Қазақша
ТӨЛЕ БИДІҢ ТАРИХЫ
Қазанғап, өлең десе төгіледі, Рухы еліктірді көңілдегі.
Жолындай отарбаның көкірегім, Екпіні паровоздай көрінеді.
Шырқасам ащы дауыс бірден тартып,
Оралып ұшқан құс та келіп еді.
Ардақты халқымның бір жүйрігі едім, Оңтүстік Алатаудың төріндегі.
Сөйлегем мен жасымнан топты жара,
Қанар қап өлеңім бар отты арба. Көрмеген адамдарға сәлемдесіп, Тұрады барып қайтып жылдық жолға.
Жақсы сөз, үлгілі өлең – құлақ құршы, Айнымай бір барады бір мың жылға.
Алтын бас – бос топырақ өлгеннен соң, Жүйрік ат шаң шығарар желгеннен соң. Тозбайтын, айнымайтын қолқанатың, Жаңғыртып арт жағыңнан келгеннен соң. Өлген де секілді ғой батыр Ақпан,
Қанады шәрбатынан дәмін татқан.
Мысалы, гауһар шамдай жарқыраған, Немесе сұлу қыздай үкі таққан.
Құлпырып тоқсан тоғыз түрленгенде, Перілер тыңдағандай иранбақтан.
Адамның шешен ділмар қара тілі, Сөз қалмас тауып айтса адамзаттан. Қарқынды, көркем өлең ағытайын, Суындай Сырдарияның аунап аққан. Тарихын Төле бидің баяндайын,
Жақсылар, сөз тыңдашы Қазанғаптан.
Қазақта мәдениет аз боп бұрын, Шығарған шамалап тек жазу түрін. Оқушы ек арапшадан қиыстырып, Қазанда шағатай мен татар тілін.
Ес кіріп, етек жапқан күнімнен бір, Тарихын Төле бидің теріп жүрдім.
Ілгерірек заманда, Бұрынғы өткен адамда, Үш би, бір хан атанып,
Қазақ қазақ болғанда. Күні туып оңынан, Айы туып солынан, Кемеріне толғанда. Ала байрақ алтын ту,
Ордаға толық қонғанда. Хан болып Тәуке тұрғанда,
Алатаудың төрінде, Өрдегі Жаныс елінде, Атақты ғазиз Төле би,
Бір келіп қапты жалғанға. Қалай деп, жұртым, таңданба, Жарлы емессің арманға. Дайынды тарих қалған жоқ, Жазулы болып өзінен.
Таусылмас көп сыр естідім, Адамынан үш жүздің,
Тере берсе табылар. Әділ кісі болған соң, Жүрек аңсап сағынар.
Сөз жәрдемін көрсеткен, Аздап айтсам, мыналар: Біріншісі – Бекасыл,
Тоқсан үш жаста жөнеді. Қоқандағы хандардың, Төртеуін көрдім деп еді. Әбдірәйім, Жақыпбек, Әлдеке, Астай имам бар, Арғынбай, жолдас Шалабек. Ботбай Торта, Тайқы мен
Қара молда Еркебек. Айта берсем көп еді, Аздап-аздап тарихын, Сипаттайын Төле би. Әлібек бидің баласы, Бекбике деген анасы.
Тұңғыш би боп сайланған, Құдайберді бабасы.
Тексере келсең аңғарып, Үш жүздің де ағасы.
Ағалығын айтайын, Ұлы жүздің баласы. Ұлы жүздің ішінде, Сомдаған болат сияқты, Тұтас ұзақ саласы.
Он бір ата үзілмей, Билігінің шамасы.
Басқа би мен Төле би, Аспан мен жердей арасы. Қазақта сансыз көп билер,
Үш биден бөлек үш жүздің, Жеткен жоқ түгел шамасы.
Дүниеде зерек кім туған, Төледей қазақ баласы.
Билігі төрге жылжыған, Туылған күндей ел басы. Тоғыз жаста Төленің, Берген рас жобасы.
Бір-бір сөзі қарттардың, Аузында өлең санасы.
Жебегені жетілген, Налығанын өлтірген. Орта жүзге хан болған, Тәрбиелі Абылай,
Жылқысын жайған баласы. Білмейтіні және жоқ,
Қазақтың түгел даласы. Тоқсан үш жасында,
Жеткен дейді қазасы. Шұбыршылық ақтабан,
Сол заманның арасы. Мінез-пиғылы мол еді, Жақын-алыс демеді, Тиын-пара жемеді. Ілесті жарлы-байлар да, Ауғанда басы көбінің, Көшпен көшіп жүруге. Қазақты әуел бастады, Отырысты өмірге.
Бір жерден қазған арықты,
Белгісі бар бұл күнде. Ақ үйліге баласын, Жұрт үшін қиған өлімге. Сол күндерде жақсылар,
Қазақты қоршап сұраған, Аңғарсаң тарих жобадан Ұрпағынан Шектестің, Салқам Жәңгір атасы,
Есім хан еді бабасы.
Бас қосып үй боп тұрғанда,
Қалдан-Серен қоңтажы, Қазақты қуған жерінен. Ажыратып көлінен. Барып қайтқан соқтығып, Жиделібайсын төрінен. Хиya, Бұқар елінен.
Әз Тәуке хан өлген соң,
Үш бөлініп арасы,
Жыртылып қазақ жарасы, Хандыққа мидай бөлініп,
Бірімен бірі жауласып, Солайша болған жобасы.
Жақсылар, үш жүз жайында сөз көп. Үш адамның аты, үш жүз адамның аты деп те айтады. Тіпті ескі дәуірлер Моғолстан көп ел болып, мыңдай сақ ұңғар-ұңғар деп саналған. Үш жүздің мәні сонан сарқыт бір болар. Әз Тәуке тұсында үш жүз атанған деп те айтады. Ондай болғанда үлкен орда ұлы жүзде болып, ортаншы орда, кіші орда жобасына келгендей.
Көп сөздің бірі – ұлы жүз Үкілі би, онан төрт ұл бар: Тобай би, онан Майқы би, Қоғам, Бәкірі, Құйылдыр туған дейді. Біреулер Майқыдан Бақтияр, онан Келімбет, Ахмет, Ойсын, Үйсін деп бір бөлек атайды. Бақтияр деген сөз ұлы жүзге ұран сөз деп тағы айтады. Жобада ұлы жүз төртке бөлінеді: Қаңлы, Жалайыр, Үйсін, Сіргелі. Қаңлы ұрпағы түріктің патшасынан тараған деседі.
Үйсіннен бірнеше шалдар өтіліп келіп, Бәйдібек, Төле туған дейді. Бұл Бәйдібектен Алматы жағындағы елдер үш ұл, Шымкент жағындағы елдер бес қатыннан бес ұл деп таласы бар. Тоты би бәйбішеден бір Үйсін, онан соңғы қатындарынан Шапырашты, Ошақты, Ысты, кіші ене Домалақтан Жарғышақ екендігі анық. Домалақты біреулер қожаның қызы деседі.
Біліктілер сөзінде Домалақ жүкті кезінде, Ішіндегіге бәйбіше,
Зақым берді езіле,
Жарғышақтанып басы туған соң, Жарғышақ болды өзі де.
Түйе болып бәйбіше, Үй сыртынан сүйкеніп,
Қорлайтын дұшпан сезіне.
Сонда Домалақ: “Адам болсаң, жалғыз ұлым Жарғышаққа қор бол” деуші еді.
Осындай ғұламалар әуел өтті,
Бір күні жұртқа бас боп көшіп кетті. Жау келіп, Бәйдібектің ізін аңдып, Төтелеп Домалақ та жол көрсетті.
Қалың жау Бәйдібекті шауып алды, Төрт түлік келеді айдап түгел малды. Бәйбіше олжа серік болып еді,
Барам деп осыларға жауап салды.
Бағдарлап айтқан сөзін бастығының,
Домалақ болжаушы еді малдың сырын. Қаражал, қарақұйрық, төсі садыр
Көп еді қасиеті айғырының.
Шам жанып қараңғыда құлағынан, Көрсеткен белгісі бар қанша бұрын. Берсеңдер осы бірін болады деп,
Байлады шешіп алып белбеу құрын.
Қалың жау жылқыны айдап қалды кетіп, Айғырды Домалаққа сыйлық етіп.
Қасында бәйбішенің тоғыз ұлы,
Бәйдібек жау аңдыған келді жетіп. Домалақ айтып еді: “Әуре болма,
Он шақтың күшің жетпес қалың қолға. Сілкініп кісінесе бері келер.
Ұйтқысы көп жылқының мынау малда. Бәйдібек сәл кідіріп қиялданды,
Тоғызы сөзді елемей ашуланды. “Ұрысып жаудан малды қайтарамыз, Тоқалдың сөзі құрсын, кімге дәрі?” Жалаңдап арттан қуып бәрі барды.
Тоғызын жасанған жау қырып салды. Ұрпағы осылардың сұраусыз боп, Бұл күнде шамалы ел атанады.
Білдірсек тоқтап енді сабыр етіп, Садыр айғыр сілкінді дүр-дүр етіп. Кісінеп, жалын тарап жер тарпыса,
Шұбырып түгел жылқы келер жетіп. Көрген соң қасиетін енді нанды,
Бәйдібек ықыласын бұған салды. Шарапат осында бір бар екен деп,
Көшіріп, тастамастан қасына алды. Домалақ онан кейін бір қыз тапты, Азандап Ақбикеш деп қойды атты. Сол ана дейді ұрпағы айтушылар, Орта жүз наймандағы қызай халқы.
Жұлдызы шашып шапақ, жанды оның Самалы оңғарылып, түзеп жолын.
Келдібек інісі еді Бәйдібектің, Бауырлар бір-бірінің іздер жоғын.
Бәйдібек дүние салды аз жылдан соң,
Домалақ айтты бір күн Келдібекке:
– Мені алғын, әмеңгерім, жәбір етпе. Түсімде аян болған белгім де бар,
Біреуі нәсіп болды Бәйдібекке. Тізіліп екі шырақ жанған еді, Біреуі күншығысты алған еді. Біреуін нәсіп болса, сіз де көрсең, Сәулесі батыс жаққа барған еді.
Қайнысы мына сөзін елемеді, Аңғармай қасиетін төбедегі.
Бірқатар қариялар нұсқауында, Нәсілі Келдібектің жақшам елі.
Домалақ бір күні айтты Жарғышаққа: – Ей, балам, үймен көшем қапа тұтпа. Қай жерге барып шөксе, мені қойғын, Бос жібер жайғастырып нарға арт та. Болжайды қайтар сәтін айтқан күнде, Тас қотан Әулиеата етегінде.
Шымкентке, Арысқа кеп түйе шөкті, Жеріне Бөген, Шаян жетеді де.
Сол айтқан Жарғышақтың үшеу ұлы, Албан, Суан, Дулат деп айтар мұны. Енші алысқан жерлері Қазығұрт деп, Сөзі бар біреулердің мынау түрлі.
Қара молда нақылы,
Бір күні айтты былай деп: – Албан, Дулат қатыны, Тату болса егер де,
Ерікке жетер татымды. Ерікке тату болған соң,
Бір-бірін өтсе аялап, Бұлардан кім бар ақылды? Әйелдері сөйлейді,
Келемеждеп жақынды.
– Қайын атаны көрдің бе? Ері бар-ay ердің де.
Тәуір көріп кенжесін, Төрін берді төрдің де. Қамыңды әсте жемеді,
Балаңды сенің жек көріп,
Кейін болсын дегені. Осыдан шығып ерегес, Енші алайық деп еді. Бар малға ие табылып, Бір ат қалды ортада. Тұлпар-ақ еді келелі.
Ала қашып Суан ер,
Бетке алды алыс төбені. Араз болып Дулатқа, Албан да көше жөнеді.
Кездесті аға інімен:
– Қия алмастан сені мен, Суан, қуып келіп ем.
Нұр борап тұр Дулатқа, Қарашы сонау көрінген. Үстімнен борап бір кетті, Қалсам өсек болармын, Інімсің ғой құрметті.
Қытай жаққа ауайық, Келер сыйдан түңілме,
Көп болар Дулат түбінде.
Сонан көшіп екеуі,
Бұл жаққа қайтып келген жоқ. Қарқара, Текес жерлерді, Алған дейді мекендеп.
Дулаттың төртеу баласы, Әмір Темір тұсында, Өткен еді жобасы.
Сейіт ата әулие Пірі дейді бұрынғы,
Кейбір қария санасы. Үлкені Сиқым әуелгі, Ботпай, Шымыр егіз боп, Дүниеге келген кешігіп, Кенжесі Жаныс дер еді.
Сынамаққа Дулат балларын, Қоныс көріп келгін деп,
Кезегімен жіберді. Сиқым барып көреді, Шоқпар сайлап жүргенді.
– Нәсіліңе, шырағым, Серілікті қидым, – деп, Бата беріп жіберді. Ботпай барып екінші, Найзаласқан жау көрді.
– Ұрпағың батыр болсын, – деп, Бұған да бата берді енді.
Енді Шымыр жөнелді, Қоныс қарап қыдырған,
Шұбырған талай ел көрді.
– Байлық тиді еншіңе, Деп айтады ілгергі.
Төртінші Жаныс барғанда, Төбелесіп екі адам, Жүгініскен дау көрді.
– Нәсілің бек болсын, – деп, Оған да бата берді енді.
Жаныстың үш баласы Жанту, Жантан, Жарылқамыс болған. Төле би Жантудан тарайды. Жарылқамыстан Өстемір, Қыбырай, Ерубай, Қапал, Шегір, Жамбай тарайды. Домалақтың босағасы Қыбырайда. Қабіріне шырақшы Бөкен жағы.
Қожамбердіден және де, Туылыпты жеті ұл.
Ақберді менен Құдайқұл,
Ғараптан Нүкіс ел болып, Қосылады Жамбайға.
Жаспын деп ақ шамдайын Қадірберді, Қадырқұл, Олжағұл және Сұлтанқұл. Құдайберді үлкені.
Есім ханның тұсында, Осыған билік тіркелді.
Құдайбердінің тоғыз боп, Туылыпты баласы.
Құдайменде, Тоқпан, Әлібек, Бәйбіше еді анасы.
Бесінші Ақтай, Бақыбек, Түгелбай, Данай жетінші. Қариялар санасы.
Қарашәуке біреуі, Қайрақбермес, Тасыбек, Сарарқаның елінде, Мұрын Найман елінде.
Жақсы дәурен сүрген деп,
Жөнін айтқан бұрынғы, Шынәлінің жобасы.
Би сайланған Әлібек. Құдайберді биден соң, Опат болып жасында Құдайменде ағасы.
Шежірелер айтуынша, бір ғасырдағы билікке атасы бөлек жұрт қолпаштап Шыңғыс ханның ұрпағын тура деді. Әмір Темір тұсында жұрт иелерін мырза деп атады. Есім хан дәуірінде билік рәсім атақ болып, Қоқан дәуірінде датқа деген атаққа ие болды. Сондай жағдайлардан қалған Әлібек жарлы болып, інілерінің бәрі де бай болып, сырттан келген біреу: “Ауыл кімдікі?” – десе, “Әлібектікі”, “Мал кімдікі?” десе, “Тоқпандыкі”, – деуші еді.
Естіп едім, есі кіріп тілі шыққан соң Төле Әлібек әулетінде болды жарлы,
Сегізі де малды боп туысқаны. Қара үй тігіп, аз ғана ешкі сауып,
Отан етті оңаша бір жотаны. Тоқпан деген інісі мал қарады, Үш күн кезді түйе іздеп айдаланы. Үш күн сарсылып отырғанда,
“Бері шық!” деп Қыдыр кеп айқайлады. Түнде де емес, қараңғы тұман да емес, Бір мәрте емес, үш мәрте және тағы.
“Бос қалдың, төмен кеттім!” деген еді, Артынан жоқ, іздеп шықса, сарыны анық, Әлібекке дарыды қыдыр барып.
Біреу келіп алдынан қарсыласты, Отырғанда байқаусыз дәрет алып. – Сідігіңе дарысын, – деді дағы, “Әумин!” деп көзінен болды ғайып. Жеке түтін сол күнде болған екен,
Бір қатыннан бөлек жоқ өзінде анық. Жалғыз атын қуанып құрбан шалды, Бөктік деген онан соң қатын алды.
Бөктік туды аз күнде Өтебайды. Тыныбек, Ақбота, Шора бәйбішеден,
Құдайберді би болған, Қазақ жаулап қалмақты. Есімхан мен Барыста, Алтай мен ұлы Ертісте, Жеті жыл жүрді алыста. Басшылық етіп тұруға, Билердің болды керегі. Сөз тыйарлар жиылып, Басын қосып ұлы жүз, Би сайлайық деді енді.
Қалауын айтып бәрі де, Сипаттап өтті ерлерді. Ұнатпастан өзгені, Әлібекке келеді.
Ақ пейіл, жарлы, мінезі кең, Қой айдаса үстінен,
Кешірімді, ашуы кем. Аз сөйлейді, тура айтып, Қондырады бір айтып.
Және атаның баласы,
Бар жағдайы келеді. Осыған бәрі жөн көрді, Қаңлы Құнан, Қарасай, Серкелі де Қожабек Бәрі бата береді.
Әлібектен сол күнде, Тыныбек, Шора, Ақбота, Малбикенің баллары Жалғыз деп ұрып қуалап, Өтебайдан Аңдақ
Болушы еді жанжалы. Тоғыз-онға келгенше, Артынан бала болмады. Азап көріп бұлардан,
Бөктік ана сол кезде,
Жылап жүрген күндері. Екі қатынның баласы, Екі ру дейді ілгергі.
Сабы бірге болған соң, Үшеу Дошым ағасы.
Бұзатын ісін тұтқан жоқ, Толмаған жасқа шамасы. Көзі ілініп аян боп, Маңдайынан сипады, Домалақ келіп анасы.
Қарама-қарсы жолығып:
– Жылама, балам, тарынып, Жақсы хабар берейін,
Үстем болар мерейің.
Бәйбіше анда көрсеткен,
Жағдайыңа шыда сен. Мені жөндеп тыңда сен. Домалақ мамаң мен едім, Мені неге білмейсің? Жаратқан тілек береді, Ықыласыңмен тілесең. Екі бала көресің,
Арзитұғын отызға. Біреуі болар ер Асан, Әуелгісін Төле қой.
Кейінгісін өзің білерсің.
Шыршықтың азат басында, Алатаудың үстінде,
Паркент-Заркент қасында, Хожай Мұрат Бақыш әулие, Топ қарағаш белгісі, Қонбайды шымшық басына. Баймұқамбет дуана,
Шырақшы болған осында. Соған бір, балам, түнеп қайт,
Көп кешікпей, тосылма. Әлібек берсе рұқсат, Орындағын мұнымды. Адамға айтпа сырыңды.
Жүректері лүпілдеп, Ұйқысынан оянды. Таң сарғайған уағы, Жайын айтып барудың Әлібектен сұранды.
Бұл кісі де сыр көрген,
Мынандай бір жобаны.
Бұрыннан бір түс көрген мынау түрлі, Бір адам алып келіп жүзі нұрлы.
Ақ тұйғынды ұзын баулы қондырады, Жанарын қайсысынан білмей жүрді. Екі әйелін бірге алып,
Қымыз алып екі мес, Зияратқа жөнеді.
Хожай Мұрат Бақшы әулие, Басына келіп түнеді.
Назыр Нияз тарқатып, Ықылас етіп тұрды енді. Тағы көрді бір сырды,
Күндерде бір күн күндері. Әлібек және бір күн көрді түс, Бұл сапар аян болды өте күшті. Оңынан күні туып, солынан ай, Бөктектің құшағына келіп түсті. Қуанып ұйқысынан тез оянды, Дәрет ап жүрек тасып отырады.
Қой айтып қорасанға, құрбан шалып, Тарқатты бедеу атын сойды дағы. Тұратын келіп-кетіп жұрт жиылып, Ет жеді жолаушылар мол үйіліп. Жалаң бас, жалаңаяқ бір дуана, Айқай сап келе жатыр зарын қылып. Келеді есегіне теріс мініп,
Орнынан шошып қалды бәрі тұрып. Дуана Баймұқамбет қарсы барды,
Ізетпен қол қусырып, зыр жүгіріп.
Кесемен қымыз беріп қолын тосты, Дуана бір сіміріп, қайта құсты. Ішсеңші бәйбішеге дегендей қып, Әлібек қойған жерден көзін қысты. Төкпеді дуана әкеп жерге қойды, Жиркеніп бәйбішесі ішпей қойды. Сіміріп қолына алып Бөктік ана,
Босатып, сырғып сарқып жерге қойды. Дуана қолына алды бір нәрсені.
– Бердім деп, Баймұқамбет, сізге мұны.
Алыстан әдейі арнап әкеліп ем, Сарқыты Аппақ қожа тәбәрігі.
Аман бол, сізді екінші көре алмаймын, Дүниеде енді мен де жүре алмаймын. Көрісіп, арыздасып кетті күліп,
Деді де қысқа сөйлеп хал мен жайын. Бөктекке сол нәрсені бере салды:
– Оқуың бітті, балам, – деді дағы. Деп айтты: – Өзгелерің қапы қалдың.
«Шу» деді қалды әулие сарқыттары.
Деп ойлап жынды делбе дуананы, Қамшылап астындағы атын тағы.
– Перзентім, қасиетін сен көрерсің, Қайтты ол осындай сөз айтты дағы. Әлібек рұқсат сұрап елге келді, Көтерді кешікпестен Бөктік ана, Парылдап жуан даусы туды бала, Ай-күні, сәті жетіп босанды аман, Деуші еді қызыл ерін, қара кісі,
Кең маңдай, жазық жауырын бар пормысы.
Мысалы, қой маңыраған тәрізденіп, Жаңғырып сөйлегенде үйдің іші. Байғұн мен Досалы да дейтін сондай, Дауыс бар, қариялардың айтылысы. Баладан даусы жуан сүйінгін деп,
Мақалдар жағдаятта үлкен-кіші.
Сол себепті Жаныс халқында осы күнде де “жуан дауыс бала пәлендей болады” және “еркек дауысты әйелден, әйел дауысты еркектен без” деген мақал бар. Соның бірі Нақыпбектің айтуынан және Әлімқұлдан: “Ана, мен туылған күні үйдің іші қып-қызыл көрініп еді, ол немене еді?” – дегенде, Бөктік ана қиялданып, көп ойланып: “Балам, үркіншілік себепті асығыстап бояу бояп едім, сол шығар”, – деген екен дейді.
Мәпелеп той қылады жұртын жиып, Әркімге арнап семіз малын сойып.
Бәйбіше есік жаққа қойғанменен, Бесігі тербеледі төрге жылжып
Күнде қалса, саяға тез ұмтылып.
Қариялар сөзінде “Бесігі төрге шықпаған” деген мақал содан үлгі.
Төле қойды аттарын, Бұрынғы аян жөнімен. Бұрыннан нышан берілген, Екіден үшке айналып,
Төрт жастан беске жеткен соң. Қосылды ойнап теңімен.
Алтыдан озды жетіге, Сегіз жасқа жеткенше, Болмады бала ізінде.
Онан соң барып туылды, Тоғыз жаста Елібай, Тұлым қойып басына, Еркелетіп өсіріп, Әлібектің көңлі жай. Әйелдері ұлым деп,
Сөзіне сөз қосылды-ай. Әлібектің алты ұлы,
Қадалған жер оңбас деп, Болушы ед мақал осындай.
Жас күнінде Төлеге, Әлібек түйе бақтырды. Көтерем қып иіріп,
Шаңлаққа айдап сап қылды. Мал бағуға зауқы жоқ,
Қой бақтырса үркітіп, Бір бұтаның түбінде, Біреуін бір қалдырды. Болды көріп пайданы,
Бұйырғаннан жеп тұрды.
Жылқы бақса зерігіп, Жалау байлап айқайлап, Ту көтеріп шаптырды. Теңге түссе қолына, Баллардың бәрі соңында. Жігіт жұмсап жасауыл, Сауыт-сайман алуға, Әкесінен жасырды,
Дос көңілін табуға.
«Олжа-сауға саған» деп,
Етектеп келіп төгеді. Нөкер болып балалар, Шұбырып бәрі ереді.
Екі дай қылып балларды, Төрелік оған береді.
Топты көрсе келеді, Төрелік десе төнеді, Жол жағалай жүреді. Хан ордасы деді де, Топырақты үйеді.
Шешіп алып көйлегін, Басына жалау іледі. Күннен-күнге ерек боп, Көндігісіп жүреді.
Ағалары ұрса да,
Сабырлы мінез кісі еді. Елемеді, күлмеді.
Балалық дәуір осындай, Атқарған дейді күндерді.
Түйені, қойды тастап, жылқы бақты,
Іріктеп мінді сайлап бедеу атты. Үркітіп жалау байлап, ту көтеріп, Зәресін алды жұрттың жаман қатты. Шаң шықса елеурейтін күн уақты, Сығалап, қарауылдап шартарапты. Жайылып түйе жүріп қомдарымен, Босатпай белдеуінен арғымақты.
Бу шықса қазандағы ет аударылып, Отын қып көше қашып сонау жақты. Қарнын жарып қойса оралмастан,
Ит сорлы даусы шықпай босқа жатты.
«Жылқыдан балаңызды босатсаң» деп, Нешеулер Әлібекке шағым айтты.
Төленің малдан босап көңілі тынды, Сөз сынап, қиял толғап топқа кірді. Төрелік тоғыз жаста берген дейді, Дау келіп Әлібекке осы түрлі.
Екі топ адам бірге кеп, Жүгінеді тізерлеп.
Әлібектің алдына,
Жап-жас бала қолында. Бірі былай сөйлейді:
– Жаудан үркіп жүргенде, Құндағымен баланы, Жоғалтып едім ілгері.
Кездесіп қалып бір тойда, Қарап едім назар қып, Мейірім түсті аналық,
Емшегімнен сүт ағып. Сонан бері аурумын,
Жылауменен нала қып. Бір түрлі сөз сөйлейді, Бұлар мені таба қып. Турашыл енді өзің біл, Сөзімде болса шалалық.
Біреу айтты былай деп:
– Қиянатшыл бұл жәлеп. Баладан күдер үзгенде Перзент көрмей көп жылдар, Қырыққа жасым жеткенде,
Берген еді бір Құдай.
Атын қойдым Қырықбай, Біледі жұртым осындай.
Екеуінде айғақ көп,
Миятқа мият қосылды-ай. Бір жыл ұдай дау болды, Сенікі деп біле алмай.
Шеше алмады осыны, Шаршы топ хан, қарадан, Табылмады жосыны.
Жотаға түнде келеді, Кім елейді Төлені?
Бір шетінде отырып, Тыңдап-тыңдап жөнейді. Төле айтты бір күні,
Көпшілікке өтініп:
– Сонша көпен бектерге, Жеткізді бұл дау кемшілік. Бір билігін қылар ем,
Берсеңдер маған кеңшілік!
– Берелік, бала, – десісті, Қабыл алып отырды.
Алтын сап қылыш қолына ап, Балаға қарап секірді.
–Ортасынан қақ бөліп, Екеуіңе берейін,
Мына бала жетімді.
–Бөлсең бөлгін, – деді де, Қырықбайдың шешесі, Ойланды, танып кекірді.
“Жоғалттым, – деген, – ұл”, – әйел:
–Қайда барса сау жүрсін, Аман кетсін, – деді де,
Ботадай боздап өкірді. Қалайын деп бір көріп,
Басында қылыш тұрғанда, Құшақтай алған секілді.
–Жоғалтқаның бейшара, Сенікі рас екен, – деп, Соған берді баланы
– Таптың, – деп, – туған анаңды! – Риза болып көпшілік,
Билікке туған бала деп, Рахмет айтып тұрады. Абыройы көркейіп,
Даңқы кетті тұсына-ай, Сөзіне үлгі қосылды-ай. Әділ бала Төле деп,
Тоғыз жаста төрелік, Бергеннен соң осындай.
Төленің бұл билігі елге “бала би” деп жарияланды. “Егіз танадан, би баладан” деген мақал туды.
Күндерде бір күн күндерде, Әлібекке және дау келді.
Төле бидің сол шақта,
Қой бағып жүрген кезі еді. Екі адам бірдей алдына, Жетті талып өзегі.
Бір елтірі қолында, Алтай қойдан шығады. Баяндайын оны да.
Керек болар елімде,
Сырымды кім ұғады?
Алтайы екен қырмызы, Аян көпке ұнауы.
Есітуім осындай, Сөйледі бірі былай деп:
– Төрт түлікке сайма-сай, Салдарлы бай болып ек. Бір отырып, бір көшіп, Бір қонысқа қонушы ек. Балдан шырын қоңсылас,
Татулықпен жүруші ек.
Мал өргізуге бір күні, Қабаттасып тұрып ек.
Жарқырап жатқан нәрсенің, Қасына тездеп келіп ек.
Кез боп осы жылбысқа, Айналдық ақыр ұрысқа. Екі тоқты туыпты,
Шеткі қора бір тұста. Біреуінде қозы бар,
Біреуінде қозы жоқ. Менікі деп таластық, Ерік беріп тартысқа. Екі тоқты жериді,
Тоқтай алмай жылбысқа, Ете алмай ешкім төрелік, Үш жыл болды айтысқа, Ада боп малдан жүдедік. Ұлы жүз аға Әлібек, Алдыңызға кеп едік,
Берсеңіз әділ төрелік?
Бұл түрлі дау көрмеген, Әлібек би ілгері.
Бір жылбысқа үш жылдай, Айтысып-ақ жүргені.
Атақты діндар кісілер, Төреліктен терледі.
Шыдай алмай Төле би, Тағы да көптен тіленді. Өткір пышақ қолға алып,
Жылбысқаны қолға алып, Ары-бері толғанды.
Ортасынан қақ жарып, Теңдей етіп бөледі, Екеуіне береді.
Ұялып тұрған көпшілік, “Төрелігі қойшының
Бұзылмайды” деп еді. Арасында қазақтың Мақал боп содан қап еді.
“Қойшының төрелігі бұзылмайды” деген сөз сонан үлгі. Төленің бұл билігі жұртқа “қойшы би” деп жарияланды. Мұнан соң Төлені билік айтарында: “Қасымда бол, балам, балалық дәуір өтпесін, билік қашпасын” деуші еді. Және біреу Төлені сынамаққа “Жақсы-жаманды қайтіп білеміз?” – дегенде, Төле: “Сөзінен білсе болады? – деген. – Жаманның сөзі шаяндай, жақсының сөзі асылдан шыққан қаядай, екі жақсы қосылса, жарысқан аттай болады, бір жақсы бір жаман қосылса, ала жаулы иттей, екі жаман қосылса, ырылдасқан иттей болады”, – дейді.
Төле би айтты оларға:
– Жылбысқыға айтысып, Екі ада бопсың екі шал. Және өтіп үш жылдар, Осы күнде Бұхарда,
Әмір Айдар патша бар. Қолыңа ұстап тарту қып, Алдына және қабат бар. Қадірін сол біледі,
Түймедей берсе азсынба.
Түйедей берсе көпсінбе.
Қазақта кім азулы, Зауыты жоқ құрулы.
Бұхардың топтап бөзін ал, Айналдырып үш-төрт жыл, Бос қалса қораң оны сал.
Бұдан кейін атшы боп, Арзымасқа жүрмеңіз!
Осыған ұқсап сорлылар, Соншалық тосын ісіне,
Екеуі де ұялды.
Бұхардан тарту сый алды. Бір ауыз лепес қабыл боп, Төле би айтқан баяғы,
Бір қорадай мал айдап, Батасын келді алғалы. Төле бәрін аяды.
Малына меншік қоспастан, Үлестірді кедейге,
Жетімді болған көп елге.
Біреулер келді онан соң, Түйе жайған күнінде.
Шаруалар малға өш,
Қазақ халқы бұрын-соң, Айналып келіп мал дейді. Жетім лақ пұл дейді.
Егін салып, су айдап, Жер қадірін білмейді. Адам келді екі топ,
Дау-дамай болып арасы.
Бір тайлақ екен таласы.
Екі інгенді қабаттап,
«Мынаның, – деп,– баласы». Әлібек бұрды біріне,
Көбірек келіп куәсі. Жүз шамалы адам бар, Айта берсе қарасы.
Баратқанда таралып, Алдынан қарсы кезікті, Түйе жайған баласы.
Өсек етіп баратыр, Әлібекті бір парасы. Билігінің шаласы, Түсінді ұғып мынаны,
Жөн-жобасын сұрады. Атасына ұғынтып:
“Мұныңыз қате бопты” деп, Жасауыл қайта шығады.
Қудырып алды бұларды, Он екі адам тексеріп,
Мынау болды жауабы: – Дауекер екі адамдар, Екі жота басына
Екі інгенді алып бар. Екі-екіден бұйдадан,
Ұстап тұрып үш-төрт шал. Өз қасымнан ұзатпай, Тайлақты мұнда алып қал. Олар барып тұрған соң,
Тайлақтың деді санына,
Қыл шылбырмен бұрау сал.
Жанына қатты өткен соң, Шыңғырады жануар.
Куәсі бұрын көп жақтың, Түк етпеді інгені.
Айырылып қалған аз жақтың, Інгені боздап күңіренді.
Шыққан соң даусы күйзеулі, Бұйдасын жұлып жөнеді.
Моншақтай жасы тамшылап,
Иіскелеп келіп тұрды енді.
Риза болды көпшілік, Қайыл боп әділ төреге, “Осынікі жөн” деді енді.
“Әділ би сұрауын тапса, айуан куәлік береді” деген үшінші сөз туды. Төленің бұл билігі оны әділ би деп атандырды, осыдан бастап мұқым елге даңқы тарады.
Қарасай Әлібекпен еді құрбы, Сөйледі оңашада мынау сырды:
– Басында билігіңнің талай болдым, Қақ жарды сұрауында қара қылды. Туса да мың қой егіз, бірі-ақ қошқар, Қазақтың ағасы деп бердім сынды.
Алтынның қолындағы қадірін біл, Көрсең де орны бөлек отыз ұлды. Оңашалап Төлені,
Аулақ жерге шақырды.
– Үздігі сен баланың, Туысың болат талқылы. Таудан ауыр талабың, Жақсыны жатқа санама,
Жақыны жоқ жаманның. Мен көшкен соң дүниеден,
Үш жылдан соң іс түсер, Басына күшік баламның. Ақ иіліп сынбайды,
Ақты қара қылмайды. Ақ жобасын тапқанша, Абыржытып қинайды. Қарасайға ойланып, Бір бұрылып қарағын. Қойшысы ел-ананың
Өзің болғай, қарағым.
Деп Қарасай иіліп, Бата берді балаға.
Осыменен, жақсылар, Көп жыл өтті арада.
Бір күндері Әлібек, Төсек тартып ауырды. Бәрі келді жиылып,
Жақын-алыс бауыры.
“Тапсырдым, – деп, – Төлені” – Ақботаға қарады.
– Ағайынға аға боп, Жалға екі араны.
Ертеңді-кеш жұрт қамын, Ойлағайсың сен енді.
Елібайдың сүй бетінен, Ол әлі жас деп еді.
Біреулердің сөзінде, Сол күндерде Әлібек, Қырыққа жасы кеп еді. Ризалысты жалпы көп,
Бәрі тату ел еді.
Күндері өткен көшпелі, Қара нардың қомында.
Дейді Әлекең жерленген, Ұлытаудың жонында.
Ақбота көзге ілінді, Әлібектен кейінгі. Атаның ұлы делінді, Ол күндегі жағдайлар, Солайынша білінді.
Білікті қанша болса да, Басқаға жұрт бармайды,
Әлібек дүниеден көшіп кетті, Орнына ата мирас Ақбота өтті. Төленің жылқы баққан күндері еді, Дауласып екі топтан адам кепті.
Алыс жердің адамы, Екі топ суыт тез келді. Ала жолақ тайы бар,
Шидем шекпен үстінде.
Төле биге кез келді, Ақботаны білмейді.
– Бүгінгі күн кеш болды, Қоныңыздар ауылға. – Мынадай деп мезгеді, – Тапқан сояр біреуін, Таппаған сояр екеуін.
Ақбота деген биі бар, Сол кісіге іні едім.
Таң атқан соң қосылып.
Төрелік бірге берейін.
Қайран болып сөзіне, Қиялданып келеді.
Тарқасып бәрі түнеді.
Бойдақ сойды бар адам, Буаз сойды жоқ адам.
Разы болды сөзіне, Түсінген соң көп адам.
Екі жар болып жүгініп, Төрешіге отырды,
Екі топтан төрт адам.
Бір атқа екі жағы жанжал бопты, Күйелеп бірін-бірі іздеп жоқты. Аңғарса, бар бәйгеден озып шығып,
Бұзыпты көкпар тартып шаршы топты.
– Сипаған аузын үрлеп малым еді, Барыпты соры қайнап бұл адамға, Пәленше құда болып алып еді.
Қойылған пәлен жаста, тісі мұндай, Туғаннан бар мінезі қанық еді.
Бәйгеден жас күнінен озып жүрген, Қуғанда киік артта қалып еді.
Бұл сойқан киік қуған тайында енді, Қарынын үш кекілік жарып еді.
Сауға деп бұл екеуі алған атып, Қазанға қазы қосып салып еді. Түстеніп, ауқаттанып отырғанда, Үстіне бұл төртеуі барып еді.
Бәйгеден жеті жылдай келеді озып, Халқына жеті рулы ел мәлім еді.
Ақбота айтты: – Азамат, сен не дейсің, Егес боп, айла ұласып жібермейсің.
Куә айғақ екі жақ та тұмандай көп, Біреуін біреуінен кем көрмейсің.
Айтасың қай жобамен мал иесі, Тастаған екен туып құлын дейсің.
Айтатын жын мен шайтан пірің бар ма, Келтіріп түрін, түсін белгілейсің.
– Ақиқат, – олар айтты, – біле алмаймыз, Сонда да өтірікші дей алмаймыз.
Бірқатар бабасынан көзі қарақ,
Ең күшті шаруалығын баяндаймыз. Жазыққа Сызды оба бас қосамыз, Кешуде малымыздан адасамыз.
Нұсқалап жөн-жобасын, түсін айтып, Қысқасы, осы адамнан сұрасамыз.
Мынау мал мынау малдан туған деді, Осының айтуымен ұнасамыз.
Қарақтық шаруашылығы жұрттан озған, Төле би сыншы осы, ұнасаңыз! –
Бірі айтты: – Жолдасдасып қалып еді, Сұрадым қуған жылқы санын енді.
Бір қарап артық-кемі жоқ тұтылады, Он бір жүз елу алты анығы еді.
Бірі айтты: – Көріп өтіп қалың малды, Сол малдың болса-дағы миллион саны. Бәрінің ата-анасының түрін айтып,
Бұтақтап ажыратып шығарады.
Біз де елміз сегіз рудан тарап жатқан, Сынаған шашынан көп Төле биді,
Бір сара кәрінікі былай тұрсын.
Іс білген жас та өтірікші дей алмайды. Сөйлейді мүлтіксіз қып екі жағы, Көпшілік, Ақбота би қайран қалды.
Төленің бұрыннан соң билігі бар, Оңаша аға-інілі ойласады.
Мынандай қылды ынтымақ бір жобаны, Анасы деген бие мен жүйрікті алды.
Оқыранып сүт шықса, болды амалы.
Осылай деп шешеді,
Төленің ой жүйесі.
Екі жақтап шылаулап, Ұстап тұрды иесі.
Желінінен сүті ағып, Оқыранып емізді, Толабайдың биесі.
Тарпаң еді бұрыннан, Босады ма жүйесі.
“Сенің малың екен” деп, Осыған Төле береді.
Жаланы жапқан туысқан, Сонда былай деп еді:
– Дүниені ақтарған, Қарақшы едім ілгері. Толабайдың биесін, Ұрлап мініп бір күні, Кезіп едім дүниені.
Буаз екен сол күнде,
Жақындаған жең ішінде Оқыранып тұр екен,
Қасқыр тартқан құлынын, Обалсынып жүруге,
Биесіне телідім.
Мініп алып тағы да,
Желе-жортып жөнедім, Толабайдың ауылына. Алмақшы болып біреуін, Қайта оралып кеп едім. Дертім кетті сезіліп,
Малшылар қуды жабылып.
Тоса қашып секіріп,
Бадалда қалдым тілініп. Қорасында қалды биесі, Сол күйінде құтылып.
Құлыны қалды мынада, Қолбала боп жетіліп.
Туысқаныма осыны,
Айта алмаушы едім өтініп. Іс айналды ағына,
Мал да тапты иесін.
Сөз де тапты жүйесін. Тоба қылып бұл күнде, Айта алмаймын өтірік. Баққаныңа күйгенің, Туысқаным, сен де қой, Кетесің тағы жетіліп.
Төртінші Төленің бұл игілігінен осы елге әулие деп үлгі болып, мұнан соң “абыз Төле” атанды. Бір қандай өтірікші адам болса да, біреуге жала жапса да, Төле бидің алдында бір ауыз сөз қосып өтірік айта алмайтын болады. Дүниеде ашуы кем кешірімді, көп сөз б.. сөз, аз сөз алтын сөз деп, сөз түйінінде бір-ақ сөйлеуші еді және бір сөзі екі сөз болып билігі де бұзылған кісі емес деуші еді. Және бір сипаты, біреуді біреу жала қиянатпен айыптаса, булығып сөйлеп, аларып қарап сөйлегенде қандай бір жүректі кісі болса да ешкім бетіне қарай алмай: “Төленің булығып қарап сөйлеп, аларып
қарағанынан сақта” деп үлгілеуші еді. Және: “Жазып жаңылған екенмін, тақсыр, кешіріңіз” десе, кінә сақтамайтын, ақпейіл адам еді дейді. Болмаса өмір бойы кісінің бетіне тура қарамайтын, ұйқысы, күлкісі кем, аз өмірді ұйқымен өткізбе деген нұсқау беруші еді. Осыларға сәйкес Төленің билігін біреулер бір қандай деп сөйлеп, біреулер ондай емес мынандай деп дәлелдейді. Себебі Жұмақан дейтін бір момынның еріне Қали дейтін бір қу жала жауып, Төле биге жүгінгенде, Төле би қиянат екенін біліп, қолындағы таяғымен булығып сөйлеп, аларып қарап былай деп ерді ұрады.
– Қапталың қайың, қасың тал, Қалмамбет шапқан бір ерсің. Аққа зауал жоқ деген,
Айрыл жүрсең өлесің.
Төрт ағашқа жан берсең, Айналаңмен күйерсің, –
деп ерді ұрғанда да, Қали – “Ойбай, тақсыр, жазып-жаңылған екенмін”, – деп кешірім сұрайды.
Ақбота би бір күні ауырып жатқанда жұрт жақсылары жиылып келіп, түрлі жағдайдан сөйлеп: “Орныңызға кімді сайлайсыз?” деп жарамды жігіттерді алдына салып, бір-бір сынатып өткізгенде, Ақбота би бәрін де ұнатпай, біреуін жамандап, біреуін елді ұстап тұра алмайтұғын адам деп, біреуінің емген сүті арам деп, біреуі бүкіл елді бұзатұғын жаман деп, ең болатыны мынау Төле бала деп, бір ауыздан мақұлдады. “Қой асығын кішісінбе, қолыңа жақса, сақа қой. Кіші қатынның ұлы деме, жұртқа жақса, аға қой”, – деп Төлені ынтымақпен би сайлайды.
Үш бидің бас қосқан жері
Қазақта “Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен” деген сөз бар. Және Төленің заманынан қалған-ау деп ойлаймын: “Қазақ болсаң, Жаныс бол, қырғыз болсаң, Бағыс бол, Арғын болсаң, Алтай бол, Алшын болсаң, Адай бол. Үшеуі де болмасаң, қалай болсаң солай бол”, – деген де мақал бар.
Дулаттың ең үлкені Жаныс еді, Үлкендігі Төленің дабысы еді.
Үш жүз болып ынтымақ бас қосқанда, “Аға” деп Төле биге барушы еді.
Ұлы жүз шаруа еді қауға тартқан, Қан ұрттап, кіші жүзді сауыт тапқан. Орта жүзден үйренсе болар, шіркін, Шешендік ділмәрлікті жалын атқан.
Мақалда әуел қыпшақ, ақыр қыпшақ, тоқсан бір баулы қыпшақ деген сөзге сәйкес те пікір бар.
Ұлы жүз момын халық бітірер хал, Үйірлеу орта жүзге бір мінез сал. Кіші жүз пысығырақ, өркөкірек, Осындай қиялымда болжауым сәл. Кіші іні, үлкен аға үш жүздегі,
Сөзімнің кемін қосып, артығын ал. Үш бидің бас қосатын жөні келді, Сарасы түгел қазақ еліндегі.
Төрт би деп Төлегей қырғызбен бірге айтар, Ақиқат әз Тәукені ханы дейді.
Сөйлейді біреу олай, біреу былай, Ұлытау Сарыарқаның жоны дейді. Тегінде бәрінің де айтуы рас,
Бір жерде көшпелі жұрт болып еді. Хан еді Шыңғыс ханның ұрпақтары, Төле, Қазыбек, Әйтеке қара-дағы.
Төртеу болып Төлегей қырғызбен саналғанда, Бөлініп шұбырындыда қалған тағы.
Нәсілінен Есім ханның немересі, Хабардар шежірелер тарих жағы.
Қарадан хан болмастан тура сұрап, Баласы Салқам Жәңгір Тәуке ханы. Бір жерге жылында бір сиез құрып, Көп жағдай кетуші еді дәуір тынып. Екінші және жылда сұраушы еді, Бір жағы елдің қамын ойлай жүріп. Ынсаппен, әділетпен, қорғансыздық,
Бұрмайды параны жеп көңілін бұзып. Дейтұғын “Жеті жарғы” заң шығарған, Сөйлермін пәйітті жерде бәрін тізіп.
Осылай елдің серке даңғары еді, Ызғары сыртқы жауға қадыры еді.
Бас қосып төрт би, бір хан тұрғанында, Бірі күн, бірі туған айдай еді.
Есім ханнан салқам Жәңгір (біреулер тентек Жәңгір дейді), мұнан әз Тәуке хан. Үлкен орда ұлы жүзде болушы еді ол күндерде. Қара тұра деп ылғи қазақ төрелер ұрпағынан Есім хан заманында ноғай, башқұрт, өзбек бір болып, алты алаш деп саналып, Тәуке хан заманында біреулер төрт алаш деп атады. Башқұрт, өзбек бөлініп кетіп, қырғызбенен төртеу деп саналғанда Қалдан шері қоңтажы шабуылымен қазақ Ақтабан-шұбырынды болып Жиделібайға ауғанда, қырғыздар Алатауды паналап қалып кетіп, қазақ халқы
мұнан соң үш би деп атауы керек деп ойлаймын. Біреулер Төле биді Төбе би, анау екі биді жастар атайды. Арғын сол Баймағамбетұлының сөзінде: “Қап-қара Қаракесек күңнен туған, Қазыбектің би болып бетін жуған” дейді. Біліктілер Шаншарұлы Қазыбекті мынандай деп суреттейді. Бір жотада сөйлесе, қызып келген уағында қоңыр қаздың дауысындай болып қарсысындағы жотаға даусы естіледі екен дейді. Бірінші Әлібекұлы Төле бидің, екінші Шаншарұлы Қазыбектің, үшіншісі Сейітқұлұлы Әйтеке бидің атына, осы атақты үш биге арнаған өлеңім, сыным мынау.
Атақты қазақ үш биі, Бірінші әзиз Төле еді. Дүниеде сөзі кем еді.
Мың ауыз сөзге татитын, Бір ауыз сөзі ем еді.
Бұзылмайтын сөз айтқан,
Шешеннен шешен демегі, Және әзиз киелі.
Дарып кеткен деуші еді, Қазыбектің жағына, Күніне екі адамның Қара тілі тағы да.
Қаз дауысты демегі, Көзі көріп, жан естіп, Үш жүз алпыс тамыры, Қара тастай болса да,
Босатқан буын жүйені. Онан да өткен Әйтеке, Қудан ұшқыр, құланнан, Мұндай шешен болмайды. Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп деміңді,
Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді.
Ерегіссе біреумен, Қара жерге теңейді.
Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді.
Бұл үш бимен тең емес, Қазақтың мінсіз билері. Бір-бір сөз үлгі мақалда, Үш би сөзінің сүрнегі.
Шын билер олар ілгергі.
Әділет, ынсап деген шығарды заң,
Куә, айғақсыз келсе бір жалалы адам.
Айтқанының қолына бәрін беріп, Істейтұғын жобасы сонда бұған. Ақ боз атқа мінгізіп ақ киіммен, Айналдырып көреді бір жотадан. Қара болса тіл тартпай өледі екен, Ақ болса жетуші еді аман-есен.
Ұмытып қалып, кейінірек күндерде әдет бойынша деп қолданып жүрген секілді және біртүрлі бір әйел ері өліп жас қалып, байға тимеймін десе, ақ боз атқа мініп, үстіне еркек киімдерін киіп, басына бөрік, тымақ киіп, мал сойып, мен енді еркек болдым деп қариялардан бата алатұғын тәрізденген түрі бар.
Әйтекеге дау келсе, Қазыбекке жіберіп,
Үрмет айтып Қазыбек,
Төле биге итеріп,
Оларсыз жұмыс қылмайды. Үшеуінің басы бірікпей, Ердің құны тұрмайды.
Ынтымақ болып арасы, Тұрушы еді сонымен.
Күндерде бір күн жас әйел, Дауласып келді шалымен. – Ерлігі жоқ бойында,
Мен жерідім байымнан.
Шыдар едім екі айға, Жалаусыз отау қағылған. Бізге де керек келесі Адамның перзент мәуесі. Руымнан қалмайын,
Өзімді қалай алдаймын. Шал сөйледі: – Талмаймын, Өзім теңді құрбымнан,
Бір қатардан күйлімін. Күніне, сірә, демеймін,
Апта сайын төндірдім.
Тием деп жасқа ойланып, Қарашы сөзін құрғырдың. Төле би жерге қарады,
Қазыбекті жанады.
Қазыбек айтты: – Әйтеке, Естіп тұрсыз мынаны.
Әйтеке қиял толғап бір сөз айтты: – Әуелгі сынайтұғын ердің ақы.
Қарап тұр сан миллион үшеумізге,
Әділет – бізден, төрелік – көптің ақы.
Қалмайық бекер болса обалына,
Жас талап деген әйел қырық шырақты.
Мынандай сызық билік нұсқа алады, Бір биік алып келіп сүр бойдақты.
Ауыр мылтық, айбалта, қылыш тапты.
– Байлаңыз, – деп, – беліне, – шалға айтты, – Үстіне үш ұмтылып мініп кетсең,
Көрдің бе мынау жайдақ арғымақты. Сонда, шал, мынау даудан құтыласың,
Болмаса бұл әйелге ұтыласың.
Онан соң сізді, жәке, қуаттаймыз, Орнында қозғала алмай қатын қалсын. Шал байғұс қалбалаңдап үш ұмтылды, Рас боп әйел жеңіп, шал ұтылды.
Біреулер сөзінде кіші жүздің бір әйелі төркініне келе жатып, бір өсекке ілінеді. Сонда Әйтеке Төле биге тәмсілдеп бір сөз дейді.
– Бәрімізге аға, еркесің, Ай мүйізді үлкен серкесің. Төркініне келген әйелді, Ықтиярсыз неге кірлейсің? Қазыбек сонда сөйледі:
– Бір атадан тумайық, Бір атадан туған соң, Бір-бірімізді қумайық.
Дау бір ауыз сөзбен басылып кетіпті деуші еді. Күндерде бір күн орта жүз, кіші жүз болып барымталасты. Содан мынандай сыр туған.
Арасында қазақтың, Сал дейтұғын нәрсе бар. Басқа рудан емес-ау, Арғыннан дейді осылар.
Қыз жанайтын жігіт деп, Жобасында айтылар.
Қызды ауылды жанайды,
Сал келген соң ауылға, Бармаса қыздар болмайды, Қалауымен ойнайды.
Бір салдың халі жаман боп, Кіші жүзде өлген соң,
Дау болады аяғы. Қыза-қыза ру боп, Ұранына шабады. Әуелінде орта жүз, Кіші жүзді талады.
Малдан өтіп өршітіп, Шабынға алды адамды. Бұл да қарап тұрмады, Орасан болды аяғы.
Төле би барып басына, Бітірді өзі осыны.
Ағайын қайта жарасып, Тынысы болды жосыны. Анығын аса білмедім, Жеті жарғы жобамен,
Көп нәрселер кесілді.
Мәуітбек деген бір кісі, Айтады екен осыны.
Біліктілер сөзінде Тәуке хан мен Төле би Есім хан заманындағы ауыр жазаға кесетін нәрселерді жеңілтіп, Жеті жарғы деген заң жобасында мынадай деп көрсетеді.
Бір хан, үш би шығарған, Жеті жарғы деген заң.
Заңсыз жұмыс бола ма, Батқан күн мен атқан таң. Үкіміне бағынар,
Жағындағы барша жан. Ноғайлыдан бөлініп,
Қол салған бұрын қазаққа Жобасын ескі түзеткен, Еңсегей бойлы Есім хан. Нашардың қамын ойласып,
Жеңілдік жолмен жүргізген, Төле би мен Тәуке хан.
Қазаққа қасқайтып жол көрсетіп, заң шығарып, ермек салған себептен “Қасым ханның қасқа жолы” дейді. Сол Қасым ханның сызығыменен елге жарлық жүргізген жағдайдан “Есім ханның ескі жолы” дейді. Оны жеңілдеткен Тәуке хан мен Төле бидің жобасы мынандай-ды.
Жер дауы баяндайын – біріншісі, Ру, қоныспенен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу – Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң, Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы, Бір халық пен басқа ру болса дауы. Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы, Есім ханның күнінде ауыр еді.
Осылардан қиын боп ажырауы.
Кісі өлтірген айыпкер болса кісі, Қасым хан мен Есім хан мынау ісі. Шаңырағын түсіріп ортасына,
Сау қалмайтын ол үйдің бүлдіргісі. Тәуке хан мен Төле би жеңілдетіп, Жеті айып төлетті келсе күші.
Қара қазан бірінші кесім еді, Шаңырағын ортаға түсіргені. Екіншісі қара нар төленетін,
Жобаменен жоғарғы шешімдегі.
Алып барып Қаратау, Түркістанға, Қойсын өлген сол үлкен кісіні енді. Қара мылтық үшінші беріледі,
Сол үлкеннің қаруы күші деді. Қара шолақ бір бие – төртіншісі, Жеңілгендік өлтірген ол белгісі. Ол ағзалы киеді болған кісі,
Жетім бастап алтыншы қара кілем, Жеткізеді тоғызға түр-түрімен.
Жесір бастап жетінші тоғыз беріп,
Жарастырып Қоңырды өлтіргенмен.
Қалы кілем қара тон деген үлгі осыдан қалған ба және бір ер тұрмысы азғындаса, құн тартқан ба деп мақалдаушы еді. Кісі өлтіргенге бір ұлт боп құн төлейтін Қоқан дәуірінен қалған-ау деп ойлаймын. Себебі Бестерек Салымбай датқаны белгілі Байзақ датқаның балалары өлтіргенде, түгел Шымыр болып құн төлеген деуші еді.
Былай еді жетінші жесір дауы, Құда болған ажырап кетсе жары. Ал мынадай үш тоғыз айып салып, Берген малдың үстіне жамалады.
Жамбы бастап бірінші тоғыз төлер, Ат бастаған бір тоғыз және берер.
Түйе бастап үшінші бұл да тоғыз, Қалың малдан тысқары есептелер. Сол дәуірде қыз кетіп моншақ таққан,
Рулы ел жабылып айып көрер.
Бір жесірге Сіргелі Дулат болып, Айтысты деп айтатын қариялар.
Естай Қалдыбайұлының айтуынша, үш бидің қиял билігі мынандай деп айтушы еді. Екі адам ат ұрлап, біріне-бірі сілтеп, мойнына алмаған. Екеуін екі бөлек үйге қамап, зекіріп, үйде басын тесіктен шығарып тұрғанда, сыртынан айқайлап мынадай депті:
Тесіктен тұрса екеуі бас шығарып, Сонда билер сөйлейді айқай салып. Сылтаулатып біреуге дыбыс берді, Шапшаң кел деп ұрының басын алып. Қауіп ойламай біреуі тұра берді,
Кетті басын біреуі тартып алып.
– Ат ұрлаған осы, – деп жаза берді,
Сескенбеген біреуі аман қалып.
Осыдан “Сезікті секіреді” деген сөз шыққан.
Шыңғыс ханның ұрпағы, Тәуке ханның тұсында.
Сарыарқаның жонынан, Самалы тұрып оңынан, Сарбаз жиды ерте-кеш, Бас-басына бәрі бек.
Сары қымыз сапырып, Жолбарыстай ақырып,
Басқа сайлы, малға бай, Толған күні осындай.
Суреттейін сыртынан, Асқынып жүрген уағы.
Жасанған жауға ұрынған, Сол дәуірде қоңтажы.
Қалмақтың шыққан тобынан, Басына бақты қонған күн, Қара құрттай толған күн.
Жұлдызы туып оңынан,
Айдаһардай ысқырса, Өртегендей жалынмен. Тауды жерге теңесе, Бір елді қарғап, жебесе, Келетін күні қолынан.
“Қалдан – шын аты, қоңтажы – лақап аты, қалмақтың есек құлапты деген жерінен шыққан” деуші еді Бекасыл деген кісі.
Жала таппай қоңтажы, Қазақты жүрді шапқалы. Ұрынбаса себеппен,
Тікесінен батпады.
Тасты талқан қылады,
Болатын күні айтқаны. Қалмақ-қазақ тынығып, Әуелде ақыр жатпады. Қалдан шері бір күні, Елші салды қазаққа, Жауап айтып бұл түрлі:
– Жайланып, қазақ, шынымен, Зәбір көрдім еліңнен.
Айырылдым сенімнен, Қоралап жылқы қуған соң,
Қатыным бала тастады, Айғырыңның үнінен.
Сол баламның құнын бер, Иә, ыңғайлы жауап бер.
Бізде арман болмаса,
Дария шалқар көліңнен. Меніменен ойнама, Болмаса, бармын сенімен.
Үш би, бір хан ойласып, Іздеді жауап елшіге,
Түсінбеді ісіне,
Көз жетеді күшіне.
Бұл жала, сойқан зорлығы, Кірмейтін нәрсе түсіне.
Жотаға күнде жиылып, Топ-топ болып үйіліп,
Ыңғайлы жауап таба алмай, Сұстанады түйіліп.
Азанда келіп ойласып, Қайтады онан кешіне.
Бір азамат жоқ па деп, Сонша көптің ішінде. Сарын салып іздеді, Табылар деп төзеді.
Шапырашты Жапар ер,
Он екі жасар кез еді.
– Көпшілік үшін басымды, Meн қияйын, – деп енді. – Әумин! – деп қол жайды, – Жеке басым барамын,
Жолдастың жоқ керегі.
Тас түйіліп қабағы, Жанары оттай жанады. Бір түйе, теке, біp қошқар, Үшеуін-ақ алады.
“Абыройлы боп келгін!” деп, Қазақ шулап қалады.
Мезгілді өтіп жерлерден, Қалмаққа кетіп барады. Адыр мен кезіп даланы.
Қалмақтың кіріп шетінен, Үрген ит шықса алдынан, Бәрін де қырып салады.
Қазақтан елші келді деп, Қалданға жетті хабары. Сәлемдесіп жөн сұрап.
Арада сөздер болады. Қалдан шерен қоңтажы, Бір сөйледі түнеріп.
– Қазақта үлкен жоқ па еді,
Жас баланы жіберіп. Түйе, қошқар, текесі, Әкелгені бұл несі,
Іс қой кісі күлерлік.
Ер Жапар сонда сөйледі:
– Үлкен десеңіз, тақсыр-ау, Сөйлесіңіз түйемен
Текеде сақал тобымен, Сақалды кісі іздесең.
Басты десең қошқармен,
Іс істей ме жастармен. Адам десең, тақсыр-ау, Сөйлесіңіз менімен,
Шыққанмын арнап елімнен. Қалдан айтты: – Жас бала, Себебін айтшы, расын,
Елші болып келгенде, Бар ма еді мұндай рәсім? Қоя тұрып басқаны,
Жапар бір сөз нұсқады.
“Даусынан шошып атыңның, Қатыным бала тастады”.
Сонда қоңтажы: – Ақымақ, біздің елдің айғырының даусы қайда, сенің қатының қайда? – дегенде, сонда Емілдің ұлы Жапар: – Тақсыр, төрелегіңізге құлдық, біздің елдің айғырының даусы қайда, сіздің елдің қатыны қайда” – дегенде, Қалдан шері дауды доғарып, қапалықпен: – Бар, балам, еліңе, амандық, – деп жауап беріпті дейді. Енді Қасанның айтуы бойынша.
Осымен өтті жылдар арасында,
Білмеймін көбі мен аз шамасында. Ішінен құса болып қалған еді, Қоңтажы бармақ шайнап баласына. Күндерде тағы бір күн елші салды, Қазақтың үш билі ел арасына.
Осындай естуім жаңылмасам, Алдеке, Қарамолда жобасында.
– Қазағым, қатар жатқан елім едің, Бұл күнде үш би, бір хан толық едің. Ерменен ел жағдайы тынушы еді,
Ісі емес бала-шаға, көрінгеннің. Тәуке, Төле, Әйтеке, Қазыбек ер, Жетім-жесір ісі бар бірталай ел. Әртүрлі жағдайынан сөйлесейік, Ардақты, абыройлы біреуің кел.
Қалдан шері жауабын, Үш би, бір хан ойласты.
Елін жиып хабарын,
Қалмақ тыныш қоймас-ты. Сөз тыйарлар қалмады,
Шебер маман ер керек. Екі хандық арасы,
Бітім, дау боп жанжалы. Төле би айтты көп үшін: – Бір қызметіңе барайын. Жазатайым сүрінсем,
Екі інім бар артымда,
Қанат-құйрығым, жарағым.
Әйтеке би сөйледі:
– Інісі бардың тынысы бар, Осындайда керегі.
Баруым менің жөн, – деді.
Қазыбек айтты: – Жақсылар,
Жобасына құлақ сал. Бір адамдай сөйлейтін,
Қырқылмаса шамам бар, Алды-артымда панам бар.
Баруыңызға жөн емес, Қысқа сөзді адамсыз. Әзіздердің дұрысы, Ай мүйізді ағамсыз.
Он екі бұрам толғанып, Сынап көрер расты.
Сізбенен кім таласты? Түйінді сөзге келгенде, Асынып халқым қаруын,
Жөн, Төке, менің баруым, –
дей келіп, Қазыбек: – Аттың басы күшті ме, белі күшті ме, жоқ құйрығы күшті ме? – дегенде, Төле би: – Шырағым, Қазыбек, жол бастауға аттың омырауы күшті, бірақ белі қызметті көп істейді, рұқсат сізге, – деп жол берді.
Қолын жайып Төле би, Бата берді толғана:
– Атасызға бол ата, Панасызға бол пана. Татуластыр елдерді! –
Деп Қазыбекке жол берді. Жұрттан таңдап, іріктеп, Ерткелі жиды ерлерді.
Төле би қосты қасына, Қылыш, Балта дегенді.
Қожабақтың ұлы еді, Серкелінің бірі еді.
Шыққан батыр атанып, Жасынан-ақ ірі еді.
Қазыбек пен Әйтеке, Бұлар да жиды асыға. Төледен рұқсат, бата алып, Ақ жалау байлап басына, Шенін тағып үстіне,
Ер Қазыбек шығады.
Ерлерін eртіп қасына, “Абыройлы, аман келгін!” деп, Жұрты шулап тұрады.
Шығарып жолға салады. Шаңы тозып Қазыбек,
Қалмаққа кетіп барады. Тамашалап әр жерде, Қалдан ханның көп елі, Бәрін дағы көреді.
«Қазақтан елші келді» деп,
Ханға хабар береді.
Тигеннен соң хабары, Ордалы ақ сарайға,
Кіргізеді бұларды,
Кілем төсеп алтыннан. Қаз дауысты Қазыбек, Ділмары деп қазақтың, Естуші еді Қалдан хан. Құмар еді көргелі, Келгендігін білді енді.
Даярланып дастарқан, Түрлі шәрбат-шарабы. Елеусіз киім киініп,
Жігітімен барады. Алдына табақ тартады. Қол салуға ұсынып,
Біріне-бірі қарады.
–Әуелінде не бар? – деп, – Ортасында немене,
Ақырын да аңғар! – деп,
Қалдан шері сұрады. Қазыбектің жауабы:
–Әуелінде – бісмәлла, Ортасында – береке.
Ақырында – шүкірлік. Түсірме арға көлеңке,
Тойсаң, тәубе келтір, – деп, Неше түрлі тәмсілдеп,
Үлгілі сөз сөйледі. Кеткенін қайтып білмеді.
Және бір күн сол күймен, Елеусіз ол келді енді.
–Аспан мен жердің арасы, Қаншалық жол? – деп сөйледі. Қаз дауысты Қазыбек:
–Бір шақырым жер, – деді, – Оның былай себебі.
Ешкім барып көрген жоқ, Күн күркіреп жауғанда, Ел қорқады дірілдеп.
Қиял қып сонан ойлаймын, Бір шақырым жер ғой деп.
–Қаншалық жер бар, – деді, – Батыс пен шығыс арасы? – Қаз дауысты Қазыбек:
–Күншілік, – деді, – шамасы. Азанда шығып күн батып,
Осындай боп жүр жобасы. Тегіс бәрін аралап,
Болмаса көзбен көрген жоқ.
Адамзаттың баласы.
Және қайтты қоңтажы, Сөйлер сөзден адасты. Қайтып барып жайына, Аз күн өтіп арадан, Сәулетпенен сыйлап хан, Шақыртып алды алдына. Сөздер болды неше түр, Есендесіп болды да,
–Қазақ-қалмақ ел едік,
Қатар жатқан таң куә. Не сауқатпен келдіңіз,
Жансыз ба әлде қаңғыма? Не айтасыз барғанда,
Жұртың келсе алдыңа?
Қазыбек сонда сөйледі:
–Бірінші келдім көргелі, Сізге сәлем бергелі.
Сауқатым сол тіріде, Амандығың білгелі.
Жұртымның айтқан сәлемі, Олжасы сол бергені.
Апарған елге сауқатын, Не десең соны сөйлеймін, Елдессеңіз ел болып, Жауықсаңыз білмеймін.
Қалдан шері сөйлейді:
–Айтқаның дұрыс, жөн деді, Қоныстан біздің жай алған, Сіздің қазақ ел деді.
Көрмеп еді бұл жерді. Әмір Темір тұсында,
Есім хан мен Қасым хан, Заманынан бері қарай, Түзелдің болып ел деді. Алматы, Алтай арасы, Бұрыннан біздің жер деді. Қырғыздың да жері бар, Алатауға таласып, Қорлайсыңдар аз елді.
Шақырғандай сендерді Мен тыншымай жүргенде, Сіздің елің білмеді.
Олжа, шабын сабақты, Тентек тілін сүйреді.
Бүйте берсең, қазағым, Тарылады заманың.
Жәрдем сұрап Қытайдан, Қайғылы күн саламын.
Тозаңын желге суырар,
Адыр менен қалаңның.
Елдік, жаулық не болсын, Тұжырымды қайсы жауабың?
Қазыбек сонда сөйледі: – Сөзіңіз рас, жөн деді. Көңілі мамыр болады, Ханы бар әділ ел деді. Болғай әділ сен деді.
Егеске керіс табылар, Күйзелтпейік елдерді.
Шекара қылып бөлейік,
Сызықтап болжал жерлерді. Мен жөніме жүрермін,
Елің жөнге жүрмеді. Жау санасып ұрыса ма, Итіңнің көп үргені.
Біздің де көмек түрін көр, Дұшпаны сасып дірілдер. Туысым араб, түрікпен, Емеспіз жалғыз біліңдер.
Жой деген жаулық желегін, Тілегі бар Төленің.
Татуластырар екі елді, Тапсам деймін мен емін. Көшпелі етіп Шыңғыс хан, Араластық сіз бен біз.
Затымыз маңғол, түріктен, Тарап жатыр ізден із.
Түйінді сөз не болсын, Бірлік түбі – сауап дер.
Мен еліме қайтайын, Қалау сізде, жауап бер?
Сөздер түрлі айтылды, Ақыры қылды ынтымақ. Олжаларын қайтарды, Тілге келіп татымды.
–Менің де түскен жұртыма, Босатайын халқыңды.
Екі жағы елдесіп,
Қатты уәде, шарт қылды.
– Бәрекелде, Қазыбек, Естуші едім даңқыңды. Жесір-жетім, тұтқынды, Босатады біздің ел.
Хабар айтқын, босатсын, Тұтқындарды сіздің ел.
Тәуке, Төле, Әйтеке, Үшеуіне сәлем де.
Қайыр қош, сен де аман бол, Жасайық тыныш әлемде.
Қазыбек бітім болған соң біраз күн жатып сұраулап олжаға түскен жетім-жесірлерін жиып алып, еліне қайтпақшы болды. Қалдан хан жар шақыртып, хабар берген соң бірқатарлары өзі ізденіп келе берді. Қатарында қалмақтың сыншылары елшілердің бәрін де сынап, баяғы екі серкелі жігітті “Қылышым – қылыш, Балтам – балта екен” деп, үзеңгісіне у жағып жіберіп, елге келген соң, Қылышы өліп, Балтасы аман қалған деуші еді. Әбдірайым Тәшкеннің айналасында Қылыштың қыры, Балтаның көлі деген жер бар, солардың атағы дейді.
Қазыбек енді еліне жөнеледі, Жиып ап жетім-жесір, не ерлерді.
Сіздер де жоғыңды ал деп ертіп келіп, Қалмақтың жоғын тауып бұл да берді. Есітіп қазақ шулап қарсы келді,
Деп бәрі даламызды аман көрді. Қысқасы, түгел қазақ разы болып, Бәрі де қойдай шулап бата берді. Сыры бар ерлі-қатын барымталы,
Сөзі еді Арғынбайдың сол туралы.
Естіпті Батырбектен батыстағы, Үлгі етіп кейінгіге қалдырғаны.
Айқымбай, Жетімбайдай Бағыс өткен, Олжа алған оза шауып шаршы көптен. Бір үйге Қоңыраттағы мейман болса, Мынандай иесінен оқиға өткен.
Қызыл күн ұясына батып ақыр, Мейман боп төрге шықты екі батыр. Бір адам қойшы десе, әйелге ұқсас, Мекендеп кір үйшікті болған пақыр.
Мойнына дорба асынған жұлым-жұлым, Басына төнгендейін заманақыр.
Мүжулі итке арналған сүйек-саяқ, Қайран боп қиялданып бұлар отыр. Түсіну қиын кейде кей жандарды, Ac пісті әлдендірер меймандарды. Әдемі майда турап астың алдын, Сүзді де бір табаққа даярлады. “Маржан!” деп үй иесі айқайлады.
Ит шықты шымылдықтан байқағаны.
Әдемі астың алдын берді соған,
Меймандар айтты ішінен “ой, тобаны”. Ертегі көргеніміз секілді деп,
Екеуі сыр ұғуға бекінді тек.
“Дорба асқан әйел мен ит сырын айт!” деп, Меймандар үй иесінен өтінді көп.
Үй иесі түнерді,
Бір күрсініп жіберді.
–Сырымды, мейман, айтайын, – Көп толғанып деді енді. –
Батырлар, мейман боп едің, Табамын жүрек қай емін?
Таңдап алған жасымда, Бұл қойшы еді әйелім. Шабысында қалмақтың, Олжасына ілінді.
Қазыбек барып қалмақпен Бітім болды түйінді.
Анығын біліп қалмақтан, Естіген соң жан-жақтан,
Ізденіп шығып елімнен,
Жобаның бардым жөнімен. Әйелімді табайын,
Ерленіп жүрген жерінен.
Жүр деп ем әйел жүрмеді. Хан жарлығы болған соң, Пәлен деп байы тимеді. “Қатының көнсе, ап кет!” деп, Елеместен тұрды енді.
Қатын менен екеуі,
Күңкір-күңкір сөйлесті.
Астымдағы бедеу атыммен, Мен айттым: – Сонша әуре боп, Көз ашып көрген жарым деп, Шығып ем іздеп елімнен.
Қия алмастан сені мен. Еш болмаса армансыз, Бір сөйлесіп кетейін.
Шығарып салшы ілесіп, Сонау бір жерге көрінген.
Амалсыз ертіп жөнеді, Құртайын сені деп енді, Бұл әңгіме түнде еді.
Ұзаған соң алысқа,
Қыл шылбыр тастап мойнына, Қағып салдым артыма.
Іліп ала жөнедім, Алды-артыма қарамай
Түнімен шауып келемін. Ер жігітке ат қанат
Ұшқан құстай гуледім. Түрікпеннен түсірген, Өзі арғымақ ұшқыр ат, Өз шамамда ойласам, Апталық жерге кеп едім. Күн шығардың алдында, Қалмақ-қазақ арасы, Дәл шекара білемін.
Сол уақта бұрқырап, Шаң көрінді артымнан.
Қуған екен жарамды, Шыдай алмай атымен.
Қатынның байы бұл енді Оңбағандай неме еді.
Жауырынды көрінді, Ашу қыла сөйледі.
–Ықтиярсыз қатынды, Апарасың, – деп енді. – Құтылған жерің осы ма?
Жайыңа қой қатынды,
Жеңген алар ойнаймын, Сеніменен мен енді.
Армансыз болып кел! деді. Соныменен, меймандар,
Басыма түсті қиындық. Төте жауға ұрындық, Жәрдем етер кісі жоқ,
Өлсем құным – тиындық. Амал бap ма, қайтейін, Алыса кеттім мен енді.
Шабайын деп қылышты, Ұмтылғанда басыма, Аяқтан алып бұл қатын, Жәрдем берді қосыла.
Түскенімді білемін, Сол қалмақтың астына. Өлетін болды уақытым,
Есімнен танып құлаппын. Асыраған күшіктен,
Аты Маржан мынау ит,
Бар еді сонда қасымда.
Артынан келіп қалмақтың, Тола тістеп құрғырдан, Құлатқан екен қасыма.
Есімді жиып аңладым, Опалығын жануардың. Бата алмастан итімнен, Отыр екен бұл қатын,
Байының жылап басында. Менде өткір семсер бар,
Басын кесіп жайладым. Мінгізіп алып қатынды, Сол қалмақтың атына,
Аман-cay келдім халқыма. Төркінін алдым шақырып, Сырын айттым білдіріп.
Тана алмады шын сөйлеп, Расын айтты қатын да.
Құтқарғын деп ем бәледен, Төркініне өтініп.
Не істесең ол қыл деп, Өзіме берді жекіріп.
Құдайға аян бұл ісім, Меймандар, сізге өтірік.
Шапсам бір-ақ өлер деп, Қорлауға мұны ойладым, Басын асып қалмақтың, Мойнына дорба байладым. Қатын алдым бөлекше,
Осы күйде қойғаным,
Итімнің айттым дерегін.
Бұл болмаса өлемін.
Ажалдан мені құтқарды, Шымылдыққа кіргізіп, Асымның алдын беремін.
Меймандар, жөні осындай, Нені тәуір көремін.
Сол жосындағы Толабай сыншының баласының әңгімесі:
Үш бидің әңгіме көп заманында, Сол бітім тағы бір сөз болғанында. Мынандай бір баланың дерегі бар,
Қалмақтың соңғы қалған қамалында, Қоймады қуаты бар іздеп алып, Қуанған заман еді, біреу налып.
Толабай күйікпенен жатушы еді, Баласы жалғыз ғана жауда қалып. Баяғы осы бітім жөніндегі,
Қоңтажы жауда қалған еліндегі. Кісінің оқшау арман нақылы бұл, Арғынбай кемін айтып беріп еді.
Сонда бала жерде жатқан қу басты құшақтап мынандай деп жылайды: “Осы кәріпшілік уақта Толабай сыншының баласы деп мені кім айтады, пәлендей тұлпардың басы деп сені кім айтады?” – деп еңірей берген соң, өткен-кеткен, көрген қалмақтар бұны айтып бара берген соң, Қалдан хан алдына шақыртып алып, сөзге салып: “Балам, сен тұлпарды танисың ба?” – дейді. “Танимын” деген соң, ат көрсетеді.
Бала айтты: – Тұлпар емес мұның бәрі,
Өзің болсаң қалмақтың Қалдан ханы.
Азаптан құтқаратын біреуі жоқ, Бір жұртқа ие болдың патшалы.
Тұлпар деп, арғымақ деп жиып апсыз, Саны көп, сапасы жоқ жануарларды, –
деп ханның сүйегін қыздырған соң, жарлық жазып беріп, қасына екі адам қосып: “Түгел жұртымды аралат, жылқыларының бәрін көрсет, егер мынау
тұлпар десе, ердің құнына тұрса да алып кел!” – деп, ерікті ықтиярымен баланы қосып жіберді.
Халқына хан жарлығы хабар тиді, Есітті түгел жұрты мынау күйді. Алдынан көзі қарақтың өткеруге,
Бар жұрты топ-топ қылып жылқы жиды. Қандай жұрт бірін қоймай аралады,
Сансыз жылқы қала мен даладағы. Бірнеше ай жылқының бәрін көріп,
Бір тұлпар ханды жұрттан таба алмады. Бастап жүр уәзір Серке жас баланы, Қылуға сөзін екі жасқанады.
Дал-дал боп хан алдына келе жатыр, Тұлпардың өзі түгіл жоқ нышаны.
Келеді қиял толғап, бала ұялып,
Жоқ деуге бір тұлпарды ханды халық. Бір қауіп жас жанына туар ма екен,
Беремін деп не жауап ханға барып? Басында айтып ем деп мұны барып? Алаңдап жан-жағына назар салып, Тұлпардың тезегі ағып бара жатыр, Тұрғанда өзен-судан ат суғарып.
Деп айтты: – Тұлпар төккен мынау қақты, Домалап осы тезек қайдан ақты?
Бос жүрсе, біреу мінсе, білейік!– деп, Шапқылап су басына олар тартты.
Бір жерде топ саудагер жатқан екен,
Ішінде адамы бар бес-он шақты. Сал сүйек, өзі арық, жауыры мол,
Көрсетті тұлпар сол деп жауыр атты. Бедеуге айырбастап сол атты алды, Береді тәуір малға жауыр малды.
Жауыр малға тәуір мал алғаннан соң, Қуанып саудегердің бәрі қалды.
Қуанып жүзі жарқын жас баланың, Жетектеп хан алдына алып барды.
– Бір күйге, тақсыр, сізді салдық қой! – деп,
Күледі уәзір Серке, жұрттың бәрі.
Сонда Қалдан: – Жақсылар, сабыр түбі сары алтын” деген емес пе еді, рас, ақырын күтейік, қолдағы бала ғой, – деп, – кәне, балам, маған тұлпар екенін қандай белгімен көрсетесің, – деп еді, сонда бала: – Тақсыр, ерді кебенек ішінде таны, түйені жүктің астында көр, тұлпарды жарыста көр, күніне мінсе есек, айында мінсе ат, жылында мінсе, тұлпар деген емес пе еді?
Мұны ұзағынан бес қысыр байтал үйірге беріңіз. Жылында кезегімен біреуін сойып жеп, тұлпардың толған уағында өзім айтайын, – деп, рұқсат алып үйірге салды. Мен армансыз болайын, онан соң бекер шықса, басым кетсе ризамын, – деді.
Он жылқы салып үйірге, Жайлауға айдап жіберді. Жатса, тұрса ойланып, Осы болды ермегі.
Ыстық-суық арылып, Жауырлары түзелді.
Жылында бірін сойып жеп, Жеті жыл өтті күрделі.
Сойған сайын бәрінің,
Жілік майын көреді.
Бір күндерде болжаса, Жетіншісін сойғанда, Ақ кемік бопты біреуі.
Мүддеге тұлпар толды деп, Қуанды тасып жүрегі.
Ұстап алып онан соң, Суытуға бастады.
Сымға тартқан күмістей, Қайрақтай болып тістері,
Ханнан жарлық алған соң, Басқалардың біреуі
Пәлен деп ауыз ашпады. Қалданға келіп сөйледі: – Уәделі болды күніміз, Армансыз жетті мүддеге.
Бар болса бәйге, сыйыңыз, Мұрагер топтап үйіңіз.
Дандардың бәрі жарыссын, Іріктеп жүйрік жиыңыз.
Қызбай тұлпар шаппайды, Жақын болса, ақсайды.
Күншілік болжам қылыңыз, Өзгелерге сенбеймін,
Сөреде көздеп тұрыңыз. Хан жарлығы екі емес, Өтірік шықса мұнымыз.
Қалдан хан ел-жұртына хабар берді, Сансыз көп жиып алды қалың елді. Жүретін ер құнына арғымақтар,
Бәрі де мақтаулының түгелденді. Озғанға алтын-күміс үйіп қойып, Бас болып өзі келді сөреге енді.
Көзіңмен қатар тізіп, қолмен қой деп, Басшы қып қырық жігітті жібереді.
Үстіне тұлпар аттың бала мінді, Дүниесін жинап жүрген ала мінді. Создырып сан жүйрікті келеді айдап, Дүбірге елеретін неше түрлі.
Күншілік түгел бәрі жерге барды,
Тырнақтарын шылбырдан босатады. Қиқақтап тұлпар аттың мәнісі жоқ, Ұзақтап кетіп қалды аттың бәрі.
Артынан қырық жігіттің бәрі келді, Мазақтап тұлпар ат деп айқай берді. Бусанбай, еті қызбай келген аты, Еліріп енді өршіп жөнеледі.
Әуелде бермеп еді бәрі де алды, Бірте-бірте бәрі де кейін қалды. Сәскеде түгел бәрін көктеп өтіп,
Тұлпардан сонда барып тер шығады.
Күн қыза хан алдына жетіп барды. Бабына әбден келіп өршіп алды.
Айнала қалың қолды шауып жүріп, Бірінің тақиясын, бөркін алды.
Артта өсек қалмасын деп айқайлады. Білдіріп жөн-жобамды кетейін деп, Кідіріп аттың басын іркіп алды.
– Болып ем тұздас-дәмдес аман бол, – деп, Төтелеп енді еліне жөнге салды.
Қарасын қуғанменен көре алмастан, “Ұста-ұста! Қойма!” деп бәрі қалды, Ал енді тұлпар сырғып құстай ұшты, Он саржын әуелінде жерге түсті.
Жұлдыздай аспандағы келеді ағып, Жер жарып екпін сарын құйылысы. Қазандай тұяқ ізі төңкеріліп, Будақтап бұрқырады жердің үсті.
Аңғарды қарындасы ел жағында, Құлаққа тиіп сарын бұл жүрісі.
Баласын сағынғаннан мүгедек боп, Толабай жатушы еді деген кісі.
– Атеке-ау, бір тұлпардың сарыны бар, Айламен жаудан қашқан балаң шығар? Тоқтамас тұлпар басы тасқа ұрынбай,
Амалдап балаңызды түсіріп ал. Тезімен бір шараны қолдансаңшы, Кетеді ағып өтіп, уақыт тар.
Толабай кілем тосып, арқан керді, Деді де пәйті жері мынау шығар.
Зар жылап, жолын тосты арқан байлап, Бұлттай төңкеріліп шықты жайнап.
Қағылып арқан ұстап бала қалды,
Жасылдай өте шықты тұлпар жайнап. Аспанда сабаншының жолындай боп, Шұбалып шаң қалады одағайлап.
Қызған соң тұлпар ұрып тоқтамады, Ойылып жер ошақтай шапқандағы. Соғылып қарсысында қара тасқа, Тиген соң мең-зең болып тоқталады.
Сөзінде қариялардың таласы көп, Жиделі Байсын деді барған жағы, Танымай көрсетеді қарттарына,
Ол жақта болмайды екен жылқы малы.
Қариялардың айтуынша, барған жерінің қой, түйеден бөлек жылқы малы болмайды екен. Өткен-кеткен мына бір бала тұр деп қарттарына айтып бара берген соң келіп көріп, танып, мынандай депті дейді:
– Арғынбай, өрендер, Ел шетіне келгендер. Төрт аяғы болат екен,
Бұл өзі жылқы деген мал екен,
Жүрген жері жаугершілік болатұғын бәле екен, –
деп аттырып тастапты деп бір бұлар емес, жиын-тойда талай қариялар әңгіме етіп отырушы еді.
Қалмақ-қазақ жарасып,
Арада өтті неше жыл.
Әңгімесі неше түр, Бір күндері бұзылып, Ұлғаяды мынау сыр.
Мынада деді болжалы, Бір қалмақтың өзі емес, Қозғалыс еді жан-жағы. Бір жағынан башқұрттар, Өзбектер де бір жағы.
Көбінесе көрсеткен,
Қалдан шері қоңтажы. Сөздердің көп таласы, Шұбырыншылық ақтабан, Сұлама деп Алқакөл Баяндайды ел санасы.
Шұбырып жаяу сандалып, Ағарып табан жүреді.
Алқынып көлден су ішіп, Сұлап жатқан күндері.
Айтуынша, атақ қап,
Сол жобаға келеді, Осындай деп дерегі.
Сол шұбырындыда Тәуке хан, Төле: – Көшкен – жұттан, қашқан – жаудан құтылады” деп, жұртқа жариялап, ынтымақ бірлікке шақырады.
Сезіліп жаудың дерегі, Жұрт жиылып келеді. Би мен хандар ойласып, Ынтымақ етті жүйелі.
Жосыны сондай болған соң, Бұған да атақ берелік.
Ынтымақ, бірлік деп енді, Төле жұртқа сап дабыс,
– Керек, – деді, – қозғалыс.
Жақында тыныштық болмайды, Тұйықтайтын күн алыс.
Түскенін басқа көрерсің, Біреуге-біреу жалғасып,
Малды мен малды демесін. Жөндіккенше ел болып, Малын қосып айдасын.
Кедей көшсін тобымен, Байлар беріп тобасын.
Қалмасын жұртта жөнесін, Қашаулы байтал, аруана, Сауа жүріп биесін.
Қолына тисе жабағы, Бір кісінің қабағы.
Жаяулықты көрмесін, Жер емшегі бізде жоқ,
Жүруші ек көшпенді халық боп. Қымыз ішіп айранмен,
Ірімшік пен етті жеп.
Жұбататын балларын
Қолында жалғыз наны жоқ. Ептеп жоғы күн көрсін, Барлардың малын сойып жеп. Біз отырмыз ада боп,
Балалар өсер адам боп. Және асырып айтпасын, Кете ме жақын ұзақ боп. Жосықсызды тыяйық, Үздік-үздік батырлар,
Құрал сайла лайық.
Алдымызда көш жүрсін, Біз артында болайық.
Балалардың қамын ойлайық, Үлкендер өлсе жазым боп, Сүйегі жауда қалмасын.
Бір бас, бір тас болайық!
Үш би, бір ханның жарлығы, Жарлық үкім хандығы.
Жар шақыртып айтқан соң,
Түсінді елдің барлығы. Көнбеген мынау жобаға, Түседі ауыр жазаға.
Кеш байқалған жағдайдан, Бір ру елдің адамы, Сарқыты судың құрама.
Бұл құрамалар да екі түрге бөлінеді. Бір түрі қазақтың қалдығы болса, бір түрі жаудан қашып келе жатып, үй қыдырып қонайын десе, қондырмаған соң, құрама бар бол деген екен. Біз сол себепті құрама атағанбыз”, – деп айтады.
Ынтымақ болды билер жобасында, Қай іске басталды деп істің жөні.
Жазым боп жігі ажырап кете ме деп, Ошақтың үш бұтындай қазақ елі.
Біреуін бірі көрмес күн бола ма, Бірі аға, бірі ағайын, бірі іні.
Бір жағы қоныс ауса, жердің кемі,
Кең өріс, салқын жайлау малдың шөбі. Қаз қонып, үйрек ұшып, көңіл шалқып, Қалмақ па жау қолында шалқар көлі.
Сырбаз ет, сары қымыз ішіп күнде, Тамаша сауық-сайран құрған жері. Қосылып қыз-бозбала дәуір сүріп,
Көзіне от жалындай туған жері.
Кіндіктің қанын төгіп, кірін жуып, Теңімен көбелектер қуған жері.
Қабірі, ата-анасы, көп туысы,
Қалайша тастап кетпек сонша ерлерді? Не шалдар жер бауырлап жылайды енді, Бас шайқап, бармақ тістеп мұңайды енді. Басына күн айналып түскендей боп, Күйзеліп сонда қазақ бір тербелді.
Аға деп Төле биге жұрт қарайды, Ойланып қиял түбін бола алмайды.
Қазыбек, Әйтеке би жерге қарап, Тынысын адал болып ала алмайды. Бір көрсе қонтажымен қаһар шашып, Бөлек жау және де түр хабарласып.
Десе қазақ арыстанмен алысайын, Жан-жақтан айдаһар тұр аузын ашып.
Күні бұрын ойласып, Күтініп тұрды сонымен, Бір күндерде қарсы жау, Атқа қонды тобымен.
Біреу емес бірталай, Айта берсем тобымен.
Алдымен шапты қалмақтар, Хан Тәукедей төреге, Мұнан кейін Төлеге.
Қырсығына кеткен соң, Іс орнына келе ме?
Бұлар да қарсы соғысып, Намысты қолдан бермеді. Күндіз-түні ыңыранып,
Төле би ұйқы көрмеді. – Асыл ғана халқым-ау,
Жанын қайда сақтайды? Заманның түрі бұл болды, Жанға қалай батпайды?
Айналасы өлшеусіз, Қалай қарай аттайды? Қай ханға көзін сүзеді? Орны бұрын төрде еді, Ауған соң қоныс осылай,
Қиындықты көрді енді.
Ауыр күншілік шұбырынды, Тартатын болды-ау азабын.
Ер іріккенде олжа боп, Қоңтажының мазарын. Үш бұтындай ошақтың Қайран ғана қазағым.
Іргесін жаман көтерді, Тұтас жатқан ел еді.
Босып үркіп жөнелді.
Бастарына түсті күй,
Сасқанда көшке сыймай, Алты қанат аппақ үй.
Киіз мүлкі үйіліп, Қап-арқаны жиылып, Олжалыға болды сый. Ойран төбе, көк төбе, Енді бізге жоқ төбе.
Домбыра да тартатын,
Сол жағдайдан барқыт көл.
Жақсылар, сол күндерде Төле би алтын босағалы күмістен зейнет беріп, үй қылдырып алған еді. Кейбір әйелдер босағасынан аттап үйіне келіп түнегендей жай болушы еді. Менің білуімше, Россия дәулеті Шымкентті келіп алғанша төрт шабылған, екеуі Қалдан шері қоңтажының шабыны, біреуі Жүніс қожа Қожамжарменен жауласқанда, біреуі ұрпағынан Момбек датқаны Шанышқылы Шай Құрбаны шаптырғанда – сол төрт шабылғанның қайсысында кеткенін біле алмадым. Бірақ таланда кетуі анық. Ауылына келетұғын адам Төле биді құрметтеп көз көрім жерден атынан түсіп, жаяулап келуші еді. Осы әдет Қасымбектің күніне шейін келген еді.
Қалдан ханнан жеңіліп, Үш жүздің қазақ көп елі, Алды босып жөнелді.
Артын қуып келеді, Тегіс бәрі бет алып,
Байсынға ауды дер еді. Барған жері сол күнде, Хиуа, Бұхар ел еді.
Үш жүздің малы килігіп, Сырдан келіп су ішкенде,
Ақпай қапты дер еді.
Әбдірайымның айтуынша Қожакелді батырдың сол шұбырындыда малы, жаны Сырға кетіп: “Құдай-ау, түбімді бер” деп үш қатын алып, сонан кейін он екі бала көріпті дейтін. Оны біреулер осы ма, бөлек пе деп, мынандай да бірталай әңгіме үлгі етуші еді.
Бала-шаға, үй-мүлкі,
Сырға қарық боп шөгеді. Қарайып жатқан күйге кеп, Ары-бері жүгіріп,
Түбімді бере көр дейді, Бір адам оған кез келді. Қартайған әбден кәрі шал, Жақпады бұған сөздері.
– Қартайған өте адамсың,
Бергенде де түбіңді,
Осындай қайтіп боласың?
Осындай деп жөнеді, Аузы күйіп тұрған шал, Пәлен-түген демеді.
Осыменен арада,
Бірнеше өтіп жыл енді. Малменен бас ауыртып, Сансыз жылқы күй бітіп,
Қалыбынан озып күйленді.
Немере бітіп, шөбере, Он екі және ұл көрді.
Есінен шығып, көркейіп, Ғаріп болған күндері.
Мейман келді үйіне, Күндерде бір күндері. Өсіп-тасып өркендеп, Қой сыймайды қораға.
Ошақтың басы топырлап, Сыймай отыр балаға.
Он екі ауыл боп кеткен, Бәрінде толық сыбаға. Ет келгенде шараға, Үйде отырған кәрі шал, Ауыз ашты санаға.
– Ей, мейман, әңгіме көп бастан өткен, Бір қартпын пәлен жасқа жасым жеткен. Үй-жай, төрт түлік мал, ұлы-қызым
Ақтабан-шұбырындыда Сырға кеткен. Әркімге бір атадан өңкей елес,
Түгелін көрмегендей болып өткен. Жүгірдім ойға, қырға сасқалақтап, Тосыннан біреу келіп тұрды жақтап. Халімді сонда менің көзбен көріп,
Бір сөзді кесіп айтты тағы мықтап.
Із ауысып күйген жерге шөп шығады, Адамның жұмбақ екен болашағы.
Он екі, онан да асып бала көрдім, Мал-басыңа, ауыл үйлі түгелдендім. Қай күйде сол азамат білер ме едім? –
дегенде, мейман бармағын тістеп, басын шайқап: – Ата, соны айтқан мен едім, үйленгенім жоқ, – дейді. – Балам, өскенде мынау бесіктегі қызымды аласың. Мейман ішіне пышақ ұрып: – Бұл өскенше бармын ба, жоқпын ба? – деп, түнде жөнеп кетті дейді. Сол кейін әлгі қызға үйленген екен.
– Тілегім, қыз бен жігітім, Үзбесін әсте үмітін, –
Дейді екен Төле мысалдап, Қайрап жұртын күні-түн.
– «Үмітсіз – шайтан» келіспе, Жеткізер үміт жеңіске.
Амал жоқ, бүгін уақытша, Бет бұрып тұрмыз еңіске. Не түссе де басыңа,
Қайраттан, халқым, жасыма!
Өзегін өртеп өкініш, Үн қатты қазақ ашына. Бәрі үркіп жөнеді,
Жау қалмай қуып келеді. Күні-түні ізінен,
Қалдан ізші жіберді. Ол күндерде хандарда, Ізші деген болушы ед, Былай еді дерегі.
Ізшінің мәнісі сол уақыт жағдайында жолсыз жердің сүрлеуін табады, қараңғы түн, шырттай тұман болса да жаңылмайды, адаспайды, қолды бастап жүреді.
Алдын бастап бұланшы,
Аралады көп жерді.
Айдалада тігулі,
Алты қанат үй көрді.
Жақындап келіп жабықтан, Сығалап қарап тұрды енді. Немене бар деп аңғарса,
Рас үш қыз көреді.
Сығалап тұр аңғарып, Шақпақ алып, от жағып, Тамағын ішті қамданып.
Жым-жырт жатып төсекке, Ересегі сөйледі.
Болған соң әбден жайланып, Сонда ересегі былай деді:
– Ауылым Қалдан шері Қоңтажының жолында,
Жаным, бір Құдай, өзіңнің қолыңда.
Жым-жырт төсегінде екеуі жата береді. Сонда ізші ойланып, адамның баласы екен ғой деп, жүгіріп Қалданға келіп мәнін айтқан, сардарларымен жиылып келіп, қорқытпай жай сөзімен жайын сұрады. Сонда қыздар: “Біз қазақ қызы едік, ауырып жатқан күнімізде бірқатар қариялар қоңтажы келеді деп әңгімесінде елестетуші еді. Сонымен ес-түсімізді білмей қалып, бір күндерде есіміз кіріп, аңғарсақ, жұрт тамам үркіп кетіпті, ел жоқ, мал жоқ, үрген ит, өрбіген жан жоқ. Аш қалмасын дегендей қыш ауқат қамдап, шақпақ даярлап кеткен екен, адам баласынан сіздерді көрдік” депті дейді Арғынбай.
Сонымен қоңтажы,
Қуып жүр елдің соңынан. Кезіксе тауды талқандап,
Көкпеңбек сайлы қарумен, Құмырсқадай қара қол.
Түйнектеліп ұшқан құс, Өте алмайды тобымен.
Сырнай-керней, барабан, Түйіліп дабыл қағылған. Шаһарына Сайрам келеді, Жер қайысқан көмегі.
Сайрамның жөнін айтайын, Бір замандар күнінде,
Басы болса Алатау. Ат бұлағы ат базар, Кемпір екен аяғы.
Арыспен қабат төменгі, Там үстінен бұзауын, Қуып жүріп зорығып, Кемпір өлген себебі.
Осы күнде арасы
Үш күндік жер шенеулі. Кеме жалдап өтетін,
Шыршықтың суы тас саймен Ағады екен дер еді.
Тарихында жазылған, Төрт жүз мың үй орнатып, Ыдырыс деген пайғамбар, Соқққан екен әуелгі.
Қоңтажы келген шағынан, Әмір Сімбет деген өзбек, Ал мынадай деп еді:
–Қаладан келіп іркіліп,
Өте алмай қолмен тұрады.
Мұнарадан Сайрам патшасы:
–Келе кеткін, көп бек! – деп, Айқайлап, дауыс шығарды.
Уәзірінен Қалдан хан,
–Не деді? – деп сұрады.
Көпбек деп қалмақ тілінде иттің күшігін айтады екен, «тақсыр, сізді иттің баласына теңгерді» деген соң, қоңтажы: “Егер осыдан өтсем, Сайрамның топырағын желге суырмасам” деп шарт қылып, тау басына барып, дарияның суын түгелінен Шыршыққа бұрып, адамының бәрін де қырып, жеті-сегіз адамын байлап алды. Сайрамның патшасы бірқатар адамдарымен қашып барып, Қытайда “бай Сайрам” аталады деген сөз бар. Тарихында Сайрам сонымен жеті мәрте бұзылып, түзелген дейді.
Бүгінгі Сайрам қалдығы Құралған сонан ел еді.
Жеті мәрте бұзылып, Түзелген шаһар дер еді.
Фарсы тілде Сарям Басқа шаһар дегені.
Қалдан тұрсын сонымен, Баяғы босқын қазақтан, Енді хабар берелі.
Төле сөзбен көндірді, Туыстың пейілі тарлауын. Әлдендіріп аштарды,
Ортаға салды бар малын. Жетектеп бірін, ал бірін
Алғандай болды арқалап.
Жылағанды жұбатты, Аямай мейір, мархабат. Адам түгіл мал жүдеп, Күңіренді шартарап.
Ауып барған көп қазақ, Көшпекші болды бір қарап.
Екі жағдай себебі, Біреуінің мәні бұл:
Афсар деген тұқымнан,
Бәдір шаһ деген шықты бір.
Бәріне хан болам деп, Ұрыс етті неше түр.
Бірнеше айлар, неше жыл, Сескенеді осыдан.
Кез боп жауға тосыннан, Жолбарыстан құтылып,
Шабақтан қашып жайынға, Қаламыз деп тұтылып.
Екінші жағдай бұл еді:
Ел қылған құрап әз Тәуке, Өлтіріп алды оны да,
Уақыты бітіп күні енді, Көл болып жасы жылады, Енді қандай қылады?
Бір жағынан малдарын, Қуа қашып түрікпен, Жерінен ауған жүк артып, Қарға талап қашқанды, Олжаға шауып еріккен,
Кезі еді әбден зеріккен.
Біреулер жобасында Тәуке хан 1718 жылы өлді деп көрсетеді.
Қой мұнымыз болмас деп, Үш жүз болып жиылып, Күнде сиаз құрылып,
Алқа қотан үйіліп, Төле би көшер үйі жоқ. Арық қазды орнығып, Ел болсам деп түйіліп.
Сол күндерде Төле би барғаннан жер емшегін ембей болмас деп отырыпты. Бастап, көшпенділікті тастап, жеті арық қаздырған еді, осы күндерде де белгісі бар дейді. Тәуке хан өлген соң қатты ашынып, өршіген көңілі басылып, жұртына бір сөз дейді:
–Қоймайсың көш деп, халқым-ау, Біреуің емес, барлығың.
Менде қасірет көбейді, Енді айтайын анығын. Әз Тәуке, әзіз Төле едім,
Жұбымнан мен айырылдым, Ақылымнан егілдім.
Күтсем деймін моласын, Көпшілік күйге саласың. Халайық, жолға кірсекші, Жер емшегін емсекші.
Орнықты болмай болмайды,
“Арпа-бидай – ас” деген, “Алтын-күміс – тас” деген. Қазыналы гауһар зеріңнен, Төрт түлік жиған малыңнан, Күндердің күні келгенде, Біреуі артық наныңның.
Қалмасын деп ем бекерге. Мынау жеті арығым.
Аяқты малға сенбегін, Бір борандық деген сөз,
Опасы аз мынау малыңның. Үш жүз боп енші бөлгенде, Бабама тиген Жырағаш.
Отырысты ел болсақ, Тойынар еді қарын аш. Киінер еді жалаңаш.
Тәңірі не дер бекерді, Еңбек етпей болмайды. Үлгілі сөз бұл рас,
Болмайды бектік шын мирас, –
Осыны айтып болды да, Құшақтап Тәуке моласын, Төле би қатты жылады.
Бірталай адам күңіренді, Көшіп қашып ілгері,
Қазақ нені көрмеді. Қайда жүрсе Төле би, Отырысты ойлаған,
Жобада сондай деп еді.
Сонда Төле би былай дейді: – Бірақ, көпшілік, көш деп қоймайсыз. Қалдан қазақтың ісін қайтарып, тауын жықты, жеңіп қонысты алғанда да біз қазақ қырық жылсыз түзелмейміз. Ұбырынды-шұбырындыдан бері қарай Төле биден ұғынған кісілер отырысты ойлағандай. Ұлы жүз халқында Үлкен орданың төрі бар. Бір үлгі: кіші жүз бұзылса, орта жүзге сияды, орта жүз бұзылса, ұлы жүзге сияды. Анау екі жүзден бұрынырақ орнаған соң, сол жағдайдан айтатын шығар деп ойлаймын.
Үш жүз боп қылды ынтымақ,
Көшуге қайта бел байлап.
Әбілмәмбет дейтұғын, Ортасынан хан сайлап. Ел деп келген жұртымыз, Бұл да өлтірді борбайлап. Ердік деп ерлер жиылды, Қару сайлап ыңғайлап.
Боз бие сойып ортадан. Жолы үлкен аға ұлы деп, Төле биден бата алды,
Ұлы жүз болып Құдайлап,
Айтылған біліктілер нұсқалады. Көшпесе келіседі басқа жағы,
Қозыдай жетім қалған, қойша шулап, Өлтіріп Тәуке хандай жақсы адамды. Қонысын, жер жағдайын көргенінше, Жасымен бетін жуып аңсағаны.
Төрт болып екі көзі қыз-бозбала,
Сағынып жүрген жерін тамсанады. Ерлердің сондағы айтқан біреуі жоқ,
Жазылып ақ қағазда нұсқа қалды.
Алатау ұлы жүздің қонысы еді, Жамаған төрт түлікке тегіс еді.
Ыңғайлы қарлы-қарсыз бауыры салқын, Төрт түлік малға ылайық өріс еді.
Күндер-ай сол жерлерде дәуір сүрген, Дүние екі оралып келуші еді.
Қонысы кіші жүздің Еділ-Жайық, Ләззатын, ұжмақ исін беруші еді. Елшіге барып келген адамдай боп,
Жылында базарлатып келуші еді.
Фарсыға Бұхарменен сия алмастан, Қазақтың соны көксеп келісі енді. Ұшарға қанаты жоқ, еңсе басып, Екілеп құмдай босып көңіл шегі.
Көш озып, тозаң қаптап аспан жерді, Шиырлап көп тауменен тастау жолды. Жер жүзін қара құрым тұман қаптап, Шет алыс өртегендей елді ұрды.
Іріктеп жұрттан сайлап үздік ерді,
Арғымақ, сауыт-сайман сайлап көрді.
Қиналып топышақтың жалын сүзіп, Реттеп өз алдына найзагерді.
Топ болып ынтымақпен басын қосты,
Тигелі соғыс ашып қалмаққа енді. Үркердей болып сайланып, Тәшкенге келді шұбырып,
Қалмаққа шапты ұрынып. Шетінен сырып қалмақтың Шабуылын бүлдіріп.
Ұрыста болса ерлері, Шаруалы жағы кідіріп, Абылай ханның түрінен, Аз сөйлейін білдіріп.
– Есім ханның ұрпағы, Екі қатынның баласы.
Хандыққа бұрын таласты, Үргенішке адасты.
Үш-төрт ата өткен соң, Бала күнде тарынып,
Қазақты аңсап сағынып, Жолы үлкен аға ұлы деп, Төле биге кеп еді.
Төленің сегіз ұлы бар, Тоғыз болып көбейді, Тоғызы бірдей таласып, Аттың алдын бермеді.
Үлессе аз, үйсе көп, Қуаныш бойын кернеді. “Кербез жігіт” атанып,
Жылқы бағып жүрді енді. Төлені шексіз сыйлайды. Ұдайы жатқан жерінде, Құлашын керіп ұйықтайды. Сезіп Төле қимайды.
Айтады ұл, қыз-қатынға:
–Мынау бала көрерсің, Нұқыл болат денесі, Адамның болар төресі. Түс көріп бала айтыпты,
Бөгежілі Көтен батырға.
–Түкті қошқар ұлы едің, Оң қолымды көтеріп, Көкке апарып сүйедім.
Айға жетті сол қолым, Әдемілеп жори көр, Тарынып, жәке, жүр едім.
–Бұл жақсы, балам, түсінді, Хан боларсың халыққа.
Оңғарады ісіңді,
Ер тарықпай молықпас, Алдыңды кім болжапты? Жаңа талап, өзің жас.
Ада ұрып осындай боп жүрген күні, Байсынға аумай тұрып бұл бір жылы.
Жылқы айдап Түркістанға бір келгенде, Дәуірге саудаласты аздап пұлы.
Ол сарттың ашуы кеп лақтырды, Теңге деп бердің бе деп маған мұны. Мұңайып жерге қарап қапа тартты,
Бір адам сырттан болжап шамалапты. Осыған сауыт-сайман анжам ал деп, Береді бес жүз аттан бес бесті атты.
Бір сөзді аян көрдім деп айтыпты,
Сол күнде жолығам деп болжалдапты. Сұраймын оң тізеңді, өлгенде оң жағыңды, Деді де қайыр қош деп үйге қайтты.
Орта жүз Малайсары екен ол деп, Жас күнде естігенмін жағдаятты.
Баланың алақанын ашып көріп: “Балам, боларсың, дәуірге өтсем жолығармын. Тіріңде оң тіземді, өлгенде оң жағымды бір ұмытпа, сол күнде жолығармын. Мұны әрдайым есіңде сақтағайсың депті”, – дейді.
Кербез жігіт бұрыннан,
Күтініп жүрген сайланып.
Жүйрік мініп ұрыннан,
Сыпыра қылыш байланып.
–Көппен бірге барсам, – деп, Төледен бата сұрады,
Көтеріп өрге қол жайып:
–Керегі қанша, о, балам, Қатерлі жолға ұмтылдың. Қатпаған әлі қабырғаң, Келе ме менен құтылғың?
Жассың әлі жорыққа, Балам, босқа торықпа. Абылай сонда сөйледі:
–Сізге басым құл ма еді? Қайысқан қолдан қалғанша, Бізге өлім жөн, – деді.
Ауыр тиіп мына сөз, Амалсыздан Төле би,
Бата беріп жіберді. Абылайлап, айқайлап,
Орға шауып орғиды,
Сол сапар жауды қашырып, Хан атанған жері еді.
Ажыратып алды қонысын, Малының жайлы әрісін.
Қазақтың өршіп елі енді, Әз Тәукенің орнына, Хан сайламақ болады, Өткізіп сыннан ерлерді.
Әңгіме түсті жолға ұзақ тарап,
Осы жерін қиынырақ баяндамақ.
Уәж бар үш жүз үшке бөлінгендей, Төле би сыр бермеді жерге қарап.
Кіші жүз бұлар бір хан боп кетсек деп, Әйтеке сөз таратып жүр тақылдап.
Орта жүз Абылайды ұнатады,
Кіші жүз бөлек сүйреп бұл тартады. Тәуке ханға Әйтеке бас болған деп, Болсын деп Әбілқайыр бірқатары.
Ордасы Есім ханның ұлы жүз деп,
Төледен басқалары сөз қатады.
Кісі еді өз пайдасын ойлайтын деп, Төле би Әбілхайырды ұнатпады.
Үш жүздің енді басы бірікпес деп, Үйіне қапалықпен тез қайтады.
Үшеуі үш ажырап тарқады жұрт, Несіне әңгімесін ұзаталы.
Хан сайлап, онан кейін бөлектенді, Босады жігі ажырап көмектері.
Олар да неше тарау ханға қарап,
Жауласып бір-бірімен жіліктенді.
Ұлы жүз әлденеше аударылып, Айтады түрлі жағдай себептерді. Абылайды хан сайлап,
Орта жүздің баласы. Әбілқайыр ханменен,
Кіші жүздің тыншып арасы. Болмаса да хан белгілі, Қайыр тұрды Төлеге,
Ұлы жүздің арасы.
Қайта шауып қоңтажы, Нашарлады шамасы, Жер бөлімін болжайық.
Қоныс алды қай жерге, Қайбір жүздің баласы. Қариялардың сөзі көп. Біреулер ондай, мұндай деп, Ұлы жүздің айтуы.
Қоразтөбе, Састөбе,
Болған жер сиаз Сайрам деп.
Елді еліне хабар қып, Пәлен күні болжалдап. Сол күндерде хазірет, Сарттың ұлы қойылды. Төледен соңғы бастаған, Ұлы жүзді бұл еді.
Сөз даярлап жиылып, Ұлы жүзден бірқатар, Төле биге келеді.
–Енші алайық үш жүз боп,
Жүріңіз, аға, – деп еді.
Төле би бір сөз деді енді:
–Тоғызда беріп төрелік, Үш жүзге Төле атандым. Қазақтың болып үлкені, Алыс көріп қарысты,
Сүйемді жақын тартпадым. Осы күймен дүниеден,
Бір мінезбен қайтармын. Әбілқайыр жосында,
Болмай қалып айтқаным, Сонан бері қапамын.
Затым Үйсін Жаныспын, Затым Үйсін болса да, Мен бір сөз сөйлесем, Ауыра ма көңілің?
Жақын менен алысты, Орныма менің алып бар. Бірқатар жастан саналы, Тастемір мынау баланы.
Қосыла бірге барасың.
Ұлы жүздің тәуірі, Бара алмаймын сиазға, Басымның бар ауруы.
Мейлі тау болсын, мейлі шөл, Еншілеріңді алысқын.
Ұлы жүз Төлені Жаныс Төле би дейді, басқа жүз Үйсін Төле би дейді. Өтебайдан Қуандық, онан Тастемір. Лақапта қорқақ шешен Тастемір деуші еді.
Осындай деп Төле би, Басқаларын жіберді. Жарамдылар жөнеді, Састөбеде Сайрамда,
Апта болды жиылыс.
Бір түрлі кеңес боп енді, Қазыбек бір күн сөйлейді, Удай сары күніне,
Сөзге кезек бермеді, Барған сайын өрледі. Екінші күн Әйтеке,
Бұл да бір күн тербелді. Жүз тәмсілдеп мақалдап, Ұдайы сөйлеп керіліп,
Қорытынды сөз соңында, Тастемірге беріліп.
Тастемір былай сөйледі: – Жағасы мен болғанда, Қазыбек бір жең деді, Етегі сонда сен деді.
Жарық дүние көріп ем,
Сіздерден бұрын мен деді. Туар енді анасы,
Бас шығарды ел басы.
Мый мен ақбел басында, Басқа дүние олжасы.
Мына түрді аңғарсаң, Жырда сондай шамасы. Қонысталсын ұлы жүз, Алатауды жағалап.
Ортада болсын орта жүз, Айтқанын осы саралап.
Өтірік пе, рас па,
Ер Көбік деген қария,
Айтқан еді жобалап.
Осылай айтуынша қоныстанды, Үш ханға бөлінген соң, алыстады. Орысқа сонан былай бағынған деп, Шығады кіші жүздің дабыстары.
Анна дейтін қатын патшаның тұсында бағынған дейді.
Хандықты Абылай хан бұл ұстады, Садыққа жеткенінше ту ұстады.
Қалмақпен онан кейін болған ісі, Төрдегі ұлы жүздей туысқаны.
Қалдан хан жатушы еді қиял ойлан,
Үйірді бір сапарда Байсынға айдап.
Ынтымақ үш жүз күшін көрсеткен соң, Толғанып, кекті болып, бармақ шайнап. Дауласса қазақ ішінен, бұл қуанып, Сыртынан қарауменен құрал сайлап.
Бір күні Төле биге елші салды,
Бір сойқан етпегіне қатты ыңғайлап.
Қалмақтан келген елшіні не деп келді дейді. Жауабы: – Сүйегі жоқ қой сойып берсін деп келді, дегенде: – Ойпырым-ай, жоқты айтқан екен, Құдайдан қашқан, кейінгілерге кесір болмаса игі еді, – дейді.
–Бізден сәлем дегейсіз, Төле деген Жанысқа, Қоныс салсын алысқа.
Басы түсер ұлының,
Шошқаның басы түскен талысқа. Иә болмаса қамданып,
Даярлансын ұрысқа.
Өстіп елші жіберді, Құмырсқадай қалмаққа, Шама қайтып келеді.
Қашу қиын өлімнен, Жаңа ел боп кеп еді. Кету қиын шұбырып,
Отырса босқын қойылып, Отыруға ойланды.
Малдарын айдап қоралап, Жетім-жесір деместен, Олжа қылды бұларды.
Талаңға кетті Төленің, Зер қазына барлары.
Бірге кетті шабынға, Қожабек деген баллары, Қалданға салық төледі.
Бек сайлады Жанысқа, Баршахан деген біреуді.
Уәзірі Саңғыл дер еді. Айтуынша Ботпайдың Ордабасы ордасы,
Шымкенттен қазір төменгі. Әр жерінен ұлы жүз,
Бек сайлап бәрін бөледі. Сарттың ұлы Қойкелді, Сұрады Хампыр көп елді.
Ұнауынша Қалданның Қабылданып Төле би Ақ үйліге жіберді,
Ол мынадай деп еді.
Қалданның шабынында Төле бидің бірқатар малы, Қожабек деген баласы кетіп еді және қоңтажы мынадай жаздырып, “Қазақ халқы, өтірікші халықсың, күшің келсе, қастық қылудан тайынбайсың, күшің келмесе, көшіп-қонудан аянбайсың. Достық етіп тұру себебі үшін бір жақын, жанашыр адамыңды жібер, не жақсы көрген балаңды жібер” деп сығыпты. Ақ үйлінің мәнісі осы дейді.
Ойланып көп күн Төле би, Бір сөз деді Жоланға:
–Ақ пейіл жұмсақ балам да. Сығым көріп қалмақтан, Қиял есім алаң да.
Пышақ ұрып жаныма,
Шырағым, сені берейін, Басқаның көңілі ауырар, Азабын өзім шегейін.
Ақ үйліге бармасаң,
Жұртым тыныштық көрмейді. Шұбырып көшіп тыншығып, Жаңа боп ек ел деді.
Шықпай кетті дерегі,
Шабынға түскен жатырлас, Қожабек ағаң ілгергі.
Бала белде деуші еді,
Қызықпағын, шырағым, Жаңа қатын алғанға.
Басқа әйел табанда. Жақсы бата берейін, Түбің өссе мерейің.
–Мақұл, ата, – деп енді, Қолын жая береді.
Тұрған екен тың тыңдап, Күңк ете қалды әйелі.
Үйден шыға жөнелді, Әйелі айтар бар ма деп, Жаңа түскен кезі еді.
–Жібере берсе қалмаққа, Сенен бөлек ұлы көп, Туып едің сегіз боп.
Ойланды бір күн ақылды,
–Атамның сөзі мақұл-ды. Батадан құры қалмайын, Табармын жасқа тыйымды,
Көп үшін қидым жанымды.
Бата бергін! – деп еді,
–Өркенің өссін! – деді енді. Жарамды жолдас адаммен, Ақ үйліге жөнелді.
Жолдас болған біреуі, Қожамжарға нағашы, Болат қырғыз деп еді. Бара тұрсын осылар, Қалдан тұрған қалаға,
Әңгімесі көп еді,
Төле биге келелі.
Бір күн қиял ойланып, Соңғылық үшін түнерді. Сөз тыйарды шақырып, Ұлы жүзден көп еді.
Мәлік еді Сиқымнан, Сарттың ұлы Қойкелді. Өтеген батыр ішінде, Бала жігіт күні еді.
Тұм-тұйықтан сөйлесіп, Бір үлкен барды жотаға. Көп сөз өтті ортада.
Қандай түрлі сөйледі деп, Адамның жоқ есебі.
Сыйыса алмай нешеуі, Бастады сөз Төле би:
–Бәле болды қазаққа, Үлескен енші кезегі. Бірігіп ел боп тұра алмай,
Қалмақ көшін көрісті. Орта жүз бен кіші жүз,
Алысқа ұзап бұл кетті. Ел болдың сор бір істі,
Баллардың қамын ойлайық. Сіз бенен біз әлбеткі, Абылай ханды білмеймін, Әбілқайыр тұрғанда,
Кіші жүзді қоспайды. Біріктірмес қазақты,
Қолынан келсе жаныштайды.
Түлкі сипат кісі еді,
Бұзықтау болып ұрпағы, Үлгісіне түседі.
Қорқамын сонан, – дегенде, Төледен қалған бір сөз деп, Балалар көрер түбінде.
–Абылай хан түрі осы, Қолында жүрсе шылбыры, Елді қосар еліне.
Тарқалған мұның ұрпағы, Бұл да тартар зіліне.
Тәуке ханнан айырылып, Бар екен көз көруге.
Үш жүз болып қоймады, Уайым жоқ еді келуге.
Ойлай-ойлай ел қамын, Әй, азапты көрдім де.
Ендігі сөздің қысқасы, Жайлы жер, сірә, бар ма екен.
Ұлы жүзге қоныс беруге Дүниенің жүзінде?
Иран, Ауған, Түрікмен, Елі менен жерінде?
Өз балаларымды ойланып, Жауға кетті демеймін.
Ұл сүйіп, қыз асырар, Соңғылығы көп елдің. Басын қиып жұрт үшін, Серуендеп көріп келуге,
Талапкер жан бар ма екен?
Інжілден бата берейін, Үлкен-кіші көп елім.
Төле би осылай деп еді, Шұбырып шулап көп елі. Түрегелді орнынан,
Қол жайып бата бергін деп. Өтеген деген бар еді, Өтеғұлдың ұлы еді. “Әумин” деп көпшілік,
Бата беріп Төле би, Өксіп-өксіп жіберді.
Шу қабылданып Өтеген, Баратын болды сонымен. Жөн-жобасын айтайын, Бұрынырақ барудан, Байұлы еді жасында.
Серілікпен көп малды, Ойланды босқа шашуға. Мал айдап келсе базарға,
Бір дуана сарнап жүр. Бір күні базар басында, Сатып түйіп теңгесін,
Құлақ сап тұрды қасында. Дуана айтты: – Жараңдар, Үлкен-кіші адам бар.
Соңғылыққа керек-ті, “Алтын алма, бата ал”. Айтамын да кетемін, Кім береді он тіллә,
Бір ауыз насихат сөзім бар.
Бұл дуана тентек деп, Ешкім құлақ салмады. Алды-алдына аңдайды, Тасқыны келіп баяғы, Өтеген кеп ойланды.
«Насихатыңды айтшы» деп, Он тілләні санады.
Насихат қой дуана, Теңгесін алып болады.
– Көп үшін қисаң басыңды, Ақыңды Құдай жемейді, – Сол-ақ екен болғаны, Қайыр-қайыр деді де,
Сымпиып батыр қалады. Қымбатқа түсті бұл сөзі, Керек болар зілі деп, Көңілге түйіп алады.
Осыменен ортада, Жылдар өтті уағы.
Тағы келсе базарға, Дуанасы сарнап жүр, Қарсы алдында баяғы.
Бір ауыз насихат сөзім деп, Кім береді он тіллә
Баяғыдай жауабы.
Төге алмай жүрген мал еді, Алайын тағы деді енді.
–Насихатыңды айтқын, – деп, Он ділләсін береді.
Үңіліп тұрса жақын кеп, Теңгесін айтты алып боп. Жөнеп кетті дуана:
–Біреуі сұлу, біреуді Жамандама жаман деп.
Үшінші және кезікті, Күндерде бір күн тағы кеп, Бұрынғыдай жайқаңдап, Дуана жүр қалпында.
–Насихатымды айтамын,
Айтамын да кетемін. Кім береді он тіллә.
Шаршы базар халқына.
Осы құрғыр дуана,
Кедей қылды мені деп, Бір ойланды қайтуға.
Тағы да көп ойланды,
Кедей болып жүрсем де, Құмар болдым айтуға.
Он ділләні санады,
Айтшы деп сұрау сұрады.
–Ашуың келсе, шырағым, Оң қолды бас сол қолмен, – Кідірмей тағы жөнеді.
–Қымбатқа түсті бұлар, – деп, Үш насихаттың барын да Көңілге естіп түйеді.
Ол уақта жас күні еді, Мүйіз шыққан басына, Талай сыр көрген жасында,
Бұл кісі де киелі.
Басын қиған көп үшін, Тәуекел ісі жүйелі.
Дәл сол күннің кезінде, Өтегеннің өзінде,
Сегіз ұлы бар еді.
Кенжесі Тарпаң бір жасар, Аман болса жеткіншек,
Бидаға басым мінәсар. Жол жабдығын даярлап,
Төле биге жолықты.
–Қош енді, жәке, жүрелік, Аман барып, сау қайтып, Есендікпен көрелік
Құшақтасып қалады, Өкіріп жылап Төле би Несіне айта берелік.
Мүйізді Өтегендей адам бар ма, Артықша сері кісі болғанда да.
Жақсының біреуі ойлы, жолдасы көп,
Жолына барса келмес барғанда да. Айтармыз сәтті жерде ол жайында, Келейік “Ақ үйліге” барғандарға.
Ер Жолан басын қиып бұл да кеткен, Бірталай елдімекен ортақ өткен.
Ел-жұртым тыныштық көріп тұра ма деп, Төле би баласының басын жеккен.
Осындай біздің елде күндер өткен, Бұл күндер бөлек-бөлек ілгері өткен. Жолығып Қалдан ханға сәлемдесіп,
Мынадай әңгімелер ортада өткен.
Сонда Қалдан хан Жоланнан: – Төленің қандай баласысың? – деп сұрап еді: – Мен, тақсыр, кіші қатынының баласымын, – деген соң: – Арзымайтын ұлын жіберіпті, – деп елемей де, жауап бермей жеті жыл өткен дейді.
Бір күні аңға шығып бара жатып, уәзірлеріне ұғындырып: – Төленің баласы келіп жатқанына жеті жыл болды, тағы да сынап көрейікші сөзге салып, алыстан мені, ат-тонымды таныр ма екен? Айжан хан қайсы деп сұраңдаршы! – деген соң, уәзірлері келіп сынап: – Көп адамның ішінде Қалдан қайсы, қайынатасы мейман болып келіп жатқан екен, Айжан хан қайсы? – дегенде, Жолан: – Сұр атты, сұр киімді қытай патшасы Айжан хан болса керек, боз киімді, боз атты Қалдан хан болса керек, – деп айтқан соң, қадірлеп аңға алып шығарып, қайтаруға түрлі киім, шаршамайтын ат бер деп сұраған соң, ол ненің терісі екенін білмеді, бір қара тон, бір ат беріп, оттатпай суғарма деп дайындап, түрлі қазынамен қайтарыпты деуші еді. Сөз көп, қысқа сөйледік.
Ұзартып сөйлей берсек сөздер шын көп, Жоланмен қайтты дейді ер Қожабек.
Біреулер Қожабекті қалған дейді, Тарайтын қариялардан әңгіме көп. Нағашысы Болат қырғыз бір жүреді, Жоланның жағдайынан сыр біледі. Бұл атқа обал болды, суғарғын деп,
Қоймады Жоланға айтып бір күн енді. Ақкөңіл болжамады мынау істі,
Оттатып, су суғарып жерге түсті.
Саудырап ағаш болып түсті күл боп, Білмеді не екенін мұндай істі.
Ауылына Телегей қырғыз жақын еді, – Берейін ат алып кеп саған енді, –
Бата алмай ағаш аттан келген екен, Онан соң іс бастады бір түрлі енді. Осындай олжалармен баратыр деп, Болат барып халқына білдіреді.
Болат хабар беріпті,
Қалданның берген сыйлығын, Талап алып Телегей.
Аяқтарын кісендеп, Жоланнан алды ерікті. Күндерде бір күн қырғыздар, Шығыпты деп Төле аттанып, Бір түнде бәрі үрікті.
Боқша төсеп астына, Салбыратып аяғын, Өгіз берді Жоланға.
Жаудан қашып бұрылды, Бұрылыс жүріп қамалға. Таспен ұрып сындырып, Талқандады кісенді.
Аман-есен онан соң, Елге кепті деседі.
Он жеті барды сәулелі Сол боқшада аспабы. Біреуін киіп мамамыз, Келген екен бұрын деп.
Меруерт тасын көрдім деп, Айтушы еді мынаны: Сиқымдары Қабылбек Сапарбектің сөзінде, Қалдан ханның алдына
Айтатын еді Жоланды, Екі барып келген деп. Бір барғанда жеті жыл,
Он төрт жылдай барған-ды.
Қалдан хан бір болғанда Жоланға айтты;
– Шабынға түскен сонау қазақ халқы.
Берерсің біреуге, иә өзің қалап, Көшіріп бірге соны ала қайтшы? Ұлы жоқ, бойжеткен екі қыз бар, Өзінің естітім Тамаз аты.
Қалмақтан қыз алып, қыз бере алмады, Болған соң оның бөлек ата салты.
Көшіріп шалды бірге алып келді, Біреуін Сиқым Жанат алған дер. Біреуін кішілікке өзі алып,
Алты үй сонан тарқап тұрған дейді. Олжасын бір барғанда қырғыз алды, Телегей бәрін түгел басып қалды.
Естіп Абылай хан кеп қырған деп, Сөзінде бір білікті айтылады.
Мұның да біразырақ сөздері бар, Ұласа түрлі сөзі таусылмайды.
Оңаша алты қанат ақ үй тігіп, Төле би күтуші еді Барша ханды.
Жатушы еді Барша хан,
Жолым үйдің ішінде. Бөлек адам Төледен, Кіре алмайды үстіне. Әлібектің қызынан Туған Жанат жиені, Аулына келіп жүр еді.
Жолым үйдің сыртынан, Сығалап бір күн көреді, Ұйықтап жатқан қалмақты. Еріккеннен аялдап,
Айдарлысын сипай береді.
Ұшына таққан шені бар, Аялдаса бұл өзі.
Не қылғанмен жақпады, Жас балаға мінезі.
Түрленіп жүрген жас кезі, Масқара қандай, не себеп,
Айдарлысын кесіп қолға алды. Қамшыдай ұстап ойнады,
Бала жүрсін сонымен.
Ұйқыдан қалмақ оянды, Айдарлысы – шені жоқ. Сипап көрсе қолымен.
Масқара қандай болдым деп, Қарғып тұрды орнынан.
Төле биді шақырып:
– Тауып бер, – деп, – осыны! Кім де болса басының
Кесетін келді жосыны.
Деректесе жиені,
Өзінің жан сүйері.
Жасты ұстап беруге, Ойланып қатты күйзелді. Бір баланың себебі,
Қаңтарды тағы көп елді. Қарсыласар күші жоқ, Жайына тұрса тынышы жоқ. Намысына тырысса,
Қалмақ жау тұр күшті боп. Ұлы жүз түгел ойласып,
Күшке сиаз құрылып,
Ақ боз ат, қара ат мінгізіп, Бір жотаның басынан,
Шырайлана жүргізіп, Алдап тұрды бұларды. Аумақ болды Байсынға, Күйіне түсіп баяғы.
Қойкелді келмей ұрыс жоқ, Тоқсанбай келмей жүріс жоқ. Сондағы Дулат ықпалы,
Жарты ұзап кеткен соң Баршаханды жайлады. Арабасы, түйесі,
Сол уақыттың жүйесі, Қалың ел қайта ауады.
Сол күндерде Дулат арасында жақсы Төле, жаман Төле, жақсы Қойкелді, жаман Қойкелді деуші еді. Жақсы Қойкелді көш бастады.
Жанат қиып қалмақтың айдарлысын, Байсынға ауды Төле би жиені үшін.
«Жиенді ел, желкені ас деме» деп, Үлгі қалған сияқты соның үшін.
Кеңесқой он екі еді Төлеге ерген,
Хамырдан Қойкелді еді мәжіліс берген.
Сиқымнан Мәлік, Қарабатыр, Қаңлы Қонан, Алшынбай Тамадан, Қаранар Сіргеліден.
Толабай Қоңырат, Көтен Бегәжілі, Іріктеп таңдап шыққан әрбір елден. Жосиды ақбөкендей тағы халқы, Аралап тау менен тастақ жолды.
Жөнелді жер қайысқан қалың елі,
Көктем көктеп, қыс қыстап әрбір жерді. Сол барғаннан жеті жыл, иә сегіз жыл,
Арық қазып тұруға ойланды енді. Ауасы ыстық, қайтуға ойланады, Амалы жоқ қайтеді, дал болады. Патшасы Бұхардың Әмір Хайдар, Төле биді бұрыннан аңғарады.
Бос жата ма жақсының дабыстары, Қоныс ауып жерінен алыстады.
Өз алдына ерікті ел боп тұрып, Іздеді одақтастар қалыс тағы. Әлібектің Елібай кенже ұлы,
Айдарлы ұлым деп айтқан әке мұны.
Бір-біріне алалық, тату болмай, Болушы еді азырақ алалығы.
Солғандай бақ таласы, Бүтінделіп арасы.
Бірігіп содан күш беріп, Мен де алтау тудым деп, Ақтайдың Жаманқарасы. Отыз жеті жасында, Дүниеден қайтты Елібай.
Налиды-ау Төле шамасы.
Жетім қалған себептен, Бес бала соның баласы. Жағдайдан осы араз боп,
Шыршыққа көше жөнелді. Өтебай туған ағасы.
Тұра алмайды Төле би, Ағасын аңсап, сағынып. Ынтызар болып көргелі, Көндіріп келген шағында
Осымен бірге жүргелі.
Жасы үлкен, інішек десем, Баруым менің жөн еді.
Бір жағы аңсап қонысты, Екі себеп бір келді.
Үлгілі сана ойланып, Қиялданып түнерді. Арт жағына елші сап, Хабар алып тұрды енді. Қалмақ деген жауы бар,
Ойланса тосын жүргелі. Бұл жақты көп ойлайды, Алатау салқын, жері саз, Жер қайда ондай ыңғайлы. Сұраса да бір елді,
Нұратадай бір жерді, Айыптады көпшілік, Бұл жақтағы қалмақтан,
Мынадай хабар сөз келді. Баяндап бәрін айтайын,
Үш себеп бар күрделі: Бірінші себеп тосыннан Бұзылады мақалда, Қара қалмақ ішінен.
Алатайдай бұзылып, Бір түнде қалмақ үрікті.
Ер тоқымын бауырына ап, Елі үркіп желікті.
Шаршы базар ішінде,
Осындай бір сыр болыпты.
Қалмақтар босып елікті. Біреулер айтар қытайдан, Қорқады екен қалмақтар. Бар екен деп жерінде, Үркуін сонан көріпті.
Өсектері өте көп, Айтудан аузым зерікті. Өз ойланған қиялым, Үшінші сөзі мынаның. Әбдірайым тарихы,
Бәрінен де көрікті.
Әбекең былай еді санасында,
Қазақтың қалмақ үрікті қаласында. Қаладан, Алатаудан көше қашып, Атасы қарамады баласына.
Осындай бүліншілік жайылады, Бір-ақ күн, бір-ақ түннің арасында.
Қалдан шер дүниеден кайтыс болып. Хандықтың бөлінеді таласында.
Қоңтажы дүниеден көшкен түрі, Қалып ед Әмірсана жалғыз ұлы.
Қытайда Бежан ханның қызын алған, Қалдан шер үйленуге бала күні.
Жіберді алып кел деп хан да адамды, Бежан хан той-тамаша, жұртын жиып, Барған соң қырық жігітпен ұзатады.
Қар жауып, күн бұзылып, боран болып, Жүргізбей жолаушыны жол жатады.
Қар қалың, боран болып жол бермеді, Қыстады амалы жоқ сол елдерді.
Әйелі Төлекейден жүкті болып, Алдына Қалдан ханның келген дейді. Ұлы емес бұл Қалданның дәл өзінің, Қалмақтар түбі қырғыз деген дейді.
Нағашысы Қытайдан әскер алып, Басуға Әмірсана келген дейді.
Сол жақпай қалмақтардың бөлінгені, Бұл жақта бір-ақ күнде бұзылды елі. “Қатын ер қашқан жауға” дегеніндей, Қазаққа олжа болды ілінгені.
Әр жұртта осы күнде сарқыты бар, Олжалап алып қалған тілімге енді.
Біреулер сөзінде сол қалмақтардың қалдығы Төленің немересі десе, Сайрамның үсті Зертас деген жерлерде олар әлі күніне дейін бар еді. Қазақ айналасына орнығып, көбейіп бара жатқан соң көшіп, аяғы сонда үзілген деуші еді.
Төлеге бұл жақтан хабар берді, Қозғады қайта көш деп қалың елді.
Мақтарал бұл күндегі Сыр мойнына, Жиылып елі келіп түгелденді.
Төле би жұртын жиды қиял ойлап, Шығарсам арық қазып, Сырдан байлап. Ел болсақ отырысты болар еді-ау,
Қыстасам, Алатауды жазда жайлап.
Бір жағымыз далалы диқан болсақ, Көшпелі бір жағымыз бие байлап. Елдерден қатар жатқан үлгі алайық, Баллардың түбіндегі қамын ойлап. Мақұл деп арық қазды қалың елі, Тозақтың тау торабы көлденеңгі.
Орнығып қазақ бәле болады деп, Жолбарыс хан жау болды Тәшкендегі. Төле бидің сол қазған арығынан,
Жұртына азын-аулақ ырыс келді.
Амалы жоқ, қуған соң тұрыс бар ма, Бел байлады Төле би ұрысқа енді.
Желеу тауып Жолбарыс, Тәшкенге сонда бек еді. Қуа қашып малдарын, Шұбырынды деп еді.
Қайда жүрсе сыймайды, Даланы қимас ұрпағы.
Абыржытып өлтірді, Татулық етсе бір жағы.
Кірейін десе қалаға, Қуды кері далаға.
Жасақ байлап сап тұтты, Қастық кіріп араға.
Жәрдем берді бір жақтан, Бүркіт би деген құрама.
Ар жағынан келіп Тәшкеннің, Ауыз суды буып бұрады.
Шөлдетуге бұларды, Ұрыс салған жерлері
Бұл күндегі жұмада.
Төле бидің адамы, Алмақ болды қаланы. Садақтың ұшты оғына,
Жолбарыс хан дейтұғын, Тартыста тайып табаны. Қайрат-күшін асырып.
Алысқан жауын қашырып Тәшкенді Төле алады.
Бекасыл мен Жақыпбек
Деп еді ұста мынаны.
Жолбарыс тұспалдады басын салып, Шақыртты Төле биді қасына алып. – Жарымы қараңғылық деген еді,
Болса да раушандық бір ай жарық. Ауысқан бірден бірге мынау заман, Барады түгел жұртым саған қалып. Тілейтін соңғы мақсат сұрауым бұл, Қолыңнан Түркістанға қойшы апарып. Қап еді ата туысым сол жерде анық,
Жатайын соларменен бірге қалып.
Салауат мен жеңілдім, сіз жеңдіңіз, Ризамын орындасаң қабыл алып.
Төле би бұл тілегін қабыл алды, Босады қиял толғап сонда дағы. Арада бір жұмыс боп өтті-кетті, Жылады разы бол деді дағы.
Мақұл алып Төле би, Орындады мынаны. Түгел алып Тәшкенді
Сонан соң хан боп сұрады.
Ынтымақпен ұлы жүз, Ұнамды жерге таралды. Үш Дулат келіп Сайрамға, Тәшкенде Жаныс қалады. Жеті кентті бөліп ап,
Бір-бір қыстақ сұрады. Басшы болып Қойкелді,
Шымнан соғып хамірлер,
Шылмамбет Хамір нәсілімен,
Елібайұлы Жидебай Деп те айтады мынаны:
– Шым кент салған адамды, Шымкент деген қаланы Аталған сонан себебі.
Сұрады Ботпай Сайрамды, Қара бұлақ маңызын, Сиқым жұрты айналды.
Әрбіреуі бек сайлап, Өз алдына салдарлы.
Төле би айтты халқына:
– Жұрт болайық қалалы. Қалалы қорған паналы. Мектеп тұтып оқытып,
Тәртіпке салсақ балларды. Тәртіп күнін ойлайық, Күндерде өттік қараңғы.
Қалған жасы Төленің, Ташкенде өтті деседі. Он екі жылдың есебі,
Төрт жыл сұрап Қожамжар Кеңесі ғой Төленің
Он екі дейді есебі.
Шамдалғанда он алты,
Солай деп жоба шешеді. Жасауыл, бірі Бекауыл, Төрт қақпаға бек қылды.
Құрбанәлі, Байтеке, Жүніспен Білмедім бірін, үшеуі
Өз алдына бек болып,
Меншіктеп әрбір көшені.
Біреуі болды зекетші Жаныстардың нешеуі. Шаһар менен даласы, Сұрады Жаныс баласы. Мынандай бір сөз бар: – Біліктілердің санасы, Тәшкенді туралап еді.
Хат жазатұғын адам жоқ, Білімсіз халқы қара еді.
Айта берсем ұзақтап, Ұлы жүз деп не етейін. Шамалы жерде жоқ еді, Түгелінен көп елі.
Бір жағдайы ел үркіп, Көшпенділік себебі. Не болса да ол болсын, Хат жазатын адамды, Біріктіріп көреді.
Оқып келген Бұхардан,
Жүніс қожа жас талап.
Кездеседі тосыннан Үкім етсе Төле би,
Хат жаздырып, ойласып, Ақыл сап тұрды осыған. Қатын айлық сайлықтың Қожайыны деді біреулер.
Шыршықтың азат басынан, Білімге жұрты бет алды.
Ақбөкендей жосыған,
Елге де кінә қоймаймын. Қуып қашып қосылған, Жүректері басылды.
Шаңынан қорқып жосылған, Қалмақ жаудан құтылды.
Шықпаса қырғыз тосыннан, Тыныштық күнге жетілді.
Жүргізіп әділ үкімді,
Мынау бір сөз талас бар.
Әркімнің сөзі әр түрлі,
Билігі деп Төленің
Кісінің жолдас нақылы.
Бір адам қыбыла жаққа бет алады, Мал-мүлік тастап кетті жас баланы. Қайтар деп айқай салып келе жатыр, Тосыннан түйе қуған кез болады.
Қызғындап екпінімен келген түйе, Қайтару беріп ешбір тоқтамады.
Бір көзі жазым болып, аса тиіп, Осыған теңеймін деп қуалады.
Жөнелді бірі қуып, бірі қашып,
Бұлдырап неше түрлі белден асып. Жүрейін деп тұрғанда қайықшыға, Кез болды, өткізгін деп асып-сасып. – Ширек ет қоң етіңнен кесіп берсең, Мен сені өткізейін жолыңды ашып, Сасқаннан беремін деп уәде қылды, Өткізіп болғаннан соң жан ұшырды? Амалдап түйе иесі ол да өтіп,
Екеуі қосылып ап ол да қуды.
Зар еңіреп, құстай ұшып келе жатыр, Кез болып бәлелерге осы түрлі.
Бір биік ұзап қашып шықты тамға, Артынан шықты қуып екі адам да. Әкесін көлеңкеде бағып жатқан, Бір жігіт отыр еді саябанда.
Сасқаннан тамнан ұшып құлап еді, Ол да өлді, өзі нашар кәрі адам да. Үшеулеп қуып жүріп ұстап алды,
Кез болды тосын бейнет, амал бар ма?
Біреуі көзіңді ойып аламын деп, Біреуі қоңнан пышақ саламын деп. Біреуі: – Кәрі атамды неге өлтірдің?
Сондай қып соямын, – деп, – әдемілеп. Тұрғанда осы күйде мынау жағдай Ойы жоқ аман-сау боп қаламын деп.
Қажы айтты: – Амалым жоқ көресіге, Ерлерім, бір ауыз сөз бересің бе?
Үшеуің ынтымақпен ойласпасаң, Үлессең, денем жетпес берешіге.
Армансыз не де болса боп өлейін, Бір әділ барып өлтір төрешіге.
Ойланып үшеуі де қабыл алды,
Сойдалап Төле биге алып барды. Қалдырмай жөн-жобасын, түрін айтып, Бәрі де жай-жайына отырады.
Қалайық тамашалап бәрі барды, Көрсек деп тамашасын жас пен кәрі. Ойланып ары-бері көп толғанып, Төле би мынандай деп сөз шығарды.
– Сөз тыңдағын, түйелі ер, Қайтарам деп түйеңді, Асамен ұрған қанша жер? Оң көзі мен сол көзі,
Қай көзі, сірә, болды көр. Сол асасы осы ма, Қолыңа алып түрегел.
Басқа көзге тимесін, Сол жағына дәл жібер. Шыққанына бұл риза,
Шығарғанға сен риза. Беріп-алыс ақың сол. Майып болса басқа жақ, Беремін жаза айыптап. Орнына тұрған түйенің Сен бейшара қабыл ап. Түйеші тұрып ойланды, Тисе, дұрыс, тимесе,
Жазым болса сау жағы... Егер қадап ұрғанмен,
Шықпай қалса бұл тағы.
Кештім дейді түйеші, Мақұл көріп қойған-ды. Төле би айтты: – Қайықшы, Сенікі кезек, құлақ сал.
Өткір қайрап пышақ ал, Артық-кемі болмасын, Ширек ет тура кесіп ал. Таразыға тартамын, Шығарасың дәлме-дәл.
Ауыр-жеңіл боп шықса, Боласың тағы айыптар. Өлсе құнсыз бұл адам,
Не қылсаң ол қыл, алып бар. Қайықшы ойлап, бұл енді.
Тура шығу қиын-ды. Онда да жаза береді,
Иә артық, иә кем келеді. Сауап шығар, қайтейін, Бір жалдаған кемені.
Менде кештім дейді енді.
Әкесі өлген жігіт бар, Соған кезек келеді. “Екеуі қуып өлген соң, Өлтіруге төнген соң, Тамына шыққан әуелі.
Қастық еткен жоқ шығар, Сасқалақтап секіріп, Әкеңе ажал келгені.
Тура жатқан жеріне,
Дәл жатқызып берейін. Төбесінен қарғып түс, Ұзын да болып сен енді. Бұл өлсе, сірә, сұрау жоқ, Өлсең өзің майып боп, Пешенеңнен көр енді.
Ойланды толғап бұл да көп, Қорққанда жан керек.
Шарам бар ма, қайтейін, Әкем өлді жазым боп.
Шыға келді қойдым деп. Құтқарған соң бәледен, Қорқып қалған Қажекең Қол қусырып Төлеге
Жіберді жылап былай деп:
– Тап болған соң сорлы азапқа, Сауап іздеп шығам деп.
Кезіктім әділетті төрешіге,
Болмаса көзім жеткен өлесіме. Пидая малым түгіл бас садаға,
Бірақ еткен осы әділ төрешіге.
Құбылаға мұнан бұрын алты бардым, Осымен жетінші боп келесіге.
Сауабына айырбастап жетеуінің, Бір мәрте қайырына бересің бе? Сонда Төле би былай деді:
– Қажеке-ау, мынау айтқан қате сөзің, Таймадым әділеттен жастан өзім.
Пара деп, дуние деп істемедім, Зорларды жонушы едім, бір мінезім.
Қалмаңыз жолыңыздан, енді рұқсат, Бір ауыз Аллаһу Әкпар керек сөзің.
Күндерде бір күн, жақсылар, Елші келді Төлеге.
Кіші жүздің елінен. Әбілқайырдың анасы Сәлем айтқан жөнінен. Дайындапты бір сөзді, Баласына бұрын өлуден. – Балам, сенен тілегім,
Пәлен күні дүниеден, Қайтыс болып жөнеймін. Көмбей тұрып әуелі, Өлгенімді білдіріп,
Төле биге хабар жібергін. Естіп сөзін бір ауыз, Онан соң мені жерлегін. Естіген соң не дерін, Аманат сізге тапсырған, Сол жағдайдан кеп едім.
Өлігі тұрса сақтаулы, Әзіз Төле не дедің?
Төле би мұны есітіп жылайды зар, Таң қалған соншалықты отырғандар. Сәлемі маған айтқан қиын екен, Мақсатын орындайтын не шамам бар? Халайық қандай сыр деп көп өтінді, Көріңіз сонша қиын мынау сырды.
Дүниеде қолыңыздан келмейтұғын, Мүддесі бір өліктің қайсы түрлі.
Сонда Төле би жасын сүртіп, біраз отырып: – Жақсылар, Әбілқайырдың шешесі бір ауыз айтып көмсін дегені, “менің өлігімді кәпірдің атының тұяғы тимейтін жерге көмсін”, – деген сөз екен. Мен оны қайтіп орындайын, – деп тағы жылап, бір сөз дейді:
– Жақсылар, әлі түрлі заман болар, Қарағай қартаң басын шортаң шалар. Тау мен тас, адыр мен шөл, сай мен дала, Бұл жүрген жердің бәрін кәпір алар.
Осындай деп Төле би, Қайтарады бұларды. Аңсап құрбы-құрдасын, Ойлайды түрлі қиялды.
Қазыбек, Әйтеке, Абылай, Сағындым-ау бұларды.
Бір көріп ек заманды, Бір бүгіп ек тізені.
Ұзақ тартып қонысы, Қашықтатты адамды.
Болмай кетті-ау тағы да, Өтеген інім хабары.
Болжалы жоқ өлімнің, Бір көрсем екен соларды. Барайын деп ойланды, Жол жабдығын сайлады.
Қазыбек құда боп еді, Қожабекпен туысқан, Төленің қызын ап еді. Пәйті келсе үйленбек, Ала барсам Ниязбек, Мынау бірге баламды.
Он алты жасар күні еді, Жасөспірім бұл енді.
Сауықпен барып қайтсам деп, Жаңылға хабар жіберді.
Жаңыл ақын, сол күнде, Он төрт, он бес шамада. Жаңа талап, жас күні, Дүниеліктен мүлде жоқ, Өмірі өткен жаяу боп.
Құралмаған ешбірі. Жарды көрсе, ұшады, Суды көрсе, кешеді.
Ат берсе біреу қолына, Тастайды да кетеді.
Кім кезіксе оңына, Әйтеуір, туған бір ақын, Кедейліктің сорына.
Айтуынша ортаның, Сыйлы Оймауыт нәсілі, Қарақалпақ лақабы
Сіңген соң сонан атаңды, Кезек алған Төледен.
Қожамжар бидің күнінде, Әулие ата Айтақы.
Көкөзек деген бір жерде. Ошақты деген бір елде, Ұлбике деген қыз өткен. Ұланнан озған мақамы.
Қысқалық жерден жаяулап,
Тәшкеннен шығып аяңдап, Айтысып қызбен қайтады. Басқа жағын білмеймін, Бар ма іздеп тапқаны?
Он тоғыз жасар күнімде,
Байтақ деген кісінің, Мынау еді айтқаны:
Байтақ деген қария кісі менің бабам қой жайып жүрген күнінде Биесыймас, Келес деген жерде Жаңылдың өлігін бір қатар кісілермен қойып жатқанын көрген екен. Жаңыл өзі тірі күнінде жер дүниенің бәрін тоғыз ауыз өлеңге сыйдырып, айтуға шарт қылып, сегіз ауызын сөйлеп, бір аузы қалғанда жарылып өлді деген екен. Қойып жатқан адамдар осы күнде қабірі Келесте, Қаратас ауданының орнаған жеріне жақын, әлі де барып түнегенге өлең берейін бе, көген берейін бе дейді деген сөз бар. Төле би орнын Құрбанәлі Байтекеге тапсырып кетті.
Төле би бірге ап жүрді, Қасына ақын Жаңылды.
Жолдастарменен әртүрлі; Құрбыларын көрмекке.
Қиялданып ой кірді. Құрбанәлі деуші еді,
Өтебайдың бір баласын. Соны қойып орнына,
Дайындап шаһар қаласын. Тәшкеннен шыға жөнелді. Кездесті екі адамға,
Бір жерлерге кеп еді.
Байғабыл тоғыз қарақшы, Төле биді көреді.
Атынан түсіп жаяулап, Қол қусырып келеді.
Сайды аңдыған қу еді,
Ықыласыңмен қол жай деп,
Төле би бір сөз дейді енді:
– Жақсы ұры малымен,
Жаман ұры жанымен құтылады. Жаңа ұрыда жан болмайды,
Ескі ұрыда ар болмайды.
Сіздердей зиян етер жақында жоқ, Ойламаңдар сырымды білмейді деп. Адам қылмас жұмысты істедіңдер, Зәбір етіп халыққа шашыңнан көп. Жақсы бата берейін қолыңды жай:
Мұнан кейін қойыңдар ынсапқа кеп.
Бітпеген бас ешкімге сізге тисін, Қатарыңнан мал-басың өркендей боп!
Тәубе қылған Байғабыл, Байыс дейді, Отыз ұлды ұрпағы Кінамбай деп.
Қоя алмастан әдетін кеткеннен соң, Қарамойын тоғыздың дерегі жоқ.
Мұнан өтіп Төле би Сайрам келді, Құрбы-құрдас көреді әрбір елді.
Бәйдібек пен Домалақ анасының
Бата қылды, мал сойып басына енді.
Тау аралап Құланмен жүріп еді,
Қысталаңдау кез болды бір жерге енді. Бір қатын мен бір еркек өліп жатыр,
Жорғалаған ортада бала көрді. Әрқайсының мойнына бір асылып, Кезек-кезек еңбектеп барар еді.
Құмырысқаның ізіндей қапты жол боп, Құшақтайды асылып жорғалап кеп.
Айналақтап таңырқап бәрі тұрды,
Жүректері елжіреп мүсіркеп көп, Сөзі бұған бәрінің қарар тапты,
Осы адамды зілі ауыр өлтірген деп.
Қатты налып Төле би бір сөз айтты: – Киелі Төле үш жүзге атанып ек, Мынау ұры өлтірген кім де болса, Көбінен аз ба, жеке бір де болса, Руымен, нәсілімен бала көрсет, Жаратқаның Төле деп рас болса.
Ертең емес, дәл бүгін сыр көрсін! – деп,
Қатуланып ашуы келді сонша. Дірілдеді сөзіне жолдасы көп.
Айтқан сөзі және екі болған да емес, Бір уақиға дәл бұл күн болады-ау, Құлақ түріп жан-жаққа ойла деді, Есітілер белгісі қай жерден кеп.
Арнасында Бадамның,
Шымкенттен жері төменгі, Қызыл сегіз дер еді.
Сол Үйсіннен бір ауыл,
Тұтас жатқан ел еді.
Мал баққандар әр жерде, Көріпті-міс деседі.
Жалғыз көзді бір нәрсе, Көктен түстім деген-ді. Бірі Үйсіннің аулына Бара жатырмын деген-ді. Өріміндей қамшының, Бұлт пайда болады.
Ашық еді сол күні,
Нөсер болды қараңғы.
Селмен ағып жоқ болды, Бір ауылдың адамы.
Сары Үйсін болса керек деп, Жобалапты осыны,
Көпшіліктің тамамы. Әңгімеде сөйлейтін, Алдеке тек баяны.
Алғысын Төле бидің алған да көп, Біреулер қалған дейді арманда боп.
Жарылқап берді қарғап өткен кісі, Бір келіп кеткен кісі жалғанға кеп. Бара жатыр аңсап Төле би
Қазыбектің еліне. Аңсап орта көруге, Қиялымда ойлаймын, Барған жері бүгінгі, Ақмоланың шенінде.
Ат шаптырып хабарлап, Жақындап барып жанына,
Хабар тиді бұрыннан,
Келе жатыр деп Төкең көруге. Абылай хан Қазыбек,
Құшақтасып көрісті.
Жұртымен шулап келді де. Амандығын сұрасып, Бірталай тұрды жыласып. Көреміз деп ағаны,
Естіген жердің адамы, Топыр болды күніне.
Жіберіліп дерегі,
Әйтеке де келеді. Асыл ғана ерлердей,
Серкесі еді үш жүздің, Бір қосты басын күнінде. Өткен-кеткен салауат, Көрістік айтса әуелі,
Төле би сөйлеп бірінде. Әйтеке би отыр қуаттап, Ылайық мезгеп төріне.
Сықылықтап, жайтаңдап, Қариялар төрінде.
Әңгімеге айналып, Ұйықтамады түніне.
Жастар отыр тың тыңдап, Әйелдер сырттан сығалап. Жаңыл өлең айтады,
Түні менен күнінде. Мауқын басты ұзақ күн, Аңсаған бірі-біріне.
Атқарып неше күндерді, Көп әңгіме тірілді.
Күндерде бір күн ұлының, Үйлену жайын сөйледі.
–Ниетімізді қабыл ал, Басып өттік көп елді.
Қазыбек жақынының бір қызын бермекші болғанда Ниязбек ұнатпай Қапия Ханкелдіге айтып, өлең арасында былай депті деуші еді Өтеген ақын деген кісі.
–Тобылғының түбінде торғай да бар, Бір жаман мен бір жақсы әрқайда бар. Екі жаман қосылса, күнде керіс,
Екі жақсы қосылар күн қайда бар?
Жаман қатын, жаман ат, жаман тазы, Мұңайтады жігітті малдың азы.
Бейнет болар жігітке өмір – сауда, Көлдің сәйкес болмаса қоңыр қазы. Әйел еркек әр ісін дана қылар.
Іс болар ма наданға шара қылар. Қандай еркек білімпаз болғанменен, Бір-ақ әйел өмірін ада қылар.
Төле би Жаңыл ақынның өлеңінен сезіп бата сұрағанда былай дейді: – Мінгені тайқыдан, көкірегі қайқыдан, өзі бүрік, ерні түрік, көзі қарадан, шашы қарадан сақта. Мына сөзден соң Қазыбек барып, көзімен көріп, сылтауыңыз – сұңқар екен, қаз бен үйрек дімкәр екен депті деп ел ортасында біреулер нұсқалапты деуші еді. Бір күні Төле би қайтуына рұқсат сұрайды.
–Қайтамын деп еліме, Даярланды жүруге.
Риза бол, ерлер, аман бол, Жазсын тағдыр екінші, Қайта оралып көруге.
Маған берген аян бар, Құпиялап сөйлеп билерге, Пәлен ай, пәлен күніне, Бір көргелі кеп едім, Елтіп туыс үніне.
Сыртымнан дуа қыларсыз.
Үш күндік жерге Төлені,
Шығарып бәрі салады.
Қайта-қайта көрісіп, Ажырап зорға барады. Арттарына оралып, Болғанша таса қарады. Бет алған соң алыс па, Бірнеше күн жол жүріп, Тауысты екі араны.
Алдынан қарсы кезікті, Жақын, туыс адамы.
Он екі қақпа Тәшкенді, Төле би көп жыл сұрады. Бірдей көріп бар жұртты, Әділетті тұрмыс құрады. Жалаңаш пен жаяуды, Қорғап, қолдап жебеді.
Жүрегіне жастардың, Ізгілік гүлін егеді.
Баласындай жұрт біткен, Сөзіне айтқан сенеді.
Қошаметтеп бәрі де, Әкеміз деп біледі.
Аузы өткір жарамды, Құрбанәлі дейтұғын, Ағасының ұлы еді.
Ішкі ауыр жұмысты, Жайғарып жүрген бұл еді. Төле би шықса далаға, Қалушы еді қалада.
Жайсыздау болып кірісі,
Айғыр аты көп өлді.
Себеп болып сарттардан, Отыз үш жасқа келгенде Ол менен үлкен деп еді.
Осындай себеп жағдаят, Пәйітті жерде сөйлерміз. Қожамжар биге келгенде, Босады қатты көңілі.
Күндерде бір күн Төле би қала ішінде ауырып біраз күн жатып түзелді.
Жастыққа ауырады басын салып, Көксейді құрбыларын жадына алып.
Сол күнде қалада емес, далада еді, Қазақы үй қала ішіне тігіп алып.
Тартып ап орамалмен бас көтерді, Жазылып түзелгендей ыңғайланып. Қарлығаш шаңыраққа ұя салып, Көшуге обалсынды бұзып алып.
Бір күні атын жазып, тас ойдырды, Үй ішін сағаналап, ойға қалып.
Көп аңсап Өтегенді сағынуда, Сонан бір берейінші хабар алып.
Бата алып Төле биден шыққан елден, Жұрт үшін серілікке басын берген.
Талайын Жамбыл ағай айтқан еді, Қосымша мен де айтайын аздап білген. Үйінен қару сайлап шықты дара, Торғындап дуана боп әзіз аға.
Жетектеп он екі ақ бас атан түйе, Сәлделі шал кезікті шыға сала.
Мынау шал кім екенін сұрамады, Сөзі көп сонда дағы арадағы.
Оралып үйіне күндік жер қалғанша, Көзінен бір күн таса бола алмады.
Бірге жатып, бір тұрып, Жолдас болды ұдайы.
Ұзап шыға бергенде, Мынау болды сыңайы. Қарсы шығып айдаһар, Құйрығымен алдынан,
Жол берместен орайды. Ұзатпайды оралып,
Өтеген тұрды нала қып.
Бара алмаймын ба жеріме, Көңілімді билеп алалық.
Басқа жаққа жүргізбей, Бас изеген адамдай, Келеді қалмай қозғалып.
Жолдас шалдан сұрады:
– Бүйтіп жүр, – деп, – бұл неғып? Жәрдем сұрап келген-ді,
Бір жазым түсіп тарлыққа.
Артынан іздеп баралық Игіліктің ерте-кеші жоқ, Қайыр ас болса жалықпа”. Ұмтылды алға, ілгері,
Айдаһар бастап жүрді енді. Біраз жүрсе тау жақын,
Бір үңгірге келді енді. Ішіне қарап, бас изеп,
Үңгірдің шығып үстіне, Айдаһар аулақ тұрды енді.
Бір жұмбақ сыр мұнда бар, Шал менен сері білді енді. Қолына алып қылышын, Ұмтылып кірді ілгері.
Онан да үлкен айдаһар, Ішінде жатыр күрделі. Жұтқан екен бұғыны, Аузына келіп қапталып, Киліккен екен мүйізі.
Соған бастап ап келген,
Жәрдем сұрап, тәрізі.
Қамшы салып табандап, Өтеген батыр суырды.
Шыққанынша құйрығы. Тастаған атып барабар, Талып қалды айдаһар.
Жерге түсті сәлден соң, Үстіндегі ақ гауһар.
Дөңгелетіп алтынды, Алып келді алдына.
Адамның басы барабар.
Иманынан бір еді Жол жабдығы көмегі.
Қайыр қош деп бас изеп, Рұқсат етті, жөнеді.
Күндерде бір күн тағы да, Білінді бір сыр дерегі.
Күңіренген дауыс зарланып, Құлағына келеді.
Ойпырмай, атаңа нәлет деді.
– Жалықпа, балам, сабыр ет, Оны да барып көрелі.
Аңғарса ол да айдаһар, Шамалы жақын кеп еді. Қараса болжап сығалап,
Жартаста қазықтай жылан тұр, Оқ жылан деді шамалап.
Екеуі болжап тұрады, Ары-бері зырқырап, Айдаһарды ұрады.
Көктеп өтіп кеткен соң, Күңіреніп дауыс шығады. Сырқырайды сүйегі, Өтеген көріп мынаны.
Шал айтты: – Балам, қайыр іс, Кідірместен аттан түс.
Құтқарайық азаптан, Зарланады көріп күш. Садағыңды сайланып,
Мойнынан атқын оқ жылан.
Қайыр іске болдың тұс, Жол болуға дұрыс іс.
Өтеген қолына алды садақ жайды, Толғанып, мойнын көздеп шамалайды. Аянбай бар күшімен тартып еді, Жұлдыздай атқан оғы зырқырайды.
Бөксесі, мойны үзіліп жерге түсті,
Жыланның басы үзіліп аспанға ұшты. Қамшының сегіз өрме ұзынындай, Алдына қарсы келіп жақын түсті.
Сәл болса кетеді екен өзін жарып, Дорбаға сақтаттырды басын салып.
Шалының жолдас болған нұсқауымен, Қылышын заһарымен бір суарып,
Осындай айта берсе ерлігі көп, Бұл шалды ойында жоқ ертеді деп. Кездіріп дүниені қайтарайын, Қашанғы отырайын ертегілеп.
Армансыз қыс пенен жаз аралады, Ұзақ жыл қайтуына шамалады.
Бет алып енді еліне келе жатса,
Бір жерде топ керуенге кез болады. Керуенмен жолдас болса сансыз малы, Суменен шөлдегенде адам саны.
Кез болды түбі шыңырау бір құдыққа, Қауға сап суын тартып ала алмады.
Беліне арқан байлап адам салса, Кесілген басы сынып қан болады.
Жан қияр Құдай үшін ер бар ма деп, Мал айтып көпшілігі зарланады.
Ауыр жол ойға түсті саяхаттар,
Бір жақтан нұсқау қып тұр жолдас шалы. Көп үшін ер Өтеген түспек болды,
Көрсем деп неде болса мұны тағы. Беліне арқан байлап шыңға түсті, Түбінде бір дәу отыр өте күшті.
Қасында бір сұлу қыз, бір құрбақа, Түк басқан, нәрсе емес адам түсті.
– Ей, жігіт, есің жиып бір қара! – деп, – Араға сұрау қойды бір жұмысты.
Сұлу ма бұл құрбақа, қыз сұлу ма, Қанжар алып айтқын! – деді мынау істі. Ыңғайлап қыз сұлу деп тұрғанында, Біреуі үш насихаттың ойға түсті.
Сүйгені әр пенденің сұлу деді,
Жуасып дәу: – Рақмет! – деп күлімдеді, Мен едім бас кесетін адам түссе,
Нәрсемді таппаған соң көңілімдегі, Дәу қарап құрбақаның көзіне ашық, Ойланып мұны жаным білгін, – деді.
Көзінен құрбақаның қойды сүйіп, Дүниеде ұнатам, – деп, – жаным сені. Қидым, – деп, мынау сұлу қызды берді, Енші деп сансыз алтын, күміс берді, Қайыр-қош, аман-сау боп барыңдар, – деп, Босатты құдық суын түбіндегі.
Өтеген қызды да алды, пұлды да алды, Пұлымен құр өңгеріп, малын да алды. Үйіне күншілік жер қалғанында,
“Сау бол!” деп жолдас шалы ажырады.
Қазына олжалы, айдап сансыз малды, Үйіне қараңғыда түнде барды.
Қаперсіз шырт ұйқыда жатқан ұйықтап, Жанына әйелінің жақындады.
Қойнында дардай үлкен жігіт жатыр, Қылышын шабайын деп қолына алды. Оң қолды сол қолыңмен басқын деген, Бір насихат ойындағы түсе қалды.
Анадай төсек салып жерге барды, Таң атса білейін деп жайын тағы.
Бір жасар кеткен күнде баласы екен, Жігіт боп жатқан Тарпаң қойнындағы.
Таң атқан соң еліне, Білінеді дерегі.
Өтеген өліп қалған деп, Үзген еді күдерді.
Құшақтасып көрісіп, Жұрты шулап келеді,
Сағынғаннан жылайды. Есендігін сұрасып,
Әңгімесін тыңдайды. Төлені сұрап алдымен, Өзгеге сабыр қылмайды.
Жазылып басын көтерген, Аурудың айтты дерегін, Тезірек барып көрейін.
Құшақтасып, көрісіп, Төле бимен жылайды.
Ауырып аунап тұрдың деп, Көзінің жасын бұлайды.
Інісін аман көрген соң, Қайта бір жасқа кіргендей, Төленің көңілі тынады.
Сүйеніп алып жастыққа, Әңгімелесіп күнімен, Ұйқтамастан түнімен, Құлақ қойып тыңдайды. Үйден шығып келгенше, Бәрін де айтты көргенін. Он жеті жыл ішінде,
Ой маржанын тергенін. Айтады түрлі тамаша, Үйден шыға бір шалдың, Жолдастасып жүргенін. – Бірақ арман сол жерім, Сұрамаппын мен жөнін, Кім екенін білмедім.
Кәпір басқан демесең, Алатаудай жер қайда? Аспан асты, жер үсті,
Оған келер тең қайда? Иран, Ауған, Түрікмен,
Бұған тура келмейді.
Ауасы жайсыз жылы екен, Қайтсе дағы көңілді, Алатаудай бөлмейді.
Үндістанның саласы, Күнге күйген даласы. Рас екен бұрынғы, Асан қайғы санасы.
Білдірейін оны да, Былай екен жобасы.
«Екі Келес, бір Талас, қозы бағар айыр қас, күшің келсе, аттың сауырына салып жүретұғын жер екен, бірақ кәпірде қалатұғын ел екен, сол жағдайы болмаса, мен Иранға жақын бір жұртты көрдім. Халқы жылқыны жемейді екен, көшіп келсеңдер, жылқы малды тастап, бөлегін алып келіңіздер» дейді дегенде, жұрт «жылқыны тастап қайтіп барамыз» деп өсек айта бастады. Сонда Төле би: “Шырағым, Өтеген, мен әлі аурудан дұрысталып түзелген жерім де жоқ, белгі беріп саған арнап үй салдырып отырмын. Өзім де оңашалап айтайын, жақында дүниеден көшсем керек. Ендігісін көпшілік өзі білер және анау екі жүз де бөлініп кетіп, онан бергі жерде ұлы жүз де басымен тозып тұрған кезі болды. Жаныс болып Тәшкенге ие болып тұрсаңдар да жаман емес, менің бір ауыз тілімменен бар өміріңді сапарда өткіздің, екі дүниең мамыр болсын.
Төле осылай деп бата берді деуші еді, Бекасыл деген кісі.
Өтеген Төле биден бата алды, Абырой тегіс көр деп бас пен малды.
Мамыр боп анау жайың оңлансын деп, Көзінен жасын төгіп іркіп алды.
Сонымен тарқады жұрт жай-жайына, Жиналған әңгімеге жұрттың бәрі.
Жарылқамыс, Жантанның ұрпақтарын басқа Жаныс лақапта Қасқарау дейді. Жарылқамыстан Байымбет, онан кейінгi Бұқар, онан Сырымбет, онан Өтеғұл, онан Өтеген батыр. Менің білуімше, бұл кісінің үш аты бар: мүйізді Өтеген, сері Өтеген, батыр Өтеген дейді.
Отырып Жаныс Тәшкенде, Қыстағыға айланды.
Көпшілігі сол болды,
Жүрмесе көшіп барлары. Аздап айтып өтейін,
Бір кішкентай жанжалды. Менмен еді Төленің, Шора деген ағасы.
Бәйбішенің баласы. Әуелден ақыр бір мінез, Біреуі бек болған соң, Өркендеді шамасы.
Бейқазы деген кісімен, Сәл нәрсеге таласты.
Ұзын сақал кісі еді, Белбеулікке түсетін,
Бейқазының түр жобасы. Сақалынан тұтамдап, Қалжың қыла бастады.
Ойынынан өрт шығып, Ерегес болды өршігіп. Араз болып аймағы,
Қырдағысы, ойдағы, Бәрі көше жөнелді.
Қырық үй екен сол күнде, Қасқарудың көп елі.
Бір сөзінде осындай, Кенен ақын деп еді. Бұрылмастан артына,
Шымкент, Сайрам келеді. Сол күндерде Сайрамнан, Үріккен Ботпай ел еді.
Араласып сонымен, Көшті бірге дер еді. Мәнісін аса білмедім, Сонда да былай себебі. Алатаудың арасы, Сайрам судың екпінін, Сейпіл деген бір жерде Өрмек тоқып отырып, Бір қыз, бір сиыр көреді. Бірен-саран адамдар,
Таудан түсіп келеді.
Солардың түрі жау шығар,
«Қамданғын жұртым» деп еді. Той болып жатқан күні екен, Көпшілік тілін алмады.
Тілін алған сол қыздың, Бір ауыл боп қамданды. Қашқандары құтылып, Отырғандар ұтылып, Деп айтады Ботпайлар
Сондағыдан қалғаны,
Таутекенің суреті, Салынған тастың бетіне. Шыналы датқа айтулы, Солар салған таңбаны.
Сол күндерде қазақ қызығып жерге орналаса бастап, бірінен-бірі қызғаныш етіп, күні бұрын малдың басын көміп қойып, айтыса кетсе, пәлен уақта “көмген басым бар” деп көрсететін сияқты. Жартас бетіндегі таутекенің суреті сондай жағдайлардан қалуы керек деп ойлаймын.
Қасқарау, Ботпай бірігіп, Сол себеп бірге барғаны. Алматының жанынан, Қатар қоныс алғаны.
Есітуім және бар,
Әбдіғапар сөзінде Елекке ауып кезінде
Сарыарқаның жерінен, Ем іздеген төзімге, Қайтқан қимас сезімде. Араздасып ағайын, Сәл нәрсеге таласты.
Ұлы жүз түгіл Төле би, Жаныстан да адасты.
Налыған дейді Шораға,
Ішінде деп аласы. Ұрысуға орны жоқ,
Жарылқамыс, Жантанның, Ұзаған соң баласы.
Сырымбет сынды бабам-ай, Мінездес іні-ағам-ай,
Алды-артымда қалам-ай. Бір ауыз сөйлеп сөзімді, Жұрт үшін кезген дүниені, Өтеген сері ерім-ай,
Сендейді қайдан көрдім-ай!
Мен не дейін Шораға?
Басыма бейнет арттырды, Қауіпті күні елімнен, Ағайынды жат қылды,
Жабырқады Төле би.
– Өзімнен көрдім қорлықты, Басқадан көрдім сыйлықты. Әрбір кезек ісіме,
Ағам мен інім килікті.
Әуелден біткен бақ еді, Еткен ісім ақ еді.
Бір жағынан қырғыздар, Шауып маза бермеді,
Бойды ыза кернеді. Қоралас ер қасқайып, Қол бастады жалынды.
Шапырашты Ботпай, Қасқарау, Абылай ханға шағынды.
– Кетті, тақсыр, сәніміз,
Таланға түсті малымыз.
Қырғын тауып қырғыздан, Қырылды сансыз жанымыз. Абақ пенен Тарақты алды,
Шолаққорған, Созақты алды. Сізді алуға сәл-ақ қалды.
Абылай хан сөйледі, Үшеуінің сырын ұғынып:
– Сабыр еткін, ерлерім, Қала алмаспыз бұғынып.
Сүмбіле тусын сұңқиып, Ат семірсін құнтиып.
Сол уақта жұрт жиып, Армансыз болып қамданып, Көрейін жауға бір тиіп.
Осылай деп Абылай,
Ер Жауғашты қайтарды. Бір күндерде күз болды, Ұзатып несін айталы.
Абылай келіп онан соң,
Меркенің болжап ой-қырын.
Шүңгірдің тауын қиқарды. Тобын көріп қырғыздың, Мынандай бір сөз айтады:
– Атымыз шөлге үйренген тегістегі, Ұрыспақ таулы жерде келіспейді.
Ол жерден қырғыздарды алу қиын, Аттары тауға үйренген өрістегі.
Жеткенше айдай кең сарай,
Артымызға қашқан болып көріселі.
Бұқтырма жол-жөнекей мерген тастап, Қол болса кей жыраға өрістегі.
Арт жақтан қырғыз қуар өрнектеліп, Атының мойны қатар ұзап келіп.
Ұзатып қайта оралып ұрыс қылайық, Қосылсын жолдағылар көмек беріп. Жеткенше Алатауға құтқармаспыз,
Шұбалып тыңнан ұрыссақ демеп келіп. Осындай әдіспенен қолды болды, Жиналған көпшілігі мақұл көріп.
Әуелде сасқан болып қазақ қашты, Ұзаққа қуып үдеп қырғыз басты.
Жеткенше Қорақұты етегіне, Олжаға оза шауып жапырласты.
Бұрынғы ойлап қойған жөніменен, Оралып хан Абылай қайта басты. Жеткенше Алатауға бәрін жайлап,
Өршітіп бірін қоймай қанын шашты. Екі адам сонша жаудан тірі қалды, Жасырып алып қалған осыларды.
Шыныға Әбден деген себеп болып, Байтүгел, Ерқанайды босатады.
Араға бұл сөздерді қосып өттік, Сөйлейік Төле биден уақиғаны.
Шыннан бір ері боп, Алматының Ботпайы. Басына сонда орнаған, Дулаттың дуа алқабы.
Қырғыннан қырғын күн-күнге. Меркедегі халықтары.
Келіншек Ботпай атанды.
Сыпатай, Аңдас шыққан соң, Ерек болып шарықтады.
Мен білмеймін, жақсылар, Дулат атам себеп боп, Құдайбердіге келгенде, Арнаға түсті желектеп.
Қыдыр дарып Әлібек, Әлібектің бәрі бек.
Қасықтап жиған жұртымды,
Төкті-ау бұлар етектеп.
Жотаның шығып басына, Күңіренді Төле не етем деп. Осыменен, жақсылар,
Аз күн өтті арада. Малды, үйлі далада
Жарамды сыпа ерлермен, Қаладан шықты далаға.
Отырған еді ауылы, Қаратас деген шамада.
Алыс-жақын адамын,
Шақыртып алды Төле би, Ауруы қатты күшейіп, Жанына түсті ауыр күй. – Келіңіздер, ағайын,
Сылтау тастап, жай сөйлеп, Дүниенің айтты баянын – Әрнәрсе енді түсіме,
Осы биыл ағаңның. Құдайберді, Әлібек,
Аталарым келіп жүр.
Сеземін өлім хабарын – Дәулет деген бір сөзді, Екі мәндеп айтады.
Әуелінде дау болып, Бір басқа жетер шатағы. Төзу керек бәріне,
Біліктілер айтқаны. Жолдас болсын иманым,
Болжал бар ағаң қайтқалы.
Осындай деп Төле би Аударылып жатады. Естіп хабар алыстан, Жаңыл кеп тіл қатады:
– Жан аға, сұрауласып аманыңды, Есітіп тұра алмадым хабарыңды.
Жатырсың қара нардай енді көлбеп, Тоздырған жауға қарсы табаныңды. Сай болып жаралған жоқ дүние бастан,
Тұлпар жоқ танбай шапқан шаршамастан.
Көшпе бақ, аумалы әруақ әркімде бар, Алтын ту келе жатқан жоқ құламастан. Билеген жеті ықылымды хан мен сұлтан, Соның да көңілі өтті тына алмастан.
Сүлеймен, Іскендірмен желге мінген, Сап байлап қызметінде олар жүрген. Бәрінен ойлап тұрсаң өлім күшті, Солардың бәрін жеңіп сүріңдірген.
Есім хан өліп қазақ көніп еді, Ізіне жоғалмастай сеніп еді.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. Бірі күн, бірі туған айдай болып,
Заманға сәйкесімен келіп еді.
Қазақтың Алатаудай ай серкесі, Дүние-ай көшетұғын көрінеді.
Жалған-ай, бір көшкен соң толу қайда, Әділ би Төле бидей болу қайда?
Алты ауыл көтеріле көп Жанысың, Ордаға сіздей болып қону қайда?
Жария әзіз Төле шықты атың,
Ұл тумас өзіңдей қып енді қатын. Серкеден бастап жүрген адасып жұрт, Жесірдей сыңайы бар бір болатын.
Ерім-ай екі елуді жасамаған,
Жемеген бір пұл пара нашарлардан. Бір аттап аманында кетейінші,
Дариға-ай, құшып жапсар босағаңнан, –
дегенде, Төле би жастықтан аударылып жатып: – Шырағым Жаңыл, ақыретің мамыр болсын, – деп бір ауыз сөз сөйлепті. Сонда тағы бір ауыз өлең айтты.
– Күнінде оздың, жәке, бір тайпа елден, Жарысқан оздың-ау сен құрбы теңнен.
Бір қатар ұлы жүздің баласында,
Жігіт жоқ дәл өзіңдей қызық көрген.
Бірқатарлар ұғындырған соң Жаңыл және де: – Жәке, арманыңыз бар ма? – депті.
– Қош аға, туыс көріңіз, Көргелі келдік сізді біз. Жалпағынан дүниені, Әбден басып жүрдіңіз. Сізсіз шылбыр бермеді, Түгел қазақ еліңіз.
Мал менен бас барабар, Сайлы дәуір сүрдіңіз.
Әділетке салғанда,
Шамамда жоқ мініңіз. Ұқсақ деген сырымыз, Сізде арман бар ма екен, Сұрайықшы соны біз.
Сонда Төле би: – Шырағым баласың-ау, өзгелерден менде арман көп. Себебі қырғыз-қазақтың бір туғанындай күнінде туылып, енді алаң ашық
болып, шілдей бытырап тозып, енші алған күндерінде қайтып өтіп барамын, – депті.
Сөзіне түсінеді жиналған көп, Сұрады бір сыр халық өтініш деп. – Айтсаңыз, бәріміз де құп алар ек, Кімді біз орныңызға қоямыз бек?
Төле би айтты былай деп:
– Қоймайсыздар шаршы топ.
Аспапты жерге барамын, Болады қандай заманым? Айыр ма, түзу, қисық па, Сансыз құрдым билікті. Көпшілік өзің білесің,
Мен жалғызбын, сіздер көп.
Үлкен-кіші жастары қайта өтініп: – Өзіміз, сірә, білерміз. Сонда да сіздің бір ауыз айтуыңызды дұрыс көреміз, – деген соң, Төле би бір сөз дейді:
– Менен кейін бұзылып, Хандық мирас болмайды. Тұғырға қайтып қонбайды,
Көңілің, жұртым, қалмасын Ақбота, Абыл, Шорадан, Айтайын бір балларды.
Біраз күннің ішінде,
Болады Байтек салдарлы. Састыратын хандарды, Өткір болар өзімнен, Әттең, ұзақ бармайды.
Бір-бір баян қылайын, Баллары момын шаруа,
Өтебай мынау ағамның. Інімнің болса баллары, Шаруа бұл да сынадым. Үлкенім Өзбек, Сүйіндік, Менмендеу түрі бұлардың. Ақпейіл Жолан, Қожабек, Елдің парқын айырып, Аңғармас жақсы-жаманын. Түп негізін білмеймін, Қожамжарды ұнаттым.
Жүністен кесір болмаса, Иесі өзі гүл бақтың.
Түбі қоры құриды
Білер арзан, қымбат кім? – Қайтып жауап бермеді.
Біраздан соң сөйледі:
– Бір түс көрдім, жақсылар, Жорып соны бер! – деді, – Шыққан екен қатар боп,
Екі терек жарысып.
Біреуіне мен шықтым, Біріне шықты Қойкелді.
Мен шыққан бір теректен, Көшет терек өрледі.
Көрінбей кетті жоқ болып, Шыққанда мен Қойкелді. Үш ұмтылдым орнымнан Көрінбейсің, – дей берді, – Жарамды жас шыбықпен, Мәнісін айтып бер! – деді.
Олай-бұлай толқытып, Жоруын ешкім білмеді. Бас көтеріп жастықтан, Өзі тұрып сөйледі.
– Жақсылар, оңай-ақ қой түстің мәні, Шынар демек көрсеткен дәрежені.
Өзі өлген соң Қойкелді даңқы ұзамас, Мендей болмас лақабы дәрежелі.
Болмағанда сөз қосып мақал тағы, Көшет терек мәнісі – інім Байтек,
Өткір болар, келтелеу өмір шағы. Күні бұрын қамданып ойлап едім, Жататұғын бұйырған жерім менің.
Бас жағыма нақыштап шым ойдырдым, Ұя салған қарлығаш үйге қойғын.
Мынандай бір тапсырма аманат бар, Жүніс, саған көптен-көп өтінемін.
Өткеннен соң жеті жыл екі арада, Бір әзіз бұл Тәшкенге келер бала. Шайқантауыр өзінің аты болар,
Қайтса жатсын жанымда менің дара.
Кісілерге көптен-көп өтінішім,
Сіздер де айтқын көз көрген үлкен-кішің. Бас жағыма қойылсын сүйегі оның,
Аяқ жағы басыма тақау тұрсын.
Тағы сәлем үш жүзде көз көргенге,
Өзі сұрап дуада іздегенге.
Киелі ұлым көп сәлем Абылайға, Шағы келсе бір қоссын елді елге. Қартайған соң әруақ жын болады,
Жын қартайса, деген сөз жым болады.
Енді басқа әңгіме дей алмаймын, Түрлі-түрлі бізден соң күн болады.
Аман-cay боп қайыр-қош тұрыңдар, – деп, Иман айтып Төле би дүние салды.
Жұрты тегіс жиылып, Жаназалап Тәшкенге Алып жүрді Төлені.
Тоқсан үшке келген жасында, Қайтып өтті деп еді.
Орда қонған ақ Борқан, Өлген жерін деп еді.
Алмақұл Шарбақ ұлын ертіп барып көрсем, жуған жеріне белгілеп тас үйген екен. Жеті қадам санадым, бірақ төбешіктеу жер болып кеткен, сонда да аңғарып болжап «мынау орны болса, он екі, он үш қадамға баратұғын, айналасын зер салып аңғарсам, қарауылдап қараған адам төрт тарабынан күншілік жерлерді болжалдап көріп тұратұғын түрі бар. Замана жағдайына қарай қарауылдап жаудан үркіншілік уақта жайлайтын қонысы шығар» деп ойландым.
Алатаудың үстінен, Тәшкенге ертіп барады. Табыт тартқан түйенің, Жолда түсіп бұрауы,
Долана болып бір топ шығады. Адырында Қақпақтың,
Деп айтады мынаны. Ұя салған қарлығаш,
Қаланың орта шенінде.
Ұя салған себептен, “Қарлығаш би” деп атанды. Түгел Тәшкен еліне, Шайқантауыр пайда болады, Жеті жыл айтқан күнінде.
Жүніс қожа сөйледі:
– Басында болып айтқан тұр, Куәлік берді көргендер.
Естігенің қандық, рас па ол,
Аманат сізге тапсырған, Қабірі соның мынау бұл.
Шайқантауыр сөйлейді:
Есітіп қанып бұлардан, Келерімді кететін Өлерімді болжаған, Көрмесем де шәкіртпін, Әзіз екен ол адам.
Аяғына жатамын,
Сіздерге мәнді айтарым.
Аяғын ала қосылды,
Бұл да айтып насихат еліне. Шайқантауыр мәхалласы, Деп айтады бұл күнде.
Іззет еткен жөніме, Дүниеден көшіп Төле би, Жұрт сұрады орнына, Қожамжар би баласы.
Болған жылы сол шығар, Қара тастан ойылған,
Жақыпбектің қолында, Мынау еді жобасы:
Бір мың бір жүз он алты, Хижраттың санасы.
Төленің өлген жылы да сол ғой деп ойласып едік, ол дейік десек, сұрастырып байқағанда тарихта да, жобада да, бірқатар біліктілер сөзінде де Тәуке ханнан Төле би ақиқат жиырма жыл кейін өлгендігі сезіледі. Мүрдесі қатар десек, менің баларақ күнімде көруім сол еді, бірақ Төле бидің тоқсан үш жасында өлгендігін қариялар түгел айтушы еді. Қарлығаш ұя салып, баласын ұшырсын деген жағдай және ол күнде жайлауға сары таңда шығады екен. Сол себепті июнь айларында үлкен жобаға келеді деп қиялымда ойлаймын.
Қожамжар би Байтеке дәуірі және Қоқан дәуіріменен тәмамдаймын. Енді баяндайын.
Қожамжар бидің сыртынан, Жаныстар түгел болған жоқ. Ұлы жүз тарқап бұрыннан, Шамалы жұрты бар еді.
Тентек тілі көбейді.
Майдалар болды тынышсыз,
Арқа сүйеп бір ерді.
Жақсы ат, сұлу қыз болса, Ала қашып жөнелді.
Айта берсем бірталай,
Көрсетіп жүр өнерді. Жүніске бәрі жағынып, Кейінге айта бер деді. Мынандай еді жауабы:
Атқарсын мынау тұманды. Хан көтеріп өзіңді,
Көзімізге сүртер ек.
Бір ауыз айтқан сөзіңді, Қаңлы, Шанышқылы, Құрама, Сарттарменен бірігіп,
Жасырын шарты сезілді. Жүніс қожа мақұл деп, Мұның көңілі бұзылды. Дұшпандыққа айналды, Қандай пікір айтсам деп, Кеше күндіз ойланды.
Сұрауына Қожамжар, Өткенді төрт жыл болжалды. Қожамжарға бір күні,
Айтты Жүніс былай деп: – Барады елге зайыр боп. Обалына қап жүрсіз, Пайдалы ерді басып жеп. Бұлар еді тәртіпті ел
Шырайлана оралып, Соғылса биік қорған боп.
Қожамжар мұны жөн көрді, Өте мақұл жөн деді.
Ұсталарды жиып ап, Ақысына мал берді. Шырайнала орады,
Қалалы қорған соғады. Өтпейтін істеп жайларды, Көлдетіп және су алды.
Қылыш, сайман, найзамен, Бір дарбаза аузына,
Екі-екі жаллад қояды.
Басын кес деп тақаулап, Тентек тілі болған-ды. Дүние ап қашқан ер болса,
Жалладтар басын кескен соң, Саяқ тентек жоғалды.
Қару құрал түгендеп,
Бір жерге қойды сайманды.
Оқ-дәрі тауып істетіп, Жұртты билеп ала алды.
Тәртіпке тәуір түсіріп, Бекітті тас қамалды.
Қожамжардың мінезі, Болады өзі қалада,
Малды, үйлі далада, Өткен еді Төле би,
Осы айтылған жобада. Көш басында бір үйі, Малды, үйлі далада.
Қырық жігітпен Қожамжар,
Шығады бір күн далаға. Жүністің айтқан сөзі бұл: – Бие байлап, сүт сауып,
Біраз күн, тақсыр, сауық қыл. Рахаттанып, желпініп, Сырбаз жеп, қымыз ішіп тұр.
Бірқатар жұртты бұзады, Сөз таратып араға, Бұрынғы сыр жобада, Алдынан ұрыс бастады.
Қожамжар би оралып, Кірейін десе қалаға,
Қолында қалған күш-қуат, Қаруы сай және де.
Әскері сай бұрыннан Сауыт-сайман қылышын, Сайланып алған дұрысын. Екі жар болып соғысты, Базары қызып ұрыстың.
Қызыл қанға бояды,
Азаматтар жер үстін.
Өздіктер алып олжалап, Оза шауып қолдасып, Нашарлады Қожамжар, Бөтен емес ағайын
Алалығы құрысын, Жанысты қырып қашырды. Ықпалы жүріп Жүністің.
Қырсығына айналды, Басы түсіп олжаға.
Малы түсіп талаңға, Айыптап Жаныс айдады.
Қашқан жауға қатын ер,
Қаңлы, Шанышқылы сауытпенен, Келеді қуып бұларды.
Шұбалғанын түсіріп, Шыға шаншып олжа алды. Атаға бала қарамай,
Миятқа әні жарамай, Алды-алдына аңдады.
Сыртқа сіңіп қалғаны, Жаныстан ұрпақ көп сіңген, Тәшкеннің бүтін аймағы.
Өзбекшелеп сөйлеген, Ішінде көп баллары.
Даласында да көп аты бар, Қыбырай, Дәрмен, Нияздың. Бес бала деп айтылар,
Ниязбек демек себебі, Қару сайлап әскермен,
Боз судың басын қорғалап, Жататұғын жер еді.
Осыдан көп жосын бар,
Бектемір Тоқпан тұңғышы, Бәйтек қорған осылар.
Өтебайдың талы деп
Бостандықта даңқы бар. Сол күйінде қалдығы,
Бөке жылы бірінде,
Жамбас, Шекер, Қапалмен
Тауға жақын осылар. Қолы қызды Жүністің, Қалмады адам шошынар. Қазығұрттан асырып,
Бадамға құры қашырып, Бір үркітіп орнынан,
Бекіп алды сонымен. Өзгелері бытырап, Өтебай, Төле ұрпағы.
Сайрамсу, Бадам өлкеге,
Сонда келіп орнады.
Енші алысқан Жарықшақ, Ендігісін білмеймін,
Сол күйінде келеді.
Төрт Дулат сонан тарқалған, Ата қоныс жер еді.
Негізгі түпкі тереңі, Айырылып Жаныс Тәшкеннен, Қалуы себеп бұл енді.
Тәшкенде он алты жыл Жаныс тұрды,
Жүніс пен Қожамжарды жарыстырды.
Ықпалы Жүніс қожа озғаннан соң,
Ақыры кеп Жанысты жаңылыстырды. Қожамжар аз жылдан соң дүние салды, Есітті қожа Жүніс бұл хабарды.
Мереке тамашалап өткізсем деп, Бұрынғы татқан тұзын жадына алды. Тоғыздап ат шаптырып, бәйге тігіп, Қазаққа бұл рәсім сонан қалды.
Ат бәйге, құнан бәйге, тай бәйгені,
Бәрін де озып Байтемір Сіргелі алды.
Дулатта үлкен бәйге болыпты деп, Қариялар мақтаушы еді осыларды.
Қариялар теңгелік болады екен, сомдаған бес теңгелік Жүніс қожа шығарыпты. Ортасы тесік, мен бала күнімде көріп едім деуші еді Бекасыл деген кісі. Ақмырза кісінің айтуынша, жиын-тойда қызға өлең айтқан Жүніс атын қосып айтады екен деп бір ауыз өлеңін айтушы еді.
Тәшкенде қол бастайды қожа Жүніс, Шығады Бұхарадан таза күміс.
Қатаң болды бұл Жүніс, Жаныс халқы еліне,
Зәбір етті көбіне. Елібайдың бес ұлын, Өлтірген дейді жазым қып.
Шыршықтың сонау жағасы, Жаңа базар шенінде,
Бәрі бақтың таласы. Туып еді жарамды, Жоланның бір баласы. Бозбаланың сарасы
Жаңабай атым дер еді, Сыншылары көреді.
Айтуымен Жүністің, Үзеңгісіне у жағып,
Ойлап бір күн жіберді. Өлген екен сонда кеп, Көк төбенің ұшында. Аталады бұл күнде,
Жаңабай бұлақ деп енді.
Және бір сөз, ер Көбік қария үйіне қонғанымда бала алып отырып баладан шығарып: – Шырағым, біз жайлап жүрген Жантеке деп аталатын жайлау адамның аты Ұзынбас болса керек. Жүністің қамалында зынданға түсіп қалса керек, бабаларымнан бірден-бірге үлгі, – деп былай еді:
– Жантеке заңғар екен аты шыққан, Бабамыз қоңсы болған Қуаңдықпен. Үлгі етіп Арыс атам айтушы еді,
Мынадай ұмытпасам балалықпен. Зынданға Жантекені Жүніс салды,
Неше жыл шығармастан жатып алды.
Қап еді бірер жасар жалғыз ұлы, Аңсайды сонда жатып жас баланы, Өзінің түйеге артқан сансыз пұлы, Зарығып өліп-талып көрген ұлы.
Қатты аңсап бір көруге сағынады, Көрсем деп бір иіскеп, шықса тілі. Жүніске бір күн айтты арызым бар,
Шығарып бір күн жасауыл артыма сал. Келейін жас баламды бір-ақ сүйіп,
Бойыма тыңдай тартып алтынымды ал. Бұл Жүніс тың алтынға көнбей қойды, Бір-ақ күн бостандық жоқ өне бойы.
Қасарып Байтек келіп жау болғанда, Әскерге дүние зарлап ойланды ойы. Қанша уақыт өтіп кеткен бұл арада, Қол сап тұр Байтек келіп бұл қалаға. Жүгіріп зынданына келді Жүніс, Ойына түсе кетіп сол шамада.
Сөйледі қожа Жүніс сонда тұрып:
– Бір сөзді айтып едің болжал қылып.
Бір күн бар, бір күн жатып балаңды сүй. Жантеке былай деді сонда тұрып:
– Берейін осы арада екі күн сүрдік, Қиялым мынау еді зарым құрып,
Болжалда айтқан күнде өз шамамда, Келе жатқан күні еді тілі шығып,
Екі ауыз мұның тілін есітпекші ем, Дүниеде нәрсе жоқ деп бұдан қызық. Ендігі тілі қатып қалған шығар,
Кім болса жарығыңа қойсаң тығып.
Үлгі етіп әңгімеде сөйлейді екен, Билеген Жүніс жобасы,
Байтекенің себебінен кейін шығып, Шымкент, Тәшкен қаласы.
Осы екі орта екі арасы. Ырысбай ұлы хан Байтек, Шыққаннан-ақ өршіді.
Төле бидің бұрынғы, Тура келіп санасы.
Қожамжар Байтек деп айтады, Мақалда бір парасы.
Ақбаста Ғанира,
Бәйбішенің баласы.
Ақботадан Ырысбай, онан Байтек қариялар бас жағы қара, бүтін денесі жауған қардай аппақ еді дейді, лақапта ақсарыбас Байтек дейді.
Қарсы тұрып Жүніске, Жұртты бола бастады.
Қырық жігіт сайлап іріктеп, Сескеніп жаудан қашпады. Іріктеп жиып жастарды, Ұрынар келіп үстіне
Жүніс те бұған батпады. Жұрттан алған хиражын, Әр жерден қосып ұстады. Игере бастап Жанысты, Сығалап қарап болжалдап, Жақын менен алысты.
Қай жерде болса азулы Сонымен барып алысты. Бір күндерде хан Байтек, Бармақшы болды Алматы.
Мынандай шығып дыбысы Араз болып көшкен бұрыннан, Қасқараудың елі еді,
Өтеген сері ері еді.
Шабынға шауып қалмақтан, Бір сұлу қыз ап еді,
Қартайған күні, шағы еді. Сарыны жұртқа жайылды, Өте сұлу іреңді.
Өрдегі жатқан ұлы жүз, Хан көтерген сол күнде, Абылай ханның баласы,
Әділ төре дегенді. Құмар болды осыған,
Құлағына тиген соң, Өтеген батыр әйелі. Сауға деп соны сұрады, Берместікке шара жоқ,
Тұрған соң хан боп, төре боп. Беруге күндіз ұялып,
Түн ішінде береді.
Қатты қапа тартады, Қатын кімге айтады? Айтушы еді қариялар,
Қатын алған кекті деп,
Жүрмесін Қарауыл кекті боп, Жай сөзбенен мақалдап.
Мен қорқамын сарыннан. Түкпірдегі Қарауылдан. Аттанды Байтек сол жаққа,
Мынау тиген сарынмен.
Хан менен төре сұрайтын, Дүние мен мал еді
Қатыныңды бер дейтін Қай рәсім заң еді.
Ел билеген төрелік,
Жөнімен жауға айдаса, Жолына бас берелік.
Асқынған соң деген-ді, Төреге бір түнелік.
Бір жағынан бұл шықса, Бұл жақта Жүніс жарлықта. Қожа-төре дегендер,
Талас салды тарлықта. Соныменен жөнеді, Аман-есен айтысып.
Өтегенге келеді,
Өткізіп біраз күндерді, Хабар айтты төреге, Отырмыз деп жүргелі.
Қарсы алдынан кезікті, Ат үстінде көрісті.
Байтектің тиіп дерегі, Ашуға қатты долданып, Жазбай тұрып құшағын, Тілегімді бер деді.
Екінші сөзге келмеді. Қалағаныңды алғын деп, Әділ төре тоқталмай,
Бұл да жауап берді енді.
– Бұл деді берсең, Байтек, ойымдағы, Қалауым менің жалғыз қойныңдағы.
–Бұл болса қалағаныңызды алыңыз, – деп, Семсерін бере берді мойнындағы.
Хан Байтек семсері мен жарын да алды, Сыртынан қатты келген жалындады.
Онан соң бір сөз айтты осындай деп, Жайғасып төрге келіп демін алды.
–Жұрт сұрау қожа, төре сенің жаның, Кетірме сұраған соң халық халін.
Жинаған хираж, зекет, хан салығы, Ол да жөн жинауына малдың бәрін. Сұраса мал береді, жан береді,
Бас кетсе, бұл да мақсат жаулап жауын Аз ғана Алматыны айналдырып,
Қай жерден бұл өрнекті тауып алдың?
Ер Байтек осылай деп ауыз ашты, Ұялып Әділ төре қатты састы.
Мойынын ұсынғанның қылыш кеспес, Ұсынды мінеки деп алсаң басты.
Ашуын басты дағы жөнге келді, Әйелін жарастырып алып берді. Жүніспен арасында жанжалы бар, Еліне қайтпақ болды Байтек енді. Қоштасып екеуіне, қайтты еліне, Төрені қараменен жөндеді де.
Жолдағы бір ауылға кеп қонады,
Білмеймін сол сапарда жүргенінде.
Мейман болып бір ауылға жатты қонып,
Азанда ел ұрысты ду-ду болып.
Бір мейман бір әйелге өсек айтып, Байтекке жүгінеді бұлар келіп.
Аңғарса өсегінің мынау түрі, Жобалап сүйреңдеді бірін-бірі.
Үстінде киімі жоқ жап-жалаңаш, Екеуі бір құдықда түскен түбі.
Мейман айтты: “Жатып едім, Далаға салып төсекті,
Айтады бұлар өсекті,
Орнында жоқ дамбал-көйлегім.
Ары-бері сипалап,
Далаға көз жібердім. Тарғыл ала бір сиыр,
Дамбалды жеп, көйлекті Жалмап-жұтып тұр екен. Ұра қуып жөнелдім,
Асқақтап жүріп құдыққа, Түскенімді білемін.
Тұра бердім кідіріп,
Аспандап қарап ауаға, Алқымымнан ілініп.
Жап-жалаңаш бұл әйел, Суға келді жүгіріп.
Қоймаған соң дауласып, Арқанды маған тастады. Салмағымен тарта алмай, Үстіме құлап жанышталды. Шығармақ болып әйелді, Аяғынан көтердім.
Екі өнімде табаны, Жоғарылап ұмтылса, Аяғы тайып тұрмады.
Мойныма құлап қалады, Бұл әйелдік қып тұр деп, Мойнына мен де мініп ап, Ұмтылып ем жоғары.
Қайта-қайта шықсам да, Жығыла бердім мойнына, Ешбір ылаж болмады,
Күн шыққанша тоқтадық, Шығудың болмай амалы. Шығарып алды құдықтан, Хабарланып ауыл адамы. Бұл да аман, мен де аман, Бекерге бізді сабады.
Еті тиді демесе, Екеуміз де жалаңаш.
Қысталаңдау қандай жер Сұрап еді аңғарып,
Әйелдің де айтуы сол.
Әділ төре інісі,
Бір төрелік айта көр”. Байтек сонда сөйледі: – Су терең бе, саяз ба, Әуелі сынап көрелі, Әрекетсіз болады,
Алқымнан келсе аманы. Жан қайызын ойланып, Көзін сүзіп жоғары.
Белбеулік келсе төменнен, Күмәндіміз дегенмен.
Сонда дағы ақиқат, Сиырды сойып көреміз. Киімі шықса ішінен, Бір жазым боп қауіпсіз Шықпай қалса киімі, Сонда бұған төнеміз.
Болды деп әйел жалалы, Қырық жігіттің жөні емес.
Жуан әйел қайтады,
Мынау малын санайды. Болғанда да қаралы, Ұрып-соғып болмайды. Ойланды мынау шараны, Алқымынан келді су, Сынап көрсе шамалы.
Сойып көрсе сиырды, Қырқылып киімі шығады. Көйлек, дамбал бергізіп,
Босаттырды мынаны.
Мұнан кейін ер Байтек, Еліне келсін сонымен. Жүніс қожа дейтұғын, Түсіп алған соңынан.
Бір ұрпағынан Жаныстың, Бірнешеулер ұрынған.
Әр жерінен бұрыннан, Өлтірген еді тобымен. Ақыл деген оймауыт,
Осындай бір сөз сөйлесін.
Шаға сөйлеп кеңесін.
–Жақының жүр бұл күнде, Алыстан жарды іздесіп.
Құдайберді ұрпағы, Төрелермен бір десіп. Әлібектің алты ұлы
Ақбота, Абыл, Шорамаң, Өтебай, Елібай, Төлесің. Атадан алтау тусаң да,
Қорлықтан бөлек көрмейсің.
Туысың қорлық күйінде,
Неге көңіл бөлмейсің? Біз сүйеніп келеміз, Қожа менен төреге.
Қорғалақтайды халқымыз, Қожа, төре дегенде.
Қайратың бар ма көрсетер, Мынау Жүніс немеге?
Мына сөзі ер Байтек,
Жаман тиді өзіне.
Қан толды жаман көзіне:
–Жүніске қырғын салмасам, Бір ойранды қылмасам,
Жүрмей-ақ тірі құриын, Дүниенің жүзінде.
Ұлы жүзге шағынып, Дулатты тегіс жиятын,
Бұл күнде менде шама жоқ. Бас-басымен боп кеткен,
Біреуі хан, бірі бек.
Алты ауыз болып, ала боп. Біреуі басын бүркейді, Біреуін жатса басып жеп.
Осындай деп ер Байтек, Хабар айтты еліне.
Ылди менен өріне.
–Жегіден толған жетпіске, Жәрдем берсін бұл елге.
Етегін жапқан ес кіріп,
Атақты діндар еріне.
Жаңа шыққан жас талап, Құлан жүйрік, шер бөрік, Шәкірдің батыр Ақпаны, Ақайдар, Беласар, Тауасар, Өтебайдың заттары,
Миятқа сені шақырдым. Бір бас, бір тас болайық, Сіргелінің халықтары.
Айналасы Тәшкеннің,
Жүніске, сірә, қосылар.
Қаңлы, Шанышқылы, Құрама, Қожамжардан бер қарай.
Сүйек қас болды осылар. Сіргелі, Жаныс бір болсаң,
Жеріміз жоқ шошынар.
Не келер жалғыз қолымнан. Деміңмен жауға шабамын, Бір еріңдер соңымнан!
Бұлар тұрсын мұнымен,
Жүністен хабар берейін. Есітті мынау сарыннан, Бұл да жәрдем сұрады. Алтын бесік ұрпағы,
Қоқанның сонау ханынан. – Басы бұлақ, аяғы,
Сырдың суын сұраған, Жүніс қожа мен едім. Он екі қақпа Тәшкенде, Қазіргі күнде ие едім.
Қадамы жүрді бұл күнде, Қазақтағы көп елге
Байтек деген біреудің. Түтіні тұман ел еді, Құмырсқадай көп еді. Киіз туырлық қосылса, Түрі қиын бұл елдің, Құмырсқадай халықтары Келетін болды шапқалы. Жыланнан бақа айырып,
Ажыратқандай боласың, Құтқарсаң осы бәледен. Тарту еттім мен сізге, Шаһар Тәшкен қаласын.
Қоқан ханы сол күнде, Қағазын оқып көреді. Рақымы кеп енді,
Сайландырып әскермен, Кіреуке сауыт жамылған, Алтын алмас тағынған,
Боз топшақты біреуді, Зеңбірек артып топтана, Көп әскермен жіберді.
Сол уақыттың күйінде, Бөз тоқытып киімге Аздап құрал соқтырған,
Сауыт-сайман шақ қылған, Бір сері жұрт бұл еді.
Шәкірт саңлақ қолымен Жәрдеміне келеді.
Қоқан хандарының бабасын Алтын бесік деуші еді. Себебі жаугершілікте алтын бесігімен бір бала қалып кетіп, соның ұрпақтары көп жыл ел сұраса керек.
Қоқаннан сүйінеді жәрдем келіп, Өршиді Жүніс қожа көңілі толып.
Жылқысын мен Байтектің алдырайын, Әскерім қуаттансын күшіне еніп.
Қоралап сансыз жылқы айдап алды, Жағалай Алатауда әскер толып.
Тәшкенге дүркіретіп айдап барды, Малшылар жазым болды қаншасы өліп. Байтекке мынау жөннен хабар келді,
Дүрілдеп көп әскермен жөнеледі.
«Алдымен жылқымды әкеп алайын» деп, Сайланып жалғыз өзі жөнелді енді.
Есітті Жүніс Байтек келеді деп, Сезілді бір өзі деп дерегі кеп.
Кімде-кім ізет етіп орнын берсе, Аламын басын кесіп, өледі деп.
Ер Байтек ауыз жаппай келді кіріп, Қозғалды Жүніс қожа ыршып тұрып. Алдына көп жылқысын салып берді, Бір ауыз сөйлей алмай қарсы шығып.
Сонда жігіттер: – Басында бір ауыз сөз айтып, алдынан тұра келіп орын бергеніңіздің мәнісі қалай? – дегенде: – Байтек есік ашып кіргеннен екі иінінде ауыз ашқан екі жолбарыс бірге келді, менде ақыл-ес қалмады ғой, – депті Жүніс қожа.
Байтек батыр мұнан соң, “Бақтиярлап” ұран сап Көтерді туын Төленің.
Дабыл түйіп айғайлап, Төндірді жауға көп елін. – Арың үшін ұрысыңдар, Дүние үшін демегін.
Ұшы тисе біреуге,
Түйресін оның найзаның. Жауды аяған жаралы,
Ерлерім, бос қалмағын!
Ұрыс болды деседі, Қос диірмен шенінде. Тұр ескі оба бұл күнде,
Тықсырып барып төніп тұр, Хан Байтек тудың түбінде. Боз Топшақты ілгергі,
Жекеге шығып ойнайды. Қысталаң тұрып арықта, Жекеге шыққан қазақты
Түсіріп аттан қоймайды.
Біреу емес талайды, Түйреп, шаншып жайғайды. Шығуға адам бата алмай,
Байтектің сабы байланды. Сөйледі Байтек ашынып: – Көз алдыңда көрінген Мынау Тәшкен қаласы.
Қашып барып құтылар,
Шымкенттің қыры, даласы.
Біреуің аман қалмассың, Айғастап бір қарашы.
Қамал бұзып қолдайтын, Туылмаған екен де,
Сіргелі, Жаныс баласы! – Байтек ұстайын деп еді, Тебіренді көп елі.
Он жасар бір бала, Алдына келіп қол жайып: – Бата бер, көке, – деп еді.
Аңғармайтын ілгері Өлтірсек кек алайын Өліп кетсем бірімін, Өлгендермен мен де енді. Ұрпағын Жүніс өлтірген, Елібайға немере
Бекберді атым, – дер еді. Шыдай алмай кекті боп, Сол жағдайменен кеп еді.
– Абыройлы болып қайтқын! – деп,
Рұқсат айтып жіберді. Тарлан атын тебініп, Найзасы аумай қолынан, Топтай ұшып емініп, Зырқырады сонымен, Жұлдызы туып оңынан.
Тасалап көзі таймастан, Көкіректің ашық төрінен Теңгедей-ақ жерінен, Туралап кеп ұрады.
Боз топшақ ат секіргенде, Аттан ұшып құлады.
Боз арғымақ астында, Босқа ойнап шығады. Бір семсері бар еді,
Бүктегенде бір уыс,
Жазғанында пәлен кез. Арасына желдік пен ердің, Білдірмей жанға тығады.
Бардам кісі болған соң,
Тұрсынбайға ой түсіп, Өлеңінде Наурызбай, Айтуы солай мынаны. Екі жақ та ат қойып, Араласты екі қол.
Будақтанып тозаң боп, Күңіреніп кетті аспан-жер: Шауып-шаншып түсіріп, Өлікке толды енді ор.
Кезігіссе аянбай,
Іні менен арасы.
Алтын жаға сауыттар, Күйреліп тозды жағасы. Атысып тапты Жүністі, Сонда Байтек шамасы. Жүніс қожа алдымен, Тәшкенге кіріп адасты. Қалың қолы артынан,
Шұбалып қашып жөнелді. Қашқындар босып келеді,
Қуып, шаншып түсіріп, Байтектің халқы ерледі. Бұрын Жүніс сайланып, Қамданған қамал көп еді. Кезіккенін қиратып, Талқан етіп келеді.
Бір жерлерге жеткенде, Зынданға салған көп еді Босатып бәрін жіберді. Олжа – жесір үлесі,
Қарық болды және де
Бала менен шағаға.
Кірейін деп қол салып, Дарбазаны ториды.
Байтекке келді шапқыншы ат, Сол екі орта арада.
Өрдегі Дулат халқында,
Болдырып сойқан және де Ұрысқа ұрыс ұласып, Шеріне ел айналды,
Таудан Садыр аттанып, Ойда қазақ қалмады.
Босып, қашып үріккеннен, Сырға жақын ел барды.
Садыр, Досқол бір жылда, Жеті шапты еліңді.
Шапқан сайын өлтіріп, Жарамды әрбір еріңді.
Босатты шалқар көліңді. Шоқан батыр Байтана
Ер еді ол да сенімді.
Сауран – Созақ қыстағын, Сегізбарақ жылқысын, Топырағын желге суырды. Түгел алып сый қылды.
Жау сияғы жаман боп, Жыға-жыға жаншады. Бүгін кетсек құтылып, Ертең күші асады.
Жарамдыны жайратты,
Өрдегі Дулат түбінде.
Асқара би мүлік, қызымен Ол да кетті шабында.
Жетім-жесір болған ел, Екі көзі жолында.
Ылай болса аяғың,
Шаң болса қас-қабағың, Есік кеме көл болса, Ұстап тұрған қолыңда. Жұрт үшін жақсы туылар,
Жаман туар сорына.
Ендігісін өзің біл,
Бір қайратты сіз деуші ек, Төледен кейін соңында, Қара әруақ ескі орнында.
Біреулер сөзінде Асқара бидің қызын Байтектің атастырған әйелі еді дейді. Сегізбарақ өлген соң, сүйегін көп кісілер артып келе жатып, енді елге хабар айтайық дегенде, Кіші Тайлақ деген баллары: “Мен өзім-ақ осы жерден хабар берейін”, – деп қолына сыбызғысын алып:
Ойран төбе ойылды, Сегізбарақ қойылды Сегізбарақ әкекем, –
деп тартқан сыбызғының даусын Сыр бойындағы үркіп бара жатқан қызы естіп: – Бір сойқан болды, шөгер түйені, үйді тік, киізді сал, – деп даярланып отырған екен деуші еді. Көп қариялар және мақалда біреуді біреу қыздырса, “Шоқан батыр алпыс бірінде батыр болып шыққан екен, сен әлі жассың ғой”, – деп үлгі айтушы еді.
Хабар тиді осындай,
Сол күйде Байтек батырға.
Не қыларын біле алмай, Мең-зең болып отыр да. Жиып алып ойласып, Алыс пенен жақынға.
Төле бидің қабірі, Қала ішінде, қамалда. Барып Құран оқуға,
Зарығып түнде жадына алып, Былай зарлап өтінді:
– Машраптан себеп боп,
Жылжыған төрге бесігің.
Әзіз аға сен едің, Өлеріңде дайындап, Айтқан Байтек мен едім. Даңқыма ылайық болмаса, Тірліктің қайттім керегін. Ұрысқа ұрыс ұласып, Шайылып тұр жүрегім.
Садыр шықты қыр жақтан, Жүніс шықты Сыр жақтан.
Патшалық, хандық мақсат жоқ, Төле болса шын әзіз,
Бір абырой тіледім. Серік әруақ, серік бақ, Әруақ егіз, Құдай тақ. Төледен қалған әруақ, Күйзелді атың жабырқап,
“Төлелеп” ұран көтердім, Енді амалын өзің тап.
Үш жүзден озған мұқамы,
Зарланып таңға жақын көз мызғыды, Өлтірер ерді намыс деген тағы.
Түсінде осылайша аян берді, Жар болып әзіз Төле ағалары. Төле би сәлемдесті қасына кеп:
“Іс түсіп күйзелдің-ау басыңа!” – деп, – Бекерге осыншалық жасыма, – деп, – “Төлелеп” ұран салып Садырға бар,
Шырағым, абыройлы боп келерсің, Дұшпанға өлім, сүйінші досыңа, – деп. –
Бұл жосын өлімнен де құр қалмаған, Жақында қосыларсың қасыма кеп.
Сол күнен бастап Жанысқа “Төле” ұран болды. Бұрынғы ұраны “Жанту” дәуірлерде кімнің абырой-даңқы болса, соны ұранға қосатын уақ.
Бұл істен тұрды Байтек хабарласып, Бұрылды Садыр жаққа Жүніс қалып. Қиналып ат кекілін тағы созды, ЬІршып Бақтиярлап ұран салып.
Дүниеге бір сарынды сап кетейін, Күнім жоқ келетұғын қайта айналып.
Қайтарды шапқыншыны сақ болсын деп, Арыста пәлен күні жолығалық.
Ұлы жүз ат шаптырды елдеріне, Әр жұрттың үздік-үздік ерлеріне. Суғарып ауыздықпен арғымағын, Келеді көз ілеспей жүргеніне.
Қайсыбірін айтайын, Бұл сапарда ұлы жүз, Түгелінен қосылды. Мезгілді жерде тосылды. Қалған еді Садырдан Уайым да басылып.
“Төлелеген” сарынды, Естіген соң ұлы жүз
Байтек-ау деп болжады. Жүректері ашылып, Амандасып көрісіп,
Ел адамы қосылып,
Қырғызбенен көптен ел едік, Кететін болдық өршігіп.
Ойланды жауға шараны, Тоғысқан жері бәрінің,
Арыстың еді аралы.
Садыр қамау деп айтар, Әлі де сондай хабары. Байтек айтты Садырға:
– Балдан тәтті болушы ек, Қатар жатып сенімен.
Аға болып жайландың, Алатаудың төрінен.
Мен жайландым шөлінен. Айланып жауға жатыр ем,
Жауласып Тәшкен елімен.
Жеті шаптың елімді, Өлтірдің сансыз бегімді. Не жамандық көріп ең, Менің бұл Сыр елімнен? Сызықтан неге өтесің, Оза шауып шенімнен?
Келесің бе бітімге,
Шын белгілі жау болып, Енді ойнайын сенімен.
Садыр айтты істерін:
– Қайтамын деп уайым жоқ, Ерлікпен әуел іс қылдым.
Ықпалым тайса, мені де, Аямассың ешбірің.
Жеңсек олжа талаппен, Армансыз ерлер күш қылғын. Қазақтан сені сұраушы ем, Ажалың ба, азап па?
Өзіңді парлап тос қылдың.
Ел емеспін, жауыңмын, Найза ұшында көрейік. Пайдасы жоқ ғауырдың, Ұрысуға ұсындым.
Енді дұрыс болмады,
Ду-ду боп дабыл түйіліп, Екі жар болып торлады. Топышақтан ат сайлап, Ерден ерді таңдады.
Аударылып ат шауып,
Қарағай ұстап қандады.
Майданда Садыр ойнады, Көрініп жаулық бетінде.
– Біріңді аман қоймаймын, Кетемін, – деді, – сартыма.
Оңай емес шығуға, Қарсы жаудың бетіне. Асқар таудай біреуді, Аударып тастап кетуге. Тәуекелдік бір іс қой,
Алла қойса дұрыс қой. Таласқандар кезекке, Ерлерге ауыр жұмыс қой. Ешкім беттеп келмеді, Тайдырған Садыр көп елді. Елінде Ботпай Жанқойлық, Сәмен деген ер еді.
Атының басын ірікпей:
– Көп үшін қидым жанымды,
Әзіз Төле інісі, бата бергін, – дейді енді.
Ұлы жүз түгел есітіп, Абыройлы боп келгін деп, Шулап бата береді. “Сәмен! Сәмен”, – деді де, Ат ойнатып жөнеді.
Қарсыласа бастады, Көзі тайып саспады. Пайманасы толған соң, Төгіледі тасығаны.
Абыройлы болып Сәмен ер,
Көкіректен шаныштады.
Бағы тайған басынан,
Садырды шаншып тастады. Туы құлап қырғыздар, Көңлі өсіп айқайлап,
Қазақтар қуа бастады. Қарық болды олжаға. Абырой тауып бір түрлі, Бөлінсе бөрі жейді деп, Әуелінде ұлы жүз,
Алалықпен алдырды.
Ынтымақ болып қосылып, Жайлады Досқұл, Садырды.
Қарттар айтуында “Жаудың түбі ел болады, жардың түбі көшу болады” дегендей, қырғыз-қазақ жарасып, кеткен олжа-жесірлерін, өзінің әйелдерін бітім болып тарту-таралғысымен алған дейді.
Ынтымақ болып ұлы жүз, Бұл жобаменен тарқады. Мынандай бір сөз айтады: Пәлен күні Байтекті,
Хан көтеріп алуды.
Болжалды күнге жете алмай, Төсек тартып ауырды.
Сол күйінде түзелмей, Дүниеден көшті ақыры. Қожамжар Байтек деуші еді, Қариялардың нақылы.
Сол кісімен бірге қойдырды, Байтек батыр ойлады,
Өр жарында Сайрамның, Састөбе деген жер еді.
Ғабділ ғазиз баба Сайрамда, Ақметтің айтуы.
Бір жағдаймен араз боп, Әулиеата ауды шаһарына Малбикенің нәсілі.
Байтек тұрған Тәшкенде, Сарттан алған қатыны.
Баллары соның тұқымы, Құс саламын деп көл буған Қазығұрттың Әйтегі.
Бұл жерде Байтек айтылды, Сөзі қалды біздерге,
Арт жағында нақылы.
Қазақта “Төле” озды ұрандағы, Үлкен бақ Қожамжарда бұрандады. Байтектің, әттең, өмірі қысқалығы, Жүзеге асыл еңбек шыға алмады.
Жаныстан Байтек өліп сәні кетті, Нөсердей, түс көргендей болып өтті. Байтектей Жаныс ұлы туған емес, Шаладай отқа өртенген жанып өтті. Бақ деген, мысалы, бір ай менен күн,
Ілуде бір адамның қолы жетті.
Болмаса бір қатары жұрт қатары, Төле би өлерінде мұны атады.
Қалыңы мұнан кейін жесір қалып, Бекайдар шамалы уақ боп атанды. Байтек өліп кеткен соң,
Қырғыз-қазақ жауласып,
Бірнеше жылдар жүрді енді. Қуып қашып шыдаған,
Дерегі бар әркімнің.
Ұнатсам бір жердегі Жанқараш, Жантай деуші еді. Қырғыздағы ерлерді.
Атағы шыққан қазақта, Сол шамада бұл еді.
Үш жолбарыс атанған, Ақ айдар бел, асқар тау Өтебайдан Ергелі.
Ақбан батыр Шәкірден, Атақты Шымкент елдегі.
Жанып шыққан Сиқымбай, Есіркеп пенен Серкелі Ботпайда Сәмен әуелгі.
Шудан әрі өрдегі. Сыпатай, Андас дегендер Бір жүйріктер жердегі.
Батырлық жөні бір басқа, Бектік жөні бір басқа.
Сөйлейін біраз білгенді. Ұлы жүз тегіс қосылып,
Тағы тарқап таралды. Садыр тауып жазасын, Жүніске ықпал қарады. Ынсап етпей Тәшкенге, Қоқанға күрес ашқаны. Жеңіле берді ұрыста, Әрекеті сонымен
Іс жүзіне аспады.
Тентек хан деп айтады, Халықтың бір дастаны.
Жүніс қожаның Қоқанмен жауласқан жері Шыршық деген жерде Әбдірәйімнің жазуы Жүніс қожа Қоқан хакімі Режеп Құсбегіден жеңіліп қайтты дейді. Ол 1825 жыл болса керек.
Жүністен осы арада әңгіме көп,
Дәулеті өркендеді біраз жыл боп.
Білмеймін қайсысынан қырылғанын, Қоқан мен Бұхар хандары көп.
Күнінде сегіз жасар көлге аунап, Ойлаймын соны Рүстем нәсілі деп.
Қызынан Қожамжардың туғаны үшін, Көркейткен Дербісәлі жиенім деп.
Мінгізіп көкірегіне төрелеген, Қожаға атақ болды төре деген.
Екі емшегі ортасына жетпейді екен, Қамшы сап сегіз өрме өрмелеген.
Досалының айтуы заты қожа төрем деген себебінен төре атанды лақапта. Әуелгі Рүстем нәсілі қырылғанда бір азамат дуалдан асырып бір ұрпақ қалсыншы деп лақтырғанда Дербісәлі естіп, жиенім деп асыраған деуші еді. Бірақ нәсілі кімнен қырылғанын біле алмады.
Әр сөздің сөз туады арасынан, Киелі Төле бидің баласынан. Абылай тірі күнде көрмедім деп, Көзінен жас тамшылап алас ұрған. Ойланып ата жұртын қалған еді, Олар да сәлем беріп ағасынан.
Бір дәуір бұл ортада күндер өтті, Көз көрген, жолдастасқан бәрі кетті.
Соғысып қалмақпен де, басқамен де, Бір жосын келе алмауы сондай бопты. Баяғы ата жұртын көксеп кетті.
Солардан кім бар, кім жоқ көрсем дағы, Ұлы жүз астанамның ескі ордасы
Төле атам нашар күнде тәрбие етті. Ордалы жер, уа, дариға, жесір бопты. Қоқанмен Көнөркенде соғысайын, Жүргізсем аймақтатып өкіметті.
Абылай осы қиял ойлап еді,
Әуелі Түркістанға қадам қойды.
Білмеймін орыс естір босқа алғанын, Бір сартты Әбдірахман басшы қойды. Рүстем жаңа талап бала еді,
Бір жүріп Абылаймен бірге болды. Ұрыстың бәрінде де көмектесіп,
Қасында өлгенінше бірге дейді, Самалы қайда барса оңғарылып,
Шымкентті Сайрамменен алған еді.
Төленің іздеп барды балаларына,
Ізетпен шықпады ешкім алдарына. Көңілі Абылайханның қалды суып,
Қатты аңсап ескі әруақ деп барғанында. Бұл жерді түгел алып Тәшкен кетті, Жүргізді ол жерге де үкіметті.
Тәшкенге Мырза Ақметті хакім сайлап, Ел билеп ұлық бол деп әділетті.
Төленің құран оқып бас жағына, Өткен күн еске түсті жас шағында. Күйзеліп, аһ дүние-ай, опаң жоқ деп,
Жылаған тас балқыды жастарына.
– Бір күнде үш жүзге аға Төле би ең, Балам деп еркелеткен жас шағымда. Қалыпсың енді келсем топырақ болып, Мені де өстіп дүние тастайды да.
Абылай қатпар қалың ойға қалды, Аздап айтып өтейін Бекайдарды Алдынан қызмет етіп қарсы шығып, Күтеді ізетпенен Абылайды.
Елібай ажал жетіп жасында өлді,
Бұқарда Қобыхан ағаш қалған жері.
Түгел Жаныс Шымкентке ауғанында,
Басшысыз бәрі бірдей қалған еді түсінеді. Орыны қара әруақ бос қалмасын деп,
Бір көтерді би сайлап көшпелі елді. Би атанды Бекайдар,
Елібайға немере. Қойсоймастың баласы, Сұрады аз күн Жанысты. Байтектен кейін жобасы,
Себебіменен Барбайдың, Көшіп келді шамасы.
Алдарқан, Көбек бітімге, Туғаны болған Алатау, Сонан үлгі санасы.
Қоқан келіп алған соң, Сеңгібай, Шойбек шыққан соң, Билігінен адасты.
Сол дәуірлерде Шымкент, Сайрам үстіне Жаныс орнығып, иелене бастаған соң, Сайрам су өзені Жаңғақты деген салаға (аққан) суды желеу етіп сайрамдықтар айтыса бастайды. Осы күнде арасы күншілік жер Бостанның ұлы Нарбай сасайын деген соң, Тәшкен жақтан Бекайдар биді ертіп келіп,
ойласып, Алатау үстінен Шыршыққа аунап жатқан көп судың бірін буып, отырысты болып қалған жағдайынан Тоған бұрған соның белгісі. Екінші атам Сырмырза деген: “Бір жекжатым менен ажырап бітім болғанда, арқанның бір жағын жекжатым ұстады, бір жағын мен ұстадым. Күміс сапты кездікпенен Бекайдар би ортасынан шарт кесті, қайтып дау-жанжалымыз қозғалмайтұғын болды”, – деуші еді.
Сол сапар Абылай хан көп жерді алған, Ар жағы Ұратөбе Самарқаннан.
Жеңіліп бәрінде де сесі қайтты, Қоқанның ханы еді Нар Ботақан.
Түс көрді хан Абылай бір күн жатып, Оянды қатты шошып, қайғы тартып. Бір қырғыз кәрі Тұрсын түсін жориды, Хандығың үзілер деп сенен қайтып.
Ақыры Шымкент келіп дүние салған, Көк тасын ала келіп Самарқаннан.
Қан қорған Қара бұлақ айналасы Өлген жер Абылайдан үлгі қалған.
Ат қойып орта жүздер бауырым деп, Жаяулап Түркістанға алып барған.
Әбдірайым жазуында Абылай ханның өлген жылы һижрат (1193) І781-жылы деп айтады.
Самарқанға жеткенше, Абылай хан түгел ап еді. Қоқандықтар жеңілген Нарбота деген хан еді.
Абылай өліп кеткен соң, Қайта басып үдеді.
Баласы оның Әлімхан, Нарбота ханның ұлы еді.
Шымкентке қарап бет алды, Тәшкенді жеңіп бұл енді.
Қарсы келген жау болса, Кіре алмастан Сайрамға, Айғастатып жөнелді.
Үш ай жатып қамады. Ашықтырды қалада Бала менен шараны.
Қарсы тұрды Қоқанға, Рүстем төре баяғы.
Қоқанның құрал-сайманы, Үстіне қардай борады.
Сонда да жүзі таймады, Қылыш шауып найзалап, Енді Рүстем ойнады.
Сансыз қолды қашырып, Құры белден асырып,
Сесін жаман қайтарды, Қоқандықты састырып. Жалғыздық түсті басына,
Ойланды былай ашынып. – Ұлы жүздің біреуі,
Жәрдеміне келмеді, Таға жұрты елдері.
Жетім қалған күнінде, Тәрбие берген себептен Бұларға енді бермеді.
Озайын деді аулаққа, Туысқан болар елімді. Алматыдан ары өтіп,
Сол жосыннан өрледі. Сол жақта бар дерегі,
Қырғын салып жүргені.
Жас өмірі өткен сол шақта, Білінеді бірақ ақиқат.
Қартайып әбден қалғанда, Шымкентке келіп өлгені. Шутөбе деген жерде өлді Елтай соның ұрпағы,
Еркесі бізбен бірге еді.
Рүстем ұзап кеткен соң, Мынандай Қоқан тарихы. Әлімханның тұсында, Қайта басты халықты.
Өрлей басып жосыды. Он екі жың қосыны, Сұраған жері бірталай, Жұртына жұрт қосылды, Алматы мен Ақмешіт.
Тәшкеннің бұрынғы хакімі Мәмбет қожа Бұхарға қашып кетті. Тәшкенге Дуанбекті хакім сайлады. Оны қазақ халқы Беклер бек деп атады.
Беклер бегі Рабат,
Әр жерде күзет белгі бар. Әскер мен күзет тосылды. Алтын бесік деп едім,
Хандарының бабасын Екі жар болып кезекпен Сұрауы солай жобасын.
Қырғыз-қыпшақ бір бөлек, Алалық тағы рәсім.
Қара шапан деуші еді, Осылардың лақабы.
Сарттар болып бір бөлек, Екі жар болып жатады.
Батырбасы Датқа бек Сол дәуірдің атағы.
Ұлы жүздің бәріне, Түгел датқа атанды
Бөлек-бөлек датқа боп, Хираж төлеп жатады.
Бір қилы Әбдірайым секілді Біліктілер жазуында Тәшкен, Шымкент айналасындағы ұлы жүздің Қоқан хандығына қараған жылын мынау деп көрсетеді. Һижрат (1225) 1825-жыл деп жазады. Қоқан хандарының бір жаман жері тоғыз тарту сый берсе ғана датқа болып тұрады.
Бір жаман жері Қоқанның, Шығарды тарту-параны.
Тоғыздап тарту сый берсе, Үлкен болып келеді.
Ту бергені датқа боп, Жалауы белгі деп еді. Сыйлығы барынша тұр, Құралдан да неше жыл. Қайсыбірін айтайын, Жұмыстары көп еді.
Білгенімді аздап сөйлейін, Сайланған датқа әуелгі.
Қанай мен Қоныс Сырда еді, Аманкелді Сіргелі Есенкелді Тамадан.
Байзақ, Жампейіз Шымырдан Ырысбек Сиқым елдегі.
Сыпатай, Андас өрдегі Нашарлады Бекайдар, Түгел Жаныс еліне Сеңгібай, Шойбек атанды Әлібектің ұрпағы.
Бәйбіше менен тоқалы
Шымырбай, Қоныс датқа деп,
Датқалық амал көбейіп, Кейінірек тағы тарқалды.
Жемеген деп бір пұл параны, Шойбекті қарттар мақтайды,
Деседі соңғы әулие Төледен де. Моласы әлі күнге бұзылмай тұр, Бас біткен ер зарығып түнегенде, Әкесі Дербісәлі момын болған,
Сынатсам, рас дейді білгендерге.
Тыныбектен Абыл, онан Қабан, онан Сеңгібай, онан Биназар, онан Бүркітбай, Қожамжардан Дербісәлі, онан Шорабек, онан Шыналы туған.
Алысып Момбекпенен Шыналы өтті, Белқожа Қуандықта Қабас бопты.
Момбектің дәуірінде өріс алып, Датқалық онан кейін болмай кетті.
Қариялар айтуында, Шорабек бір пұл хираждан қалса-ақ орамалға түйдіріп қойып келер жылғы хиражға қосып төлеуші еді дейді. Шорабектің өлген жылы Әшірбектің айтуынша, 1855 жылы болса керек.
Солардың бәрін жеңіп орыс алды, Сайлады онан кейін болыстарды.
Бақ талас, күндеушілік әбден болған, Ел шауып талан-тараж ұрыспағы.
Қоқанның дәуір сүрген уағында, Былай деп білінеді дабыстары.
Заманында Әлімхан Қарасты халық болғаны. Біліктілер айтады,
Бағынбаған жұрт болса, Шауып алып қайтады. Зеңбірек, мылтық, айбалта, Қылыш, найза, қытайша,
Дегендер болды құралы.
Сауыт соғып ұсталар, Қалқан да істеп шығарды. Бір жағы жүрсе ел болып, Үркіншілік бір жағы.
Озбырлары үзіп жеп, Нашарлары жылады. Бетке соғып, мазақтап, Қара деген шығарды. Дарға тартып өлтіріп,
Ауыр болса жазалы.
Ұра қазып зындан деп, Біреулерді салады.
Арзымайтын нәрсеге,
Жазым болды бірнеше ер. Айдағаны аударып, Қарайтын деген жер.
Жүз қойдан бір қой шығарып. Хираж, зекет салығы
Оннан бір астық төлейді, Ауырсынып біреулер.
Неше қашып жөнейді, Зекетшіге сайлады,
Байтөре деген біреуді. Қара қырықтан сайланды, Мың-миллион болса да.
Бір қараса сыр салып, Артық-кемін қоймайды. Асқынған соң ойланды. Қыздан зекет алам деп,
Сол жосында Қоңыраттар,
Мырзабиді өлтіріп, Үркіп қашты Сырдағы. Ажырауға себеп боп, Пұлға сатты үкімін.
Үлкен қырсық сол болды, Көз жасы жетім-жесірдің.
Сол күнде екі жар боп өр Дулаты, Жауығып бір-бірімен бақты зарпы. Алты ауыз ауызбірлік айта алмастан, Осындай болған дейді жағдаяты.
Бір болып Сиқым, Жаныс енші үлескен, Жобада Ботпай, Шымыр бірге дескен.
Байзақ Шымырдағы Батырбекпен Әp жерде жұртын жиып төбелескен. Қариялар жобасы,
Суға кеткен жалданып. Біреулердің баласы, Кенесары, Наурызбай, Ұлы жүзге келгенде, Қоқаннан табы алынған
Байзақтың шамасы.
Ұрысты бастап келуге, Сырда шыққан алдынан,
Әбдірахман бажасы. Алматыда соғысқан, Ұрпағынан Сәменнің Тойшыбек батыр сарасы. Сұраншы және Сарыбай Россияны бастады.
Қоқан уәде қыла алмай,
Қырылды қанша жастары.
Хабарланып алдынан, Ниязәлі, Фансат соғысты. Әулиеата хакімі,
Түркістанды билеген. Мырза Дулат дейтұғын, Ұлығы еді батымды.
Кене ханның баласы, Садық төре сол күнде, Бек еді дейді Созаққа.
Айтолы деген ата ұлы Екі жақтап келді ұрыс.
Ойровкин, генерал Черняев Әбдірайымның айтуы,
Шымкентке келіп тоғысқан. Түркістан, Әулиеатадан Қариялар нақылы
Садықты өте ер дейді. Қауіп етіп өлімнен, Үстіне сауыт кимейді.
Қардай борап оқ жауса, Біреуі тағы тимейді.
Күндіз-түні ұрыста, Шаршауыңды да білмейді. Біреуге тисе найзасы,
Он адамды түйрейді. Қылыш сермеп, топ бұзып, Оңды-солға сермейді.
Барған сайын ерлейді, Қолына тиген қарсы жау,
Қабырғасы күйрейді.
Тісін қойып тісіне,
Бір ауыз сөйлеп күлмейді. Ат жүгіртіп, ұрыс қып, Ертелі-кеш далаға,
Кіргізбейді қалаға.
Қырып шауып бұларды, Қолындағы семсері.
Бар болғанда құралы Өрістеді ұлғайып,
Неше күнге айналды. Шаппа салып орыстар, Аудармаққа қаланы.
Қала ішінде отырып,
Мырза Дәулет, Садықпен Бұлар хабар табады.
Босатты енді қаланы,
Шымкентке дейді баралы, Көрейік сонда бір тосып. Құрбанқожа оққа ұшты,
Жеткен екен ажалы.
Шымкентке ерлер кеп еді, Кезікті Қоқан көп елі.
Бастықтары орыстың, Ойровкин генерал, Черняев тағы дер еді. Құдияр ханның орнына, Сұрап тұрған Әлімқұл. Заты қыпшақ дейді бұл. Әмір Әскер лақабы.
Біреулер хан деп айтады, Дүрмеп келді орыстар, Бұлар әбден байқады.
Екі жақ қарсы дос болды, Шәді төре сөзінде,
Төрт жүз дейді сол уақта, Орыстың қолы жосыны. Қоқанның қолы он мың деп, Дәріптеді осыны.
Өте қопал ұқсайды,
Болса да хандық киімі. Алтын төбе, Ақбұлақ, Қызылсеңгір өзені.
Орыста болған сөздері,
Сырнай-керней тарттырып, Қоқан қолын айдады.
Ұмтылсын деді барлары, Датқалап ханға шығады. Ұрысты бастап келді деп, Байзақтың баллары.
Әбдірахман ұлы деп Түсіндірді білгені.
Аузына сап зеңбірек,
Аттырып мұны жіберді. Мыңбай батыр дейтұғын,
Қоқанның бұл да қыпшағы. Қара кісі дейді көргендер, Шарадай деп бастары.
Ұрысқа барса тез барып, Қайтуда жай кеп саспайды.
Бір күні ұрысқа барарда, Әлімқұлға сөйледі.
– Ұмтылып келіп ілгері Қарайтұғын өзіңе Мендей батыр он еді, Менімен тең жоқ еді.
Солардан бір мен қалып ем, Өлтіріп күндеп сен енді Түгелінен солар болғанда, Көрсетер ме едік бұл жерді.
Мұсылман жесір қалады-ау Өз қолыммен жайғарып, Кетер едім сені енді.
Он бір майдан кірмекке, Бар еді бұрын аяным.
Он майданын атқардым, Бір-ақ майдан қалғаным. Бүгін, ертең дүниеден Мен де кешіп қалармын.
Осындай деп ер Мыңбай,
Садықтың келді алдына.
Құшақтасып көрісті. Кідірместен барды да.
Қандай күндер болды деп, Көзім тірі күнінде
Бір жолығып көрдім деп. Келгенше қайрат етелік, Аман жүрсек тірі боп.
Алматы менен Ақмешіт, Екі арасын алды жау.
Достарының жолы боп, Аман жүр енді ер Садық. Маған қауіп өлім деп.
Садық тура сөйледі:
– Осындай болды күніміз, Қазір есен тіріміз.
Алдынан мен тиейін.
Сіз артынан тиіңіз. Жүз көрісейік ұрыста,
Соғысып жүріп сіз бен біз.
Осындай күнінде озған ерлер еді, Әлімқұл жауға айдады оң мың қолды. Жақындап қашан келіп алғанынша, Орыстар жай отырып сыр бермеді.
Аянбай қатты қызып ұрыс болды, Бірталай екі жақтан адам өлді.
Қозыдай көгендегі бастар кетіп, Бояды қызыл қанға қара жерді.
Ер Садық Мыңбайменен жүрді бірге, Талмайды, шаршамайды ұзын күнге.
Оқ тиді ер Мыңбайға сол уақта, Аралап қатты қырып жүргенінде.
Қалаға қамалады Қоқан қашып, Күзетті дарбазаны жабылысып.
Деуші еді тышқан жылы сейсенбі күн, Қаланы Черняев келіп алды басып.
Шымкентті Россияның алған жылы 1859 жыл деседі.
Шымкентті орыс алған соң, Тәшкенге Садық бұл барды. Датқалар қашты Қоқанға Мият тұтып хандарды.
Момбектің орнына Қалыбайұлы жөнепті. Нұсқауымен Қондыбай, Айтуымен Сарыбай
Болыстыққа сайланды. Қысты қыстап орыстар, Жаз айында саратан
Тәшкенге қарап жол салды. Сұрап тұрған Тәшкенді,
Байтоқтың ұлы Ерқожық
Шанышқылы затынан.
Батыр басы дер еді, Екі қара зеңбірек Құралының болғаны.
Ұрыс боп жатса бірінде, Жаңа келіп Шыршықтан.
Өте алмай жүр Қоқанның Дейді аңқау хандары.
Әбдірасыл зекетші, Оққа ұшты бұл тағы.
Садық төре бас тартпай, Әр шаһарда ұрыс болса. Айтылады хабары.
Оған Бұқар бәрінен, Тыншыған соң ұрыстар
Жол тартқан дейді Қашқарға. Ойланып сонда барғалы, Жағдаятын білмедім.
Қайтып мұнда келудің, Қабатында Арыстың
Қараспан Шелек дейтұғын Жерде өткерді өмірін.
Әм бой ұсынбай залым патшаға, Өзінде сақтап өрлігін.
Көпшілік, айып етпеңіз, Білгенім осы, жақсылар, Көп сөйлеуден жерідім.
Жақсылар, тәмамдадым ер Төлені, Әруағы кім оқыса тербеледі.
Сіңгенін құлағыма хатқа жаздым,
Көп еді қариялардың білгендері.
Солар да бірден-бірге айтқан шығар, Сорлы көп әңгіме боп келген жөнді. Бәрін де өлеңдетіп айтып бердім, Тергенім есім кіріп қырық жылдай, Білмеймін бұдан және артық-кемін. Біреулер мақтайды деп ойланады-ау, Ұрпағы, інісінің жақыны едім.
Тараймын Елібайдан бері қарап,
Қазанғап мұны жазған атым менің.
Қазақтың нағыз үлкен баласымын, Болмаса сөзі бекер санасының.
Саналам Әлібекке жетінші боп, Шалдарын есептесем арасының. Үш жүздің баласында білген де көп, Біреулер суреттейді көргендей боп.
Көпшілікке табысымды көрсеткенім, Сіздер де қиялымды көрмес деп жек. Дәуірінде Кеңес үкіметі қызметім, Келемін сөз табуға міндетті боп.
Жақсы сөз құлақ құршы жұртқа жақса, Сөкпес деп сұранамын өкініш деп.
Сауқатым, тіл қызметім қарындасқа, Нәрседен білім-өнер өлең басқа.
Бейнетім жасымнан көп сіңген еді, Бірі Есім хан, біреуі осы нұсқа.
Мың жылдық асыл сөздер деп ойлаймын, Кезіктім кең дәуірге осы тұста.
Таудай сөзге тарыдай түйін деген,
Доғарттым енді аяғын айтып қысқа.