Аспан әлемі
Көрінді ту алыстан көкше теңіз, Тырнадан он бірі арық, бірі семіз, Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып, Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз. (Аспан, он екі ай, бір ай ораза, үркердің бірде жеті,бірде сегіз болып көрінуі)
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Көрінді ту алыстан көкше теңіз, Тырнадан он бірі арық, бірі семіз, Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып, Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз. (Аспан, он екі ай, бір ай ораза, үркердің бірде жеті,бірде сегіз болып көрінуі)
Бір анасы, бір атасы, Бірнеше мың баласы. (Ай, күн, жұлдыздар)
Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек, Қанаты асты қара бір көбелек. Жанады бір шаһардан сансыз шырақ, Адамға қиын екен санап білмек. (Ай, күн, күндіз, түн, жұлдыздар)
Алтын кетті, Күміс келді. (Күн мен ай)
Біреудің бір ұлы бар және қызы, Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай)
Тең, тең, тең киіз, Екі ортасы кең киіз. Арасында киіздің Сайрандаған қос мүйіз. (Ай, күн)
Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз, Шешуі қиын емес ескерсеңіз. Болады бірі өткір, бірі өтпес, Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз. (Ай, күн)
Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын. (Ай, күн)
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырған талайыңды. Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, Тұрады нұрға малып маңдайыңды. (Ай, күн)
Бір қоян қайың тауды арқалаған, Ертерек қоян еді марқалаған. Жолында алтын гауһар толып жатыр, Еш адам ала алмайды балталаған. (Күн мен сағым)
Тең, тең, тең киіз, Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Екі тері, Екеуі де кең тері. (Аспан, жер)
Түбі көк дария, Іші мұнара, Отыз шешегі. (Аспан, отыз күн)
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек, Заты бар бұтақ сайын жанға керек. Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық - Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп. (Түнгі аспан, үш арқар, жетіқарақшы, көкбозат, ақбоз-ат, арқан, таразы жұлдыздары)
Бір түкті кілем, Бірі түксіз кілем. (Аспан, жер)
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
Күндіз беті таза, Түнде бетін әжім басты. (Аспан)
Ертеде ертегіден айтылған жыр, Байқасам көрінеді әр түрлі сыр, Біреулер өмір сүріп ойын бөліп, Суреті бәрінің де көрініп тұр. Мен дағы бастадым сөз ескі жырдан, Айтылып талай топта болған думан. Кешегі өтіп кеткен заманада, Жетіру Алшын биден таратылған. Кенжесі жетірудың жағалбайлы, Бескөрік деп айтады Базарбайды. Іші...
Әркімнің болу керек жүрегінде, Жалғанда жеткен бар ма тілегіне. Бөленіп торқа тонға отырсаң да, Қоя ма ажал келсе керегіне. Талайы ғашықтардың арманда өткен, Сұм жалған алдастырып еркелеткен. Қастығы қара түннің адастырып, Жайылған болып кеңес сол себептен. Біреуі сол ғашықтың ер Төлеген, Жазықсыз жас өрімнің қанын төк...
Мен сөйлейін, жарандар, Тыңдап құлақ салыңыз. Аз әңгіме қозғайын Келгенінше халіміз. Зекетсіз болса пайда жоқ Қасықтап жиған малыңыз. Қыз Жібекті тыңдаңыз, Замандас еркек, ұрғашы, Ақсақалды шалыңыз. Жүсіпбек қожа жырласа Қыз Жібектің сөзіне Енді әбден қаныңыз. Басында менен жайылды, Қисса болып бұл Жібек. Басы-соңына қ...
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment