Бір күні бір адамның ақшасы жоғалыпты. Табылмағасын не қыларын біле алмай, бал аштыруға бақсыны шақырыпты. Бақсы келіп, төңірегіндегі қоңсыларын жиып алып, былай деп сөз айтады. —Аяқ киіміңізді шешіп, жалаң аяқ отырыңыздар. Мен жынымды шақырып, ойнаймын, сол уақытта ақшаны кім ұрласа, менің жыным жылан болып келіп, сол...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ә.А. Диваев
Бізден бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты. Бай өте сараң екен. Бір малы өлсе, иә жоғалса, тамақ ішпей, жер бауырлап, жылаумен болады екен. Байдың қырық баласы болыпты. Бай сараңдығынан балаларының алды қырықтан асқанша қатын әпермепті. Төңірегіндегі ел байды да, қырыққа келгенше қатынсыз жүрген балаларын да мазақ қы...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1940
Region: Қазақстан
Collector: Ә. Жылқышиев
Бір ханның қолы ауырып, дәрігерлер: —Енді қолың жазылмайды, кесу керек. Ал, қолсыз қалғың келмесе, жұртыңды жинап, бір оң қол сұра. Егер оң қолын беруші болса, онда ауру оң қолыңды кесіп, орнына сала қоярмыз,— дейді. Хан жұртын жинап, дәрігерлердің айтқанын айтып: —Біреуің жәрдем етіп, оң қолыңды бер,—дейді. Хан еліне...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Қазақстан
уінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығ...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1938
Region: Қазақстан
Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай—үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, сатыпты. Тоқтыны бұтарлап, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақбасқа қарынды тысқа ап шыққанда қара шыбындар қарынға да, Қағанақбастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қағанақбас қақас қолын сілтеп, басын ұ...
Ертеде бір төрт ұры адам мал, жылқы ұрлап алуға жолаушы болып шығыпты. Біреуінің аты—Қағанақбас екен және біреуінікі—Шибұт, тағы біреуінікі—Қылкеңірдек, төртіншісінің аты Тұз екен. Қолдарына ештеңе түспеген соң, ақыры, жүріп, біреудің бір ешкісін ұстап алып, бір бұлақтың бойына келіп, сол жерде түстеніп, әлгіні сойып,...
Бір күні Айжарықтың үйіне қаба сақалды бір молда келіп қоныпты. Ас жеп болған соң молда әндетіп, Құран оқи бастапты. Құран оқып отырғанда молданың бетіне қарап отырып, кеңкілдеп, жылап қоя беріпті. Құран оқып болған соң молда Айжарықтан сұрапты: —Айеке, Құран әуезіне бойыңыз балқып, жылаған шығарсыз?—депті. Айжарық көз...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1959
Region: Қазақстан
Collector: Б. Уахатов
Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады. Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айт...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1947
Region: Қазақстан
Collector: Т. Күнтуғанұлы
Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның араарасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1934
Region: Қазақстан
Ертеде қазақ намазды, намаз оқуды білмейді екен. Тек намаз деген болады деп есітеді екен, соны үйренсек деп, аңыз қылысады екен. Күндерде бір күн ауылға бір татар саудагер келеді. Ол ауылдың ақсақалы Айжарықтың үйіне қонады. Қонақ жатарда «Құтпа» намазын оқиды. Қонақ намазын оқып болған соң Айжарық: —Құтты қонағым, мұн...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1948
Region: Қазақстан
Күндерде бір күн Алдар көсе молдаларды мұқатуға шығады. Ол өз үйінен кетерде әйеліне: —Үйді жақсылап жина, мен молданы шақырып келермін. Келісімен: «Шай қайнат, әйел»,—дермін, сен төсектен қозғалмай жата бер, екінші рет айтармын, онда да тіл алма, мен сені өткір пышақпен бауыздармын, сен тауықтың қанын толтырып, қуықты...
Баяғы заманда қанша уақыт өткенін білмейміз, қазақ жерінде апалы-сіңлілі екі қыз болыпты. Үлкенінің есімі—Рас, кішісінің есімі—Қисық. Бұл қыздар бек кедей екен. Күн көруге қаражаты болмай, бір ауылдан бір ауылға қайыр сұрап жүріпті. Қазақтар шамасы келгенше бұларға қайыр беруші еді. Рас көркем, салмақты еді һәм адал жү...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1893
Region: Қазақстан
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық деген кісілер болыпты. Бір күні Жамандық жол жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Сонда Жамандық тұрып: —Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кет,—депті. Жақсылық: —Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жерге бары...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ә.А. Диваев
Бұрынғы заманда Жақсылық пен Жамандық жолдас болыпты. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Екеуі Жақсылықтың азығымен жүріпті. Жол жүргенде, Жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: —Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?—депті. —Жамандығым, өзің біл!—депті. —Өзім білсем, атыңды сояйық,—дейді. Жақсылықтың а...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: В.В. Радлов
Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты. Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп...
Қаңбақ шалдың жеңілдігі сондай—жел болған күні ұшарын жел, қонарын сай біледі екен. Бір сайға келіп, қонып жатса, бір батыр кеңеседі, екеуі достаспақ болу үшін ең әуелі күштерін сынасады. —Мен тепкенде, жердің миын шығарам,—дейді шал. —Қане, тепші,—дейді батыр. —Мақұл,—деп, бұрыннан жерге көміп қойған құстың үш жұмыртқ...
Баяғы өткен заманда Алса-бермес, Берсе-қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса-бермес қойған. Берсе-қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағад...
Үш әйел суға барып кеңескенде не десіпті? Бірінші әйел айтады: —Мен ер жеткен кезде әкем мені бір жігітке берді. Өзі әлді шаруаның баласы еді. Өзі сері жігіт еді. Домбырашы еді. Ол кезде қазақ пен қалмақ бірін-бірі шауып, әкетер еді. Елін, жерін қорғаймыз деп, азамат тегіс ат үстінде болушы еді. Осының бірі менің ерім...
Бір күні үш келіншек су алуға шелек алып, суға барады. Судың басында үшеуі бір-бірінен сыр сұрасыпты. Сонда бірінші келіншек айтыпты: —Мен осы күнгі күйеуіме тигенде менен мынандай жақпастық қылық өтті, келіншек-ау... Осы бар ғой, бір күні тигеннен кейін бірнеше ай өткен соң күйеуімнің бір жақсы, жақын құрдасы болушы е...
Баяғында екі қатын отырып, сырымызды айтыссақ, сен осы ...мен не қылдым деседі. Сонда біреуі тұрып: —Менім алғаш түскенде келіншек кезім еді. Күйеуім домбырашы болатын. Бір жігіт маған сөз айтып жүрді. Бір күні күйеуім жылқыға кетіп, әлгі жігіт кіріп жатқанда, түн ортасы мезгілі байым келіп қалып, жатпақшы болды. Өзі а...