңқардың тұяғы болат тағы, Тұғыры маңайына жолатпады. Алыстан талып, ұшып келген сұңқар, Түнде келіп, қой шетіне қонақтады. Қырымнан қыран, сұңқар көретұғын, Соңынан қызылшалар еретұғын. Тұғырдың жол таппаған себебі сол, Бойында белгісі бар, бір баретұғын. Бір келіп қайтқан тастүлегі, Бұл келген жас балапан – жас тілегі. Бойында тоғыз түрлі белгісі бар, Тұяғы бабы келсе, тас тіледі. Сұңқардың жалғыз ұшқан саяғы не? Басын ұқтым, сөзінің аяғы не? “Есіңе, бір түсірем” деп едіңіз, Қашан еске саласың, баяғыны? Қайратына сенгені – жалғыз ұшса, Баяғыға, Баян қыз, өзің нұсқа. Түсімде, бір сәуегей аян берген, “Басына шаш шығады”, – деп – Баян құшса. Соны айтып тазша бала үйге келді, Ақ тоқал мал жайып жүр, аузы желді. Бәйбішенің тағынан түсіп берген Кім екенін білінді деген белгі. Қарабай жүр далада күйіп-пісіп, Малшыларын нәлеттеп, жынын қосып. Түнде жатқан жеріне келді дағы, Қозы отырды ұйықтамай ойға түсіп. Қарабайдың жүзінен кетпейді ызғар, Бетіне қараған кісінің беті мұздар. Сол ызғар ұйқыменен көмілген соң, Қозы қасына жетіп келді қыздар. Қозы орнынан тұрды құрметпенен, Қыздарға түсімді бір ниетпенен. Ай сұлу құрметіне алғыс айтты, Құрбылыққа жарасар құрметтеген. Таңсық сөзді бастайды әзілменен, Ақсұңқарым сен болсаң қаз ілмеген. Мінекей, қорамытқан аққуыңыз, Қоғасына шырмалып, көл жүзбеген. Сұңқар құстай шыдамас аққу шөлге, Аққу құстай жүзе алмас сұңқар көлге, Көл толқымай тұра алмас, жел борамай, Тағдырының тетігі жанды жерде. Жүрегінде сембестей налысы бар, Адамшылық ұяты, намысы бар. Аққу, сұңқар болмай-ақ онан дағы, Қозы Көрпеш, Баян болып танысыңдар. Құмарлықтың қуаты екі көзде, Махаббаттың жолы одан мүлдем өзге. Сыпайы әзіл арқылы сыр тартысып, Сезілместен сағатты күні лезде. Сағыныштың торынан болған азап, Баянға болды ұзақ таң секілді аз-ақ. Айрыларда алысқан қол арқылы, Өнебойы уланды тарап ләззат. Ішінде қалың талдың бір шоқ боз тал, Күндізден сол шоқ талды белгілеп ал. “Табысармыз” деді де, Баян кетті, – Ертең кешке сол талдың түбінде дәл Баянға бүгінгі күн жылдан артық, Шыдай алмай, шыдамын отыр сарқып. Керіліп, кербезденіп келді әзер түн, Дүниені қараңғылап перде тартып. Кейде бір қуанышпен көңілі өсет те, Кейде зарлы ашумен егесет те. Теңемейміз жақсыға да, жаманға да, Түнек сырын білсек те, білмесек те. Баянның махаббаты қандай тұнық, Сайма-сай түн де міне сондай тұнық. Сөнбес сенім, суалмас махаббатын, Бейне тұрған секілді түн ұсынып. “Әділетсіз сұм заман” деп қамығып, Хан қаңғып, халық адасқан бір жаңылып. “Сендерге тізе бүгіп, бас имеспін” деп, Баян [да] келе жатыр түн жамылып. Махаббаттың ұстандым сертін бекем, Балалықтың шегінен қазір өтем. Аналықтың аттаймын босағасын, Қозыменен қиылмақ, қарыс некем. Некемізді қиятын бар ма молда, Екі адам куәлікке керек ол да. Ата-ананың алмастан лұқсатын, Әлде түсіп барам ба теріс жолға? Жолым оң, теріс жолға түскенім жоқ, Мен емес болатұғын тағдырға доп. Еркіндікке бет алған епкінімді, Жанған от бөгей алмас, атылған оқ. Некемді, сенген жүрек, өзің-ақкес, Адам түгіл бола алмас, тағдыр да бәс. Біздің неке жасырынды неке емес, Алдап неке қиятын молдалық іс. Махаббаттың ұқпайтын сырын жете, Әділеттің білмейтін жолын төте. Қара ниет әкемнің лұқсатын күтуге, Міндетті емес біздің [алал] неке. Меңгеруге шамасы келмей ойын, Басталды деді міне, неке тойым. Көзін жұмып, құшағын жая берді, Бір қасиет меңгеріп кетті бойын. Екі жас махаббаттың от кенінде, Мастанып мұртына жеткенінде. “Таң таяу” деп жел хабар бермегенде, Білмес еді түн қалай өткенін де. Баян айтты: – Келіпсің жалғыз саяқ, Қоңыр күз, қыста болса қалды таяп. Не де болса көреміз, жаз шыққанда, Қой бағып-ақ жүре бер, арланбай-ақ. Қозы айтты: – жалғыздыққа қылма уайым, Мен ерлікке, жаулыққа бірдей дайын. Баян – Қозы жасырын жүре берсін, Қодар мен Қарабайдың тыңда жайын. Жылқыдан бір күн Қодар үйге кепті, Қарабай күйеуіне әмір етті: “Жаздай сауған жабағылар тойынсын, Балам, маған бие әкеп, байла”! – депті. Әмірді алып, Қодекең кетіп қалды, Жылқыдан жүз биені бөліп алды. Айдап келіп, жылқыны қоразданып, “Тоқпақ, желі, құрық!” – деп айқай салды. Қарабай тазшаға іште сақтаған кек, Ой-пікірін сыртына шығармастек. Бүгін қойға жібермей алып қалған, “Тазшаға асау құлын байлатам” деп. Қарабайдың сырты аңғал, ісі епті, Желі мен ноқтаны алып, тазша кепті. “Тоқпақ пенен құрықты апар” десе, “Алар, маған не керек”, – деп кекепті. Қодар айтты: – ақымақ, аңғал тазша, Басыңды жұлып алып, қазық қақса. Тоқпақ пен құрықты алмапсын, Сирағынан ұстарсың, құлын қашса. Қарқ-қарқ күліп қағады арқасына, “Қайтпайтын, қайсар таз”, – деп, – салсаң тасқа. Қодар жүр асау мініп, тарпаң жайлап, Ақылсыз екеніне жүрісі айғақ, “Көшет, – деп, – ертең ауыл”, хабар қылса. Қос атқа секен-саяқ келеді айдап, Қодардың қайраты мол, ақылы қысқа. Тазшаны шақырады “жүр” деп тыста, “Ат ұста да, тұр, – деді, әмір берді, – Бүгін әкеліп, Баянның атын ұста! –Қырсық, қыңыр бағады байдың малын, Сен белгілі қырсықсың, елге мәлім. Мен Баянға емеспін жалынышты, Атын ұстап, шұнақ құл, өзің жалын. –Қап тазша сөзің өтті, [қысталаңда], Нең, кетпек жеңгең, атын ұстағанда, Көш-жөнекей артыңнан бір жетемін. Аспансып кетіпсің ғой қыспағанға! Қойын айдап ілгері Қозы кетті, Артынан ұзамай-ақ көште жетті. “Тілазар құл болар, – деп, – тілім, тілім”, Қарабай ішінен бір кекетті. Баянды көрсе, Қодар естен танып, Іші-бауыры өртенер, оттай жанып. Аударып тастап кетпек болады ол, Тазшаны жауырынан ұстай алып. Қарабай да Қодарға дем береді, Қодардың тентектігін жөн көрді. Ат үстінен тұмақша жұлып алып, Қодарды қойшы тазша өңгереді. Қодар “қоя бер” деп тазшаға жалынады, Жалынғаны батпайды налығаны. “Баян көріп қойды-ау” деп ызаланып, Қысылып Қодар терге малынады. “Малай тазша, арымды төкпе, – дейді, Бүйте берсең жүрмессің көпке, – дейді. Әнеки, көште таяп келіп қалды, Қоя бер Баян көрсе өкпелейді. Басылып Қодар көңілі болды баяу, Бір сұмдықты сезгендей күткен таяу. Ерте көшіп, Қарабай, кеш қонады, Ұзақ көшке өкпелеп, келед жаяу. Ауыл қонды, Қодар жүр қорсаң қағып, Атын ұстап, дайындап тұрман тағып. Қарабай келіп сұрайды күйеуінен, Өз-өзіңнен неғылды мұнша налып. –Мазақтап маған күлді Баян қыз, Мен кетемін біржола күдеріңді өз. Мен кетті деп әй, ата, қапа қылма, Мал қалмасын жаюсыз, суғарусыз. Сен, қыз Баян, күлдің, – деп, – Қодар жанға, Сұмырай тазша жүгермек амал бар ма. Мал сенікі болғанда, жан да сенікі, Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма. Мұңдасты, сырласты екі ақымақ, Қарабай Қодарға айтты: “Малыңды бақ”. “Малым” деген сөзіне масаттанып, Жылдағыдай отарға болды шықпақ. Тазша келіп, осы елдің сыйқын бұзды, Мұнда қалса, азғырар Баян қызды. Күздің түрі қыс қатты болатындай, Қайраты бар, маған ерт тазшаңызды. Баян айтты: –Қыста қиын болады қойды баққан, Жылқыға шық, Қодардан бірақ сақтан. Сақтану және одан қиын емес, Ондай сотқар адамның емі – мақтан. Бұдан былай соқтықпай епте дейді, Алаңғасар алды-артын тектемейді. Сақситып ауылға, итті ұттың, – деді, Именіп қалды сенен, беттемейді. Қарабайға қыс қайғы, күз уайым, Он сегіз қос жабдықтап, болды дайын Пақыршы, отыншыны қоспағанда, Он сегіз жылқышы қос бас сайын [Лабас] басқан құм кешу, Ақсу иен, Майбүйрек, Арғанаты – бәрі де иен. Біржақ шеті шынжалы, Сайқан тауы, Шалғынынан көрінбес шөккен түйе. Үшарал, Текелі мен Қорықайы, Жалпақ қайқың, Ырғалады желменен тіні қайың. Шу, Үржар, Қаракөл, Жайтөбе мен, Тоқтайтын Барлық Арасан, Мойын құмы. Алтыайда Алакөлді шыр айналып, Тоқсан мыңмен шүйікті Қодар мұны. Қодарға Қозы Көрпеш қалжыңдайды, Сен де құл, мен саған құлдың құлы. Қодарды құл десе де қара табан, Теріс азу, қажымас, қайсар қабан. Тоқсан мыңменен Шу кетіп, соны шөпті, Жылқысы семіз шықты есен-аман. Іріктеп азыққа жеп, қартаңдарын, Жуасытып, мінгізіп тарпаңдарын. Асауларын үйретіп, арпалысып, Жігіттердің айтпа әуре сарсаңдарын. Қодардай жылқы жайын кім бар білер, Көп түнесе, бір жерге бес күн түнер. Желаяқ жылпостарын түнде мінсе, Тобыршы топастарын күнде мінер. Қымызды ашыттырып, қысыр байлап, Тай күзетіп, жалды есіп ноқта сайлап. Құлын әбден болған соң қара құлақ, Жылқыны апармақшы елге айдап. Қодар айтты: – Ойладым бүгін бір той, Қос бас сайын біреуден жабағы сой. Осы жазда Баянды мен аламын, Жігіттер, той басталды дейді-ақ қой. Бәріңді үйлендірем, менен кейін, Алдымен Баянды өзіме, иемдейін. Баян дағы сағынып жүрген шығар, Мен барып өрік-мейіз әкелейін. Баянды көрсе, Қодар кінәлады, Ғашықлықпен ел оны не демеді. Бүгін енді Бақа айғыр таң асады деп, Мініп алып Қодекең жөнеледі. Қодар келіп, ауылға аттан түсті, Байға келіп, қошеметпен қуырап ұшты. “Есіз тастап келдің” деп неге малды, Ал Қарабай ластап жынын құсты? Қарғап сілеп, боқтайды тек Қарабай: “Сусын іш те, тамаққа кет қарамай”. Атасына бас иіп қол қусырып, Үйден шығып, жөнелді бет қарамай. Қодар кетті ауылға тоқтамады, Көргенсый – Қарабайдың ластап, боқтағаны Сұлулықты торумен торғай болып, Ар-ұят, намысын жоқтамады. Қодар, сірә, еме еді мал баққандай, Ер болса, неге ықтайды жел жақты алмай? Сардалада салбырап келе жатыр, Ауып, билеп келеді жын қаққандай. Неткен сұмдық, япырау, неткен қылық, Шегінен шығарды-ау деп адамшылық. Ашу киіп, алдынан тығылса да, Баянды ойлап қайтадан кетер жылып. Неге кетсін еңбегім, – деді, – босқа, Сүймесе де қыз барар, әке қосса. Үміті өрттей толқып өрекпіді, “Баянды аламын” деп саратан түссе. Әлде соның тие ме бір кесірі, Сұмрай тазша әлде жау ма, дос па? Ұялғаннан далаға үш күн қонып, Төртінші күн болғанда келді қосқа. Атын ұстап жүгіріп тазша майда, “Мырза келді, – деп кекеп, – орын сайла. Жеңгейдің көңлі қалай, тынышпа екен, Әкелген өрік пен мейіз қайда? –Байлап қой, Бақа айғырды әбден суыт, Жемес астан, тазшам, қылма үміт. Бір қоржынды толтырып салып еді, Асығыс болып, ауылда қалды ұмыт. Қарабай жүр мехнатқа белден батып, Еңбегіне алып жүр, бейнет сатып. Жабағының жарты етін жеді дағы, Бір мес қымызды ішіп алып, қалды жатып. Сол жатқаннан ұйықтады бір күн, бір түн, Өзі мырза, өзі хан, оятар кім? Қарны тойып, ұйқысы қанғаннан соң, Тұра келіп, көңілденіп отырды тың. Қоста отырса қан күлкі, Қодар мырза-ақ Көңілмен Баянды алып отыр жырғап. “Серігім, сенген досым, сен, – деп, – Тазша Жауырынан қояды ырғап-ырғап. Тазша айтады: – Арызым, Қодар мырза, Мендей серке таппассың, ойдан-қырдан. Елге барып қайтуға, лұқсат бер, Мырза-ау, болсын десең назың ырза. –Барсаң барып, келе гөр, Жүзік кермен, Алшаңдап, аяңдап, желіп керден. Сен, антұрған, жолшыбай жеп қоярсың, Сәлемдемемізді қыздар берген. Барма десе шығарар тазша егес, Оны Қодар сезеді барма демес. Ашықтықпен есалаң болып кеткен, Шынында бұрын Қодар, ондай емес. Тазша келеді аңсаған Баянына, Баянжан Қозыдан аяды ма? Түн алса құмарлығын, күн артады, Сұ м тағ дыр ә лде нені таяды ма? Ғашықтар кездесетін кез күткенде, Сезімдері сескенбес сезік тен де. Түн баласы кім білсін, ішкі сырын, Аңсаған екі ғашық кездескенде. Білсе де айтпас меңіреу түн, құнысқан гүл құлпырар, тигенде дым Ғашықтың да жандары жадырайды. Тілден арман төккен соң, көң ілден мұң, Қалпынан сұ лу Баян бұ зылмайды. Қодар десе құз таудың мұзындай-ды, Тоғыз қонып, шіреніп жатып алды. Қарабай “қайтпадың” деп ызыңдайды, Өз ара көңілдесіп қатын-қалаш. Тазша сыры айналды болуға паш. “Екі қабат болдым, – деді Баян, Ат жаратып, дайындал, тез алып қаш”. [Қозы]: – Қашып, ол неден қысылғаным? Ерге ердің сыбағасын ұсынғаным. Елді жинап, аламын салтанатпен, Аллаға ақ, халыққа аян, ісім, мәлім. [Баян]: – Оныңа менің әкем көнбес, Қозы Жөн сөзге зорын таппай көнбес, Қозы, Қодарды шоқпар қылып, қолына ұстап. Айтқан сөз құлағына енбес, Қозы. Қайтсе де дәулетке аумай, тұрмайды жұрт, Салт жолдас көреді сені, бір серт. Екі жақты болмайсың, олай болса, Бір айласын тап [дағы], Қодарды құрт. Ойлай берсең өмірдің жазымы көп, Жас жаны албырт, ақылдан азығы жоқ. Кісі өлтіру жолы емес әділеттің, Өлтірмеймін Қодардың жазығы жоқ. Өзі келіп соқтықса, мен де дайын, Бірімізді жұтады ажал жайын. Күш-айласы, ақылы артық емес, Айтшы, Баян, Қодардың несі уайым? [Ау, Баян, бұл сөзіңді тыңамаймын], Ақ некемді қанмен былғамаймын. Кімді болса ұрыстыратын, Епті тағдыр келтірер бір ыңғайын. Қатындар біріне-бірі өсек айтып, Ұшқыннан [бара-бара] өрт ұлғайып, Қарабайдан мазасы кеткеннен соң, Қозы Көрпеш жылқыға келді қайтып. –Кесірің асып кетті, ал, тазша, сенің, Екі-ақ қон, деп айтқаным қайда менің? Тоғыз қонып, шіреніп әзер келдің, Кәнеки, өрік, мейіз әкелгенің? –Қодекем қоста отырып, бөсіп отыр, Баян сенен үмітін кесіп отыр. Жездеме өрік, мейіз бер, – деп, “Құлдың теңі құйқа ғой” десіп отыр. Ішінен Қозы Қодарға болды кекті, Жер жібіп, ат көзіне көк те жетті. “Енді барамын, қойымды жаямын”, – деп, Күреңмен Қозы Көрпеш қайтып кетті. Түгін түлеп, өзгеріп мал раңдап, Ойда – орман, қырда тастан күй жүр андап. Майда желмен тұрғандай әзілдесіп, Көктемдегі гүл [майысқан] бұраңдап. Тар кеңіп, тандыр иіп, тапшы ұлғайып, Тойынған дәулет ұлғайып, ел де, байып. Аякөздің бойына келіп қонды, Қалың ел қарлығаштай қанат жайып. Ойдағы ел араласып қырдағы елмен Ерулікке шақырып бұрын келген, Сасан би ас бермекке сауын айтты, Өткен жылы немере ағасы өлген. Жабдығын жалпақ елден алған сайлап, Жаратты дәмелі аттың бәрін байлап. Алдыңғы аттың бәйгесі жүз ала тай, Бас палуанның бәйгесі жүз нар тайлақ. Қарабай да осы асқа дайындалып, Қайтпақшы жүз тайлақ пен жүз тайды алып. Қодар қайтсе жығады бас палуанды, Алдына қосқан аты, келеді анық. Тазшаға айтты:– Қодардың орнында сенқал, Қодар қайтып келгенше, баға тұр мал. Сыбағаңды әкелемін келме сайып, Тиман-ды қазы-қарта, жая мен жал. Қарабай асқа кетті, Қодарды ертіп, “Кім шығады” деп келеді Қодар бөртіп. Жолдасының бәрі де ылғи тентек Бірі еліріп, сөйлейді, бірі серпіп. Ас болды, шығарады бәйге атты айдап, Ру басы адамдар елді жайлап. Екі рулы ел бөлінді, екі жаққа, Ортаға түсіреді балуан сайлап. Қодар түсіп балуанға белсенеді, сынады, Қодарды ешкім жықпас ел сенеді. Сасан жақтан шыға алмай оған ешкім, Қодарды мақтан кернеп теңселеді. Намыстанып, бұзылды Сасан түсі, Қодармен күресуге таппай кісі. Бір жас жігіт түседі “күресем, – деп, – Жығылу-жығу дағы ердің ісі”. “Жығылсам жер ойылып кетпейді, – деп, – Ерден артық болмай ма, ердің күші”. Сасан би риза болып, бата берді, “Дулығаңа қонсын” деп бақыт құсы. Жігіт айтып, Қодар бара сенген, Қоңыз болар қолыма тисе деген. Орамалмен бет-аузын тартып алды, Қодардың сескенем деп иісінен. Жас жігіт сәнді киген бір келбетті, Бұл ел емес деседі, “қайдан кепті?” Екі балуан ұстасып қалуы мұң, Қодар жерге, күріс етіп, шаң бұрқ етті. Қодардың есеңгіреп, демі құрып, Орнынан үш ұмтылып, әзер тұрып, “Қапың болса, қайта кел”, – деді жігіт, Артына бір қарап, “Қодар мырза”, деп мойнын бұрып. “Қапы кетті, қайтадан күрестір”, – деп, Қарабай доқ [көрсетті] жерді ұрып, “Күш – ердікі, олжасы – көптікі”, – деп, Жүз тайлақ жібереді үлестіріп, Жанжал мен таратам деп, дәл осы асты “Қайта күрестір” дегенде Қодар қашты. Әйтеуір қосқан аты өзі келіп Ашуын хан Қарабай сонда басты. Айтушы келтірер алса, сөздің өңін. Тыңдаушы тексере алса, артық-кемін, Жақсы әңгіме ашады ойдың көзін – Миы керең болмаса, соқыр сенім. Аяма, жаралама, әділ сына, Тыңдаушыдан тілегім осы менің. Тыңдаушылар жалығып кетпес пе екен, “Тарту” деген тоқалдың айтсам жөнін. Ал байларға әуелден кім тәуелді, Амалсыз, әлсізден мың тәуелді. Баяғ ыда сатылап қ орғ ан болғ ан, Хан мен бек, би, батырлар шын тәуелді. Сол тәуелді батырдың бірі бастап, Бір кезде торғауытты шапқан қастап. Жас қызды қолға түскен – он төрт жаста, “Тарту” деп Қарабайға кеткен тастап. Қарабай сол сұлуды тоқалға алған, Бүркіт құсап шеңгелін бір қыса алған. Осы түнде Тарту қыз тоқал болып, Күніне мұң болып, жасыпты арман. Қорлығы Қарабайдың жанға батты, “Тарту тоқал” атанды желек жапты. Сол күннен былай қарай, жас тоқалдың Елжіреген жүрегі тас болып қатты. Бар күші кекке айналды денедегі, Кектенгенмен қолынан не келеді? Қарабайдың арнаулы сыбағасы. “Мінекей, мен бір арам дене” дейді. Жүре-жүре болып алды тіліде ащы, Тоқалдықта өткізді отыз жасты. Аймағына әйгілі, атышулы, Сайқалдардың тобына болды басшы. Тарту құмар Қодардың денесіне, Қодар оны санайды енесіне. Есіл-дерті Баянға кеткен ауып, Қодар оны еске алып елесін бе? Енең емес, апаңмын десе де тек, Қодар оны ұнатпас көреді жек. – Сәті түсіп ілінсең, қармағыма, Бәлем, Қодар басың кетпесін деп, Кегі менен күнәсін алмақ ақтап, Ұмытқан жоқ ол кегін жүрген сақтап. Егер де Қодар көнсе, енең қайта Қарабайды тұрмастай кетпек таптап. “Әттең, дүние-ай, қайтейін, Қодар шірік, [Жас] балаша шырмалып, жүрген шіріп. Мен секілді Баянды ол да әкетсе, Қан жылатып, артына мінгестіріп”. Қодар бір атасы жоқ дуана-ды, Ғашықтық ойға, қырға қуалады. Тазша менен Баянның арасында – Өсекті естіп Тарту қуанады. Жаратқан қайраты мол, ақыл аз қып, Мал соңында Қодар жүр міне қаңғып. Бас көтерер бәрі де асқа кеткен, Тарту қалған Тазша мен Баянды аңдып. Жарық айлы, жазғы кеш, Қалың тастың ішінде, Сүйісіп отыр екі жас. Жаны еріннің ұшында, – Ақылмен істе Қозыжан, Сен бе, қайрат күшіңе. Абалаған ақ қаншық Жиі енер түсіме, Қара қабан, қара бура Ақсиып аузы, тісі де. Қарабай, Қодар Тартудан Қауіптенген, үшін бе Өрекпи берер жүрегім. Алға түсіп ішіме Аллаға аян, Қозым-ау, Сенсіз өмір сүрмесім. Қабан болып көрінген, Қодар болып жүрмесін. Қайырсыз әкем түсіме Қарт бура болып кірмесін. Ақ қаншығым, Тарту болып Өсектің отын үрмесін, – Түс деген не, Баянжан, Күндізгі ой ғой ойлаған. Ойдың басып ұшығын. Ойлай берсең, ойлы адам, Өмір толқын біз шабақ, Ағынға қарсы ойнаған. Уайыммен адамның Сарғаяды сүйегі, Сен сарғайып, жүдесең Менің, жаным күйеді, Өмір менен өлімнің, Бірге тағдыр тиегі. Тәуекел, күтін, тағдырдан Не сыбаға тиеді. Міне, сыбыр тоқталды, Тағы екі жас сүйісті. Құшақтары айқасып Төсіне төс тиеді. Шөп, жапырақ сыбдырсыз, Жым-жырт болды айнала, Аасында Тлдардың Сығалайды ай ғана. Тынық ауа жастардың Сыбырларын тығады. Етпеттеп келіп, ық жақтан Тарту тыңдап бұғады, Епті ерін сүйіскен Шөпілдеген ұғады. Қашан сыбыр басталар, Қашан сүйіс бітеді. Соғалды деп қашан жел Асығып Тарту күтеді. Міне, сүйіс тоқталды, Қайта сыбыр басталды, Кенеттен жел тұрып Ырғатады, жас талды Сыбдырларын жылмаң жел Іліп ала жөнелді Желден ұғып сыбырын. Тарту сайқал кенелді Бір сөзден Тарту туғызбақ Бәлені өрттей көлемді. “Қозым” деген Баянның Қалтыраған дыбысын, Есітті, Тарту түсінді, Бітірді, кетті жөнелді Тартудың бар ниеті бәле ұлғайтпақ, Осы түнде Қодар да астан қайтпақ. Боза салып, дайындап күтіп отыр, Тарту көрген, білгенін Қодарға айтпақ. Тарту білді, Қодарды кім жықты аста, Қозыны жан білмес одан басқа Кеш үшін бе, жазықсыз нәфсі үшін бе, Жазықсыз қастық қылмақ екі жасқа. Бәйгі ала алмас жығылып масқарадай, Қодар келді ауылға ас тарамай. “Жығылды, – деп, – Баянға айтпаңдар”, – деп, Көрінгенге жалынып жас баладай. Тарту отыр дайындап сыбағаны, Қодар үшін безеніп тіл мен жағы. “Мал иесіз, сусын ішіп кетемін”, – деп, Іңірде келді ауылға Қодар тағы. – Астан аман қайттың ба, Қодар мырза, құрметті Мырзам да сың, Құлым да сың Тыңда бір кепті: Әуреленіп сен жүрсің, “Аламын” деп Баянды Еңбек қылып бағып Қайырсыз бақа-шаянды, “Есің бар да елің тап”, Енді ажалың таянды. Қаның бірге қалмақпыз, Өмірің Қодар қауіпті. Беліңен шешіп қылышты, Ұйықтама шешіп сауытты. Жарым деген Ақ Баян Қодар-ау, саған жауықты. Қозы Көрпеш тазша болып Ақылменен айла тауыпты Қодардың ыза басты түкті бетін, Ішкі ызасы шығарды сыртқа уытын. Езуінен ыза менен қан сорғалап, қыршылдатып шайнайды екі ұрт етін. Іші-бауыры өртеніп болады шоқ, “Тазшам, саған жалынсын, – деді, – бір оқ”. Тарту құйып бір берсе бозаны, Қодар жұтып береді, қайтару жоқ. Масаттанып көңілі біраз жайланады, Ал енді Тарту сайқал майдалады. “Сақтанбасаң, Қодар-ау, Қозы Көрпеш, Басыңды қанжығаға байлағаны Жауыңды жеңу үшін күшің білер, Көмегің – ақыл, айла, ісің білер. Бұл бетіңмен соқтықпа, сен тазшаға, Мен емес саған теріс түсіндірер. Бай бүгін Сасан байдың ауылында дәл, Қарабай жанын қияр дегенде мал. Қызыңды Қозы Көрпеш күйеу алды, “Суымды төлеп бер” деп бар да әлек сал. Қарабайдан қаймықпа, бірден ықпа, Би алдында сөзіңді әбден нықта. Сасан би де шыға алмас бай сөзінен, Ай сұлуды алмақшы тоқалдыққа. Мас болса, бір ол емес, әркім күшті, Ел жатқан жоқ, малды ауыл сабылысты. Би мен бай ақ боз үйден отыр еді, Қодар келіп кермеге аттан түсті, Жел беріп бір жағынан мастық күші. Тісін қайрап, денесі селк-селк етіп. Қаһарын тіге келе Қарабайға, Тізе бүкпей есіктен еніп келіп. Сапысының сабында оң жақ қолы, Бурадай бұрқырайды тентек долы. Сасан биде сескенді қашып өңі. “Жеті атама жетеді, – деп, – осы кек”, Аң-таң болды түсінбей, отырған көп. Қарабай Сасан биге қарай берді, “Қодар жан-ау айтсайшы не болды”, – деп. Кек бітпейді, жаңбырдай бір қан жаумай, Мені алдағың келіпті осал жаудай. Қызыңды Қозы Көрпеш күйеу алды, Неге алдадың, жауап бер, табан аумай?! Қодар-ау, күйеу қылғам мен жіп тағып, Қозыны мен көремін, сірә, нағып. Қыз менікі, беремін, Қодар, саған, Көзің жетпей сөйлеме босқа лағып. Жоқ, Қарабай, көнбеймін, жетті алдауың, Сен алдадың, Қозы сенсің жауым. Буаз қызың, ендеше кімге дәрі, Жарылды да қаңсыды, түсті қауын. Тоқсан мыңның аламын қақжарымын, Бекер ме еді еңбек қып сұрағаным. Көнбесең, ауылың мен аймағыңды, Хауызына сыйғызам бір тарының, Күш көмек таба алмайтын мен емеспін. Атығай жігіт сығай, сай қаруым. Жайдақ атқа мінгесер ерегіссем, Баяндай әлпештеген ақ аруың Қорқып, сірә, көргем жоқ мен қорғалап, Өзіңді-өзің сөйлеме, тым зорға балап. – Қыз менікі, Қодеке-ау, сен аласың, Ел бүлінсе, сүңгіден қан сорғалап. Сен кетсең, қырылады барлық малым, Жаным малда болған соң, сенсің жаным. Ай сұлуды берейін тоқалдыққа, Ал, Сасан, өзің тап, бір амалын. Сасан айтты: – Сөз қылдың, оның несін, Кім оған қыз береді “алам” десін. Көрмей, білмей, қояйық уәделесіп, Өлтір де, көміп таста өлексесін. Биеке-ау, оған “бар” деп мені қыспа, Онымен шыға алмаймын, мен ұрысқа. Алғашқы көш-жөнекей сынасқанда, Менен оның күші асқан аударыста. Жасырынып, елімен асқа барып, Мені жыққан сол екен, қапылыста. Садаққа менен тартқыш, менен мерген, Қылыш пенен найзаға тағы да ұста. Сасан айтты: – Қорықпа Қодар, тайқап, Бір барып қайтер дейсің көрсең байқап. Жалғыз атты жолаушы не қылмақшы, Біз рулы елміз ғой, ұлан байтақ. Қарабай айтады: – Бидің сөзіне бақ, Сыртыңа сыр шығарма, аузыңды бақ. Адалдық саған – маған, тіпті жақтас, Осы түнде бар, өлтір, айласын тап. – Қарабай, жетті алдауың, бара алмаймын, Мен саған ерсем, арандаймын. Сенен алам кегімді, жауым сенсің, Екі сөйлеп сірә, екі жаралмаймын. Жауыңды сонда аласың, білсең шыдай. Сасан би айтты: – Қодар мен Қарабай бол ма екі ұдай, Би айтты: – Қызыңды алда әуелі Ырзалық бердім де, міне, Құдай, Күштен сірә, айла мен әдіс одар, Сақтансаң жауыңнан сақтық тозар. “Оларға қашып кетті” деп қуыңдар, Тығылып жата берсін мұнда Қодар. Қонаққа біз күйеуді шақыралық, Сондай-ақ мықты болса қапы ұрарлық. Боза менен шарапты беріп-беріп, Құм сорған тамшы судай батыралық. Астыртын ақылдасып жасайды еп, Сасан бидің қызы мен келіні кеп, “Әкем сізге жіберді әдейі бізді, Қонақ болып, үйге жүріп, дәм татсын”, –+ деп. Баян айтты: – Ниеті қара ма, ақ па, Күйеуді шақырыпты би қонаққа. Түк сезбейді дей ме әлде бізді, Болмаса Сасан бидің үйі олақ па? “Қодар қашты, Қарабай берді ырзалық”, Дегенге нанған адам ақымақ па? Бәрі-бір, бармасам да, барсам да жау, Оларға нанамын деп жазым таппа. Достықты, жаулықты да бекем ұста, Аяма әлің келсе жауды алысқан. “Ел елдігін қорғайтұғын үш себеп бар, Деп айтқан екен бір данышпан. Өлімге жыламайтын суық бет, Адалға қарамайтын аста ниет. Бірінші ел елдігін қорғайтұғын, “Ел қамқоры – басшының әділеті, Ол да ойланбай айтылған сөз емес тек. Дәулет сол бір адамға тоқтаса көп. Екінші ел елдігін қорғайтын сол – Топталған халықтың дәулеті” деп. Ол да ойланбай айтылған сөз емес бос. Ел елдігін қорғасаң еліңе ел қос, Үшінші – батырлардың қорғандығы. Еліңе жау азайып көбейткен дос. Билеуші Сасан болса парақор би, Қарабай байың болса “қанға қан” ғой. Жұрт қорғайтын батыр Қодар болса. Енді теңдік дегеннен үмітің тый. Бәрібір, бармасаң да, барсаң да, Жау қаны, төгілмей сірә шешілмес дау. Ендігісін өзің біл, ойла әбден, Қозы, сенің еркіңде бару, бармау. Таңсық айтты: – Бар, Қозы, қорынбай-ақ, Саған достық қылмайды, олар аяп. Аямаса оларды сен де аяма, Жұлыныңа тұрғанда пышақ ая. Қамтамасыз сайлап ал қару жарақ, Айлаңды енді олар күтпес қарап. Кел күйеулеп бәрі де ұсынып бар аяғын, Мас қылуға, тырысар беріп шарап. Мас болып қалма, байқап іш, әліңді аңғар, Аранын ашты айлалы, азулы аңдар. Есік жақтан елеусіз, мен жүремін, Ішімнен буынып алып алмас қанжар, Еңбексіз бос жүргенді, жүрген сән қып. Тамақ үшін сан жігіт барар қаңғып, Солардың бірі болып Көсемсары, Елеусіз жүрсін барып, сыртынан аңдып, Таңсық ерді, ермейді Баян мен Ай, Көсемсары елеусіз барған боп жай. Би үйіне келді сөзге келмей, Үшеуі – қарулары сақадай сай. Ауылдан аулақ жерге отау тікті, Сасан би айласының сәтін күтті. Жиылған қыз-келіншек, бозбалалар, Бұл сырды сезген емес бірі тіпті. Бұлар отыр ешнәрсе сезбеген боп, Сезді деген Сасанның ойында жоқ. Ойын-сауық басталды, қызды думан, Ішкендер мас, еліріп, жегендер – тоқ. Күй тартып, би билеп есіледі, Жастардың ойын-сауық аңсағаны. Шарап, боза, қымыздың есебі жоқ, Мол тамақ, май сорғалап, бал тамады. Созылды ұзақ түнге ойын-сауық, Кім білсін, сүрінеді ант, кімге ауып? “Амалым іске аспай, қала ма”, – деп, Сасан бидің ойында үлкен қауіп. Түн жерден көтеріліп таң дағы атты, Таң күткенге таңғы ұйқы қандай тәтті. Қабығы қарақошқыл қарт теректің Түбінде, ерттеулі аттар өңшең бапты. Кейі ояулы, кейі қалғып, кейі ұйқы да, Отырған адам саны отыз шақты. Астында асау тайлақ, қойды өргізіп, Әлгі қойшы жігіт ән шырқатты. Ақылына жол бермей, байлап сезім, Албыртып меңгере алмай мүлде өзін. Булығып ыза-кекке Қодар отыр, Қозының өлімінің күтіп тезін. Қотаннан түгел өрді, төрт түлік мал, Иттердің саябырлап үргені сәл, Ән салған жас қойшыға айтты келіп. Өгіз мініп өксіген құрышы шал. –Балам-ау, ән салғаның қай қылығың, Қайғысын түсінбестен қайғылының Ару Баян айрылмақ сүйгенінен, Бүгін күн, білемісің қайғылы күн. Әнекей Қодар жатыр дайындап оқ, Сасан жатыр ешнәрсе сезбеген боп. Қайғысын әнмен қарсы аласың ба, Екі жас жазым болмақ, жазығы жоқ? –Байғұс шал, есіркеме оларды аяп, Әнекей қозың қойға қалды таяп. Онан дағы қозыңды қайырып ал, Жамыратып, жеп жүр ме байдан таяқ. Тіршіліктің сырына жете түсін, Тіршілік таласы үшін, тартысы үшін. Әлде бұрын өлерміз біз, Болашақты кім болжамақ тағдыр ісін. Кім білсін, Баян әлде серттен таяр, Кім білсін, Қодар өліп, Қозы қалар. Кім білсін, Қодар өлмей, Қозы да өлмей, Сенісіп бір-біріне достық табар. Таласып, жеңгені алсын сұлу қызды, Көмегіне шақырмас олар бізді. Жаратылыс әуелден жаратқан жоқ, Жан иесі дегенде жазықсызды. Есіркеп аяладың Баян қызды, Білдің бе, аяй ма екен Баян бізді. Аяу түгіл, бізді есіне алмас, Жазалаушы аямас жазықсызды. Тіршілікке олар да бере алмас мән, Біз үшін [екі батыр] төкпесін қан. Бірі өліп, бірі қалсын, қайғырмаймын, Жапқан ауыз, жанымның азығы – ән Сол кезде күн шығуға берді белгі, Гүл жайнап, құстар сайрап, жер кенелді. “Мас болып, Қозы Көрпеш ұйықтады”, – Деп Қодарға қолма-қол хабар келді. Атына мінді Қодар тұрған дайын, “Бәлемнің деп ойлады, – таптым жайын”. Жын-перілеріне сиынып, дұға оқып, Кектеніп құтырынды бурадайын. Көз алмай Көсемсары айналадан, Тұрғанда көрді алыстан бір топ адам. Қодар бар көп ішінде баданадай, Астында ала бір ат айдаладан. Көсемсары сездірді таңсыққа кеп, Бұл сырдан хабары жоқ отырған ед. Көп алданбай, аялдамай тез шығыңдар, Мен тыста ат дайындап тұрамын”, – деп, Ақ торғын орамалын қолына алды, Суық суға малды да орамалды Жігерлі үнмен қыз Таңсық жырлап келіп, Қозының бетін кенет уқалады; Көтер, Қозы, басыңды, Жау қамап тұр, жан жақта, Елім деме бұл елді Дұшпаныңа алдатпа. Тұр Қозы Көрпеш қаруын алып, “Жан жағымда кім бар?” деп алды барлап. Қаймықпа Қозы, Таңсық сыртқа шықты, Көсемсары тұрады ат даярлап. Үшеуі атқа мініп белден асты, Таңсық айтты: – “Енді, ол қорқып қашты”. “Бір айқасып қаламын не де болса”, – Деп Қодар бедеуіне қамшы басты. Белге шығып, бедеудің басын тежеп, Шіреніп тұра қалды садақ кезеп. Бұрылып тұра қалып Қозы Көрпеш, “Аяма” деп Қодарға берді кезек. Қозы Көрпеш ылдида Қодар өрде, Қодардың оғы жетпей түсті жерге. Садағын Қозы Көрпеш кезеді де, “Ер болсаң, шыдап тұр, – деп, – кезекке бер де. Биікке ойдан тартқан оқ жетіп, Бедеудің өңменінен кетеді өтіп. Жығылған бедеудің басын сүйеп, Мұңайып қалды Қодар намыс кетіп. Қозы келсе, тұр екен Баян тыста, Баянға түсінікті берді қысқа: –Сасан би өлтіруге шақырыпты, Жазым бола жаздадым қапылыста. Әділет, ар-ұятын малға