Аюдың түлкіменен жүгірісіп жарысқысы келді. Сонда түлкі мұнысына көніп алып, ойлайды, қайтсем бұл аюдан мүлде құтыламын деп, аюдың әрдайым қылған азаптарына шыдай алмағаннан. Соның үшін түлкі ағаш ішінен іздеп жүріп бір үлкен ор тауып алады, қасқыр ұстау үшін қазып қойған. Сол ордың аузын бұтақтар, шөппенен жауып қойып...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1890
Өңір: Kazakhstan
Қабылан – қанға құныққан жыртқыш хайуан. Есек – дауысы зор, күніне талай рет аңырайтын хайуан. Күндердің бірінде өзін жемекші болып келе жатқан қабыланды көрген есек: – Мені жеуге батылың қайтып барар, мен айғайлап-ақ жүрегіңді тас төбеңнен шығарамын, – депті. Қабылан бұған сеніңкіремеген соң, есек бар даусымен аңырапт...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Құрманғажы Әкежанұлы
ATU 56А
ATU АТ103С
Күндердің бірінде бір жолбарыс жем іздеп өзен жағасына келе жатыпты. Бір бақа оны көріп қатты сасыпты. Ол жолбарыс мені жегелі келе жатыр ғой деп ойлаған екен. Сонымен қашуға үлгіре алмағандықтан, бір жертомардың үстіне секіріп шығып алып, жолбарыстың келуін күтіпті. Ол әбден таяғанда, онан: – Ей, қайда барасың? – деп...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1953
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Құрманғажы Әкежанұлы
ATU 78
ATU АТ125
ATU СУС275
Ертеде бір тауда қалың орманды билеп-төстеген бір жолбарыс болыпты. Ол астам әрі озбыр екен. Зорлық-зомбылық істеуден сырт сол өңірдегі аң атаулыны мейлінше қорқытады екен. Күндердің бірінде осы жыртқыш жолбарыс қарт аңшының құрған торына түсіп қалады. Қанша бұлқынса да шыға алмай әбден титықтапты, шығудың еш тәсілін т...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Құрманғажы Әкежанұлы
ATU 155
ATU 75
Ерте заманда бір жолбарыс ормандағы дала хайуандарына өзін «патшамын» деп жариялапты, бір үңгірді өзі жалғыз иелеп, жейтін азығын жыртқыш аңдарға алман-салық қылып салып, әрбір жыртқыш аң шамасы келген қоңыр аңнан бірден әкеліп тапсыруды бұйырады екен. Орналастыру бойынша жолбарысқа жем әкелу кезегі түлкіге келеді. Түл...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1990
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Бадам Мұқаметкәрімұлы
ATU 1168А
ATU 1383
ATU АТ1336
ATU СУС92
Бір мерген аң аулап жүріп, бір уақытта шаршап-шалдығып отырып жан-жағына көз салса, бір аю ана тасты бір, мына тасты бір ұстап салмақтап-салмақтап қояды, – дейді. Ойпыр-ау, мынау мені ұрайын деп жүр екен – ғой деп ойлап, таң-тамаша болып отырса, жотаның қапталында аңдар жүруге лайық, жыныс бір жер бар екен. Соның бауры...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Қалың орманды аралап, қарағайдың түбіне келіп, оның қалың борпысын кеулеп үңгір қазбақ болған қабанның құлағына кенеттен қыңсылаған дыбыс естіле береді. Қабан үңгірден шығып, қарағайдың желкесіне шығып қараса, үлкен жартастың түбінде барыстың бір жұп қызылшақа күшігі жан таппай қыңсылап, жатыпты. Қасына жақын келген қа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 2002
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Нұрлыбек Берелбекұлы
ATU СУС230
Бір күні жолбарыс тамақ іздеп шығып, бір торға түсіп қалса керек. Сол тордан шыға алмай жатып, со арада бір жаяу адам өтіп жүрсе керек, жолбарыс оны көріп жалынады. «Әй, сен, адам болсаң, мені осы тордан босатсаң, мен өтеп беремін, көп қайырым саған қыламын». Жамандықты ойламаған адам, торға келіп жолбарысты босатып шы...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Я.П.Гордиенко
ATU 155
Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді. Үстіменен бір тышқан жорғалап жүріп бара жатқанын сезіп, ұйқысынан оянып қараса, тышқан екен, ұстап алды да, тышқанды қысып өлтіретін болып еді. Тышқан: – Я, тақсыр, арызым бар, мені өлтірмеңіз, бір күнәмді кешіріңіз, білмеген екенмін, тірі жүрсе...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1945
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Жақсыбай Жантөбетов
ATU 75
Бір қарақұлақ үш-төрт баласы, қатынымен бір үйшікте мекен етеді екен. Күндердің күнінде бұл жерінің маңында әлі келіп, аулап жерлік, азық боларлық хайуанат азайып кеткенін байқап қатын-баласын үйшігіне қалдырып, өзі жаңа қоныс іздепті. Әр жерді көріп, ұнатпай аралап жүріп, бір жақсы жерге кез келіп, маңайын байқап көрі...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Абай Малдыбаев
Аңдар патшасы арыстан қартайып, науқасқа шалдығады да, үңгірінен шыға алмай жатады. Патшасының көңілін сұраған барша аң келіп-кетіп, кіріп-шығып жүреді. Түлкі ғана мезгілінде келе алмапты. Мұны естіген соң, қасқыр бір қулығын асырып, өзін алдап жүрген түлкіден кек алғысы келіп, науқас арыстанға оны жамандай бастапты: –...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1912
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: С.Көбеев
ATU 50
Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір ағаштың түбіне құрып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі. Арыстан: – Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел, құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса, құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU 157А
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: – Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі к...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1891
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: М. Бекішев
ATU 50А
Ертеде бір арыстан, қасқыр, һәм түлкі жолдас болыпты. Бұл үшеуі бір жерде отырып уәделесіпті: үшеуміз де бір жануарға қиянат қылмайық, егер мал жолықса, зорлық қылмай сатып алып желік, болмаса, аштан өлсек те жүре берейік деп, шарт қылып бірнеше күн жүріпті. Онан кейін қарындары ашып аштан өлерге жақындапты. Мал жейін...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1924
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.Диваев
ATU АТ122D
ATU АТ275
ATU АТ35В00
ATU АТ56
ATU ТМК9620
Ертеде бір теңіз жағасында қалың жасыл орманда бір арыстан өмір сүріпті. Бұл тоғайда түрлі аңдар, малдар да көп болыпты. Сол арыстан өзін күллі аңдардың, малдардың патшасымын деп жариялапты. Арыстан өзіне қасқыр, түлкі, борсық, жыландарды көмекші ақылгөй етіп дайындап алыпты. Бұлар аңдарды қырып жеп, хан сарайын қан са...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ғ.Тастанбеков
Бір заманда үлкен тауды бір арыстан жайлапты. Ол басқа аңдарға зорлық-зомбылықты халден асыра істеген. Бірақ қандай қиянат көрсе де, оған ешқандай жануар теріс келмейді. Өйткені қарсыласарлық шамасы жоқ. Сондықтан бірнеше жыл жәбірлік көріп, қолдан келері жоқ, іштен тынып, тістерін қайрап, әлсіз жануарлар шыдап жүре бе...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Рахмет Бекмағамбетқожаұлы
ATU 50С
Арыстан, қасқыр, түлкі, бұл үшеуі ұйым жасасып, тамақтық аң аулауға шығады. Бұлардың қолдарына бір есек, бір киік, бір қоян түседі. Орталарына жинап, бөлісіп алуға қам істегендерінде арыстан қасқырға: «Сен бөліп бер, бізге», – дейді. Қасқыр: – Жарайды, бұл белгілі нәрсе ғой, есек арыстандыкі, қоян түлкінікі, киік менік...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Елеусізов Ғаббас
ATU 20
Бұрынғы заманда бір арыстан патша болып тұрыпты, неше түрлі аңдарды билеп. Сол арыстанның өзіне жақын Маймұн деген бір уәзірі болыпты. Арыстан бір күні бір жерге барып, екі ай жүріп келмекші болып, өзім келгенше патша бола тұр деп, орнына Маймұнды тастап кетіпті. Арыстанның кеткенін білген соң, әр жерден аңдар келіп, о...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1891
Өңір: Kazakhstan
ATU 80
Арыстанды өлтірудің қазанын асқан қу түлкі жолбарыс пен қасқырдың уәдесін алған соң, соларды ертіп арыстанға жолғасқалы барыпты. —Алдияр, тақсыр,—деп жылмыңдай кірген түлкі арыстанның алдына бас қойып, тағзым етіп сөз бастапты: —Дүниедегі алыптардың алыбы өзіңіз, сізге кімнің қол қусырып бас қоймасқа дәті барсын? Біз с...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Құрманғажы Әкежанұлы
ATU 50С
ATU СУС51.
Бір күні, таң алдында, апаннан бұқпантайлана шыққан көкжал кісі бойы өскен қамыс пен қалың тоғайды жамыла, қара ойды бойлай жортып, бір ауылдың маңына келіпті. Ол қойдан бөлініп қалған қозыға кез болып, тап беріпті. Үрейі ұшып қатты шошыған қозы қалтырап: —Қасеке, мен тісіңізге сыздық болам ба? Бір асам етім жоқ, мені...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Құрманғажы Әкежанұлы
ATU 122
ATU 47В
ATU АА122
ATU СУС122А