Ертеде Жиренше деген шешен өткен екен. Ол үйленбей тұрғанда бір адаммен кездесіп, екеуі бірге жолға шығыпты. Жанындағы жолдасы қарт кісі екен. Біраз жол жүрген соң: – Ата, жол қысқартайық, – депті Жиренше. Шал мұны жақтырмай жауап қатпапты. Тағы біраз жүрген соң: – Ат ауыстырайық, – дейді. Бірақ шал жауап қатпайды. Түс...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Қ.Саттаров
Жылқы мінез желігім ырықты алып, Қашағанға ұмтылдым құрықты алып. Асау кердей алшаңдап жүрген басым, Сабасынан барады асып-тасып.
Genre: Қара өлең
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Жылқы деген мал жақсы аман болса,
Халық неге бағады, жаман болса?!
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,
Жылқы өсір дәл осындай заман болса.
Genre: Қара өлең
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Бір күн Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауыл мен екі арада өзен су бар екен. Оның өткелі қай жерде екенін біле алмай сасып тұрғанда судың ар жағына су алғалы шелегімен бір қыз келеді. Жиренше дауыстап: – Бұл өзеннің өткелі қайда? – деп қыздан сұрайды. Қыз: – Анау жақта бір өткел бар – алыс т...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1946
Region: Қазақстан
Collector: Т.Исмаилов
Жиренше шешен әкесі ертерек өліп, жетім қалған бала екен. Әз Жәнібек хан бір жақтан келе жатса, бір жас бала жаяу, мал өрісі жерде жүр екен. Айнала қарап тұра қалып: – Шырағым, елсіз жерде не қылып жүрсің? – деп еді. – Бір жалғыз түйем бар еді, сонан айрылып қалып, соны қарап жүрмін, – дейді. – Түйеңді тұсап қойсаң бол...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Жиренше ойшыл, сөз тапқыш адам болады. Бір күні әз Жәнібек хан бір қазды атып алып Жиреншеге береді де: «бұны пісіріп өзіме, ханымыма, екі балама үйлестіріп бөліп бер!» деп тапсырады. Жиренше қазды үйтіп, пісіріп алып келеді. «Бесмелла рахман рахим!» деп басын кесіп алып, «сіз бәріміздің басшымызсыз ғой» деп басты ханғ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әз Жәнібек хан қасында бірнеше уәзірлері, жолдастары бар бір жақтан келе жатса, бір ұста үй салып жатыр екен. Ұстаға: – Өнерпазсың, күніңе неме ақы аласың? – деді. Ұста айтады: – Күніме бір ділда аламын, – деді. – Күніңе бір ділдадан алғанда, неғып осы күнге шейін байымай жүрсің? Ұста айтты: – Бай болмайтын себебімді а...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1947
Region: Қазақстан
Collector: Ж.Жүсіпұлы
Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел, барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!» – депті. Жиренше сиырларды алып, әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш: – Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып барып, жалғыздап суар д...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әз Жәнібек хан айтады екен: – Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады, – деп. Қасындағы жолдастары ханның бұл сөзін ауырлап жүріпті. «Алты жасар бала болады деп қайдан біледі. Не болса соны мақтайды екен» деп. Бір күні жап-жалаңаш ойнап жүрген бала Жиреншеге хан бөркін алып басын көрсетіпті. Жиренше аузын ашып, тілін...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден: – Бір жасыңыз мың болсын, – деген екен. Хан бұл сөзін ұнатпай: – Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз шығады екен,...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайына келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайт...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Жиренше жарықтықтың бір әйелі және бір жыртық жаман қосынан басқа ешбір нәрсесі болмапты дейді. Жиренше бір жерге жолаушы кетіп, қайтып келсе, әйелі дүниеден қайтқан екен дейді. Сонан Жиреншеге әйелің дүниеден қайтыпты деп айтуға қия алмай, хан өзі жайлап білгізейін деп айтыпты дейді: – А, Жиреншем, анаң өлсе қайтер ед...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Сол хан заманында бір адам: «Осы Жиреншені әркім бір мақтайды. Жиренше сөзден жеңілмейді және сұраған сөздің жылдамдап жауабын айтады дейді. Тоқта, мен оған бір күн барып сөз сұрап, әбден бір сілесін құртайын, қанша білгіш болса да сөзімнің жауабын айта алмас, дағдарар», – деп ойлап, бір күн Жиреншеге барып айтыпты дей...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір күні хан жолдастарыменен, Жиренше де бар жолменен кетіп баратса, күн жел екен дейді. Жолдың анадай жерінен желменен бір қаңбақ домалап баратыр екен. Сонда тұрып хан айтыпты дейді: – А, Жиреншем, анау кетіп баратқан қаңбақ қайда барады екен, бар соның жөнін қайда барады екен, қайда қонады екен, соны сұрап барып кел,...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір күні хан Жиреншені шақырып: – Жердің түбі қайда, соны біліп кел! – депті. Сонан Жиреншекең: – Бас тақсыр! – деп атына мініп, жердің түбі сен қайдасың деп жердің түбін іздеуге кетіпті дейді. Сонан біраз күн жүріп, ханның қасына қайтып келіпті дейді. Хан айтыпты дейді: – А, Жиреншем, аман-сау келдің бе, жердің түбі қ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Хан әр уақытта бір жерге жолаушы шығайын десе, Жиреншеменен «мынаны қайтеміз, мынау қалай болады?» деп кеңес салып, сонан Жиренше қалайша мәслихат жасаса да, тіл қабай Жиренше дегенше істеуге бұйыратын еді дейді. Сонан бір күн хан асығыстау бір жолаушы шығайын деп өзінің қызметкер адамдарына: – Жылдам өзімнің отыратын...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір күні хан өзінің жолдастары Жиренше бар бірге отырады екен, есіктен бір ақ сақал шал адам кіріп, ханға сәлем беріп, аман-түгел сұрасып төрге таман, анадай жерге барып отырды дейді. Сонда хан тұрып айтыпты дейді: – А, Жиренше, шал не айтады? – депті. Сонда Жиренше тұрып айтты дейді: – Тақсыр ханым, шал жиырма жасармы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Жиренше деген адам қай хан болса да, бір ханның қасында болып, ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның қадірлі биі, сөз тапқыр адамы болыпдүр дейді. Һәр уақыт хан Жиреншені қалдырмай өзіменен бірге алып жүреді екен дейді. Ханменен еріп бірге жүргенде Жиренше жарықтықтың әдеті – хан бір ауылға қонайын десе, болмаса түст...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ханның Жанпоз атан деген түйесі болыпты. Бұл Жанпоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде оның ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген бозінгеннің ботасы екен. Ханым өзімен бірге келген ботаны өте жақсы көріпті. Бота еркін атан болыпты. Ауыр жүкке мықты, алыс жолға өте шыдамды болғандықтан, ол «Жанпоз атан» атанып...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1965
Region: Қазақстан
Collector: Х.Тілеубаев
Әз Жәнібек хан тоғай ішінде аң аулап жүргенде жолдастарынан бөлініп оқшаулау жүріп бір күркеге кез болады. Хан атынан түсіп, күркеге кіріп келсе, шашын тарап бір қыз отыр екен. Қыз: – Апыр-ай, ауыз демей кірген соң қапаланып қалдым-ау! – деп, орнынан түрекеледі. Хан: – Атаңыз қайда? – деп сұрайды. Қыз: – Алты аяқтымен...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан