Ел аузындағы Шығайбай, Алдар көсе әз-Жәнібек кезінде болды /10-ғасыр/. Жәнібек қарауында болды. Алдар өте қиялшыл, сөзге ұста адам болды. Бір кезде хан мен бидің қата істеген билігін тауып, ел алдында бір ойын ашатын болды. Жәнібек көсені елден жоюға билерге ақылдасты. Тапқан амалдары: ауыр сұрақ қоялық, сұрақты тапса,...
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге: —Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші,—депті. Сонда Жиренше ойланбай, пыша...
Баяғы Алаш алаш болғанда, сол уақыттарда Алаша деген кісі хан болып тұрғанда, Алдар көсе деген адам алдайтын біреу болған екен. Бір күні сол Алдар көсе Алаша ханға келіп айтыпты: —О, тақсыр, менім бір өнерім бар, сізге айтайын деп келдім,—депті. Сонда хан: —Рұқсат, айта бер, қандай өнерің бар?—деді. Көсе айтады: —Тақсы...
Өгіздерді айдап келе жатса, қой баққан бір тазшаға жолығады. Амандасып, ол-пұл деп отырып, торсығындағы айраннан ішіп, шөлін қандырады. —Осыны алдап, қойын айдап кетсем,—дейді ішінен Алдар. «Қалай алдаймын?» деп отырып, қойшының самайына көзі түседі. Үрпиіп самайынан шығып тұрған шашын көріп, таз екенін біледі. «Енді ж...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Бір күні Алдар үлкен қара жолмен сапар жүріп келе жатып, мал айдаған үлкен бір керуенге кездеседі. Алдар жанынан жортып, өтіп бара жатқанда керуенбасы: —Әй, жігітім, босқа жүргенше, мал таппайсың ба?—дейді. —Табайын,—дейді Алдар. —Олай болса, біз саған жүз өгіз берелік. Соны қасымызда жайып, айдап отыр. Осыған көнесің...
Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізг...
Бір сапар Алдар көсеге бір сараң бай келіп, дос болыпты. Сол уақыттағы ханның өте сұлу қызы бар екен, көрем деген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп, көреді екен. Әлгі сараң бай сол ханның қызын көруге көңілі кетіп, досына айтыпты: —Мені ертіп барып, маған ханның қызын көрсет,—деп. Алдар көсе досына: —Жақсы, көрсетей...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1924
Region: Kazakhstan
Collector: Ә.А. Диваев
Бір күні Алдар көсе байларға ашуланып, оларды мұқату үшін бір байдың аулына келеді. Күн батып кеткен мезгіл болса керек, бай қозыларды қойдан бөлгелі жатыр екен дейді. Бай күржіңдеп, бір семіз қойды қозысын ертіп, шеткерек көгенге көгендеуге апара жатыр екен. Көсекең артынан барып, қойдың қозысын алып, қала береді. Бай...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1940
Region: Kazakhstan
Collector: Қ. Жұбаншалиев
Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп: —Бай, сенімен құшақтасып кетейін,—деп, байға келіпті. Байға «қош» деп, құшақтасып көрісіпті. Қойнындағы ыстық нан қойнын күйгізсе, бай нанды: —Ит жегір-ай!...
Genre: Сатиралық ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: Ә.А. Диваев
Бұрынғы уақытта бір Алдар көсе қойдың қу жауырынымен бал ашып жүреді екен. Бір күні қоналқаға бір ауылға келіп қонады, қонған үйінің қазанына бал ашып жүрген жауырынын адамға көрсетпей, апарып, салып жібереді. Сол қонып отырған үйдің әйеліне айтады: —Қазаныңызға мен ет салдым. Піскен соң өзіме көбігімен берерсіз,—дейді...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1941
Region: Kazakhstan
Collector: Ә.А. Диваев
Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе «мен бір айла қылайын» деді. Сөйтіп, қатындарға қарап: —Құдағай, менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға мүмкін бе?—деп сұрайды. Қатындар: —Мақұл...
Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді. Елге қарап тұрса: Қойлар жатыр жусанда, Түйе жатыр сортаңда. Жылқы жатыр беткейде, Ешкі тастан кетпейді. Алдекең ағып жатқан малды көріп: «Е...
Genre: Сатиралық ертегі
Year: 1936
Region: Kazakhstan
Баяғыда өткен заманда, хан Жәнібек тұсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты. Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында, шал балаларын жинап алып: —Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ іздеу...
Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен екен. Өгізді оттату үшін үлкені—басына, ортаншысы—беліне, кенжесі құйымшағына мініп, оттанады екен. Бір күні жайылымда жүргенде, өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кенжесі: —Өгіз жапаламағалы бүгін он күн болды, осыны ор...
Genre: Хайуанаттар туралы ертегі
Year: 1921
Region: Kazakhstan
Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Әкесі өлгесін жетім қалған балалары азып-тозып кетеді. Жетім балалар күн көру тәсілін іздейді. Сонымен балалар бір күні жолға шығады. Жолда келе жатқанда олардың алдынан екі жол кездеседі: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса келер. Жетім балалардың ең кішісінің аты Елемес екен...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: О.Еңсегенов.
ATU 554
Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір кү...
Әуелгі заманда бір шаһарда бір қарт пен кемпір болған бір нысапты тауфиқты ұлы. Күндерде бір күн бұл жігіт сапар шығуға ойлап атасынан, анасынан рұқсат сұраған. Рұқсат алып кетіп бара жатып, бұл жігіт бір шаһарға барып кірген. Ол шаһар тас болған. Әрбір үйлері һәм нәрселері, кісілері кейбіреуі отын кескен жерінде балта...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Kazakhstan
Collector: Ә.А. Диваев
ATU 410
Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Б...
Бір ешкі бұрынғыдай қойдан қалып, Адасып маңырайды ойбай салып. Таба алмай ешбір дыбыс жүгіреді, Қорқады өлемін деп естен танып. Жер қалың тоғай еді бадамы көп, Тағат қып тұра алмайды бір шөпті жеп. Алақтап есі шықты жан-жағына, Қасқыр қу қай жағымнан келеді деп. Бір қасқыр даусыменен келді жетіп, Бұл ешкі қорықты жама...
Genre: Хайуанаттар туралы ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ж. Жантөбетов
ATU 122
Шегіртке селдір қанат серке санды, Өткізді өлеңменен бүкіл жазды. Онсыз да қыс болғанын білмей қалып, Ұрынды көзі көріп ақша қарды. Жарқырап қауыс туды жауын жауып, Жүруге болмай қалды құрып сауық. Гүлдердің арасында өскен сансыз, Жер көлден таба алмады тамақ тауып. Жаз күні әзір еді жеген асы, Кез келген тамақ еді шөп...
Genre: Хайуанаттар туралы ертегі
Region: Kazakhstan