Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

746 Жалпы жазба
97,590 Бірегей сөзформа (толық индекс)
11356 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 746 жазба көрсетілуде

Қаз

Бір қаз үйінде жүзіп жүріп, өзіне-өзі айтты. Қалай мен ғажап құспын. «Жерге жүремін, суға жүземін, ауамен ұшамын» мендей құс барма екен? Бұл күңкілді әтеш естіп, оған айтты: – Бекер сен мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың, әр істің басын шалып білгенше, бір істі терең б...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1912 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: С.Көбеев ATU СУС255

Қаз бен түлкі

Бір түлкі жайылып жүрген қаздардың қасына жермен жер болып ұрланып келіп, шеткі біреуін бас салып ұстап алады. Басқа қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі. Ұсталған қазды түлкі алып соғып, алдыңғы екі аяғымен екі қанатынан басып тұрып, ыржыңдап күледі. Күледі де былай дейді: – Әй, Қазеке, егер сенің қолыңа мен түсіп қалсам, қа...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1960 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Әбу Уахитов ATU 6

Көк кептер балапаны

Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде біреуі-біреуіне айтыпты: – Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, – дейді. Сонда біреуі (інісі): – Қой аға, тамашаны, сауықты қоялық, әркімнің үйренген жері жақсы, е...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 232

Кептер мен қарға

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жылпылдап, жоғары жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп,...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Тышқан мен мысық

Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты. Мысық білгірсініп: «Құмырадағы майды қыста жейік», – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып: – Ты...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 15

Тышқандар

Қамбаға бас сұқса-ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да, кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырған...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU СУС113Е

Тышқан мен жылан

Бір тышқан тамақ аулай кетіп ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесіп айтыпты: – Сен ол інді тастап өзге ін қазып ал, жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес. Оғ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Есек пен саршұнақ

Бір күні саршұнақ бақшаға кіреді де, өсіп тұрған көкөністің әптер-тәптерін шығарып бүлдіреді. Бақшашы ұстап алыпты да, сілейте сабапты. Сарышұнақ есінен танып қалыпты. Бақшашы оны өлдіге санап, қоршаудың сыртына лақтырып тастапты. Есеңгіреп жатқан сарышұнақ аздан кейін есін жинайды да, сүйретіліп барып, шалғынның арасы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU АТ91 ATU ТМК540

Есек пен өгіз сырлары

Ілгері заманда бір адамның бір өгіз, бір есегі болыпты. Есек әман рақатта, сарайда шөп жеп, суын ішіп тұра береді. Өгіз әман ауыр жұмыстарда болып михнатпен күн кешіреді екен. Яғни – жер жырту, егін суару, тағы басқалар. Бір күндері өгіз есекке мұң-мұқтажын айтып шағады «Арыдым, шаршадым, бар ауыр жұмыс менің мойнымда»...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ғ.Елеусізов ATU СУС207А

Батыл есек

Есек жүк тасудан қашып, әбден жалығады. Бір күні ол өзімен жолдас болып жүрген түйеге келіп: – Әй, түйе, мен жүк тасудан әбден жалықтым, жон терімнің тамтығы қалмады! Жүр, екеуміз бірлесіп қожамыздан қашайық та, ойымызға келгенін істеп, өз еркімізбен өмір сүрейік, – депті. Түйе үндеңкіремей, ойланыңқырап барып жауап қа...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1960 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Әбу Уахитов ATU 207А ATU 56А ATU 78 ATU АТ103С

Кезқұйрық пен бақа

Нөсер құйып, өзен тасиды. Бір бақа өзеннен малтап жағаға шығып, шөп басындағы су моншақтарын шашырата шоршып, ән салып жырғап жүреді. Әуе кеңістігінде жер бетін шарлай ұшып бір аш кезқұйрық шүйілген бойы оны іліп алып, әуе кеңістігіне шарықтай жөнеледі. Бақа төмен жаққа көз салады, жер бетіндегі үйлер мен ағаштар көз ұ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 227

Қарға мен бүркіт

Бір күні ақымақ қарға жар басында қонып отырса, бір бүркіт келіп, сайда жайылып жатқан қойдың ішінен бір қозыны іліп алып тасқа шығып жеп отырыпты. Мұны көрген қарға «Мен де бүркіт сияқты біреуін іліп алып, жемеймін бе? – деп ойлапты да мен алсам қозыны алып не қылам, үлкен қошқарды алмаймын ба», – деп бар күшін жинап,...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1990 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Бадан Мұқаметкәрімұлы

Қарғаның достығы

Бұрынғы заманда бір кедей адам болыпты. Бұл адам тұзақ құрып, құс ұстап саят қылып жан бағады екен. Бір күні бір жіпке жем шашып, тұзақ құрып қойған екен. Мұны кептер көріп патшасына айтады. Соны барып жеп келсек қайтеді деп. Сонда патшасы: «Адам баласы амал-қайласы бар қу болады. Тұзақ деген нәрсе құрып қойып, алдап ұ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 155 ATU 233 ATU 241.2.5. ATU 242

Қарға мен лашын

Бір қарға көп жемтік өлексені жиып таусылғысыз етіп, таудай қылып үйіпті. Бір қыран лашын-бидайық соны көріп: «Мынауменен жақын болсам, өмірімде қарным ашып, өзегім тала ма», – деп, сол қарғаға тимей, үйді-үй қонып жақындасып жүріпті. Манағы бидайық көрінгеннің желкесін қиып тастай береді екен. Сүйтіп жүре-жүре қарға м...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1889 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: М.Ж.Көпеев

Қарғаның бөспелігі

Лашынның балапаны топшысы қатып, ұядан ұшқан соң-ақ жемін тауып жеуге шығыпты. Жолшыбай бір қарға оған қызылшы болып ерсе керек. Алғаш бауын үйректің балапанымен ашқан лашын олжасын қарғаға байлапты. Көктен тілегенін жерден тапқан қарға барлығын жапырып тастағандай екі иінінен дем алып, әлгі үйректің балапанын ұясына а...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1980 Өңір: Kazakhstan

Қарға мен баласы

Қарға баласына: «Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңдар, екі шоқып бір қараңдар», – деген. Сонда баласы: «Екі шоқып бір қарамай, бір шоқып екі қарағанда аштан өлеміз бе», – деген. Қарға: «Адам баласы ұратын тасын қойнына тығып жүреді», – деген, сонда баласы айтқан: – Тасты қойны мен қонышына салғанша, қолына ұстап...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Құзғын қарға

Бұрынғы өткен заманда бір қарға көшкен жұртқа ұшып келеді. Сол жұртта көлеңкеде жатып қалған тоқтыны көреді. Тоқтыға айтады: – Сенің көзіңді жеймін, – дейді. Тоқты: – Жарайды, менің көзімді жеу үшін алдымен аузыңды суға жуып кел. Өйткені сенің адалдығың шамалы, былғаныш едің. Сонан соң мен саған көзімді беремін, – депт...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: А. Жусабаев

Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер

Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен пайғамбар кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды. – Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын! – Сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмса...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1889 Өңір: Kazakhstan

Құмырсқа мен елік

Құмырсқа мен елік дос болыпты. Мұны білген басқа хайуандар: – Елік ақымақ қой, құмырсқа дос болып несімен жырғатады, – дейді екен. Бір күні су ішіп тұрса, құмырсқаны су ағызып келе жатқанын көреді. Елік жалма-жан шөпті аузына тістеп құмырсқаны құтқарып алыпты. Құмырсқа елік досының бұл жақсылығын қайтып ақтасам болар д...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Серпін Сымайылұлы ATU СУС239

Хан мен құмырсқалар

Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмәр адам санайды екен. Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе біздің аттарымыз таптап өлтір...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan
Алдыңғы 28 / 38 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды