Жасы жағынан Ескелді би үлкен, Балпық би кіші екен де, Дарабоз-ана олардың екеуінен де үлкен болса керек (төркіні – Күшік, түскен жері – Андастың ішіндегі Кенжеке). Бұрындар келін ата-анасының үйінен мініп келген атына ауыл балаларының бірін отырғызатын дәстүр болыпты. Дарабоз-ана келін боп түскен кезінде алдынан шыққа...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бірде үш әулие: Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі қырда келе жатады. Жол үстінде Балпекең атынан түсіп, дәрет сындырып тұрса, атының шылбыры қолынан шығып кетеді. Мәжбүрлігін тындырған соң атына ұмтылса, ат тоқтамай бара жатқан Қабылиса мен Ескелдінің соңына ілесіп, желе-жорта береді. Бірнеше рет ұмтылғанымен Бапекең аты...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ұлы жүз Үйсіннің бір баласы – Дулат. Дулаттан Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс туады. Қазіргі Шымыр ауылында (Талдықорған ауданы) сол шымырлардың қаздырған тоғандарының орны бар. Соның басынан көмей арық шығарамыз деп Ескелді сынық қазан көмдіріп қойған екен. Сол маңға шымырдың бір биі де белгі қойыпты. Екеуі таласады. Билі...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына: «Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, Ұлы жүз жалайырының Ескелді атты азаматы бар. Со...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Тағы бір аңыз былай дейді. Сыр бойынан көшіп келген ел Қаратал өзенінің бойына қоныстанған соң, егіншілікпен айналысуды да ойлайды. Мұны да бірінші болып қолға алған Ескелді би болады. Ол арықты қай жерден және қалай қазудың бәрін көрсетіп отырса керек. Бірде бүгінгі Талдықорған ауданының территориясында орналасқан су...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ал мына бір оқиға Төле бидің әбден қартайған шағында болған екен деседі. Қалмақтың Ақшыр деген әрі ханы, әрі батыры «Төле бидің Мәмила деген қызын берсе, қолынан, бермесе, жолынан аламын» деп ауыл маңына ақ шатырын тігіп жатып алыпты. Балпық келіп Төле бимен ақылдаспақ болған екен, «Тұра тұр, Ескелді де келіп қалар, ақ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Төле бидің туған жиені Ескелді он алты-он сегіз жасар шамасында осы нағашысының ауылына барады. Сол кезде «Сабалақ» аталып кеткен балаң жігіттің түйе бағып жүрген кезі екен. Бәрі бас қосып отырған бір сәтте сол Сабалақ Төле биге қарап: – Ұлы би, менің де қалмаққа қарсы аттанатын кезім жеткен сияқты. Маған батаңызды бер...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні 1750 жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ескелдінің аш қалған мысығы етті ұрлап жегені үшін қалмақтың бір батыры өз баласына: «меңсіз ақ мысықты алысқа апарып таста» дейді. Бала бір жерге апарып көзі байлаулы мысықты жерге тастай бергенде, ақ мысық бала мі...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып, «жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда, бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала алмай көп шайқасып, ақырында қалмақ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Алдына жүгініп келген адамдарға Жанғабыл би ұдайы ағыл-тегіл сөз түйдектерін төгеді екен. Сонда 11-12 жастағы Ескелді бала: – Ата, бұл өз тақпағыңыз ба? – деп сұрапты. Қарт: – Әй, балам-ай, бұл – атадан балаға мұра боп келе жатқан сөз. Халық дана ғой, зер салып қарасаң, тірлік-тіршілік атаулы ның бәрін – болмыс-бітімін...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қаракесек Келдібек жігіт күнінде (қыз таңдап) түсінде. ата-бабаларының аян бергеніндей қызды кездестіре алмай, үйленбей көп жүріп қалады. Күндердің бір күнінде бір жерде үлкен жиын-той болыпты. Сол тойға жиылған көп сұлулардың ішінен аяғын сылтып басатын, көзі кәдімгіден қиғаштау бір қызға көзі түседі де, оны ұнатып қа...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1996
Region: Қазақстан
Едіге – Арғын тайпасының Сүйіндік атасынан шыққан атақты би-шешен. Фольклоршы Машһұр Жүсіп Көпейұлының жазуына қарағанда Едіге тіптен 10-12 жасынан билікке араласқан есті бала бопты. Бұған ол мынадай бір аңызды тілге тиек етеді: «Қазақ даласына қалмақтар баса-көктеп жайлаған кезде қалмақтың бір ханы: «Арқадағы қазақтың...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Есенкелді Құдайназарұлы – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Бәйдібек бабаның үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ анадан Жарықшақ деген ұл, Күнбибі (Қызай), Ақбибі, (Мұрын), және Сыбан деген қыздар туады. Жарықшақтан Албан, С...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
ХVІІІ ғасырда Жайықтың шығысын мекендеген бай Есенкелді – байлықтың заңғар биігіне жеткен, нағыз аңыз сипатқа айналған адам. Жылқысында есеп жоқ. Есенкелдінің үш әйелінен өрбіген ұрпақтан алғыр да, өтімдісі кіші ұлы Төребай болыпты. Орысша хат таныған. Петербурге дейін сапар шеккен. Жыл сайын әйел патшаға екі жүз жорға...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1984
Region: Қазақстан
Досай би жоңғар, қалмақ басқыншылығының аз-ақ алдында үйлі-жайлы, балалы-баранды болған, орта жасында ел билігіне араласқан. Сырттан қара дауылдай қаптап келе жатқан жайдың дүмпуін есте бастаған елі-жұрты одан және оның батыр інісі Қосайдан ел билігін қолға алып, жаудан аман сақтап қалуды сұранады. Бір тайпа елдің бұл...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір сапар қасымда інім Қарпыш бар. 1956 жылы Жосалыға бара қалдық. Машинадан түсе қалып, сөйлесіп тұрған бір үш әйелге келіп: – Тәуірсіздер ме? – деп амандасып едім. Үшеудің ішіндегі бір жастау әйел: – «Тәуірсіздер ме» деп ауру адамға айтушы еді, осы Қаракесектің амандасуы да бір форым екен! – деп тиісе кетті. – Тәуірс...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1963
Region: Қазақстан
Collector: Б.Адамбаев
Құдай рахмет қылсын! Жаңабатыр би картайған күнінде, ел қыстау-қыстауында отырған мезгілінде түйелерін қайырып, жинастырып жүрсе, бір бес атты кісі бірін-бірі қуысып, сабаласып, олай-бұлай ұйтқып шауып жүргенін: «Ел арасында жау жүре ме, ойнап жүрген бозбалалар ғой», – деп, жайымен түйесін жинастырып жүре береді. Манағ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Ж.Көпеев
Бұхар барып жолаушы жүрген күнінде екі жақ болып төбелесіп жатқандарға кез болып: – Мынаны айырайық, арашалайық, – десе, жанындағы жолдастары: – Өзіміз жолаушы жүріп, айдаладағы біреудің бізге өлген-тірілгені не керек? – депті. Сонда аз жағы: «Кім де болса, Жаңабатырды танып айырады ғой, арашалайды ғой» – деп дәмелі бо...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: М.Ж.Көпеев
Тілеуімбет Наурыздың Наурызының тарауы: Шобалай, Шобай, Ақай, Төкей, Ерсімбек (Ырсымбек), Мамек. Шобалайдан: Жаңабатыр, Өміртай. Айдаболда – Төлебай, Күлікте – Шобалай, Орманшыда – Қарабай, Қаржаста – Мырзағұл төрт босаға болған, жұрт аузына ілінерлік, ел ұстарлық кісілер осылардан шыққан. Абылай ханның Үш жүздің балас...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бұхар ханы Абылай ханға айтты: – Маған қызын жіберсін! Қырық биі мен қызын жібереді: алты қанат ақ үй менен, он нарға жүк артып. Бұхар ханы қырық биден сұрады: – Абылай тегі асыл ма, менің тегім асыл ма? Қырық би айтты: – Сіздің тегіңіз асыл, сіздің жеріңіз асыл, ише өзіңіз асыл. Сіздің жеріңізде етікпенен намаз оқуға...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: М.Ж. Көпеев