Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4273 Total records
174,654 Unique word forms (full index)
4009 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4273 records

Асан қайғының қызы Жұпар

Асан қайғы жеті жыл желмая мініп, жер қарап Жиделібайсынды ұнатып, халыққа айтып отырғанда он бес жастағы Жұпар деген қызының ұғып, сезген істері. Асанқайғы деген кісі жеті жыл желмая мініп, қоныс қарап ұнатқан жері Жиделібайсын деген жер екен. «Құдай жаратқан жердің оңдысы. Адам жүзге келмей өлмеген, қойлары жылына ек...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғы және Әмет батыр

Өткен әз Жәнібек хан өзінің сыншы Айсыл есімлі қартын жұмсапты: – Менің ұлан уақытта аттанатын жауым бар еді. Соған мінетін бір тұлпар тауып кел! – деп қолына мың сом ақша беріпті. Сонан қарт іздеп іздеп, ақырында бір құла шолақ бие әкеліп, ханға кіріп сәлем берген. Сонда хан: – Таптың ба? – дегенде, «таптым» деген соң...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1956 Region: Қазақстан Collector: М.Құсниев

Абат батыр туралы аңыз-әңгіме

Жақсықылыш, Жаманқылыш Шора ханның баласы деседі. Тұрсынбике – Асан қайғының қызы, Абаттың қарындасы деседі. Ағайынды екі жігіт Шора ханның баласы Жақсықылыш пен Жаманқылыш Тұрсынбикеге ғашық болыпты. Екі орта телегей теңіз су болғандықтан, ғашықтар бір-біріне қауыша алмапты. Екі жігіт атпен жағалап, күндіз-түн жүріпті...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1962 Region: Қазақстан Collector: І.Жалғасов

Асан қайғының інісі Адақ батыр (ІV нұсқа)

Адақ батырдың өмірінде жұрт таңырқарлық ерекше үш әдет болыпты. Бірінші әдеті – өзіне тән атын кім мінсе де қоймайды. Қиналғанына ренжімейді. Екінші әдеті – сыйлы қонақта, тойда, аста алдына қандай тағам қойылса да талғамай, жей береді. Үшінші әдеті – жауға қарсы жорықтарда, басқа да шабуылдарда күші басым құрулы топта...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: М.Мәжікеев

Ежен хан (ІІІ нұсқа)

Асан қайғы атанған Қасен ханды қалмақ ханы Ежен хан шақыртыпты. Қыста желмаяға жеңіл шана жегіп, қосшы бала ертіп жолға шығыпты. Асан қайғы ішікті жамылып, садақ-саржасын шанаға мол салып, астына басып отырыпты. Кездескен жолаушы жөн-жосық сұрағанда, Қасенханның айғырларының кісінеген даусын есіткен Ежен ханның байталд...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1962 Region: Қазақстан Collector: І.Жалғасов

Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)

Асан қайғы мен баласы Абат ауылдан жүз қадамдай қашықтап кеткенде әкесі артынан айқайлап: – Әй, Абат-ау! – деген екен. Сонда Абат: – Ия, түсіндім, – депті. Жолдастары Абаттан әкесінің не дегенін сұрапты. «Оның жолда кездесетін бір сөзі қалған екен. Ол сөзі «жаңбырлы күні жанбауыраймен жүрме, атың тайып жығылады» деген...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: М.Тілеужанов

Асан қайғы баласы Әбет сөзі (І нұсқа)

Бір күні Асан қайғыны әз Жәнібек қонаққа шақырыпты. Қонақ асы үстінде әз Жәнібек Асанқайғыдан: – Уа, қария, осы тамақтан құр қалғанда өкпелемейтін адам бола ма? – депті, – Ол кім? – дегенде, – Ол біздің Әбетжан, – депті. Әз Жәнібек: – Өзінің әйелін басқа біреуден қызғанбайтын адам бола ма? – дегенде, Асан: – Болады, –...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғының баласы Абат туралы

Асан қайғының Абат деген бір баласы болыпты. Ол өте батыр, ер және кең көрінеді. Бұл Орақ, Мамайлармен бірге талай соғысқа қатынасқан екен. Бұл өте кең болыпты. Жұрт «Абат кең» деп шуласыпты. Сол уақыттағы хан оның кеңдігін сынайын деп Абатты бір жаққа жұмсайды. Бұның бір сұлу әйелі болады екен. Сол әйелді ол өте жақсы...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғының ұлы Абат пен қыз

Асан қайғының Абат деген жалғыз баласы болыпты. Әз Жәнібек ханның баласымен құрдас екен. Ханның баласы хан өлген соң орнына хан болыпты. Өзі хан болғаннан кейін Абат және басқаларымен өзі қол бастап, ел шабуға аттанып, бет алады. Барған елдерін шауып қайта қайтқанда бұлардың олжасына бір бойжеткен сұлу қыз түседі. Ханн...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Диқанбаев

Асан қайғының ұлы Абат

Ноғайлы Асан қайғының заманында Асан қайғыдан бір қыз келіп суал сұрапты: – Ер адам төртке шейін әйел алады. Бұл дұрыс па? – депті. Асан қайғы атамыз: – Ердің төртке шейін әйел алуы дұрыс, – дейді. Сонда қыз айтады: – Бір әйелдің төрт еркекті алуы дұрыс па? – дейді. Асан қайғы: – Дұрыс емес, – дейді. Қыз айтады: – Ерке...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1956 Region: Қазақстан Collector: М.Құсниев

Асан қайғы

Асанқайғы жеті жыл желмая мініп жер кезіпті. Ол сонда тыныш жақсы жер қарап, сөйтіп жүргенде Маңғыстауға үш келіп, үш кетіпті. Маңғыстауды өзі жақсы депті. Бір келгенде екі баласымен келіп, екі баласына: – Маңғыстау жақсы ма? – дегенде, екі баласы: – Ой, шамалы ғой, – депті. Сонсын Асанқайғы: – Сендер білмейсіңдер ғой,...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғы

Асан қайғы: «Бұл ауылдан кетіп, қыс болмайтын, ойы түңлік Қиқора деген жерге барайық. Елге жайлы», – дейді. Бұл мекен Қытай жерінде көрінеді. Сол жерде той болмақ екен. Соған ел бармақ болды. «Барған жұрт бір-бірден тас алып барып асуда тастаңдар да, қайтарда елге әкеліп тастаңдар!» – депті. Сол әкелген тастар мына Жар...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғы туралы

Асан қайғы желмаясына мініп желдіртіп Сарыарқаны аралап жүргендегі жерге айтқан сындары. Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау!» – депті. Шыңғыс тауын, Семей т...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Асан қайғының хан аталуы

Асан қайғының шын аты Хасен екен. Хасеннің жігіт күнінде Еженхан деген мәнжу ханы қазақ халқына жарлық еткен екен: «Қазақ айғырын кісінетпесін, егер айғырдың даусын естісе, менің қорамдағы бедеулерім құлын тастайды. Егер бедеулер құлын тастаса, қазақ еліне ауыр жаза көрсетемін!» – депті. Қазақ халқы бұдан қатты қорқып...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асанқайғы мен Әз Жәнібек (ІV нұсқа)

Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан бетінде ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң әз Жәнібекке айтыпты: – Бұрын бір...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Б.Адамбаев

Асан қайғы мен Орманбет хан (ІІІ нұсқа)

Орманбет хан қарадан Қарагөз деген қыз алып, Асан қайғыны тойға шақырған екен. Асан қайғы келмеген. Және құладынды қайырып, аққу ілдірген той қылған. Асан қайғы келмеген. Және хан Қазан қаласына тас мешіт қылдырған, той қылған, Асан қайғы келмеген. Сонда хан Асан қайғыға ашуланып, жасауыл жіберіп шақырып алып: – Мен үш...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)

Әз Жәнібек хан Астархан қаласын орысқа салдырыпты. Орыс қаланы салғаны үшін ақыға жер сұрайды. Ол жердің көлемі бір өгіздің терісін таспадай қылып тілгенмен бірдей екен. Осы қаланың салыну құрметіне әз Жәнібек хан үлкен той қылып, оған Асан қайғыны шақырады. Тойға Асан қайғы бармайды. Тағы бірде құсбегімді білдіремін д...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: М.Тілеужанов

Асан қайғы (І нұсқа)

Халық аузындағы Асан қайғы осы Жәнібек кезінде болды. Жәнібек Астарханды салдырып, той жасап үш жүздің баласын шақырды. Екінші қарындасын күйеуге беріп той жасады. Үшінші құладынды үйретіп, қу алдырып той жасады. Осы үш тойына да Асан қайғыны арнап шақырды, бармады. Ақырда «халық шаруасын сөйлесем» деп шақырды. Асан ке...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1956 Region: Қазақстан Collector: М.Құсниев

Асан қайғы (ІV нұсқа)

Асан қайғы жас жігіт күнінде аң аулауға шығады. Сахарада келе жатса, алдынан бір түлкі қашады. Сол түлкіні қуалап, күн батуға жақындағанда соғып алады. Өзі қанжығасына байлап келе жатса, алдында бір жалғыз киіз үй көрінеді. Киіз үйге келіп кім бар деп дауыстап сұрағанда бір қыз шыға келеді. Сонда шыға келіп Асан қайғын...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: З.Раев

Қасенханның Асан қайғы атануы (ІІІ нұсқа)

Қасенхан бір күні Ғұзайнұр деген кісіге: – Маған арнайы бал ашып беріңіз, – депті. Ғұзайнұр Қасенге арнайы бал ашып, Қасенге айтты: – Сенің талайың су перінің патшасының қызы нәсіп болады екен, – депті. Қасен: – Маған ол қыз қайдан кез болады екен? – деп сұрапты. Ғұзайнұр: – Ол қыз саған Еділ, Жайық, Ертіс – осы үш өзе...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан
Previous Page 23 of 214 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment