Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4226 Жалпы жазба
174,568 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4081 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4226 жазба көрсетілуде

Әйтеке бидің мықтылығы

Пір сайлау жұмысына кіріскенде Төле би өзінің ғұламасы Мағзаманды, Қазыбек би Ер Сейтпембетті, Әйтеке Мүсәліні (кейінгі лақап аты – Сұпыәзі) өздерімен бірге мәжіліске ала келеді. Пір сайлау мәжілісіне бұлардан басқа молдалар мен ишандар, айбынды батырлар мен билер, сөз зергері шешендер қатысып отырған. Пір сайлауында а...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Тіленші туралы

Қаз дауысты Қазыбек Қоңтажының сыйға берген сол қызын өзінің ұлы Бекболатқа қосқан екен. Кейін оған бір ұл, бір қыз туады. Бәйбішеден тоғыз ұлы бар Бекболат би жаңағы ұл перзентінің атын – Тіленші деп қойғызған. Күндердің бірінде Орта жүз ханы Абылай көп нөкерімен Бекболат бидікіне келеді. Себебі қаз дауысты Қазыбек би...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Бөдене мен Жарылғап

Қалмақ ханы Қоңтажыға барып, теңдік алып қайтқаннан кейін Қазыбектің абыройы хан Бертістен артып кетеді. Қаракесек ішінде бұрын хан Бертістің алдына келетін ел енді Қазыбектің алдынан тарайтын болады. Сондықтан Бертіс Қазыбекпен өштесе бастайды. Бертіс Қоңтажының алдында айтқан Қазыбектің: – Уай! Ерден ердің несі артық...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б.Адамбаев

Қазыбектің үш атасы Бұлбұл

Бұлбұлдың екі қатыны болыпты. Үлкен бәйбішесі – Қаракемпір. Қаракемпірден бес бала. Екінші қатыны – Құбакемпір. Құбакемпірден бес бала, үлкені – Күшік, Алдияр, Шаншар, Үсен Құдайберлі, екеуінің балалары күндес болыпты. Қаракемпірдің балалары марқа туып, Құбакемпірдің балаларына күн көрсетпепті. Сонда Қаракемпір бәйбіше...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Қазыбектің бала дауын шешуі

Қазыбек бері ел биі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел Қазыбекке жүгінеді. Әйелдердің бірі: – Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «жоқ өз балам» деп бермейді, – дейді. Екінші әйел: – Б...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Әйелдің күрек тісі – көркі

Жантай деген бір бай малшымен төбелесіп, сол төбелесте бір күрек тісі сынады. Жалшы: – Сенен шығамын, – деп ақысын сұрайды. Бай: – Тісімді сыңдырдың, соның төлеуі үшін алдым, – деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбек келеді. Жантай тұрып: – Мынау менің жалшым еді. Өзіммен төбелесіп бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұ...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары

Осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп бұл жерді атамекендік қоныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, соңдай-ақ Қазыбекке ниеттес Кіші жүздің бір бөлегін Қоңтәжі тағы шаптырып алады. Қазыбекке шабылған елден хабаршы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады....

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары

Тарихта «құба қалмақ заманы» деп атанған шақта қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дәулерін бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен. Оның бірі – он төрт жастағы Қазыбек Телқоңыр дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі. Бұл билік жалпыға белгілі. Екінші билігінің тарихи мынадай: Қазыбек аты...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі (ІІ нұсқа)

Ұлы жүз үйсіннің бір адамы Төле биге келіп: – Мұндай ерді үш жүздің баласында ешкім мінген жоқ. Мен олар ерге сонша қызыққаныммен, ер иесінің байлығымен мырзалығы менен кем емес, дүние пұлға қызықпайды. Сұрағаныма бермейді. Сіздің тіршілігіңіз де осы ерді алып атқа бір ерттетіп мінсем деген ойым бар, биеке, – депті. Тө...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Торсықбайұлы

Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі (І нұсқа)

Со бір заманда ұлы жүзде дүйім ел бас қосқан бір байдың асы болыпты. Қазықұрт тауын мекендейтін үйсін Төле бидің басқаруымен екі ай бұрын сауын айтылған осы асқа Арқадағы арғындардың да небір игі жақсылары күндей күркіреп, артынып, тартынып, зор салтанатпен барған екен. Думан тойдан аты шауып, балуаны жығып, жамбысы ат...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ғ.Мұқатов

Қаз дауысты Қазыбек туралы

Атақты Мөңке бидің қартайған кезі екен. Жанында екі атқосшысы бар, жасы он алтыдан жаңа асқан тұрымдай мүсінді, қырғи тілді қара бала үйге рұқсатпен кіріпті. – Ассалаумағалайкум! – Уағалайкусассалам. Балам, қай ұлсың? – Арғын Келдібектің баласымын. Атым – Қазыбек. Тапқыр да, аңғарғыш Мөңке жасөспірім Қазыбекке аса бір...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ғ.Мұқатов

Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында

Ертеде Қазыбек би нөкерлерін ертіп Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан ежептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтереді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме-дүкен құрады. Қазыбек Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Ақ тілек

Қазыбектің он бір, он екі жастардағы кезі болса керек. Жас та болса оның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен сол кездегі ел жақсылары үміткер бола бастапты. Сондықтан олар сапарға керуен шықса, «ел көріп есейіп, жер көріп көзі қанықсын» деген есеппен Қазыбекті сапарға бірге алып жүруге бәтуа байласыпты. Күндерде Қазыбек...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Қаз дауысты Қазыбектің тоғыз жастағы билігі

Қоңыр күздің жаймашуақ күндерінің бірінде ауыл ақсақалдары Келдібек биді ортаға алып, төбе басында отырады. Алыстан арнайы келген бес-алты жолаушы ат басын бидің алты қанат ақ үйіне тіреді де, көп кідірмей мәжіліс төбеге қарай қайта бұрылды. Жапырласа аттан түсіп Келдібек биге, алқақотан отырған ақсақалдарға сәлем бері...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Келісімге келтірілген қаһарлы сөз (VІІ нұсқа)

Абылай ханның заманында қалмақтың Қоңтажы деген ханы қалың қолмен келіп, қазақтың бейбіт жатқан елін бір шетінен шауып кетеді. Қоралы қой, үйірлі жылқы әкетеді. Құл етемін деп ұл әкетеді. Күң етемін деп қыз әкетеді. Елдің ақсақалдары, игілікті азаматтары: «бұл қорлық-зорлыққа қалай шыдаймыз» деп Абылай ханға келеді. Аб...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қазыбек және қалмақ ханы (VІ нұсқа)

Абылай ханның заманында калмақтың Қоңтажы деген ханы қалың қолмен келіп, бейбіт жатқан қазақ елінің бір шетін шауып алып кетіпті. Қоралы қой, үйірлі, қосты жылқы, «кұл» қылам деп ұл, «күң» қылам деп қыз әкетеді. Сол уақытта қазақ жиылып, Абылай ханға келіп ақылдасыпты. Абылай хан айтты: – Шабыспақ оңай, табыспақ қиын....

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қаз дауысты Қазыбек би (V нұсқа)

Қоңтожы деген қалмақтың ханы қазақтардың малын тонап кетеді. Бірер жыл арада өткен соң, қазақтар бас қосып, небір шешен, билерді сыннан өткізіп, іріктеп жіберіп Қоңтожылардан малды дауламақ болады. Мұны естіп он үш жасар Қазыбек деген бала әкесіне келіп сынға түсуге рұқсат сұрайды. – Әлі өте жассың ғой, балам! – Жас та...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1954 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Тілеужанов

Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІVнұсқа)

Абылай XVIII ғасырдағы атағы жер жарған хан болыпты. 1700 жылдар шамасында дүниеге келіп, кейін Түркістанда Әбілмәмбет төреге қызмет істеп, оған тағы қорланып, Төле бидің түйесін бағады. Мұнда да тұрақтай алмай, Сарыарқаға келіп, атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Кейін қазақ-қалмақтар арасындағы қатты ұрыстард...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1988 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Торсықбайұлы

Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІІІ нұсқа)

Бұрынғы қазақ пен қалмақ жауынгер кезде, Абылай хан бірнеше батырларды ертіп Сырдария жақтағы халқын аралап кеткенде, Шынбай деген дұшпан астыртын келіп, Абылайдың елін шабуға қолайлы екенін, қалмақтың белгілі көсемі, шешен Қонташы ханға келіп айтқан. Сонан кейін Қонташы хан екі жүз жортушы жіберіп, Абылайдың елін шапқ...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ш.Кәрібаев

Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІІ нұсқа)

Кентазы деген қалмақ ханы болыпты. Орта жүздің Абылай деген ханы болыпты. Сол Кентазы сол тұста қазақ жеріне екі рет шабуыл жасапты. Елін, малын айдап кетіпті. Енді үшінші рет шабады дегенді естіп: «Бұған не жасаймыз, жауласуға күшіміз жетпейді. Елші жіберіп, теңдік сұрайық», – деген тоқтамға келіпті. Ханның сөз білеті...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1954 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Тілеужанов
Алдыңғы 16 / 212 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды