Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Ығай мен Сығайдың өтірік салыстырғаны

Ығай, Сығай деген екі ағайынды туысқан суайт, өтірікші болыпты. Осы екеуін өтірік айтыстыруға ел екі енжар болып, жиында өтірік бәсекесіне түсіпті. Сөзді Ығайға беріпті. Ығай: —Қой жылы қостап, жылқымен отарға шықтық. Айына алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал талқан азық, көже қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, б...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1527 ТМЖ 1527I

Бұқабай мергеннің өтірігі

Лепсі уезіне қарайтын Матайдың аталығы Шоқпар Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін желдіртпе кісі екен. Елді аузына қаратып, сол соғады дейді. —Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара шолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқа...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан

Өтірік ертегі

Өз әкемнен тумай тұрып, тумаған ту атамның жылқысын бақтым. Бір күні жылқымның соңынан келе жатсам, шықпаған шидің түбінде, тумаған ту қоянның көжегі жатыр екен. Өзегі өрілмеген, сабы қиылмаған, тоғыз орайлы тобылғы сапты қамшым бар еді, үзеңгіге шіреніп, керіле беріп, тигізбей, салыпсалып жібергенімде, миы жындай бұрқ...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан

Сұраубайдың өтірігі

Сұраубай деген адам Жайлаубай байдың үйіне сасып, кіріп келіп: —Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, жаңа жолда отыз қасқыр кетіп барады,—депті. Бай абыржып, малға кісі жіберіпті. —Ей, Сұраубай, жаным, анық айтшы қорқытпай, тіпті, отыз қасқыр сұмдық қой, мал түгіл адамды да жер,—деген. Сұраубай: —Бай-еке, шынымды айтайын, кө...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1348 ТМЖ 2009

Әлімжанның өтірігі

Әлімжан бір үйге келіп отырып: —Астымдағы ала айғырды жаңа келе жатып өлшеп едім, ұзындығы сүйемменен отыз екі сүйем болды. Және бүгінгі күннің суықтығы керемет болды, бір бозторғай жалғыз шыбық басына қонып отыр екен, мұрнынан шыққан демнен тұрған сүңгі мұз үш сүйем екен,—депті. Және Әлімжан Қоянды жәрмеңкесіне барып,...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан

Бір торғайды ұстап міндім жүгендеп

Бір торғайды ұстап міндім жүгендеп Бір бұтын мен қыстап шықтым үнемдеп. Торғайыма тамақ бермей жүруші ем, Ашуланып, «Қарным ашты, кетемін», деп. Торғайыммен алып қаштым көкбарды, Тақымыма басып алдым шоқпарды. Мұқтар келіп жармасады көкбарға, Шоқпарыммен ұрып жықтым Мұқтарды. Шынтағыммен алып ұрдым түйені, Бармағыммен...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1934 Region: Қазақстан

Әдейі сары шымшықты міндім ұстап

Әдейі сары шымшықты міндім ұстап, Қолыма ұзын шыбық мықтап ұстап. Сайланып ауыл жақтан аң аулауға, Қусырып, екі жақты қайшы ұстап. Алдымнан қызыл түлкі қыран қашты, Шырылдап, сары шымшығым сырын шашты. Білді де аңға түлкі қуғанымды, Құйрығын бұлаңдатып, жалт-жалт қашты. Жетем деп сары шымшықты санға ұрдым, Қызығып, түл...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Жолбарыспен ойнаған бөлтірік-ті

Жолбарыспен ойнаған бөлтірік-ті Аттың басқан артынан бұл тұрыпты. Қиыстырып айтқанға өлең жоқ па, Сен айтсаң, мен де айтайын өтірікті. Шылым қылдым шымшықтың қу басынан. Шылбыр естім тышқанның шудасынан. Шегірткенің айғырын ұстап мініп, Өте шықса, өлеңің турасынан. Көбелектің көнектей майын алдым, Көртышқаннан қырық құ...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Өтірік өлеңдер

Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым. Айғырын шегірткенің ұстап мініп, Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым. Мен өзім жас күнімде тырна бақтым, Тырнамды семірсін деп қырға бақтым. Балықтың бас-аяғын түгендеуге, Іледе итке мініп, үш жыл ақтым. Мен өзім жас күнімде қарға бақтым, Қарғаны семірсін деп жарға бақтым. Мешін жылы а...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым, Құмырсқаны қайырып, қойдай бақтым. Ел қыдырған кешегі есер кезде Бөгелектің басына тана тақтым. Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым, Екпініне шыдамай жерге түстім. Алты күндей ақ боран соғып еді, Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім. Дүниенің ауыры үрген қарын, Жалғыз өзім көтердім со...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан Collector: В.В. Радлов

Қайныма қарға мініп, ұрын бардым

Қайныма қарға мініп, ұрын бардым, Күйеуден өзім қатар бұрын бардым. Айғырын шегірткенің ұстап мініп, Алдында қайын атамның қырындадым. Жүк артып инелікке ерте көштім, Шүйкелеп сары майдан арқан естім. Мұртына шегірткенің ат арқандап, Дегенде өлдім-талдым әрең шештім. Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым, Бүлдіртіп аяңымен қ...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә. Бөкейханов

Қырық бір өтірік

Патшаның қызы он жетіге келген соң патша жұртқа былайша жариялайды: —Менің өзіме құрастырып, қырық бір өтірік айтқан адамға қызымды текке берем, егер өтірікті айтқан адам қырық бірге жеткізе алмаса, басын кесем,—деді. Ауыл-ауылдан сөзге шешенсініп жүрген жігіттердің талайы келіп, қырық бір өтірікке жеткізе алмай, біраз...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1885 ТМЖ 1886 ТМЖ 1895 ТМЖ 1918 ТМЖ 1920

Жүз ауыз өтірік айтқан тазша

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен. «Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін»,—деп хан жар салыпты. Талаптының бәрі де өтірік айтамын деп, оданбұдан құрап айтса, не дәмін келтіре алмай, не жүзге толтыра алмай, ханға басын алдырта беріпті. Сонда бір сиыр баққан тазша бала ханға: «Мен жүз ауыз өт...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1886 ТМЖ 18861895191818851920

Тазшаның қырық өтірігі

Ілгеріде бір патша өтіпті. Сол патшаның бас уәзірі өліп, соның орнына уалаятынан бас уәзірлікке ылайықты адам іздеп, һешбір адам таба алмапты. Ақыры, патша бір ойға түсіпті. «Кімде-кім маған қырық ауыз өтірік әңгіме айтып берсе, ішіне бір ауыз ырас сөз қоспай, ал сол адам ақымақ емес, ебін тауып, өтірік айтқан кісі жар...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 1886 ТМЖ 18901895191818851920

Алдар көсе мен қу бала

Күндерде бір күні Алдар көсе деген алдауыш бар, ешкім оны жеңе алмайды деген хабарды естіп, сол кезде аты шыққан Қу бала деген бала іздеп шығады. Қу бала, ақырында, Алдар көсені іздеп табады. Екеуі амандасып, көріседі. Алдар көсе баланың жөнін сұрайды. Қу бала: —Алдар көсе деген сіз боласыз ба, мен жолдас болайын деп к...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: Қ. Жұбаншалиев ТМЖ 1654

Айшаның Алдар көсемен кездесуі

Алдардың аты шыққан алдаушы еді, Алдауға Алдар жанын жалдаушы еді. Алдармен бір-екі ауыз сөзге келсе, Алданбай ешбір адам қалмаушы еді. Келсе де, жасы елуге сақал-мұрт жоқ, Жасы үлкен дегенге ешкім нанбаушы еді. Көрмеге мүләйімдей бір жас жігіт Сөйлесе, алдына жан салмаушы еді. Иегі жас баланың өкшесіндей, Әжімсіз беті...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1959 Region: Қазақстан Collector: Б. Құрманбаев

Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе

Баяғыда бір Шықбермес Шығайбай деген бай болыпты. Аты өзінің сараңдығынан «Шық бермес» деп аталған екен. Сол заманда Жиренше деген шешен болады екен. Және де Алдар көсе деген қу болады екен. Сол Алдар көсе мен Жиренше екеуі бәстеседі. Жиренше айтады: —Сен, Алдар көсе, сол Шығайбайдың үйінен тамақ ішсең, қалағаныңды бер...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1528 ТМЖ 1542

Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе

Баяғыда бір Шықбермес Шығайбай деген бай болыпты. Аты өзінің сараңдығынан «Шық бермес» деп аталған екен. Сол заманда Жиренше деген шешен болады екен. Және де Алдар көсе деген қу болады екен. Сол Алдар көсе мен Жиренше екеуі бәстеседі. Жиренше айтады: —Сен, Алдар көсе, сол Шығайбайдың үйінен тамақ ішсең, қалағаныңды бер...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 1528 ТМЖ 1542

Ақылсыздың сазайы

Бұрынғы өткен заманда еңбекті сүймейтін, еріншек бір жалқау жігіт болыпты. Ол жалқау күні-түні «Қалай етсем бай боламын?» деп армандайды екен. Күндердің бірінде ол бір данышпан адамға жолығып, арманын, ойын айтыпты. Әлгі данышпан оңай олжа іздеген еріншек жігітке былай деп кеңес беріпті. —Бай болу үшін көп еңбек етуі к...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1969 Region: Қазақстан Collector: Қ. Саттаров, Ж. Бұғыбаев

Сараңның сазайы

Ілгері өткен заманда Ташкент пен Қоқан аралығындағы шатқал тау бөктерінде Паркент, Заркент деген қыстақта Ішіқара деген бай болыпты. Ол өте сараң болыпты. Сараңдықта Шыршық пен Сыр бойында алдына ешкімді салмапты. Күндердің күнінде бір қойшысының құрып қойған тұзағына жалғыз бала түлкі түскен екен. —Түлкі менің жерімні...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Қазақстан
Previous Page 235 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment