Search Interface

Explore oral narratives by collector, region, performer, and tale type.

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading.

570 Total records
48,701 Unique Word Forms
5991 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 570 records

Есек пен тұлпар

Есек пен жолдас бопты жүйрік тұлпар, Бір таудың саласына етті сапар. Жол екен бір жарым ай барар жері, Тағы да асуы бар отыз қатар. Есекке айтты тұлпар жолы қашық, Таулардың арасымен жүрсек асып. Жолына бір жарым ай, бір күн жүріп, Шығармыз тау басына жүрсек басып. Ойланды есек байқұс сонда тұрып, Тұлпарға жауап берді...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1920 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев

Зайыт пен мысық

Бұрынғы заманда бір кедей қарт диірменші болған. Бұл диірменшінің қатыны жоқ екен. Үш қызметкері бар екен. Көп заман өткен соң бұл қарт өзінің қызметкерлеріне айтты: – Мен сіздерді енді шығарамын, қартайдым. Қазір тыныш өз күнімді өзім көргім келеді. Солай болса да мен біріңді алып қаламын. Маған қайсыңыз жақсы ат келт...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ATU 545В

Балықшы шал

Баяғыда бip балықшы шал болыпты. Шалдың тетелес туған тоғыз перзенті бар екен. Кедейліктен ыңыршағы шыққан бұл балықшы шалға, он ceгiз мың затты әлем қазнасынан тигені бес құлаш балық аулайтын ау ғана болыпты. Соны суға салып, ілінген балықты әкеліп асып, немесе сатып нан алып балаларын асырайтын еді. Бip күндік азық т...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Kazakhstan ATU СУС735

Майлықарашаның ертегісі

Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр», – деді. Үшеуі а...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Kazakhstan ATU 519 ATU 650В

Адам болған жылан

Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байда он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күн...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Collector: Қ. Әбішев ATU 329 ATU 409А ATU 674К674

Қарақұсбай

Ертеде бір шаруа болыпты. Әкесі ұлының ғұмыр жасының ұзақ болуын тілегендік пе екен, оның атын Мыңжасар деп қойған екен. Әлгі шаруа Мыңжасар сол заманда жиі кездесетін қуғыншылықтың салдарынан бір күні жайлы қоныс іздеп шығады. Ол кезде «па» дегендей жайлы қоныс қарап келе жатқан жолында, бір сексеуіл түбінде өлім халі...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Kazakhstan Collector: С. Төлепов ATU 313А. ATU 313В.

Сазан мен шортан

Бар екен бір теңізде сазан балық, Сазанды көп шортандар ортаға алып. Бәріміз ұстап алып бұл сазанды, Қалайық дейді шортан тамақтанып. Ниетін сазан білді шортандардың, Ретін қиялдады құтылардың. Ал, сонда, қашты сазан су бетіне, Қасына барайын деп адамдардың. Бір уақта су бетіне шықты сазан, ...жатыр екен айтып азан. Те...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1920 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев

Сона мен инелік

Көп сона келе жатты сапар етіп, Артынан бір инелік келді жетіп. Тоқта деп бәрің бірдей айқай салды, Жемекке батырыңның көңілі кетіп. Соналар қатты қорқып жылады зар, Құтқарар бұл бәледен иә біреу бар. Біле алмай не қыларын тұрғанында, Бір түрлі болды сонда тамашалар. Кез болды сол мезгілде бір аш торғай, Жүр екен көпте...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1920 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев

Бұғы болған төрт өгіз

Болыпты бұрынғыда бір үлкен бай, Дүниеде мұқтажы жоқ көңілі жай. Бар екен бір өзін де бес жүз сиыр, Көп екен жылқы, түйе онан да сай. Бай екен бір талайдан мұның өзі, Жұтылып дүниеге жүрген көзі. Ішінде көп сиырдан түрі бөлек, Бар екен еркін өскен төрт өгізі. Төрт өгіз басын қосып кеңесіпті, Өздерін аспан, көкке теңесі...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1943 Region: Kazakhstan Collector: Жантөбетов Жақсыбай ATU ТМJ512

Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты. Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше де...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1999 Region: Kazakhstan Collector: Серпін Сымайылұлы

Әркімнің туған жері өзіне жәннат

Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеу...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 2002 Region: Kazakhstan Collector: Ісләм Нұрсолұлы

Екі бұғы

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты. —Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім,—депті бірі. —Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге,—депті екіншісі. Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қызық болыпты. Бұғының мүйізін біл...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1964 Region: Kazakhstan Collector: Н.Төреқұлов ATU 202

Қырғи мен бөктергі

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен—кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегіне әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді. Қырғи көп кешікпей 10 торға...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1964 Region: Kazakhstan Collector: Н.Төреқұлов

Шымшық пен көгершін

Құламерген айдалада, жапан түзде аң аулап, сейіл құрады екен. Оның баласы Жоямерген әкесінің таяғын ұстап жастай- ақ аңсақ болған екен. Ол түрлі құстарға тор, тұзақ құрып ұстап алады екен. Бір күні құрып қойған торына кішкене шымшық оралып қалыпты. Ол сорлы тордан шыға алмайды, оралып жата береді, бір мезгілде оның қас...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона—хан, бөгелек—уәзір, шіркей—жасауыл сайланыпты. Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қай...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Піл мен маймыл

Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып, дауласып қалыпты. —Менің бойым таудай. Күшім де көп,—деп мақтаныпты піл.—Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ!.. —Ал мен ептім...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Пілдің ісі тышқанға түсіпті

Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 2002 Region: Kazakhstan Collector: Әбділ Тәуекелұлы

Екі қаз, бір бақа

Ертегі заманда екі қаз су таба алмай жүріп, ыстық шілденің күнінде бір көлшікке келіп қонады. Ол көлшікті көптен бері мекен етіп жүрген бір бақа бар еді. Екі қазды қорқылдап жолатпай, көлшігін қызғанып, екі қазға су ішкізбеді. Екі қаз жалынды. Жалынса да бақа: —Бұл азғана көлшік құрып таусылады, сіздер ұшып кетесіздер,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1945 Region: Kazakhstan Collector: Ж.Жантөбетов

Ұлар мен Қарға

Бір таудың шағыл тасты бөктеріндегі арса-арса жартастың қуысын қара қарға мекендепті. Одан жоғары көгалды жерді ұлар жайлапты. Бұлар көрші болған соң, көпке дейін бір-біріне барыс-келіс жасап жүріпті. Екеуі ұзақ- ұзақ әңгімелеседі екен. Содан соң сөзден-сөз туындап, бір күні екеуі өз артықшылықтарын айтып, мақтана баст...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Қарға мен түлкі

Қалың орманда қақ жарып аққан өзеннің жағасында ауыл отырады екен. Ауылда бір аңқау кемпір бар. Ол күнде ірімшік қайнатып үйінің төбесіне жайып қояды, кешке аларда азайып қалады. Кемпір оны күн көзінен құрысқан ғой деп жүре береді. Шынында, бұл ірімшікті ұрлайтын орманға ұя салған ала қарға екен. Ол кемпірдің аңқаулығы...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә.Диваев ATU 57
Previous Page 16 of 29 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Corpus Articles

Articles on systematization and interpretation of folklore data.

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Project Overview

This corpus was created to preserve, study, and teach the oral heritage of Kazakh folklore in a digital environment.