Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4282 Total records
174,823 Unique word forms (full index)
4003 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4282 records

Ерден күйі (ІІ нұсқа)

Ықыластың туған жері – Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. Ол ешкімнен, ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық ж...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ерден (I нұсқа)

Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен қырбай болып, қыр көрсету үшін алалы жылқысын ойсырата айдатып алады. Жылқышылар дереу із кесіп, ұрланған жылқылардың Бағаналы еліне тірелгенін анықтайды. Кешікпей-ақ, Ерубай би бастаған Байзақ қажы, Берден, Иманмырза, Есеншора батыр, Барлыбай, Тіленші, Құлтас қата...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жезкиік

Көктемнің шуақты күндері бел алып, Арқаның Бетпақдаламен жапсарындағы Ақтау, Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді таулары ерекше шұрайланған кез екен. Ел жазылып жайлауға шыққан, көңілдері көтеріңкі, мәре-сәре. Осындай бір табиғат пен адам қауышып, жайлаудың қызық күндері басталған шақта дәулескер күйші Сайдалы Сары То...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жалғыз аяқ

Бағаналы Сандыбайдың Ерденінің баласы қайтыс болғанда Ықылас өзінің «Ерден» деп аталып кеткен жұбату күйін тартқан. Сол жолы Ықыластың арқалы өнеріне тәнті болған Ерден Тамалардың барымталанған жылқысының қайтарылуына себепші болған ғой. Оған қоса Ықыластың алғаш рет алыс-жақындағы бас көтерер білікті адамдарға танымал...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Бозторғай

Бір жылы ел жазылып жайлауға шығып, төрт түлік мал Арқаның апай төсіне тұяқ іліктірген кезде Түсіпбектің үйіне әдеттегідей Әупік пен Нақып бастаған Дәулеттің ағайындары келеді. Қадірлі қонақтарына Түсіпбектің үй іші жайылып жастық, иіліп төсек болып, жандары қалмай күтеді. Түсіпбек қобызын сирек ұстайтын адам екен. Бір...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Айрауық

Ықыластың бұл күйіне де өткен заман оқиғасы арқау болған. Ертеректе Ақшахан деген хан болған екен. Айналада анталаған жауы көп, ат үстінде күн кешер жортуылы мол заман болса керек. Күндердің бір күнінде ел тағдыры сынға түскен, ердің басы бәйгіге тігілген ұлы сүргін, жаугершілік болыпты. Сонда жауды жеңіп, жалауы желбі...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жалды қара

Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы былай болыпты: Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де малы өліп, жалғыз қара айғыры ғ...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Үш ананың айтысы (ІІ нұсқа)

Әйгілі күйші Есбай Балұстаұлы (1842-1910) тартқан «Үш ананың айтысы» атты тармақты күйдің аңызын толық қалпында келтіре кетудің артықтығы жоқ. «Кіші жүзге аты мәлім Қаналы деген төре 1903 жылы сарыала күзге қарай әкесіне ас береді. Шежіре сөздің қисыны бойынша, Кіші жүздің он екі ата Байұлы, алты ата Әлім, жеті ата Жет...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Үш атаның тартысы (І нұсқа)

Кіші жүздің төресі Қаналы үлкен бір мәжіліс ұйымдастырып, оған дүйім жұртты шақырады. Мәжіліс үстінде көптеген ойындар көрсетіледі, өнер сайысы болады. Ақырында күй тартысы басталады. Тартысқа үш кісі түседі. Олар: Байұлынан – Есбай, Әлімнен – Тоғызбай, Жетірудан – Науша қыз екен. Бірінші кезек Науша қызға тиеді. Науша...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Айда бұлбұл, сайра бұлбұл

Ел әңгімесіне қарағанда Есбай бұл күйді бозбала шағында домбырамен алғаш әуей болған кезінде шығарған екен. Жетімдіктің тақсыретін ерте көрген, сынық көңіл бала жігіт оңашаға барып зираттардың арасында отырып күй тартатын әдет шығарады. Бірде, күй тартып отырған кезінде төбесіне бір жалғыз бұлбұл құс келіп, үйіріліп тұ...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Төрт қарға

Шу өзенінің бас жағын мекендейтін Ұлы жүзден шыққан орта шаруасы бар бір адам мұқтажсыз өмір сүріпті. Ақкөңіл, қолы ашық болғандықтан ауылдастары оны «Жомарт» атап кетіпті. Бірақ баласы болмай, соған қатты ренжиді екен. Жасы елуге аяқ басқан соң мұрагерлерден де үміт үзіп, Құдай салғанды көріп, жата береді. Жұбайы да қ...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жекпе-жек

Мүйізді Өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозында алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады. Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жорға аю (ІІІ нұсқа)

Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармайды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жазып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді. Осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны жерге көміп жатады. Бір ке...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ақсақ құла (ІІ нұсқа)

Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болғанда, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішінде Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді. Қарабас балалары әкесінің а...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Сансызбай

Сарымалайдың сыбызғышылық өнері ауыл арасына ғана емес, төңірегіндегі Орда, Орынбор сияқты қалаларға да кеңінен мәлім болған. Мұндай орындарда Сарымалай қолдан қолға тимей, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленеді екен. Тіптен сыбызғышының асыл өнеріне тәнті болғандар астына ат мінгізіп, үстіне киіт кигізіп, зор құрмет кө...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Төрт толғау (ІI нұсқа)

Бір жылы Тоқа мал жайылатын құнарлы жер іздеп, Иманақ тауының етегендегі Исен дейтін шұрайлы жерге барыпты. Сол жерден ауылдың қонатын орнын белгілеп, жанындағы жігіттерге құдық қаздырып, оларға: «Елді көшіріп келіңдер, біз осында күтеміз», – деп, жанында жеті жасар баласы бар Тоқа әлгі жерде қалып қояды. Тоқа атының е...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Төрт толғау (І нұсқа)

Тоқаның қартайған шағында ел-жұртқа қадірлі болып танылған Жалмағамбет дейтін үлкен ұлы қырық алты жасында дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде Жалмағамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бұған Тоқаң қатты күйініп, ұлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Саржайлау

Тоқаның «Саржайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел ішінде екі-үш түрлі әңгіме айтылады. Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланысты айтылатын әңгіме. Алатаудың қазақ-қырғыз болып тең жайлаған апайтөс алқымында Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп, оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Арқаның Ақтау дуа...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ой толқыны

Өз кезінде Қайрақбай орта жүздің бір жиынына барғанда, рулар арасындағы алауыздықтың салдарынан билердің басы қосылмауға айналыпты. Бұл жағдайды білген Қайракең көпшілікке ой тастау үшін табанда бір күй тартыпты. Осы күйдің әсерімен съез сәтті ашылған екен. Үлкендер: «бәрімізге ой салған Қайрақбайдың осы күйі болды. Бұ...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Бұтабайға арналған кеңес

Қайрақбай заманында Бұтабай деген кісі аға сұлтандыққа сайланыпты. Бірақ Бұтабай ағайынның қадірін, алаштың құрметін ұмыта бастаған кезінде, ауыл ақсақалдарымен бірге Қайрақбай да барып «құтты болсын» айтып, елдің береке- бірлігін, тілегін ұмытпауды түйін етіп, бір кеңес күйін тартқан екен. Қазірге дейін Тарбағатай өңі...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан
Previous Page 34 of 215 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment