Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүргенде, қасқыр жүгіріп келіп: – Күшік, мен сені жеймін! – дейді. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – дейді. – Жарайды, жарайды, менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап айтты: – Маған қа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1894
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: О.Әлжанов
ATU 117
ATU 47D
Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әк...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1921
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 2493
Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. –...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1960
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Н. Төреқұлов
ATU 230
Тазы елікті қуып келеді. Елік тазыға: «Әуре болма, сен маған ешқашан жете алмайсың», – дейді. – Неге? – Мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келем. Сен мені өз иеңе жағыну үшін қуып келесің, – дейді елік.
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бір Шайқожа деген адамның Майтабан атты бір үлкен қара төбеті өзі сақ болса керек. Сол Шайқожаның үйіне біреу жақындаса, оны келіп абалайды. Жақын келген ешкім жоқ болса, қара жолға барып, тап жолдың қасына жатады. Бір күні сол Майтабан сол жолда жатса, Ерқожа деген адамның Майлыаяқ атты бір көк төбет иті сол Майтабанн...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Я.П.Гордиенко
Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлігі сай бір бай болыпты. Ол байдың өз иттерін Төрткөз, Мойнақ қойғандықтарын түсіндіріп өтпекшімін. Төрткөз қойғанының себебі – басқа денесі қап-қара болып, жалғыз-ақ екі көзінің үстінде көзінің көлеміндей екі сарғышы болған. Шақырған уақытта құйрығын бұл...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1923
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Султанбек Сүлейменов
Құстың тым құрдым сиықсызы – сайтан торғай, салтанатты да сәндісісамұрық. Сайтан торғай бір жолы шөптің түбіне жұмыртқалайды. Сол маңда бір тастышқанның іні бар екен. Ол өзі жоқта сайтан торғайдың жұмыртқасын жеп кетеді. Оның үш жұмыртқасы бар екен, сөйтіп оның екеуін тастышқан жейді. Сайтан торғай осы жайлы самұрыққа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1963
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
Бір таудың басында бір топ ағаш бар екен. Сол ағаштың басына бір торғай ұя салыпты да, бір тышқан оның түбінен ін қазыпты. Бір күні тышқан мен торғай шармаяқтасып қалады. – Торғай, сен, ылғи менің інімнің аузына саңғисың да, інімдегі жиған-терген дәнімді бұлғап болдың! – дейді тышқан. – Тышқан, сен ағашымның түбін кеул...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1963
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
Құстардың патшасы Қыранның жыл сайын көктем кезінде өз бұқарасына арнап салтанатты той өткізетін әдеті екен. Барлық құстарды тағы да көктемде өтетін той салтанатына шақыртады. Құс атаулы түгел белгіленген уақытта топ-тобымен патшаның ордасына қарай шұбырыпты. Орда қызметкерлері патшаның нұсқауы бойынша құстарды рет-рет...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU 235
ATU СУС244
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті. Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Өткен заманда бір саятшы тор құрып қойса, торына бір кішкене торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп: – Мен кішкене торғаймын, апарғанда союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсамен өлемін. Онан да мені еркіме қоя бер, мені еркін кең дүниеге жібер. Мен сізге екі ауыз өсиет айт...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә. Мұратов
Ертеде бір шудалы торғай бар екен. Ол торғай келеді де бір ешкіге айтады: «Ешкі, ешкі, мына тобылғының бүршігін неге жемейсің», – дейді. Ешкі айтады: «Ой, тәйірі, қойшы, өзім көк шөп жеп тойып тұрсам». «Тұра тұр сені қасқырға айтып сорыңды қайнатайын», – деді торғай. Бір қасқырға келді, айтты: «Мына жерде бір ешкі тұр,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1920
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 2022
Өзен жағасындағы тастақта бір қоян көп шөмшек теріп әкеліп отты маздата жағып, оған енді жылынайын дей бергенде, өзеннің жоғарғы жағынан аяғын сүйрете басып келе жатқан көкжал қасқырды көріпті. Оның өткен жолы сұр көжекті жеген қанды ауыз екенін де жазбай таныпты. Сонан ол өзінше сақтық етіп, онан құтылудың амалын да т...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1963
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
Ертеде бір қоян мен бір арыстан іргелес жақын тұрыпты. Олар көрші отырса да, бір арыстан астамшылық істеп, қоянды өз бойына тоғытпай, әмсе әлімжеттік жасап, оны шырқыратып жүреді екен. Қоян оның қорлығына шыдамай, одан өшін алудың қазанын асыпты. Ол бір күні арыстанға: – Ей, аға! Құдды өзіңіз сияқты бір хайуанға кез бо...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
ATU 1168
ATU 1336
ATU 1383
ATU 92
Бір аш қасқыр ну орманды тіміскілеп жүріп, аңшының қазған орына байқамай түсіп кетіпті. Ол қанша арып талса да, ордан шыға алмай бар даусымен: – Құтқарыңдар! Құтқарыңдар! – деп айқай салады. Осы кезде, дес бергенде, бұл араға бір ешкі келе қалыпты. Оны көрген қасқыр: – Мені құтқара көр қайырымды ешкі, мен өлсем бір сәр...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1963
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
ATU 155
Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен, алыс бір теңіздің жағасында, біз жақ бетінде емес, арғы жағында бір қоянның көжегі өмір сүреді екен. Сол көжектің бір сылдырмағы бар екен. Сылдырмағын сылдырлатып ойнауды аса ұнатады екен. Күндердің бірінде сол көжек тамақтану үшін кең далаға, майсалы жайылымға шығыпты. Көңілі...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Саттаров пен Жолдасбек Бұғыбаев
Баяғы заманда көп аң бір қалың орманды мекен еткен екен. Терістіктегі ащы көлдің суын ішуге аңсары ауған бір лақ теке мен бір тоқты қошқар сол жаққа бара жатып бір кәрі қасқырға кез болыпты. Көптен бері аузы қызылға тимеген қасқыр лақ текемен тоқты қошқарды көргенде: – Ашыққан шағымда келе қалғандарың мұндай жақсы көрі...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
ATU 126
ATU 78
Бір қоянның жалғыз көжегі бар екен. Сужүрек, қорқақ болыпты. Сондықтан енесі сыртқа шыққан кезде есікті жауып, бекітіп жүреді екен. Жатағында жалғыз қалған көжек бір бұрышқа тығылып, қорыққаннан қалшылдап отыратын әдеті болыпты. Бір күні енесі ұзақ кешіккен соң, көжек қарны ашып, сыртқа шығады да, тоғайға қарай бет ала...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
ATU 183
Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып: – Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: – Ыстық...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бір қоян өте айлакер екен. Байқаусызда өзін ұстап алған қасқырға да, түлкіге де айламен құтылып кетіп жүреді. Бір күні қалың бұталы сайды аралап келе жатады да, апанының аузында алқынып, шаршап отырған аюды көреді. Қалқиып қарсы алдына тұра қалады да, оны мазақтап, әндете бастайды – Әй, Қорбаңбай, Қорбаңбай, Күнің қара...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan