Бұрынғы заманда бір үлкен теңіздің жағасында кемпір мен шал тұрыпты. Бұлардың мал дегенде бір сауулы ешкісі һәм бір балық ұстайтын ауы болыпты. Шалдың аты Шияз екен. Шал аумен балық ұстап жүргенде, кемпір ешкіні бағып жүріпті. Ешкінің сүті мен балық бұлардың бар қорегі болған екен. Кемпір, шал әр уақытта бір түлкіден қ...
Ерте-ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір қойшы байға көп жылдар бойы қой бағып, ешбір ақы ала алмаған соң байдың қорлығынан өлетін болған соң бір күні түнде қойдың ішінде қорып жатып, еліне қашып кетеді. Оны ешкім білмейді. Ертеңіне оны тек жоқтап қояды. Артынан аз уақыт іздейді, бірақ таба алмайды. Қойш...
Баяғы өткен заманда Талқанбай дейтін жұмыскер басқа қиын істе кәсібі жоқ болған соң тоғайдан бөрене кесіп алып барып, сатып, күн көреді екен. Ол елде тоғай дегенде екі-ақ тоғай бар екен. Бір тоғайына кешке таман адам кіре қойса, жындар қытықтап, өлтіріп кететін әдеті бар екен. Көп жұмыскерлер ол тоғайға бармай, екінші...
Түлен, Құлан, Алдар—үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп, дем алады. Дем алып отырып, әңгімелеседі. —Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз,—дейді Алдар шайтандардан сыр ұрлағысы кеп. —Айта көрме. Еш нәрседен қорықпаймызың не? Біріншіден, Құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден,...
Алдар жерошаққа аунап, ұйықтап қалған екен, бір уақытта оянып, көзін ашса: Елбектейді ақырын, Елестейді ақырын Дәл өзінің үстінде Дәл көргендей түсінде… Бірдеңелердің жүргенін сезеді. «Шайтан дегендерің осы екен» деп, көзін қайта жұма қояды. Түлен түртпек түленбек, Біздің қазақ тілінде. Бәле үстіне бәле өнбек Бір бәлег...
Дудабай деген бай пішен шабатын уақыт таянған соң, маусымды күнге жалшы іздестіре Түшпара қыстағына барады. Жарғақ жалшы оған кездіге кетеді. Дудабай: —Шырағым, атың кім?—дейді. —Атым—Жарғақ,—дейді. Дудабай ішінен «Жарғақ деген аты жаман екен, жарытып, ештеңе тындырмас» деп, жүре береді. Екінші көшеде Жарғақ басқа кейі...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: Ж. Уәлитов
Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болыпты. Шал мен кемпір тұзақ қойып, күнін көреді екен. Бір күні шал келіп, тұзағына қараса, тұзағына бір қаз түсіп қалыпты. Шал келіп, қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты. —Мені сен босат, менен не сұрасаң, соны бір жылд...
Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, ке...
Ертеде бір бай болыпты, байдың бір жалғыз баласы болыпты, аты Ежігелді екен. Әкесі баласына қалың беріпті, баласын қайнына жіберіпті. Баласы барып, қалыңдық ойнапты. Ежігелді үйіне қайтты. Келе жатқанда ұры тонапты, жанында екі күміс теңге қалыпты. Үйіне жаяу келді, келсе, елін жау шауып кетіпті. Ежігелді кім екенін бі...
Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақ...
Ертеде тоғыз Тоңқылдақ, бір Шыңқылдақ болыпты. Тоғыз Тоңқылдақ бір күнде тоғыз арба істейді, бір Шыңқылдақ бір күнде тоғыз арба істейді. —Япырмай, біз тоғызымыз бір тоғыз арба істейміз, жалғыз Шыңқылдақ бір тоғыз арба істейді, осы Шыңқылдақтың арбасын қиратайық,—деп, арбасын балталап, сындырып тастады. Шыңқылдақ арбасы...
Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып: —Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер,—дейді. —Байдың малын бағамыз,—дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы. —Сен ше?—дейді кедей кіші ұлына...
Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек—әкесі, оның баласы—Жамантелпек. —Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай?—депті Жамантелпек. —Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын,—депті Көктелпек. Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқан...
Бұрын бір өткен заманда бір тазшаның әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Бір күндері ол тазша базарға барып, аралап жүрсе, бір жерде мұңайып отырған бір шалды көріп, қасына келіп отырыпты. Шал сұрайды: —Не қылып жүрген баласың?—деп, сонда тазша жауап беріпті: —Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін,—деп. —Ендеше балам жоқ ед...
Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады. Ханнан қорыққанынан «қазір, қазір» дей беріпті. Хан: —Ег...
Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның бір сұлу қатыны болыпты. Заманында ханның баласы сол тазшаның қатынына ғашық болып жүр екен, бір күн түнде келіп, қол салыпты. Қатын қойнына алмағанымен тұрмай, тазшаға айтыпты: —Ханның баласы маған қол салды,—деп. Тазша айтыпты: —Олай болса, мен бір жаққа жолаушы болып кетейін де,...
Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1894
Region: Kazakhstan
Әз-Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен, бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: —Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының даусы маза бермейді, айғырларын қырсын!—дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жыйылыс қылып, ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып: —Сендер саспаңдар, ханның жау...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Хан бір күні: —Осы Жиреншені неғылсақ та, жеңе алмадық, енді осыны бір жеңуге әдіс жасайық,—деп, бір жігітке: —Сен ертең ертерек біздің үйге келіп отырып, Жиренше үйге кіріп келгенде қатты қылып бір осырдағы үйден шыға жөнел. Сонда мен Жиреншеге «ұста» дейін, сонда не дер екен?—депті. Ертеңіне жігіт ханның айтқанын іст...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: Қ. Жақанұлы
Жиренше ханның заманында Алдар көсе деген бір пысық болған екен. Ел күндеп, Алдар көсе деген бір қу шықты деп, ханға жамандапты. Бір күні Жиренше хан Алдар көсені шақыртыпты. Алдар көсе жаяу ханға келіпті. Тегінде, Алдар көсенің жаяу жүретін әдеті екен. Алдар көсе үйге кіріп келсе, сәлем берген, хан сәлем алып, қолын б...