Қазақша
Жидебай батыр
Жидебай батыр – орта жүз, арғын. Хан Абылайдың тұсында шыққан. Мейрамның Қарқабат дейтін қатынынан туады. Болатқожадан Түйте туған. Ақшадан Бошан туған. Түйтеден Тымырсық пен Сары туған. Мұнан Танас пен Майқы туған. Танас төрт болыс ел. Майқы екі болыс ел. Тұрағы – Қарғалы. Майқыдан Әлтеке, Сарым туған. Әлтекенің Дос деген баласынан Жидебай туады. Хан Абылай заманында шығады. Жидебай Абылай тұсында
Һәм би, билік айтып, Һәм жұртына бас болады. Сарыарқаға қазақ, қалмақ, жоңғар, торғауыт таласқанда, еңбегін сіңірген ердің бірі болады.
Бақсылардың бақсысы әруақ шақырып, батырларды сынағанда айтатын ерлері мыналар болатын:
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Бәсентиін Бәрібай,
Шақшақұлы Жәнібек, Бәрің, Алла, қолдай көр, Қызыл түлкі Жидебай Осылар сенің қол басың, Билік құрған жолдасың,
Төреден шыққан Абылай, – дейтін.
Осы Жидебай батырдың шешесі түрікпен қызы екен, жасында өліп, жетім қалған екен. Екінші шешесі Ажар деген күн көрсетпей, кемдік көрсеткенде, балалар: – Шешең сені күте ме? – деп сұрағанда:
– Шешем күтеді,
Өз баласына көбік береді,
«Жалай берсін» деп. Маған тезек береді,
«Отқа қалай берсін деп» деп.
Және де: – Шешең саған өгейлік қылғанда, әкең Қожаназар болыспай ма?- деп сұрағанда, мынаны айтады екен:
– Атадан қалған мақал бар, Жыннан жаман долы бар, Неше тарау жолы бар.
Жылауық мылжың кейбірі, Кездескеннің соры бар.
Сөйлемесе, құрты қозады, Үндемесе тозады, Саңқылдақ кәзап ұры бар.
«Қой» деп айтса құтырып, Үйден үйге қыдырып, Мазасыз көкбет пері бар.
Бейшара көніп, бетпақ жеңіп, Лажсыз тұрған бірі бар.
Маза бермес ауылға Жаумен бірдей қылады.
Бірге туған бауырға
Қиқу кетпес көршіңнен, Сауысқанша шоқиды.
Маза бермей сауырға, Өгейді көрсе өрлейді, Пәле жауып, сермейді. Ар-ұятпен араз боп, Салған сайын сермейді. Алты ұлына мас болып, Көрінгенмен қас болып,
Әкеме ерік бермейді, – дейді екен.
Қанша көтерсе де, өгейлік артып, 15 жасқа жеткен соң, қашып, Абылайдың қолы аттанып кеткен екен. Әкесінің көк бесті атына мініп, соның артынан қашып жөнелді.
Біраз жүрген соң көзіне бірнеше нәрсе елестеп, мұңы-зары ойына түсіп, басынан кешкен уақиғасы, өгейлік көріп, көрген кемшілігін ойына алып, Һәм қалмақ, қазақ, қырғыз, торғауыт, жоңғардың шабысып, қазақ: «Сарыарқаға орнаймын», ер жігіт: – Көк ала тудың астында сайран етіп, әйелдің алма бет артуын сүйеміз, – деп, – шеру тартқан жортуылшы батырлармен бірге жүріп, ханның оң тізесінен орын алып, билік сүрсем, – деп, зар айтып жылап жөнелді.
Әлемге жалғыз өзің нұрың шаштың, Қаны тамған қабыл әйла көзде жастың. Қазақтың хан-қарасы аттанған қол, Пендені үміт етіп, қадам бастың.
Болғанда талап бізден, бермек сенен, Жасымда жетімдікте кемдік көрген, Баласы мұңлы көңіл мен Алаштың.
Қараңғы түнде жым-жырт боп, Кеттің неге салбырап.
Желсіз тынық, дел-сал боп, Мұнарлы күндей маужырап. Жерге жайған көрпесін, Көші өзіңде еркесі,
Бір тозбайсың, қалжырап. Бозғыл тартып қабартып, Алтын табақ секілді
Күн шығады жарқырап.
Таңғы салқын қоңыр жел, Қара жартас, сары өзек,
Көгілдір тартқан қоңыр бел. Шөлейіт тартқан шабыра,
Сусыз сенде жоқ қой ел. Уақ тастақ, баялыш, Шөлейіт жөнің бәрі алыс. Қол сілтеген секілді.
Сағым өзің келсең, кел. Мылқау, меңіреу қара түн Қабағың түйіп оңып,
Бермейсің жауап ешкімге оң.
Жұмысыңның бәрі – ұрлық Толып жатқан сенде көп Ұры да саған пайдалас,
Бөрі ту боп жайланар. Бәріне жеткен сенің лажың. Жасырын жұмыс сырымен, Ойнас, ұрлық қырымен Достан досты айырдың, Қиянатшыл күпірмен.
Бұ да сенен пайдаланар
Қараңғы сенен пері-жын. Сыбдыраған ағашың, Қара бұжыр тау-тасың. Көрсетпейсің арасын, Өткел бермей, үгіттің, Аққан судың саласын Қанша жүрсем, жеткізбей, Алыс қылдың Бетпақтың
Жайылып жатқан даласын. Суық түспен қарысып,
Қабағыңды жабасың. Жасырын істің бәріне Ақылшы боп иемденіп,
Орындап сыйын табасың. Мен де кірдім бауырыңа. Шолпан, сені міңгіздім Оң жақтағы жауырыныма.
Анамның құнын сұраймын Қалың жатқан қалмақтан, Жаман жолға баулыма.
Ақтабан боп шұбырдық, Алқакөлді өрледік. Сарыарқаны сағынып, Атты-жаяу шұбырдық. Кәпір шапты болдыртып, Табан тиіп терледік.
«Шүршіт, қалмақ қырғынын
Құдай бізге бер» дедік. Ата қоныс Сарыарқа
Мехнатпен соны жерледік.
Құрбан қылып талайды, Көздің жасын көлдедік.
Шүберекке түйіп шыбынды, Жауға қолды сермедік.
Алатаудан асырып,
Ертісті өрлей қашырып, Дұшпанға белді бермедік. Іле менен Қорыстан Сарыарқаны жондатып, Шалқын деген қоныстан
Салған сайын өрледік. Белді шешпей буынып, Жеңсіз берен киініп, Еженге қолды сермедік. Қызын алдық қыдыртып,
Жылқысын алдық шұбыртып, Дұшпанға теңдік бермедік.
Сол жобаны тұтынып, Батырлар жауға тұтынып, Молайтпаққа өрісті,
Дұшпанның басын емдедік.
Осы қолдың ішінде Батырлар бар өңшең ер, Ұлтанды би үлгілі,
Ақылы бар кемеңгер. Садақшылар бір бөлек
Толып жатқан кемеңгер. Мен де іздеп келемін, Өлі-тірі әруақ,
Қолдап мені, жебеңдер.
Қазақтың ханы Абылай, Батыры бар Бөгенбай, Баян менен Байғозы, Жәнібек пен Қабанбай, Қараменде, Жарылғап, Іздеп жүрмін мен сені, Лағып жүрмін таба алмай.
Көк бестінің жалы жоқ, Жалсыз аттың әлі жоқ,
Қолға жетпей қалам ба-ай?!
Іштен ыза қуады, Сырттан қайрат қозады, Қайтамын ба, апырым-ау,
Қамалға қарсы шаба алмай!
–деп, бірнеше күн жол жүріп, аз ғана емес, мол жүріп, қалың дүлейдің ішіне кіріп, жұлындай жерден шыққан түтінге келді. Бір қараша үй екен. Ішінен бір сәлделі қарт адам шықты. Жидебай сәлем берді. Сәлемін алып: – Әй, Жидем, келдің бе? Сары даланы күңіренткен даусыңды естіп, тосып отырмын, түс, – деді. Жидебай түсіп, кірді. Қазанға су құйып, ет асты.
–Балам, үш жылғы ту жайынның еті еді. Же, – деді. Тәтті, ләззаты дүниеде артық екен. Мен жөнін сұрауға қорықтым. – Балам, қолың жай. Бата берейін, – деді. Мен не сұрауымды білмей: – Қолға барсам екен, – дедім. Сонда қарт айтты:
– Қолыңды жай, Жиде балам,берем бата, Сөз айтып, тілегенің атын ата.
Кемшілік бастан кешкен бүгін кетіп, Қаяулы жүрегіңе
Көңілің қолға ауып кеткен екен, Сұрамай, балам, тілек, қылдың қате.
Түлкісін Қосақ мерген бердім саған, Көрмессің кемшілікті, бітпей шақа. Батырлар қамал бұзған бұрын сенен, Күндес боп жұмысыңа әркім қапа. Көрерсің өміріңде талай қызық,
Қызықты өмірменен жүзге тақа.
Жылаған көз жасыңа хабардар боп, Даруға мен бір келген балықшы ата, –
деп, қоя берді. Жидебайдың алдынан екі түлкі жүре берді. Артынан еріп, бірнеше күннен кейін Абылайдың қолын тапты. Алатаудың ішінде жоңғардың қолын аңдып, бірін-бірі алыса алмай жатыр екен.
Жолдың шетіне келіп, бұ да түсті. Қолдың мұнымен жұмысы жоқ екен. Баланың келгенімен ісі жоқ, жоңғардың Сезен деген батыры қазақты бір кезеңнен асырмайды.
Жиде бала ойқастай жүріп, аңлушыға барды. Әдіс ойлап, көйлегін ту қылып, боз аттың бір жағын қарайтып, бір тарауын жерден шыр айналып ойға түсірді.
Айналғанда, ақ жағын көрген кісі: – Ту ұстаған боз атпен келді, – деді. Қара жағын көргенде: – Қазанмен келді, – деді. Бес жүз боз атты тушылар бара берсе, мыңнан кісі болса, ойлайды: «Мұның қолына он мың кісі қосылды». Тал түсте қараушы хабар беріп, жоңғар жұрты бүлінді.
Абылайлап, жау қаштылап, Жиде бала соңына түсті. Одан хабарланып, Абылай қолы шауып, Жидебай батыр көк бестімен жауға жетіп, түре түсіргенде, жоңғардың батыры Сезен кезігіпті.
Жидебайдың алдынан қарсыласты дейді.
Сезен айтты: – Кімсің, жас ұл? Екенсің, жаным, шикі. Қайт, – дейді.
Сонда Жиде батыр айтты:
– Сен – шүршіттің Сезені,
Таласымыз – Алатаудың кезеңі.
Сен қазақты үш шаптың, Сонда да қазақта қалды Сарыарқаның өзені.
Сен – шүршіттің жолбарысы, кәрісі, Мен – қазақтың жас арыстан, бөрісі, Көрсетем саған тізені.
Сонда Сезен айтты:
– Сен – қазақтың жас баласы, Таласымыз – Алатаудың саласы. Алатауда нең бар еді,
Жетпеді ме, сірә, Арқаның даласы,
Мен – шүршіттің шын арыстан панасы. Қашқан жауға қатын – ер.
«Бөрісімін» деп сөйлейді Қазақтың биттей баласы. Көк сүңгімен түйрейін, Бері таман жанашы, Қаныңды ұрттап ішейін.
Бері таман жанашы, – дегенде, Жидебай батыр тап бергенде, Көк сүңгіні сермегенде,
Айбалтамен қатты қағып, сындырып, Сезен батырды өлтіріп,
Сол сапар бәйге алатын сапары.
Енді қашқан жау қашып, түсіргенін түсіріп, ханға келіп: – Қандайлық олжа түсті. Мұны кім қашырды? Сезенді кім өлтірді, – деген сөз қарастырылып, әр батыр: – Мен қашырдым. Мен түсірдім, – деген дау туып, Жиде бала: – Мен қашырдым, – деп, бастан айтып, ханға кепті, таласыпты. Сонда Бөгенбай, Қабанбай, Абылай үшеуіне Жиде былай депті:
– Ханның көркі – қараша Аттанып келдік жоңғарға Үш Алаштың баласы.
Сыймай жатқан көп шүршіт Алатаудың саласы.
Көйлегімді ту қылдым, Шүршіт қорқып, шу қылдым.
Достың жетім баласы, Мақтау берсең, маған бер, Қазақтың қорған данасы. Әдіспенен қашырдым, Алатаудан асырдым.
Қашқан жауға қатын – ер, Пайдасын көрдің тәсілдің. Басын кестім қолыммен Сезен сынды асылдың.
Садақшы мен найзагер,
Айбатты батыр кемеңгер, Бәйгесіне таласпа
Біз секілді жас ұлдың. Қара бас туды хан беріп, Жауды жүрдік меңгеріп. Пайдакүнем болмаңыз,
Еңбегін жеп асылдың, – деді.
Сонда Бөгенбай мынаны айтты хан мен халыққа:
– Не деп талас қыласың, Абыройлы балаға?
Қара бас туды хан бермес
Өтірік даукес жалаға. Ханнан сыйды алғандар, Жас еңбегін талғаңдар, Өтірікпен қанама. Жортуыл басы болады, Жорықта жолы болады. Оң тізеңді беріңіз
Осы Жиде балаға.
Билік құрып, жөн берер, Халықты билеп меңгерер. Хан, қараша, батырлар, Алайық сыйлап араға.
Еңбек қылған осы жас,
223 Кетпесін ісің далаға,
- деп, хан қолбасы қойып, торғауыт Нарын құмынан ауып, Уса, Сереңдерді жеңіп Жидебай ақылымен әр жорықта бәйге алған екен.