Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Делдаш батыр

Сонау ерте заманда, жал құйрығы келте заманда ерлі-зайыпты екі адам өтіпті. Тұрмыстары тар екен, бала дегенге зар екен. Күндердің күнінде әйел жүкті болып, басы бақырдай, көзі тостағандай, батыр мүсінді ұл туыпты. Атын Делдаш қойыпты. Делдаш сегіз жасқа келгенде, елін жау шауып, Делдаштың анасы да жау қолында тұтқын бо...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Аюалпаң, Судысалпаң, Таудыталпаң

Ертеде бір өзбек Алихан деген болған екен. Оның әйелі, жалғыз қызы бар екен. Баласы да қолындағы сол біреу-ақ, барлығы үшеу екен. Өзі кедей, жалғыз атымен қос айдап жүреді екен. Жаз болса, қыс болса сол жалғыз торы шолақ атының күшімен еңбек етіп, күн көріп жүріпті. Бір күні қос айдап жүрген Алиханның қарны ашып үйіне...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: С. Болатбаев

Мерген-Дәріш

Баяғыда Қарғысшыл Қарабай атты адам өмір сүріпті.Оның ұзатылған жалғыз қызынан басқа ешкімі болмапты. Сол қызы жиырма бес жасқа , ал оның күйеуі отыз жасқа келгенде олар әулиеге түнеп, түйеден інген, қойдан қошқар шалып, құдайдан бала тілеу үшін әулиеге жалбарынады, Үйлеріне қайтқан соң, көп ұзамай әйелі жүкті болып ұл...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Теміркіндік

Бір байдың ұлы мен қызы болыпты. Жартысы орыс, жартысы қазақ-қырғыз жаулар келеді. Теміркіндік атты ұл, олардың бәрін талқандайды. Бір күні олардың әпкесі далада тастың астында бастырылып жатқан адамды тауып алады. Ол тасты алып тастауды өтінеді. Алғашында қыз көнбейді. Сонда ол оған үйленуге уәде береді. Қыз тасты көт...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Г.Н. Потанин

Жарты Төстік

Баяғы өткен заманда бір бай болыпты, мал-мүлкі көп болыпты, сөйтсе де өзінен туған не ұлы, не қызы болмапты. Әйелі мен екеуі қарт болыпты. Бір күні шалы отырып: «Әй, сен де, мен де қарт болуға айналдық, енді біз өлсек, осы мал-мүлікке кім ие болады? Одан да жүр, малдың да, дүниенің де керегі жоқ, құдайдан бала сұрап, ә...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Д. Төлебаев

Сарыат

Баяғыда бір кемпір мен қыз бай болады екен. Кемпір қойын бағады екен, қызы қозысын бағады екен. Бір күні қызы қозымен бірге келмей қалады. Кемпір бүгін де, ертең де қызын күтеді, ақырында қызы келмейді. Сол кезде осы елде адам алып қашып кететін, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс пайда болады. Бұл өзі-жеке адамды алып...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: О. Еңсегенов

Аламан мен Жоламан

Бұрынғы уақытта ерлігі жаннан асқан Аламан деген бір мерген болыпты. Сұлулығы хор қызындай оның Қарашаш атты әйелі болыпты. Қарашаш атануы, шашы алтындай жалтырап, беліне түседі екен. Бір ұл, бір қызы болыпты. Бір күні Аламан аңға шығып кетсе, әйелі мен қызы суға түседі. Сонда бір шашы үзіліп суға кетеді. «Шашын аламын...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.І. Бектасов ТМЖ 576

Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғанда бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта құдай тағ...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Тұмарбас батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар екен. Үш қатыны бар да, баласы жоқ екен. Бір күндері бай қатындарына айтады: «Мен қартайдым, сендерден бала тумады, қыдырып әулиеге түнейін, құдай бала бермес пе екен?»—дейді. Темір таяқ алып, темір етік киіп жаяу, бала тілеп жүріп кетеді. Айлардан ай өткенде, жылдардан жыл өткенде, темір та...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Жерден шыққан Желім батыр

Баяғы уақытта бір кемпір бар екен. Оның үш баласы болыпты. Ол кемпірде түк мал болмапты. Күнелту үшін базарға жусан алып барып, сатады екен. Сатқан жусаннан тамақтарынан артылып, күнде бес тиын қалады екен. Бір күні сол артылып қалған бес тиындарын санаса, едәуір пұл болып қалыпты. Қыс келе жатыр, балаларыма шапан әпер...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Алакөз батыр

Ертеде Абылай хан заманында бір байдың Алакөз деген ұлы болыпты. Алакөз он үш жасар батыр екен. Бір күні Абылай хан жауға аттануға көп қол жиыпты. Батырдың әкесінен: «Алакөзді маған бер, жорыққа ту ұстап барсын»,—дейді. Алакөздің әкесі:—Жоқ, ханеке, балам жас, баламды биылша тастап кет, алпыс ала ат берейін,—депті. Абы...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Аю дәу

Баяғыда бір аю тауда аң аулап, еш нәрсе таба алмай келе жатса, қарсы алдынан бір түлкі кез болып, сасқалақтап қалай қарай қашарын білмей аюдың астынан жып етіп өте шығайын деп, бауырына еніп кеткенде, аю қолтығына қысып жібермей ұстап алады. Аю: —Енді сені жеймін, өзіңнен өзің душар болдың,—деді. Сонда тұрып түлкі: —Жо...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ұ. Құлшымбаев

Қараүйрек

Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір мен шал болыпты. Оның үш баласы болыпты. Ең кішісі—Қараүйрек екен. Ол өзі батыр әрі білімді болыпты. Күндердің күнінде кемпір мен шал дүниеден өтіпті. Сонда үш баласы не істерін білмей, күн көру үшін кәсіп іздеп, жолаушы шығыпты. Келе жатса, жол үш айрылыпты. Алдындағы көлденең тақт...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Д. Кемпірбаев, Д. Мұсабаев

Үш батыр

Ертеде құла қасқа атты Құрмерген деген батыр болады. Әкесі өте жарлы болады. Жалғыз биесі болады. Тіптен елінің қарағаны осы биесі болады. Жылда туған құлынын бір дәу көтеріп әкетіпті де тұрыпты. Соны іздеуге Құрмергеннен басқа ешкім болмапты. Әкесінен бата алып, іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді, бір жерге к...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 313

Боран батыр

Баяғыда Ұлы жүзде Боран деген бір батыр мен Қасқарау деген бай болған екен. Ноғайлы елінің қоныс алмай аз румен бір қоныстас болып жүретін заманы екен. Сол мезгілде Боран батыр байға қатты өкпелеп шауып алмақ болып атқа үш мініп, үш түскен екен. Ондағы себебі—шауып тастауға қорқып жүрген жоқ, бұл наданның наданшылығына...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Боз атты Боран батыр

Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Ақжан батыр

Ертеде бір бай болыпты, малы көп болыпты. Әсіресе, жылқысы сондай көп болыпты. Жылқысының саны алты айғыр үйір болыпты. Жаз өтіп, күз таянғанда жылқыларды бағу қиынға түседі. Бір жағынан, жылқыларға қасқыр тисе, екінші жағынан, жылқыны шетінен білдірмей ұрлайтын белгісіз бір ұры пайда болады. Бай қыстың таянып келе жат...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Қ. Жұбаншалиев

Тотан батыр

Ерте, ерте, ертеде Құбахан деген хан екен, малының саны жоқ екен. Хандығының көлемі—жеті айшылық жол екен. Құбахан жалғыз ұл көреді, ұлының атын Тотан қояды. Ұл туғанда бір биесі қоса құлындапты. Ол құлынды ұлына арнапты. Құбахан бір күні түс көреді. Түсінде: «Тұр! Тотанның қайнына баратын кезі жетті. Еліңді жи, тойыңд...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Б. Қозыбақов

Есекмерген

Баяғыда бір кісі өлер алдында артында қалып баратқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткен тәжірибесін қортындылап: «Балам, сен жалғыз өзің жүріп орманға барма, тақыр жерге барып, молаға барып жүруші болма?»,—дейді. Баласы «Жарайды»,—деп әкесі айтқан ақылды орындап жүреді. Бірақта есейген сайын: «Осы әкем мағ...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: О. Еңсегенов

Көкжан батыр мен айдаһар

Ертеде бір ханның үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады. Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Ш...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Д. Ғалағалиев, Ғ. Ахметова ТМЖ 576
Previous Page 232 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment