Абылай хан қазаққа хан болып тұрған күнде Қалдан Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымға айтқан екен: – Қазақтан елшілікке келгендерді аралап көр. Бітім алуға жарарлық кісісі бар ма екен. Тұрарлық кісісі бар болса, сынап алып кел, – деді, – бітім алып қайтарлық кісісі жоқ болса, мені көрсе...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бүкіл исі қазаққа кемеңгерлігімен үлгі-өнеге болған Төле би тоқсан үш жасында дүниеден өтті. Төленің өз өсиеті бойынша көп жыл билік құрған Ташкент қаласына, әйгілі Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына апарып жерлемекке халық жинала бастады. Төле би мекен еткен қасиетті Қазығұрт топырағынан Ташкентке дейін қаншама...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1994
Region: Қазақстан
Collector: Қ.Саттаров
Төле би: «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын. «Асыл пышақ қап түбінде жатпайды» деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты – әйел деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін – әйел, кең жайылған дастарханымен ердің атын шығ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қоңқа бидің жасынан жауға бірге аттанып жылқы алысқан, дауға бірге түсіп олжа табысқан Жыланкөз деген досы болыпты. Екеуі екі ауылдың адамы болғанына қарамастан, бір анадан туғандай тату өсіпті. Қоңқа қартайып, жетпістен асқан шағында: – Қой, мен сол досымды бір көріп қайтайын. Жасымда бірге жүрген жолдасым еді ғой, ам...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ел басына екі талай күн туып, ер сасқан, әйел етегін басқан қысталаң кездерде Ұлы жүзді бастаған Төле би қонысынан аумай елін, жерін бүліншіліктен сақтап қалған, күші басым жауға қарсы шығып, қамсыз отырған халық қанын мағынасыз төкпей айла-тәсіл қолданған. Осы арада Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар. Ж...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір байдың үлкен тойында бәйгеден бір жүйрік озып келеді. Әлгі жүйрікке екі рулы ел таласып, қамшы сілтескен төбелеске айналады. Ақырында екі жағы да Ақбота биге жүгінеді. Сонда Төле ағасына: – Билікті маған беріңіз, мен шешейін, – деген соң, ағасы тілге келмей: – Уай, қауым, халқым менің, мен билікті інім Төлеге берді...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Е.Құлпейісов
Жаздың ел жайлауға шыққан күндерінің бірінде Арқадағы құдаларына барып, қонақшылап келе жатқан Төле би қайтар жолда бұрыс болса да, Қазыбек бидің ауылына ат басын бұрады. Жанындағы жолдастарымен үлкен би Қазыбектің ордасына келіп, «сөйлес» қылғанда, ауылдас ағайынның дауына билік айтып отырған Қазыбек «біреуің шығып жо...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Е.Құлпейісов
Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады. Сонда Жарасбайдың даугері: – Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін же...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Е.Құлпейісов
Бұл өзі ертерек ХV ғасырдың аяғында, ХVІ ғасырдың басында қазақ елдігінің тірегі шайқалмай, жоңғар қалмақтарының шабуылы онша өршімей тұрған кезде болған оқиға еді. Қаратаудың күнгей бетінде, шымыр руының Шынқожа атасының Қырғызәлі баласының көп малмен жайлауда болып, күздің аяғына таман Ташкент айналасындағы қыстауға...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп. Қараманның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып, ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре сала: – Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы көрі...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты – Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені: – Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел – Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент бер...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Ерте заманда қырық үйлі Тама мен мың үйлі Жасыл түрікпен қоныстас болып, мың үйлі Жасыл түрікпенде Қарахан деген хан бар екен, Әліби деген биі бар екен. Сонда қырық үйлі Таманың қырық баласы мен мың үйлі Жасыл түрікпеннің мың баласы ойнайды екен. Ойнағанда мың бала қырық баланың асығын ұтып алып, тірідей көр қылып, тан...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Ер Тарғынның әкесі жарлы, қара кедей Қарсы деген кісі екен. Сол кісінің тек малдан тауығы болыпты. Тауығының жұмыртқасымен күнелтіпті. Сол кезде жұрт ханға сыйлық апарады екен. Бұ да тауығының екі-үш күнгі жұмыртқасын жинап, ханға сыйға тартпақ болады. Сөйтіп бара жатса, алдында өткізетін адамдар бар екен, олар жіберме...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1940
Region: Қазақстан
Collector: З.Бекарыстанов
Көшіп жүрген қалашылардың ішінде екі қалашы бір дөнен атанға таласыпты. Әрқайсысы өз інгенін көрсетіп, содан туды дейді. Едіге тапқан түйелерді көріп, екеуін де мұрындығынан байлап тастайды да, таласқан атанға шылбырдан тақымбұрау салып, қинап шыңғыртады. Сонда ботаны тапқан інген мұрындығын үзіп кетіп, атанның үстіне...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Балалармен ойнап жүрген Едіге келе жатқан екі кісіні сонадайдан көріп қалып, қасындағы жеткіншекке: «Өздерің сәлем бермеңдер, сәлем берсе, алыңдар, «сәлем бермедіңдер» деп сөксе, жауабын мен беремін», – деп ескертеді. Кісілер бұлардың жанына жақындап келіп, үнсіз тұрғандарын көріп: – Балалар, үлкен кісілерге неге сәлем...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ертеде бір нашар, кедей адам болған екен, өзінің жалғыз ұлынан басқа жақын туысқан ешкімі жоқ екен. Қатынынан ұлы он екіге келгенде айырылған екен. Бала он төртке келген соң әкесі опат болып, мүлде жалғыз, жетім қалды. Әкесі өлген соң бір жылдан кейін бала бір бай саудагерге жалданды. Жалақы турасынан екеуі де ештеңе д...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ноғайлы елінде Қайғылы Науайы (енді бір аңызда Бабай Түкті Шашты Әзіз деп аталады) атағы алты алашқа жайылған арқалы әулие домбырашы болыпты. Ол жаздың жарық айлы түнінде, ел-жұрт ұйқыға шомғанда, өзі Атырау (Каспий) теңізінің жағасындағы «Ақшағылдың» басына шығып домбыра тартқанда Қайғылы Науайының сазына перінің қызд...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ер Едігеден естігенімді сөйлейін. «Ер Едігенің сөзі» деп, қариялар тақпақ қылып айтып отырушы еді: Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Ел шетіне жау келсе, «Мен шығайын!» – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жас үлкен болса: «Әзизім, сіз білесіз!» – дер екен. Едіге деген ер екен, Елд...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Қазақ жұртынан Едіге деген ер шықты. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Ел шетіне жау келсе: «Мен шығайын! – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы үлкен болса, «Ғазизім, сіз білесіз», – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы кіші болса, «Ботам, сен тұ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған диуана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен. Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, ди...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев