Тізімге оралу

Ғылым жаңалықтары

“Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпус технологиялары, жасанды интеллект және тілдік мұраны сақтау» атты халықаралық ғылыми семинар ақпараты

Жарияланған күні: 28.09.2026

АҚПАРАТ ХАТ

Құрметті әріптестер! Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасы AP26103909 «Фольклорлық мәтіндер корпусы: қазақ тілін цифрландырудағы лингвистикалық және ІТ шешімдер» гранттық қаржыландырылатын жоба аясында (жетекшісі - проф. Қарлығаш Сарекенова) “Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпус технологиялары, жасанды интеллект және тілдік мұраны сақтау» атты халықаралық ғылыми семинар өтетінін хабарлайды. Семинар мерзімі: 2026 жылдың 15 қазаны

Өткізу форматы: оффлайн, онлайн Жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс тілдері, сондай-ақ материалдар қарақалпақ, түрік, татар, өзбек, қырғыз, башқұрт, азербайжан тілдерінде де қабылданады. Уақыты: сағат: 16:00 Өтетін орны: Астана қаласы Қажымұқан көшесі -11, аудитория: 203 (№5 ғимарат) Семинар жұмысының негізгі бағыттары: -Цифрландыру және цифрлық сақтау; -фольклорлық мәтіндер корпусын қалыптастыру; -корпустық мәтіндерді лингвистикалық аннотациялау; -корпус деректерін автоматты өңдеу; -жасанды интеллект және фольклор; -фольклорлық мұраны цифрлық зерттеу; -тілдік және мәдени бірліктерді цифрлық модельдеу; -фольклорлық білімді сақтау және білім графын құру; -цифрлық корпус негізінде тіл үйрету; -қазақ фольклорының цифрлық болашағы. Семинар материалдары электронды жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссияның семинарға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығы бар. Мақала 2026 жылдың 10 қазанына дейін электронды нұсқада қабылданады. Ғылыми семинар жинағына мақала жарияланғаннан кейін қатысушыларға электрондық нұсқасы жіберіледі. Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 12 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша аңдатпа беріледі. Аңдатпадан кейін тірек сөздер беріледі. Тақырып атауынан кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс мәліметі (E-mail)) келтіріледі. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түркі тілдері, ағылшын, орыс тілі. Мақалалар мына мекенжайда қабылданады: E:mail: aitova_nn@enu.kz; akhmetova_mk@enu.kz Астана қаласы, Қажымұқан, 11. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201). Жауапты қабылдаушылар: Нұрлыхан Аитова (+7 700 072 0410), Маржан Ахметова (+7 747 1162095) Ұйымдастыру комитеті