Бұрынғы өткен заманда, Қалың қазақ ішінде, Базарбай деген бай бар еді, Төрт түлік малға сай еді, Төлеген деген бір баласы бар еді. Төлеген мырза дер еді, Сұлулыққа келгенде Сырлаған қызыл жебе еді. Жасы он беске келгенде Халыққа көзін сала алмай, Үш ай тамам қыз іздеп, Қазақтан сұлу жарамай, Сұлу тауып ала алмай, Мырза...
Genre: Ғашықтық жыр
Year: 1940
Region: Қазақстан
Collector: Е.А. Александров
Көк Еділдің бойында Уәли деген хан болған, Батыр болған, бай болған, Төрт түлігі сай болған. Ойлағаны намыс пен Қарал, жедел, ар болған. Ықпалы жүрген күнінде Бақыты асып, өрлеген, Дұшпандасқан жауына Ешбір ерік бермеген. Тентек пенен телісін Жүргізбей қияс, жөндеген. Бақытты тұрмыс күнінде Маңына жан келмеген. Егер ке...
Genre: Көне эпос
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Ескендіров
Жарандар, сал құлағың тыңлап бізге, Сөйлейін бір қиссаны енді сізге. Кешегі Ормамбет хан заманында Өтіпті Құбақанбай жапан түзде. Дүниеде ойлап тұрсам әуре-сарсаң, Жігіттер, тәубе қылғыл қайда барсаң. Сөйлейін бір қиссаны Құбақаннан, Жарандар, біразырақ құлақ салсаң. Шығардым көңілімнен һәр түрлі жол, Бітірген соның бә...
Genre: Көне эпос
Жазайын мен назымдап сөздің басын, Тыңлаңыз, үлкен-кіші, құрбыласым. Жарандар, құлақ салып тыңласаңыз, Жазамын бұрынғының мәселесін. Қолға алдым назым үшін дәуіт, қалам, Жаныма жәрдем берсін Хақ Тағалам. Кеңесін «Құламерген» өлең қылдым, Тыңлаңыз, өңкей абзал шаһизадам. Жазғушы Әбдірахман менім атым, Һәр жерге мағлұм б...
Genre: Көне эпос
Region: Еуропа
Collector: І.Молдажанов, Ғ.Мұстафин, С.Дайырбеков, Б.Сүлейменов
Әуел сөзді бастайын, Ісімді Құдай оңласа. Шешеннен сөз табылар, Жай бұлтындай торласа. Қисық ағаш түзелер, Тезге басып морласа. Ақыретте сауап жоқ, Айтатұғын жауап жоқ, Жетім-жесір, ғаріпні Кемсініп, оны қорласа. Мұнан жаман сол болұр, Уағдалы сөзде тұрмаса. Ақсұңқар келіп шырмалар, Саятшы алдын торласа. Ақбөкен келіп...
Genre: Көне эпос
Region: Еуропа
Collector: Ж.Шайхысламұлы
Ноғайлыдан бөлініп, Жалғыз өзі аттанып жүр еді, Астына мінген кері еді. Артық туған ноғайдан О да бөлек ер еді. Бір жыл анық жүрген соң, Дәукескен елін көреді. Барды жетіп қалаға, Биік таудан өте алмай, Тағы бір жыл жатып қалады. Дәукескеннің ханы басқа бір жаққа кетіп қалады. Оның елі Құлыншақты білмейді. Құлыншақ көр...
Genre: Батырлық жыр
Region: Қазақстан
Ноғайды Қарт Қожақ жинады, Аттанды бес кісі ноғай халқы, Қарт Қожақ басы еді ноғай қарты. Аққұмның еді жағасы, Құба таудың сағасы. Тұңғиық суы бар, Жағалай қаққан нуы бар. Қалмақ деген ел еді, Меңді сұлтан хан еді. Алармын соны деп еді, Арасы айлық жол жүріп, Екі әскер қарсы келеді. Қарт Қожақ шықты ноғайдан “Алайын” д...
Genre: Батырлық жыр
Region: Қазақстан
Шынтас барлық ноғайларды жинады. Қалмаққа аттанайын деп кеңес құрды. Шынтас сонда сөйледі: – Темір деген жерге аттанамыз. Жүз кісі, бастығы – Шынтас, Қалмақтың Беріксұлтан деген ханы еді. Неше жерде ұрысып жеңісе алмай жүр еді. Алыс емес арасы, тек екі айлық жер еді. Қалмақ елу кісімен жіберіп еді. “Шынтас елінен адам...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Хангельдин
Құба таудың басында қалмаққа аттанады. Қостөре екі жүз кісі ертіп, тауда қарауыл қарап жүреді. Жаңбыршы батыр келер деп күтіп жүреді. Қостөре мен Жаңбыршы кездеседі. Қостөре қалмақ сөйледі: – Өзің қайда барасың? Мен қалмақтың ерлері, Екі жүз кісі қолым бар. Жапанда жалғыз бір өзің, Айтшы маған жөніңді, Не қылайын деген...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Хангельдин
Он сан ноғай болған жер, Орманбет бидің өлген жер, Күйкен сырты Манашы. Он бір би қалмаққа (Манашыны) және оның шешесін алып барады. Қалмақ Манашыны сатып алың дейді. Он бір би “үш күннен қалдырмай ақшасын тауып, алып келеміз” деп, Манашыны тастап кетеді. Манашының үш жасар қызы бар еді, қапталынан жүгірді. Әкесін сұра...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Хангельдин
Бір өзі атқа мінді кетейін деп, Қалмаққа жалғыз өзі жетейін деп. Аттанды жалғыз өзі болып дара, Болар деп бір өзіме Алла пана. Қарадөң деген жер еді, Сондағы қалмақтың осы жері еді. Ен қалмаққа аттанды, Арасы он күндік жол еді. Отыз бес күн болғанда, Көрді сонда қарасын. Дөңге шығып алған соң, Қалмақтың көрді қарасын....
Genre: Батырлық жыр
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Хангельдин
Төрехан алты жасында асық ойнап жүреді, балалардың асығын ұтып алды. Төреханның қолындағы асығын балалар тартып алады. Төреханға ешкім болыспаған соң, жылап үйіне келді. Шешесіне келіп жылады. – Шырағым, неге жылайсың? – деді шешесі. Сонда Төрехан сөйледі: – Айналайын, шешеке, Балалар ойды көзімді, Сабады-ау менің өзім...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: Д.Сеңгірбаев
Әмет батыр ағасы Алаудың орнын қуып батыр болады. Қарақобда бойының Елекке құйған жерінде ағалы-інілі оншақты үй болып, қоныстанып отырады. Мұнымен бірге басқа да қара ноғайдың да елі отырады. Бір күні Әметке ой түседі. Ол ойында Әмет батыр ерлік атақ шығарғысы келеді. Бір күні ағасына келіп: – О, аға, өзің болсаң қарт...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1948
Region: Қазақстан
Collector: И.Ұйықбаев
Аспан әлемі Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. (Аспан) Күндіз беті таза, Түнде бетін әжім басты. (Аспан) Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан) Бі...
Genre: Жұмбақ
Айсаның інісінің баласы – Алау. Сол Есен, Сүйін деген қалмаққа аттанады. Олар Уағаш, Даяс қасында отырған ел екен. Сонда Айсаның Алауға айтқаны: – Жетіде қалдың әкеңнен, Ересек болып сен жеттің. Асыраған ағаңнан Енді кетіп барасың. Біздей туған ағаңнан Ерлігіңді бұрын етпедің, Ағаңмен бірге кетпедің. Шырағым деп атағың...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Әкесі өлген қызбаланың дәстүр талабына сәйкес өз шама-шарқынша жоқтай білу өнерін меңгеру міндеттілігіне осы екі мәтін мысал бола алады. «Мүсидің он жеті жасар қызы айтқан жоқтауда» қырық сегіз жасында өмірден озған әкесінің қазасына байланысты қайғысын білдіріп қана қоймай, өлімнің жалпыға тән хақтығы жетімдік пен жесірлік, қиямет-қайым, о дүниеге сапар шегу, іздеу салу ұғымдары көрініп, көркемдік жағынан біршама толық мазмұн көрінеді.
Genre: Жоқтау
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Collector: Абылғазыұлы А.
Қорғанынан айрылғаннан кейінгі жетім-жесірдің әділетсіз көрген мейірімсіздігін бейнелейтін мәтін марқұмды тұтас жұрттың қамқоры етіп бейнелеудің үлгісі.
Genre: Жоқтау
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Collector: Абылғазыұлы А.
Елу жасында ұзақ науқастан өмірден озған жанды жоқтау үлгісінде жұбайы балаларының әкесін жоқтай отырып, өз басына түскен ауыртпалықпен қоса жалғыздық мұңын шертеді. Мәтінде жоқтаушыға қойылатын сын салмағы сезіледі. Тыңдаушыға қарата айту, иман тілеу, құдайдан тілек тілеу мотивтері шебер қиюласуы арқылы жесірдің қайғы-шері бейнеленген.
Genre: Жоқтау
Year: 1994
Region: Қытай (ҚХР)
Марқұм әкесіне иман тілеп қана қоймай, оның бойындағы имандылық қасиеттерін тілге тиек ете отырып, О дүниелік өмірге сенім, қабірдегі сауал, ұрпағына үміт арту мотиві арқылы марқұм образы кеңірек сомдалатын жоқтау үлгісі ретінде томға еніп отыр.
Genre: Жоқтау
Year: 1994
Region: Қытай (ҚХР)
Айсаның жасы қырық жасқа келеді. Сонда баласы Ахмет те он бес жасқа келеді. Бір күні ақсақалдар жиналып отырып айтады, солардың біреуі кәрі батыр Алау болады, кеңесінде: – Айсаны бас қылып, өздері осы ноғайдан бөлінелік, басқа бір жерге қоныс тауып алып, көшелік, – деді. Айналасы алты айшылық Еділдің бір шетіне барып қ...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан