Ақбас атан

Жақсы ат пен арқалы атан бас сүйегі, Елімнің аялауы емес тегін. Ат-жалы, атан-қомы, ержігітпен Үшеуі арқалаған өмір жүгін. Салтымыз бабалардан қалған әдет, Биікке шығарамыз күні бүгін. (Жағабай қарттың өлеңінен). І Қырық алтыншы жылдың күзінде, Азаттық күрес кезінде, Құбылып тұрған қоңыр кеш Әлі күнге есімде. Ауылдан к...

Қазақша
Ақбас атан
Жақсы ат пен арқалы атан бас сүйегі, Елімнің аялауы емес тегін. Ат-жалы, атан-қомы, ержігітпен Үшеуі арқалаған өмір жүгін. Салтымыз бабалардан қалған әдет, Биікке шығарамыз күні бүгін. (Жағабай қарттың өлеңінен). І Қырық алтыншы жылдың күзінде, Азаттық күрес кезінде, Құбылып тұрған қоңыр кеш Әлі күнге есімде. Ауылдан кеш шыққанбыз, Мөлшері кеші бесінде. Аң қуып, сейіл құрмақпыз Құбақан құба белдерде. Әңгіме-дүкен құрмақпыз, Ақсақалды Жағаекең Көпті көрген көне еді. Әңгіме айтса, керемет, – Тамызып майын береді: – Ерлікті халық ұмытпас, Елмен тірі ер аты. Алтынға бірақ тат жұқпас, Асылдың артық қуаты. Қазаққа біткен бәйтерек, Болыпты батыр Қабанбай, Досына жұмсақ жібектей, Қасына барыс, қабандай. Шоқтығы биік Қабекең Көкжалдың арлан өзі екен. Қуаты, күші қайтпаған, Жетпіске шыққан кезі екен. Ел шетіне жау тисе, Қиқу сала аттанған. Жауды жеңбе егессе, Ыстық тағам татпаған. Жорықта баптап мінері Қубас аты – жүйрігі. Керме жалды, апай төс, Жылқының сәйгүлігі. Жорықта қосын артатын, Сары-ала туын байлайтын, Ақбас атан аруана, Шабысқа айлық талмайтын. Күш атасын танымас, Тоқсан пұт жүк көтерген Ондай алып табылмас Бұл күндері жер-көктен. Алты қанат ақ үйден Бойы биік болыпты. Басы шаңқан ақ қардай, Шудасы қара, жүні көк, Табаны қара қазандай, Азу тісі қарыстай, Жануардың зоры екен. Ақбас атан, Қубас ат – Батырдың жол серігі. Алатау, Алтай арасын, Қобының шөл даласын Желіп жүріп шарлаған. Елге мәлім ерлігі Алыптар талай өткен ғой. Айналып аты аңызға, Бізге де солай жеткен ғой. Ауыздан тарап ауызға, – Деді де Жағаң тоқтады, Нұсқады биік жартасты: – Көріңдер алып белгісін, Ана бір тұрған зор басты... Аттарды байлап ойпатқа, Өрмелей бердік жартасқа. Алыптың басын шынында Анықтап көрсек болмас па ... Он құлаш арқан бойындай Көтерілдік өрмелеп. Оқтау үйдің орнындай Бар екен қуыс дөңгелек. Ернеуде үшеу отырмыз, Ортада қарт Жағабай. – Қол тигізе көрмеңдер, Үгітерміз байқамай, – Деп Жағаң оны сипады. Жөргектегі баладай Өткен тарих белгісін, Әлпештеді, аялай. Көз қуысы шарадай, Кеңсірігі апандай, Милығы кең қазандай, Бас сүйектің бір өзі Кішігірім атандай. Осы екен малдың алыбы, Жылжып өткен заман-ай... Даланың көкжал батыры Жорықтас досын сыйлапты. Шығарыпты биікке, Ит пен құсқа қимапты: –Киелі бас қой бұл ақбас, –Жыл сайын келіп ием бас. Байлайық ақтық, балалар, Киелі тас – бұл жартас. Әдейі қойған бұл жерге, Ұрпақтарым көрсін деп, Байлады Жағаң шүберек, “Бізден де құрмет болсын” деп. Аттанып, желе жөнелдік, Бетті түзеп батысқа. Жағаң үнсіз келеді, Көз жіберіп алысқа. ІІ – Айтыңыз, Жаға Ақбастың Қашан, қалай өлгенін. Ажалы жетіп өлген соң, Үңгірге қалай келгенін, – Қоныштан алып шақшасын, Айтуға Ақбас аңызын, Тежеді Жағаң ат басын. – Алдымызда Алакөл, Ар жағы үлкен Сары тау. Қабекеңнің тұрағы – Баурайы шалғын бақша-бау. Бұлдыр да бұлдыр күн өткен, Бұлдырап талай жыл өткен. Баяғы бейбіт заманда, Бұл тұстан жібек жолы өткен. Жетпіске жеткен жасында, Құндыз бөркі басында, Ел іші тыныш шағында, Қосшысы бар қасында, Шығысқа қарай Қабекең Серуен құрып, жол шеккен. Ақбасты алып жетекке, Қубасты баптап мініпті, Ел жағдайын білмекке Жайымен алты ай жүріпті. Қобының шөлін аралап, Боғданың кезіп баурайын, Асықпай жүріп абайлай, Байқапты ел мен жер жайын. Саят құрып аралап, Айналып Жоңғар өлкесін. Қайтыпты батыр аяңдап, Жетелеп ақбас еркесін. Маңында қостар көп болды, Әр ру елдің батыры. Қошемет етіп ел жүрді, Тігіліп қатар шатыры. Қонақ боп батыр жаз бойы, Разы боп Жоңғар еліне. Жолай келіп түнейді, Ебінұрдың көліне. ІІІ Сарғайып қоңыр күз болды, Қабекең қайтар кез болды. Жырғалаң халқы жиылып, Достық пен бірлік сөз болды. – Көңілден артық сыйлық жоқ, Ризамын, халқым, пейіліңді, – Деп Қабекең қош айтты Жырғалаңның еліне. Ақбасты ұстап жаратып, Қомын салды беліне. Алып келіп шөгерді, Қызылтұздың көліне. Қажетінше тұз жинап, Ақбасына артыпты. Майлының жота-жонына, Төтелей жол тартыпты. Түн қата жүріп, таң ата, Қоңыробаға жетіпті. Тынығуға сол маңда, Қабекең бел шешіпті. Бурыл тартқан бетеге Самал желмен билейді. Тау бөктері қалың ел, Он екі абақ керей-ді. Төрт түлік мал саз беті. Толықсып тұр келбеті. Түгін тартсаң май екен, Жасыл кілем қазоты. Қабекеңді көрген соң, Ақбоз үйлер тігілді. Сары қымыз сапырды, Ту бие, бағлан сойылды. Кең жазықта көсіліп, Тұлпарлар түсті жарысқа. Білектерін түсіріп, Жігіттер шықты сайысқа. Шіреніп садақ тартысты, Белдесіп күш сынасты. Батырдан бата алуға Бар өнерін салысты. Түнде айтылып ән мен жыр, Күндіз думан жалғасты. Үш күн, үш түн осындай Қызыққа қызық ұласты. Төртінші күн болғанда Қабекең ерте аттанды. Жолдастары қасында, Жетекке алып аттанды. Желе жортып барады, Қошаметшіл қалың топ Осындай да бір оқыс, Болар деген ойда жоқ. Асты тартпа бұл жердің, Былқылдаған беті шөп. Салмақты атан кенеттен Бір тартпаға келді дөп. «Бақ» еткен дауыс маңайды, Селт еткізід сол бір сәт. Оқыранып бұрылды, Топ алдындағы Қубас ат. Қабекең жетіп келгенде, Ақбастың көзі мөлтілдеп, Жұлқынып жатты жануар, Айдары ғана желпілдеп. Тартпадан оны шығару, Түсер ме екен оңайға. Амалын табу керек-ті, Ақыл керек мұндайда. Арқанды қиып сапымен, Лақтырды қапты маңайға. Кереге төсеп саздаққа, Қабекең мінді қайратқа. Сақал шашы тік тұрып, Жейдесін тесті түктері. Ырғап-ырғап көтерді, Тізесін де бүкпеді. Қайратына батырдың Қайран қалды көрген жан. Үш ұмтылды зор Ақбас, Тұра алмады орнынан. Омыртқасы үзілген, Алыптан ұшпақ шыбын жан. Бауыздады Қабекең, Сапысын алып жанынан. Қырық ошақ қаздырды, Қырық қазан ет асқан. Етін елге таратып, Ризалық алмақ Ақбастан. Жырғалаң мен Құлыстайдан Барлық, Жайыр, Майлыдан, Естіген ел жиылды, Жақыннан да қиырдан. Кәрі демей, жас демей, Бала демей, бас демей. Бәріне ет асытты, Мынау дос, мынау қас демей. Ел үшін туған Қабекең Батыр, палуан, ер екен. Ел достығын ойлаған Етек, жеңі кең екен. Ақбастың басын өңгеріп, Шығарған үңгір жартасқа, Ұрпағына бұл деген, Өнеге-үлгі болмас па! * * * Алыптың басы бұл күнде Тұр ма екен әлі үңгірде? Сақтаулы бірақ есімде Жағаң айтқан әңгіме. Өзіммен бірге кетпесін, Не болмайды өмірде. Толғадым жыр кестесін, Ұрпақтар білсін дедім де.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.