сатып, Айласын асырмақ боп бұғып жатып. Тығылып, Қодар сонда жатыр екен, Өзін атпай, бедеуін кеттім атып. Ер жігіт егескенмен елдеседі, Тіресіп, белдескенмен белдеседі. Баян айтты: – Кетпедің неге атып, Қодар өлсе, бәленің оты өшеді. –Ол оның дұрыс емес, Баян айым, Ақылмен салыстырып қылғын пайым. Ол дағы мен секілді саған ғашық, Қодардың қанын жүктеп неғылайын? Тексерсем, оғына атқан оғым шығын, Қарабай оған берген теріс ұғым. Қодар жынды көбелек отты айналған, Жазықты Баян сенің сұлулығың. Соны ойлап, мен Қодарды атбай кеттім, Тетігін тексердім, бар-ды сертім: Ажалым содан болса құтылам ба, “Шегінен аттамаймын әділеттің”. Қодардың жазығы жоқ, зәредейін, Сасан айтса, әділет бар-ды дейін, Жауым – Сасан, пікірін өзгертпесе, Барып мүлде Сасаннан арласайын, Көсемсары қасына келді дейді, Ашуы тарамаған сұп-сұр күйде, Атын ұстап, тыста қалды Көсемсары, Сұраусыз Қозы Көрпеш кірді үйге: –Ассалаумағалейкум, Сасан ата, Сыртымнан беріпсіңіз, теріс бата. Жазықсыз қастық істеу әділет пе, Биеке-ау, тексермедің, кімнен қата? Қодарменен таласым – бір сұлу қыз, Мойныма қой да, алдыма кінәмді тіз. Мен сізден қашан қаштым, [жазығым не?] Сыртымнан мені өлімге бұйырыпсыз? Кісі жоқ депсің өлсе сұрайтұғын, Елі жоқ депсің басын құрайтұғын. Ақылдының ісі ме айтшы, Сасан, Әлгі елге, кек құлағын бұрайтұғын Олар да өлмей бітпес сарын жатыр, Тайлақ би шөгіп, үлкен нарым жылтыр. Шығады, балталының бір өзінен, Айдынды, айбас бастап сексен батыр. Жесірім іздеп келген менің Баян, Сен тыққанмен, тыға алмассың, халыққа аян. Еліңді тас-талқан қып шауып алсам, Адамың бақа болар, малың шаян. Шақырып ал, алдыңа, әділ тексер, Алдыңда басын қоссын маған өштер. Ел бүлдіргің келмесе, егер, Сасан, Ал, іске әділет айт, артын да ескер. Қозының айтқан сөзі биге батты, Қарабайды шақыртып, сөкті қатты. Тіл ал, жөнге сендағы кел, Қарабай, Қапысыз қызың менен күйеуің сай. Ырзалық бер, той істе, – деді, – Сасан – Күйеуді таба алмайсың сен Қозыдай. –Сасан-ау, айтшы есіңнен тандың неғып, Сертті бұзып сөйлейсің, теріс лағып? Қыз менікі, беремін мен Қодарға, Қозы Көрпеш бермейді, жылқы бағып. Сөзін естіп, ел жерге түкірісті: “Көнбейтін қайдан алдың сен, бұл күшті?” Күш кеткен Қарабай қорыққанынан, Қатесін мойнына алып, тезге түсті. Сасан айтты Қодарды шақырып ап: –Атың басқа ер едің, жерің жырақ. Қыз берейік, алдыңа мал, басыңа үй, Қарағым, аманыңда еліңді тап. Қодар шықты: “Мен өзім білемін, – деп, – Көнбеймін, орындалмай тілегім, – деп. Торғауыттан, тоқсан мың шеру тартып, Сабаңды керегеге ілемін, – деп. Қодар кетті қош айтып, “көремін”, – деп, – Азуым алты қарыс серемін, – деп. “Сендерге құл болғанмен, еліме ұл Сыбағаңды тойғызып беремін, – деп. Күш-қорым көмегім жетеді, – деп, Кегім неғып қазақта кетеді, – деп. Баян маған жоқ болса, саған да жоқ, Өмірі жаулықпенен өтеді”, – деп. “Елге қайтып баруға, не бетім бар? Не өлем не кек алам”, – дейді Қодар. Ертелі кеш аңдыды содан келіп, Ауылға таяу жерде бар биік жар. Қодардың ішін ыза жайлап жүрді, Қаруын қамтамасыз сайлап жүрді. “Қозы Көрпеш өлмесе, мен тірі емес” деп, Өлімге өзі басын байлап жүрді. Үлкен той – Қарабайдың аулы жиын, Күйеуге тігіп қойған аулақ үйін. Біреуі бие, біреуі тай, біреуі қойын, Тұсынан әкеп жатыр, күйеуге сыйын. Мал сойылып, қазылған жер ошақтар, Біреуі өлең айтып, біреуі жар-жар. Жарыс, күрес, көкбардың, бәйгесіне [Аямай-ақ] ат, атан, тігеді нар. Қозы Көрпеш сүйсінсе, сүйіп жарды, Сүйіне алмай, тартып жүр Қодар зарды. “Кешке таман бір сыр ғып қайтайық”, – Деп өзеннің жағасына Қозы барды. Ай, Таңсық, Көсемсары, Баян да бар, Қасында қыз-келіншек сол қатар. Ерігіп Қозы ойнайды ақ Баянмен, Аш арыслан қуғандай ақмаралды. Бүгінгі күн секілді Қодарға жақ, Кезеді өлер жері осы ғой деп, Нақ Қозының қолтығының астынан кеп, Сүңгіді недәуір-ақ. Суырып тастап, оқты жанталасып, Құлай берді жарасын қолмен басып. Ішіне қан толғанша есінен танбай, Отырды жарыменен арыздасып. Бекем ұста өзіңді, Аяққа баспа, аяулым. Айтылған серт сөзіңді, Аяулы, асыл Баяным, Бол әрқашан төзімді. Жан анама аман сау, Тапсыр менің көзімді. Қош аман бол, сүйгенім, Өлер шағым сезілді. Деді де қолын Баянға ұсынды, Ақтық деммен бұлқынды, көзін жұмды. Тіршілік, тартыспенен қатысы жоқ, Тыныштыққа сүңгіді, мүлде тынды. Қозының қолын ұстап Баян сұлу, Сол сәтте тәтті өмір татты-ау. Ү міт, тілек кесіліп келтесінен Мұзға айналды жүрекке барлық жылу. Қатем болса кеш, жарым, менде кештім, Жеті жастан қайғының астында өстім. Басқа дүние жарығы түспей маған. Саулап тұрғын шырағым, лезде өштің, [Мұң]-қайғыға кеудесі лық тола, Жарынан күдер үзіп ол біржола, Баян қойды Қозыны дөң үстіне, “Жақсылап салдырам, – деп, – тастан мола”. Қодекең Бақа айғырды жаратады, Той аяғын жаяумен таратады. Қылған күлкі Бақа айғыр дегендейін, Қорқытып елді өзіне қаратады. Айтайын Қарабайды енді, қауым, “Үш қызым балталы мен менің жауым. Бұл арада отырсам, маза бермес, Ауам деді бетіме алып Алтай тауын. Қодарға Баян айтты: – Аулақ жерде, Мен десең, Қарабайға сен енді ерме. Сасанбидің, шырмалма айласына, Сырыңды айтып, сырттансып ырық берме. Енді менің әуелі сенсің ием, Шын жүрекпен бір ғана сені сүйем. Ту басында білмедім, қателестім, Қасиетің бар екен, әлде киең. Бір мен үшін көрдің-ау көрмегенді, Кеш Қодаржан, босады бүгін жүйем. Қозының аманаты бала тусын, Туған соң, неке оқытып саған тием. Мастанып Қодар надан, нанды бұл сөзіне, Баянжан-ау, менде емес, кінә өзің де. “Қанын ішсем, қанды кек тарқар еді, – деп, – Келтірем, – деп Баян жүр, – бір кезіне”. Баянға “әкең ауды” деп хабар тиді, Ерекше Баян сұлу киім киді. Қасына Көсемсарыны ертіп алып, Әдейі іздеп келді Сасан биді. Күн жақта көлде жүзген қудай болып, Төгілді қара жорға судай болып. Үйіне Сасан бидің кіріп келді, Жарық етіп алтындаған тудай болып. Сасан би жатыр еді жастық қойып, Масаттанып дәулет пен баққа тойып. Баянды қошеметтеп қарсы алды – Қымызды сапырады, бағлан сойып. Сасанның білді Баян сөз ыңғайын, Секілді не айтса да соған дайын. Тамақ ішіп болған соң қазақ ғұрпы, Би сұрады Баянның келген жайын. – Сасан би, жасың келді алпыс беске, Істеген Қозыға жақсы ісің есте. Алдыңа шығып келген жоқ шығарсыз, Қозыдай ұлы-қызың бар емес пе? Қарабай “кетем” деді тағы да ауып, Ауғаны маған қайғы, оған сауық. Қыңыр тоқал билесе, ләзі не, Ауса, аусын жайлы қоныс алса тауып. Тоқтатпа, ауа берсін Қарабайды, Атаны, азаматы, аты сайлы. Биеке-ау қарабайдан еншімді әпер, Ол ауғанмен қарт шешем ауа алмайды. Бір емес маған жүзінің таласы бар, Бір Қозыдан басқасы жала шығар. Тапсырмай аманатты кете алмаймын, Ішімде Қозы жастың баласы бар. Сізбен біздің арамыз болмас алыс, Сізден басқа сенерлік жоқ қой таныс. Ол жағына мен емес, сіз иесіз, Мені Қодар әкетсе, кімге намыс. Баянның айтқанына би ойланды. Құрту оңай Қодардай есалаңды. “Менен асып Баянды әкете алмас, Деп бұл өрттің бәрінен мен шошыман-ды. Би тыңдап, Баян сөзін мақұл деді, Бай көнбес пе екен дінсіз кәпір деді. Қарабайдың аулына Сасан келді, Нөкерімен бай “ауамын” деп жатыр еді. –Сасан айтты: Қарабай, сөзім тыңда, “Бұл жерден ауамын” деген сөзің шын ба? Аумақ болсаң, беріп кет енші бөліп, Сен кеткенмен, қалады Баян мұнда. –Енші бер дегеніңнің келмес жөні, Баян алған қодығы ғой дей ме, мені? Онан дағы Қодарға тиіп алсын, Өліп қалған, күтпесе өлексені. Баян ермей, қалған соң Қодар да ермей, Қодар қалса, кете алмас енші бермей. Қодар кеп, он мың жылқы бөліп алды, “Өзім баққан малым” деп ұйқы көрмей. Қарабай тоқтамастан көшіп кетті, Көкпекті, Сарытау басып, Ертіс өтті. Көмілді ме, көмусіз қалды ма әлде, Дәулетінің түбіне Тарту жетті. Қозы өлді, мола тұрды, бала туды, Баянның күндей, нұрын қайғы жуды. Хабарсыз Қозы Көрпеш кешіккен соң, Іздеуге батыр Айбас белін буды. Таңдап, іріктеп елінен сексен батыр, Сегіз қос тиеген еді, бір-ақ шатыр. Тоғыз қосшы, жүз бие сойыс айдап, Бет алып Аягөзге келе жатыр. Ылғи саңлақ мінгені неше түсті, Аузыменен тістейді ұшқан құсты. Арада аз жүрді ме, көп жүрді ме, Қурайлы құйғанына келіп түсті. Қурайлы құйғанына тігіп шатыр, Найза ұштап, қылыш қайрап жатыр. Жеңсіз берен түймелеп жібек торлы, Дулығасын киеді Айбас батыр. Ақ семсер алтын сапты, күміс қынды, Сарамжа оқ, сары садақ беліне ілді. Қару түзеп сақадай сайланып ап, Қурайлы құйғанынан атқа мінді. Екпіндетіп келеді сексен сері, Айбастың бұрын келіп, көрген жері. Алысып ауыздықпен аласұрып, Ылғи санлақ бәрінің мінгендері. Моланы көрді салған құба дөңге, “Бұл мола жоқ еді мен келген де.” Әлдеқандай жамандық сезгендей боп, Толқыды ой кешулі болып меңге. Ер Айбас ойға түсіп, тоқтап тұрып, Жеңген сезік сонда да бермеді ерік. Өлкеде қалың түйе жатыр еді, Күлге аунап, құмға шөгіп, тал сыдырып. Жайшылықта жайдары болса дағын, Айбастың ақылынан ашуы дайын. Сендер тұра тұр осы жерде, Мен барып, түйешіден жөн сұрайын. Түйеге Айбас келді есіз жатқан, Қарт адам қалжыраған түйе баққан. Есітті қалың талдың арасынан, Қарт үнін қайғы күйін қоңырлатқан. Астында ауыздықсыз шабан кері, Бұршақтан үзеңгісі, желқом ері. Дәл жасын білмейді қарттың өзі, Қарсы алдында сексеннің қарыс өрі. Қарт өзімен-өзі жүрген кеңес құрып, Тыңдап тұра қалды, талға кіріп. “Әрай, жаным, әрай”, – деп анда – санда, Қарт арманын аршиды жатқан шіріп. Ой-хой, дүние-ай, дүние-ай Алдаттым саған, алдаттым. Бар көрсеткен қызығың, Дәл елу жыл мал бақтым Алдамшысың, дүние, Аумалы-төкпелі, дүние Елу жыл бақтым түйесін Қарабай қайыр етпеді. Қайыры тұрсын, бір рет Алғыс айту көп пе еді? Алғыс айту орнына Ұрып, қарғап сөккені. Жалғыз қызы Баянды, Мен түгіл, сыртқа тепкені. Ерекше туған ер Қозы “Қодардан өлем” деп пе еді. Мұны естіп, Айбас шыдап тұра алмады, Атой беріп, айғайлап ұрандады. Ат қойды айғайды естіп, сексен батыр, Жарқылдап қолдарында құралдары. Көтерді желпілдетіп Айбас туын, Аяма, аянба [деп] қанмен жуын. Ау десті, ат қойды сексен батыр, Ел үрейленді айқай есітіп шуын. Баянға, Айбас келді – білдіреді, “Сен тоқтатпасаң, [бәрін де] бүлдіреді”. Белдеуге қанды шашқан найза шаншып, Қайғының қара туын ілдіреді. Бір елдің қолбасшысы Айбас еді, Ерегіссе бетінен таймас еді. Мұның бәрін қыз Баян істегені Айбасты тоқтатудың айласы еді. Сасан кеп басын иіп: – Құлдық, Баян, Құдай сені берсейші ұл ғып, Баян. Неғылсаңда Айбасты тоқтатып бер, Алдына айда мені құл ғып, Баян. Күйбежектеп шығалмай Сасан үйден, Баянға қайта-қайта басын иген. Саңқ етті сол мезгілде сыртта дауыс: “Сүйретіп, алып шық, – деп, – Сасанды үйден! –Ана үлгі бермегендей, әке нұсқа, Қаралы үйге шапқаның дұрыс па? Лұқсатсыз үйіме кірмейсің, – деп, Баян қара салып шықты тысқа. Баянды көрді де, Айбас аттан түсті, Таңсық қыз атын ұстап, құрақ ұшты. Айбасқа мұңын Баян зарлағанда, Көңлі бостар аһ ұрып, жалын құшты. Ер Айбасты көргенде Баянның көңілі бұзылды, Сыбызғыда әуені Аспанға үрлеп сызылды. –Балталыдан тартпады Тәңірім дәм мен тұзымды. Қара жүз болып, мен байғұс Айрылдым Қозымнан. Қара тұман қайғылы Басыма менің ілінген. Сені көріп, ер Айбас, Зар шығады тілімнен. Сабыр түбі – сары алтын, Жарамайды, ер Айбас Жетпесті қуып бүлінген. Тоқтатады көпшілік Тасыған таудан селді де. Көптің күші суалтар Ұдайы соғып тұра алмас, Мысалға алсақ желді де. Шын дос болсаң, ол үшін, Шұбатпа қауым, елді де. “Әуелі менің Қодар керегім, – деп, – Сасанды қайта келіп, көремін, – деп. Көк тұлпармен жөнелді Айбас батыр, “Қодардың сыбағасын беремін”, – деп. Қодар қашып кетуді ар көреді, Баянсыз кең дүниені тар көреді. Онсыз тағы да ол өмір сүре алмайды, Ол сүймесе, сүйетін өзі жар көреді. Қодар – қабан азуы кереқарыс, Айбастың ептілігі дәл жолбарыс. Бақа айғырмен алдынан Қодар шықты, Айбасқа тізгін тарту екен намыс. Кеудесін тәкаппарлық кесел кернеп, Өзінше өндіршегі өлер жер деп. Айламен Айбас қару көтермеді, , Найзасын Қодар қалды бұрын сермеп. Найзасы дәл тимеді, жазым тапты, Сапысымен найзасын Айбас қақты. Ұңғысынан найзасы үзілді де, Қолында көсеу болып сабы қапты. Қодардың қайраты мол, айласы жоқ, Айбас әбден ысылған айласы көп. Балағынан түйреп алып қайырғанда, Таудай Қодар топ етті топайдай боп. Көк балтырын найзасы кетеді іреп, Салмағымен жығылған есеңкіреп. Тізесінен сарт етті қайың шоқпар, “Тұра бер ме дегендей, жерді тіреп”. Жайдақ атпен ауылға келеді алып, Қодарды “батыр, батыр” дейтін халық. “Алаңғасар, албырт, – деп, – айласы жоқ”, “Батыр” деген сөзінен қалды танып. Қодар бүгін – мүсәпір, кешегі – ерен, Қашан ойлап еді мұны көрем. Тірідей тікен төсеп көмейін деп, Қодардың Айбас қаздырды көрін терең. Белгілі қызыл ауыз, ел баяғы, Біреулері табалап, бірі аяды. Көрінің жағасында Қодар отыр, Қыл шылбырмен байлаулы қол-аяғы. Сыздайды, шымырлайды қол-аяғы, Таба алмас халде отыр жан саяны. Сонда дағы қарысып қыңқ етпейді, “Есерге, сірә, өтпес”, – деп, – жау таяғы. Ер Айбас қайта ауылға келген күйде, Отырды дөң басында кірмей үйге. Қозының өліміне себепкер деп, Қатерін тігіп отыр Сасан биге. Баян келіп айтады: – Сабыр, батыр, Білдің бе, Қозы қандай жайда жатыр? Әруағы тебіренер ініңіздің, Келтірсең, ел басшысына зәбір, батыр. Ашу асса, айланар ақыл мұзға, Сасан би жазықты ма, жазықсыз ба? Басыңыздан сан кешкен тәжірибе ғой, Кім қызықпай тұра алар, сұлу қызға? Батыр да қасиет жоқ, қанды қылыш, Шын батыр әрқашанда елге тыныш. Қанағат, қайырымдылық, кешірімділік, Ер міндеті, ежелден осы – үш ұлы іс. Сондықтан ел күйзелер бүлік салма, Жазалының жазасын берді Алла. Өзі өлгенмен Қозының баласы бар, “Көп тілеуі – көл” деген тілеуі алда. Алқымынан тығылып ашу кернеп, ..................................................... Айбасқа Ай әкеліп ұсынады, “Баланы ағаңызға сәлем бер”, – деп, Ел себеп ашу басуға, Бала себеп мейірін ашуға – Жас нәресте күлгенде езу тартып, Айбастың әлсіреді ашуы да. Мың ішінен алғандай, Қозыға бала тартыпты анық. Қозыға бала тартып туыпты анық, Ер Айбастың жойылды мүлде ашуы, Баланы сүйген соң, алдына алып. Қанша қатты болғанмен, ол да пенде, Ер Айбас ақылға емес кенде. Баланың қақысы үшін кешірдім мен, Ал, Баян, қылсаңда еркі сенде. Үш қайырды Ақ Баян: – “Мен кештім, – деп, Кешкен болсаң, Сасанға сақтама кек”. Жалаңаш алмас қанжар қолына ұстап, Қодардың тұрды Баян алдына кеп. Отырғаны ойда жоқ, көріп қыспақ, – Ойының ба, Баян-ау, шының ба? Өлтіргелі келдің бе, қанжар ұстап. Өлтірсең, өлтіре бер, жазам толық, Мен пәруана отыңа күйдім қонып. Қозымен бір қабірге жата қалсам, Екі ортаңа шығамын тікен болып. – Қодар-ау, ойын да емес, шыным да емес, Ойын, күлкі көксейтін күнім де емес. Азар надан болсаң да түсінерсің, Қозы өлді, мен саған жоқ, бітті ме егес?! Өлтірмей, босатамын сені, Қодар, Айтқанмен түсінесің нені, Қодар. Тірі жүр, әуреленіп, азабын тарт, Алдыңда әлі көп, көресің бар. Саған тәтті болғанмен Қодар жаның, Маған ащы түсінсең істің мәнін. Бұл қылышты соққанмен ажалға арнап, Сілтемеймін, былғайды арам қаның. Өлтірсем, қаның тамған жер жиренер, Сені көмген, қазылған көр жиренер. Көзбен көрген көпшілік, былай тұрсын, Көрмей атыңды айтқан, ел жиренер. Деді дағы, босатты аяқ-қолын, Қайда барсаң, әнекей, ашық жолың. Тіршілігін кері ердің келтіре алмас, Сен өлгенмен, [орнына] толмас толым. Бір қыз үшін сергелдең, сонша адам, Себеп не, айту қиын, кімнен лаң. Елді жиып ас беріп, ат шаптырып, Қайтуға батыр Айбас жасады қам. “Қыс таяу” деп асықты, жетуге тез, Таңсық бен Көсемсары байласқан сөз. Уәдесін беріпті Ай сұлуың, Айбаспен ең алғашқы болғанда кез. Тұрмысқа шықпақ болып, Таңсық бен Ай, Бата қылуға келгенде лұқсат сұрай. Құшақтап Ай, Таңсықты бата берді, Кең кейілді анасы жылы ұшрай. Той өтті, неке болды тарады ел, Шөптің түсі өзгеріп сарғайды бел. Қыс таянды, дайындал дегендей болып, Сұр бұлттанып, соғады сұп-суық жел. Айбас айтты Баянға: – Ертең көшсек, Баян айтты: – Мейліңіз, көшсең көш, – деп. Баян кетті “Қозыма қош айтсам, – деп, – Моласына түнеймін бүгін кеш, – деп. Өмір кейде мезгілсіз тоз қылады, Кезексіз кейде [ұзақ] созылады. Әңгіменің түйінін шешетұғын, Мұңлы үнді есітіңдер моладағы. “Әруағына не деп жауап беремін, Бар ма менің бұл өмірге керегім? Келдім міне, өзіңді іздеп, жан жарым, Мінекей, сенің, құшағыңа енемін. Осыны айтып, салды қанжар өзіне, Аз күнгі өмір елестеді көзіне. Куә болды жалғыз ғана жым-жырт түн, Өмірімен араздасқан сөзіне. Молаға Көсемсары іздеп келді, Тіршілігін тірі іздер, өлген өлді. “Ақ Баян өлді деген суық хабар, Таңғы тәтті ұйқыдан оятты елді. Екеуін сол халінен қозғамастан, Ескерткішін орнатып, ойып тастан. Ер Айбас кедейлерге үлестірді, Қалған малын бір тайын тастамастан. Өлгеніне қайғырды елі-жауы, Баянға таластардың бітті дауы. Жетісіне жиылған ел тарады, Екі-үш күн әбігермен өтті тағы. Ай, Таңсық, Айбас батыр, Көсемсары – Еліне аман-есен қайтты бәрі. Білмеймін Қарабайдың не болғанын, Бұл болмаса, күл болсын, одан әрі. Жүруге жарамайды аяғы кем, Тіршілігі болмаса, өлгенмен тең. Көрінің жағасында қалып еді, Қодардың не болғанын білмеймін мен. Жетпеді ме, сертіне, Баян жетті, Түсінбеген деседі “жетпей” өтті. Ай қыз бенен баланы Айбас батыр Қалпаққа салып, ақ нарменен алып кетті. Көз көрген жоқ, есіткен құлақ кәрі, Айта берсе, аңыз болып онан әрі. Ардагер, ел ардақтаған ару өлді, Кім күліп, кімге мәлім қайғырады. Жазықсыз жас өмірін жазалады, Хан мен бек, бай-батырдың таластары. Халықтың аузында әлі де аңыз,
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.