... Албан Хангелді батыр бастаған қазақ сарбаздарының қалмақтармен шабуылы кезінде Сатайдың ерлігі жайлы айтылыпты: «Былтырғы мамыр айында қалмақтармен қатты шайқастық қой, жау жағы көп, көптің күші де жеткілікті. Бізді тықсырып-ақ келеді. Бір кезде есік пен төрдей қызыл аты бар адам «Бақтияр! Бақтияр!» деп қалың нөпір...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Боранбай батырдың бір ересен ерлігі Доланқара тауының етегінде өткен қырғын соғыста көрінеді. Жекпе-жекте жаудың бас батырын мерт қылып, қара құрымдай қаптай лап қойғалы тұрған жоңғар әскерінің бетін қайтарып, өзі бастаған жасаққа жол ашады. Жау шегініп тым-тырақай қашады. Боранбай батыр өзіне сеніп тапсырған туды бері...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Сеңкібайдың жас шағында Мойнақ би атасының қолында шәкірт боп жүрген кезі екен. Бірде алыстан Алтай жағы мен Қаракесектің екі адамы Мойнақ биге даумен келіпті. Әңгіме әліптеріне қарағанда, Алтай жағының адамының ісінде шикілік бар екенін Сеңкібай бірден аңғарып қалады. Жаңағы кісілерді билік тыңдауға кіргізер алдында о...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қашқан торғауыттарды қудалау «Тылдағы жорық» деген атпен белгілі. Бұл жорықта халық сансыз көп болды, басқа батырлардың наразылығына қарамастан, хан тұрған орнынан қозғалмай, батыр Баянды күтті. Ақыры ол бес жүз қырық жасағымен келді де, ханның алдына тұрды: – Қайда? Не бұйырасың? Барлығын орындаймын. Хан халыққа бұрыл...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан Қасым (Абылайдың қалмақ қызы әйелінен туған) деген баласын орнына хан сайлаймын деп Орта жүздің беделді билері мен батырларын ордасына жинайды. Сол жиынға Қанжығалы Айтбай батыр, Қаракерей Алдабек, Тәттімбек батырлар үш күн кешігіп келіпті. Сонда шалқасынан менменсіп жатқан Қасым Айтбай мен Алдабек батырға қ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ғ.Батталов
Орта жүз қырғыздары (қазақтары) қара қырғыздарды шабады. Қырғыздар мұны біліп қойып, соғысқа дайын отырады. Қайсақтар (қазақтар) қашады, жау оларды Ілеге дейін қуып келеді. Қазақтар өзенді жалдап өтеді. Қырғыз Теміржан батыр шайқастың қызығына беріліп, аз әскерімен Іленің арғы бетіндегі қырғыз жеріне өтіп кетеді. Сонда...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Бірде қалмақтар бір үңгірге бекініп алыпты. Үңгірдің аузында сол уақытта атақты қорама қара қаруымен (қалмақтар онымен Ертіс асырып сайғақ атқан) мерген отырып алыпты. Бірнеше батырдың өлімінен кейін ешкімнің баруға дәті бармайды. Осы сәтте Сіргелі Елшібек батыр құлагер атымен қалмаққа қарай жорғалап жөнеледі. Арттағыл...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қарашық шаһарында Жүсіпәлі, Зорасыбан деген ағайынды екі адам Түркістан маңайында болды дейді. Зорасыбаннан Абылайдың шешесі туады. Жүсіпәліден Ораз туады. Абылай еліне «хан сайламадың» деп өкпелеп астына көк тұлпар ат мініп, елінен қашып шығып кетеді. Артынан баратын адам болмай жалғыз кеткен соң, Абылайдың шешесі төр...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Байғозы бабамызға Жарылғап батыр жиен екен. Байғозы бабамыздың бір әйелі Жарылғаптың нағашы апасы болса керек. Байғозы жауға тигенде, үндемей тұтқиылдан килігеді екен. Жарылғап аюша ақырып, айдардан от шашырап, жыланның құйрығындай жауға үрей сап, құбыжық болып көрінеді екен. Сүңгіше қадалған көзінен жанып және жаудың...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды қызы Манқан Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған сапарынан мінезіне қанық, батырды жақсы білетін Қазыбек би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан Жалаңтөстен Бәйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл көтереді. Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, Отанын қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. Ол бөтен адамнан сескеніп қалады. – Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын, – дейді оны сез...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Нұрбай атан түйедей ірі кісі болыпты. Денесіне сай күші де керемет болған көрінеді. Батыр атану үшін, дененің үлкендігі мен күштің молдығы, әрине, аздық етеді. Ең бастысы, ерлік жасайтындай жүректі болу – шарт. Өмір деректеріне қарағанда, Нұрбай бабамыз ол жағынан да айтулы екен. Ол ата-бабалар өнегесімен жастайынан ер...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жолбарыс, шошқа және басқа жыртқыш аңдар жаңа қонған ауылдың мал-жанына шаба беріпті. Қалың жұрт жолбарыстарды Үшарал жерінен Шу бойына қуып тастау үшін қамысты өртеуге кіріседі. Бір күні Алтаңатар ауылының Берден деген батыр жігіті қамыс ішінде ұйықтап жатқан жолбарысқа тап боп қалады. Қашып құтыла алмайтынына көзі же...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.Құлпейісов
Итеке батыр бала кезінің өзінде-ақ ат құлағына ойнап, құралайды көзге атқан мерген болыпты, күреспен аты шығыпты. Көздері танадай от шашып тұрады екен. Осыдан ба қаймығып, бетіне жан қарай алмайтын көрінеді. Итекенің аулы көбінесе құм ішіндегі сексеуіл арасын, жаз Хан тауының бөктерін, кей жылдары Балқаш жағалауын қыст...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.Құлпейісов
Түгел батыр қатысқан бір соғыста жоңғарлардың быт-шыты шығып, жаудың мал-мүлкі олжаланып, адамдары тұтқынға түседі. Мол олжаның ішінде қалмақтың атақты бір бегінің бойжеткен сұлу қызы да бар екен. Ондай текті сұлуды батыр өзгеге қия қойсын ба? Әрі бай, беделді, әрі асқан батырға неше әйел алса да айып па? Тұтқындағы қы...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1998
Өңір: Қазақстан
«Ұлы жүз Үйсін Саркөзге бағынады, Саркөз қатынға бағынады». Осынау мақалдың шығуына мына оқиға себепкер болған. Құба қалмақ заманы бір соғыста Ұлы жүздің Саркөз батыры қалмақтың қамалын бұзып, ерекше ерлік көрсетеді. Майдан аяқталып, әр елден жиналған батырлар жер-жеріне тарқай бастайды. Саркөздің қайратына риза болған...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1969
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Алтынбаев
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қоластында болған екен. Қоқан әкімдерінің бұйрығы бойынша сол жердің тұрғындары күн сайын салық ретінде бір қыз және бір түйе жоңышқа мен астық әкеліп әкімдерге тапсырып отырған. Бұл кезек Түлкібай үйіне де жеткен. Түлкібай – Алаша руының ел намысын қорғайтын батыры болға...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1990
Өңір: Қазақстан
Хантауындағы бекінген Үсен-Серен деген қалмақ қонтайшысының шапқыншылары Арқадағы қазақ ауылдарының адамдарын байлап, малдарын айдап әкетіп, маза бермейді. Сонсоң Байғозы батыр мен Керей Жарылғап батыр Көкшетаудағы Абылайға барып, жағдайды айтыпты. – Хантауында қалмақтың күшті қарулы әскері жатыр. Оған тиісу үлкен соғы...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ресейден қашқан торғауыттарды қуалаған қырғыздар (қазақтар) ашық далада дамылдап, қазанға сүрленген жылқы етін асып, торсыққа құрт езіп, күні бойына нәр болатындай етіп таңғы астарын ішіп отырады. Бір шатырда Абылай, келесіде өзінің тәкаппарлығымен танымал арғын Шақшақ Жәнібек батыр отырады. Батыр насыбай атып отырғанд...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Тарақты-Байқозы ірі атақты кісі болған адам. Бір жылы жұт болып, жылқысы ығып, Ертістің мұзына барып бір-ақ тоқтапты. Байқозы жылқымен бірге Ертіске түседі. Жылқысын тоғайдан қайырып, күн ашылған соң, еліне қарай айдайды. Кешке жақын қонуға бір бәсентиіннің үйіне сәлем беріп, кіріп келсе, төрдің алдында бір ақсақал оты...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: О.Иманбаев