Нұрила он жасында құдықтан су алуға барады. Бір кезде аңдаусызда қыздың қолы тиген қауға ілгектен сырғып шығып, шыңырау түбіне құлай зымырай жөнеледі. Жылқының қылынан ескен арқанды байқамай ұстаған Нұрила қауға екпінімен төменге қарай құлайды. Белуарынан келетін суық құдық суында Нұрила дірдек қағып, зорға шыдап тұрад...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бәйдібек ауылда жоқта қырғыз Аққошқар бастаған жаулар оның жылқысын алып кетеді. Масаттанған жаулар Домалақ ананың қонысынан сусын ішкен соң, қайыр-садақа ретінде шапқан малдан бір жылқы қалауын өтінеді. Сонда Нұрила белбеуін ақжал сары айғырдың мойнына салыпты дейді. Жануар шешеміздің белбеуін салғанда тырп етпей тұры...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
«Алып та, дана да анадан туады» деп халық бекер айтпаған ғой. Ертеде Сыр бойында Бәйдібек деген бай өмір сүрген көрінеді. Оның екі әйелі болыпты. Тоқалының бойы аласа, өзі толық болғандықтан жұрт оны «Домалақ» деп атап кеткен, шын аты Бүбіжар екен. Бүбіжарды бертін келе ақыл-парасатына қарай ел құрметтеп «Домалақ ене»...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1985
Region: Қазақстан
Collector: М.Рүстемов
Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптап келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен....
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей сасады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары ары...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бәйдібек жаугершілік кезінде үш жасынан әке, шешеден жетім қалады. Ағайындарының қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додапаздардан әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. Бір күні өзі бағып жүрген үйір-үйір жылқыдан қырық шақты қы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ескендір патша басында мүйізіменен туған екен һәм бұған айтыпты: «Егерде мүйізіңнен айрылсаң, күшің кетіп, дұшпандарыңды жеңе алмассың» депті. Бұл себептен Ескендір әрдайым басына сауыт киіп, ешқашан мұны шешпейді екен, «біреу мүйізімді көріп, кесіп алып қоймасын» деп қорқып. Ескендір өзінің мүйізін, бірақ басындағы ша...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бұрынғы заманда Македонияда Ескендір патша болыпты. Мәртебені бұл жақсы көреді екен, һәм қызғаншақ екен. Өзінің қараған уәлаятын азсынып, өздерінің қасындағы жақын тұрған халықтарменен соғыспаққа барыпты. Соғыс болып, қандар судай ақты, көп халық қырылды, көп қандар бекерден бекер төгілді. Ескендір қасындағы патшаларды...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді. 1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді. Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағас...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы автордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 1941 жылы Битенов Мұхит Отан соғысына аттанғанда оның үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда а...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш деген адам өткен. Оның «Оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын көркімен елді таңқалтқан ат болып...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ақымжан – Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сыбызғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақымжанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кезде Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді....
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Әміре – Алтайда туып, кейінірек Еренқабырғаға көшіп келіп мекендеген. Күйші, қолөнершілікпен жан бағып, етікші, ағашшы, темірші болған. Жас ортасында әйелі қайтыс болып, жалғыз ұлынан басқасын ауру жалмап кетеді. Бұл соққы оған қатты батады. Уайым-қайғы бұлты басынан айналып шықпайды. Жалғыз ұлы азамат болып қалса да,...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер Рақым деген шебер өткен. Ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген, өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. Рақым тіккен саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс белбеуді жұрт қадыр тұтқан. Рақымның таутеке...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған екен. Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың сүйек бі...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Кешегі үкіметтен зорлық, жаулық көрген аласапыран заманда Алтайдан ауып босқан ел қайда тыныштық, қайда бостандық бар деп, Мори, Баркөл, Гансуға ағылған. Осындай босқан елдің соңынан қуған үкімет әскері жазықсыз елді қырғындап, қазақ көшінің соңын мал мен адамның сүйегіне толтырады. Осындай астаң-кестеңде он бір жігіт...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның ішінде жылқышы Саймақ та бар екен. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып, олардың малын бағады. Бір күні қалмақтың ханы үлкен той жасап, елдегі барлық өнерпаздарды жинайды...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Өткен ғасырда арғы бет керейдегі төрт тайжының бірі – Жайырдың асы болып, асқа сауыр Сайқан, Қаба, Алтайдан, бұл жағы Еренқабырға, Боғдадан адам шақырылады. Аты жер жарған асқа игі жақсылар, өз елінің небір өнер иесі болған әнші-күйшілерін, атан жілік арыс азаматтарын алып келеді. Біріне-бірі жалғанып айтылып жатқан ән...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Аспантайда ұрпақ болмаған екен. Әулие-әмбиелердің басына қонып, ел аралап, Алла Тағаладан нәресте тілейді. «Ұрпақсыз қаламын ба?» деп қатты қиналады. Бір күні Аспантай биік төбеге барып түнейді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Алла Тағала ниетіңізді қабыл етті, көп ұзамай нәрестелі боласыз, атағы жер тарапқа тарайды», – де...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып алып: – Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа ұстауды қоясың, – дейді. – Мақұл, – дейді күйші. – Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан