Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Ұста темір соғады балғасымен, Бақша сұлу көрінер алмасымен. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, мал-басымен?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұста темір соғады көрігімен, Бақша сұлу көрінер өрігімен. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман-есен жүрсің бе серігіңмен?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қай мойнақ, мына мойнақ, түйе мойнақ, Бітеді түйелі елге бота-тайлақ. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман ба көрші-қолаң, ауыл-аймақ?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құнанкерім, тайкерім, дөненкерім, Ою салып жасайды аттың ерін. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман-есен жүрмісің, бұраң белім?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келемін жоғарыдан желе шаба, Жарасқан көйлегіңе жібек жаға. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, бала-шаға?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тоғайдан кесіп алған тал сойылым, Тебіскен құлын-тайдай қалды ойыным. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүрмісің аман-есен, қаз мойыным?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалаулы халық ішінде қарындасым, Әр ісің алға басып арындасын. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, малы-басың?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінген атым астымда құла жорға, Тоқтатамын тізгінін тартып зорға. Өнеріңе ел-жұртты қаратпасаң, Ауылыма келем деп әуре болма.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көл жағалай отырған біздің ауыл, Жайлау Алтай, қыстауы болған Сауыр. Келер болсаң, біз жаққа тезірек кел, Қарсы алады қаумалап аға, бауыр.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сарыала қаз ұшады салмақпенен, Қолым ауыр тартады бармақпенен. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, мал-баспенен?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қаршыға алып қолыңа сылай жүргін, Сағынсаң да, қалқатай, шыдай жүргін. «Әріптестің ауылы аман ба?» деп, Келген-кеткен кісіден сұрай жүргін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мал да аманат Тәңірге, жан да аманат, Құсты аспанға ұшырған екі қанат. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман-есен жүрсің бе, сау-саламат.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің торыкерім, Аман ба қаз, үйрекке толы көлің? Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, қалың елің?

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген ақсар ма екен, Баласын атып алсам қақсар ма екен. Қусыра қос қалқаны жеңіп тұрмын, Өздері біліп тоғыз тастар ма екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тоғызыңды аларсың айдалада, Тақия тігіп берейін жайға қара. Жақсы атаның жөн білер ұрпағысың, Тақылдама тар жерде, байқа, бала.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Саспа деймін, әріптес, аспа деймін, Айтысудан жалтарып қашпа деймін. Қашар болсаң жеңіліп тоғыз бермей, Ендігәрі тойға аяқ баспа деймін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өз құнын жоғалтпайды алтын теңге, Халықтың ұшырмайық салтын желге. Жеңілсек тоғыз беру сөзсіз болсын, Бұл қойған алдын ала шартым, жеңге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім торы дөненім, Түйме, моншақ жиғалы келмегенмін. Тоғыздың да болады жол-жосығы, Ат жетектеп, қой берсең өңгеремін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келеді таудың тасы құламалы, Жеңгеннің жөн ғой тоғыз сұрағаны. Азырқанбай ала сал ұсынғанын, Болса іні-қарындасың қуанады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тізіліп құс ұшады тырна деген, Дүкенді жайсыз жерге құрма дер ем. Түсімде киелі ақын аян беріп, Орныңнан жеңбей әсте тұрма деген.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 10 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды