Бір шалдың соңғы алған жас әйелі болыпты. Шал мен жас әйел қанағаттанып қалай жүрсін, оның да бір жігіті болады екен. Жігіті келіп-кетіп жүретін сияқты. Шалдың ешкілері болады екен, ешкілерін бағып, түске жақын үйіне келсе, баяғы жігіт жүк арасында жасырынып жатыр екен. Әйел шалға келген соң түннен қалған бір ешкінің б...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1947
Region: Kazakhstan
Collector: Т. Күнтуғанұлы
Бір хан өте қатты ауырып, ауруына ем сұрау үшін елін жинайды. Жиналған жұрт сырқатының не екенін сұрайды. Хан: —Ішкен асым тоқтамайды, күндіз де, түнде де тиышым жоқ, ұйықтай алмаймын,—депті. Ханның өзі еліне тізесі батқан, қатал, мейірімсіз, елдің тапқан-таянғанын барымталап, жай жатып алған жуан қарын мес екен. Жинал...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Бишара шал ормандағы ағаштан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтты. Шал шаршады, отынды үйіне алып баруға шамасы келмей, шал арқасындағы отынды жерге тастап, айтты: —Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берсейші,—деді. Өлім шалға келіп, сөйледі: —Не үшін мені шақырдың, шал? Шал өлімнен қорқып айтты: —Маған мы...
Шүршітпай деген кедей қазақ бір Мансұр деген сартқа ашуланып, бұдан өш алмақшы болып жүріпті. Шүршітпай байғыз деген құсты ұстап алып, бұған әрең-мәрең дегенде «Білемін», «Солай» деген екі сөзді үйретті. Агар да Шүршітпай байғыздың қанатынан тартса, байғыз «Білемін» дейтін болып, агар да құйрығынан тартса, «Солай» деп...
Бір күні сарттар шайтанды қалай ұстап аламыз деп кеңес қылыпты. Бұлардың арасынан Ақымет деген бір сарт жақын арада шайтанды өз көзіммен көрдім деп, мәлім қылады. Сонда тыңдап отырған сарттар орындарынан секіріп тұра келіп айтты: —Рақым етуші Алла, біздерге шайтанды тұтып, зынданға салуға жәрдем қыла көр,—депті. —Ақыме...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Аты Мытбай деген бір ұмытшақ кісі болыпты. Өзі барғанша момын болса керек, қатта бір уақыттарда өзінің де атын ұмытып қалады екен. Және оның үстіне Құдай қосқан қосағы қулау болып, байы момын болған себепті әйелінің көңілі момынға толмағандықтан, оңды-солды жүріп, көңілі сүйген жігіттерімен ойнап-күледі екен. Күндерде...
Бұрынғы заманда бір Алда әкпар деген жаңылысқыш адам болған екен. Оның бір қатынынан басқа еш нәрсесі жоқ екен. Бір күні қатыны Алда әкпарға: —Базардан ет алып кел,—депті. Алда әкпар қанша алып келейін десе, қатыны: —Дансер-Пансер ет алып кел,—депті. Алда әкпар қалтасын қолына ұстап алып, дансер-пансер есімнен шықпасын...
Бұрынғы заманда үш сарт болыпты. Бұлар әпиін тартып, боза ішкеннен басқа түк білмейді екен. Бір уақытта бұлардың әпиіні де, бозасы да, һәм жарты тиын ақшасы да қалмапты. Бұлар қалайша ақша табамыз,—деп ойланды. Қанша амал ойласа да, ешбір ойының қисыны келмеді. —Уай, ақша, уай, әпиін, боза!—деп сарттар, анда-санда күрс...
Бір Қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты. Алып, алақанында аялап отырып ойлапты. —Бұл жұмыртқаны байдың бикешіне тартсам. Ол тоқты берсе, тоқтымды байдың қойына қоссам. Тоқтым қашып, жаз қоздаса, қоз[ыл]ы қойға тайынша алсам, тайыншам қашып, бұзауласа. Бұзаулы сиырға байтал алсам. Байталым айғырға шығып, құлында...
Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен. Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні: —Сиырға шөп сал,—деп шал, кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді: —Кет арман, егер де тілесе...
Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең...
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда қоқандық саудагер саудагершілік істеп, Ташкентке келеді. Әрине, ол уақыттарда саудагерлердің саудагершілік істеп, бірнеше күндер, бірнеше айлар жол жүретіні әркімге болса да, белгілі шығар. «Ердің сырын ер білер, кімнің сырын кім білер» демекші, Ташкенттен өзі сияқты ірі сауда...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: К. Байжігітов
Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жі...
Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен—Батпан батыр. «Бір-бірі...
Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі—бай, кішісі— кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен. Бір күні х...
Баяғыда Бақа деген қой аузынан шөп алмайтын бір шал болыпты. Ол шал еш уақытта да бір адамға «Сені ме» деген сөз айтпапты. Оның үстіне қыдыру дегенді, көпке қосылу дегенді білмепті. Осы мінезіне қарай Бақаны жұрт келемеждеп, «әулие» деп атапты. Осыдан былай қарай Бақа деген ат ұмытылып, «әулие» деген ат тағылыпты. Бақа...
Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада адам болса, шықсын»,—дейді....
Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр. Жалғыз төмен отырған осы—шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне келіп, шалға «Мен сенен кет...
Серкебай деген байдың тіршілігінің арқасында үш ұл бірдей шырпы басын сындырмай, өмірді ылғи сылқым-серілікпен біркелкі өткеріп бара жатады. Күндердің күнінде Серкебай жасы жетіп, өмірі бітуге таянғандығын төңіректеп келген сырқаулықтан сезеді. Ес-ақылы бүтін, тіл-көмейі сау уағында үш баласын қасына шақырып алып, қошт...
Бір Келдібай Оразбайұлы деген байдың үш ұлы бар екен. Үлкен ұлының аты Үш вершок деген, ортаншы ұлының аты Екі вершок деген, үшінші ұлының аты Бір вершок деген екен. Қашан, кім бұлардың атасы, тіпті-ақ, кәрілікке жетіп, өлер халге келгеннен кейін бүтіл өзіне қараған малдарын, сатып алған пұлдарын далаға, бір көлдің қас...