Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Асқан сұлу екенсің сенің өзің, Көркіңе сай ақылды айтқан сөзің. Өлеңіме өзгеше ерік беріп, Әрең шыдап отырмын етіп төзім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын айт дегенде әрияйдай, Өлеңім өзен суда дария айдай. Келіп ем топтан озып ақын ба деп, Отырмын жауабыңа жари алмай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын мен бір өлең төтесінен, Орыстың құйғытқандай көшесімен. Ақыннан осынау жүрген жеңілмеймін, Келмесе жаңа туып шешесінен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын айт десеңіз сары сағыз, Сағызды шайнай берсе, қалмас маңыз. Көсілген көмекейің ақын болсаң, Өлеңнің қара дауыл майын тамыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қасқырдың азу тісі айда-сайда, Баланың мектеп көрген тілі майда. Сыймаған тілі аузына ақын болса, Дауылын қара өлеңнің қаптат айда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бәйгеде алдына жан салмайды ала ат, Қағады қыран көкте талмай қанат. Сыймаған тілі аузына ақын дейді, Қанеки, қара өлеңді қардай борат.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ат мінгізсең жаманға, басқа ұрады, Болымсызға қол жетсе, асқынады. Қара өлеңді қаптатып қоя берсем, Ес таба алмай басын тау-тасқа ұрады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Адамның сөйлейді ғой тіл мен жағы, Күркірер жігіт күндей барда бағы. Сенімен мен тең бе деп күпсіну, Белгісі білімсіздік ол баяғы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тап болған әріптесім тайпақ қара, Мен қандай, өзің қандай, байқап қара. Түбіңмен қу ағаштай қопарармын, Желімен қара өлеңнің шайқап қана.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ерте айтып қояйын айтарымды, Сәйкес болсын өлеңің қайтарымды. Айтып қылған айып жоқ ұрлықты да, Қағып алам, мүлт кетсең, сайтаныңды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бастағам шу дегенде-ақ өлеңімді, Көрсетіп төкпе ақындық өнерімді. Қаңбақтай құйын соққан дөңгелетем, Сездіріп алдын ала өлеріңді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Беліме қамар белбеу буынамын, Бетімді Гүлжиһанмен жуынамын. Жыныма тисең, қызыл өңешіңді Қолқаңмен қосып бірге суырамын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылымның жайлауы Қызылшоқы, Басылмайды күзде де жердің оты. Айтысамын дегенше, алдыменен, Қара өлеңнен менен ассаң, сабақ оқы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басы еді өлеңімнің айым-қайым, Бітеді саздау жерге тал мен қайың. Отырсаң жеңемін деп желдей есіп, Апшыңды ақ бидайдай қуырайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңнен жанмын мен жаратылған, Толғатып мені өлеңші ана туған. Өлеңмен кіндігім бір, жолдас етіп Өлеңді өмірге мен ала туғам.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен өзім жұрт ішінде қаршадаймын, Жайылған жалқы ішінде наршадаймын. Екі той қатарынан болса дағы, Айтудан қара өлеңді шаршамаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде аянбаймын, Жағымды жамандарша таянбаймын. Үлкендер айт деп өлең өтінгенде, Жетекшіл қара нардай аяңдаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алма болсын тергені, өрік болсын, Бауы туған сәбидің берік болсын. Ата-ананың үмітін ақтап өсіп, Іні-қарындастары серік болсын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Екі ауылдың ортасы мидай дала, Осы үйде туылыпты бір жас бала. Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Ағайынның үйінде шілдехана.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұстағаным қолыма алтын жүзік, Ақ сұңқарды ұшырдым талпындырып. Бас қосқанда өлеңді біз айтайық, Бұрынғы ата-бабаның салтын құрып.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 17 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды