Күлік баласы Тілеуімбет, мұнан туған – Күнту, мұнан туған – Жанайдар. Бұл Жанайдар – Абылай хан заманында жас бала. Жұрт аузында «Жақсы Жанайдар» атанған. Сол заманадағы Инжарай Шәріп [Бұхар – Е.Қ. еск.] ханы Арқадағы Абылай ханға елші жіберген: – Май қатығын тауып берсін, – деп. Сонда Абылай хан Күлік Жәнке батыр биге...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Байдалы көп жасап қартайып, көз жанары кеміп жүруден қалған кезінде Қарқаралыға билік айтып жүрген Мерке деген адам болады. Көпті көрген, атағы шыққан, ескі адам деп естіп Байдалы сәлем айтып, оған бір кісі жібереді. Сәлемінде: «Аты аталған адамды білерлік кісі деп естимін. Мен төрт түрлі дертке ұшырап қалдым, бұған ем...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Досбол Кіші жүз Ахмет ханға бас би болып тұрған дәуірінде Бағаналы елінде Бөрібас деген бай болады. Үш мың қара қасқа жылқысы болады. Сол жылқының нақ жартысы жорға болады. Соның ішінде бір қара қасқа жорға өте жақсы жорға болып, жорғасымен қасқыр, түлкі соғады. Бөрібас бай сол жорғасын өте құрметтеп ұстап, күндіз-түні...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Досбол би жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Әкесі кедей болады. Мініп жүретін бір жақсы аты қалады, басқа малы шамалы болу керек. Ат біреу болса да мінер адам болмай, ат екі жыл жылқыда жүреді. Досбол тоғыз жасқа келеді. Елдің ақсақалдары Досболға: «Сенің осы әкеңнен қалған атың жүйрік еді, сен ұстатып алып, осы б...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1939
Region: Қазақстан
Collector: С.Шәріпов
Орта жүзден шыққан ұруы қыпшақ Доспол датқаның жігіт кезінде ақылын сынап, әйел аламын деп қыз таңдап ел аралап жүргенде жолда бір шалға кездесіп, жолдас болып біраз жүргеннен кейін Доспол шалға: – Үлкен болып осы жолды сіз арқалайсың ба, кіші болып мен арқалаймын ба? – деген. – Шырағым, бұл қалай сөз, қара жерді қалай...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: А.Құлжанов
Бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншылары бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқындап әкетеді. Арада бірнеше күн жол жүріп өздерінің мекеніне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспірім Қарабасты басқа да олжамен бірге қонтайшыға әкеледі. Қонтайшы Қарабасты бір қалмақ шонжары...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Райымбек батыр бала кезінен аң аулауға, саят құруға әуес болып өскен кісі екен. Күзде және қыс күндері ауық-ауық Іле өзенінің бойындағы тоғайды аралап, аң мен құс аулайды. Сондай саят құрып жүрген кездерінде кейде шөбі қалың тоғай ішін қыстап қалған абыз атасы Әлмеректің ауылына әдейілеп барып түсіп сәлем береді. Ұзақ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Алқам-салқам әрекеттерінің салдарынан бірсыпыра жыл сансыраған қазақтар бірте-бірте ес жиып, жауға жойқын қарсылық көрсете бастайды. Қоқаңдаған басқыншы жауды ауыздықтауға шамасы бар екеніне сенеді. Ал Қабанбай батыр бастаған қалың қолдың Аңырақай шайқасында ойсырата жеңуі дұшпанды есінен тандырады. Қалмақтар бұдан әрі...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Елінің іргесіне жаудың табанын тигізбеген, халқының абыройын асырған айбарлы Сырымбет батыр тоқсан үш жастан асып барып дүние салыпты. Сонда да батырдың азалы қайғысына күллі ел күңіренеді. Бұл тұста бет-беделі мығымдалған, абыройы асқақ, ауызы дуалы қариялардың данасы саналатын, абыз атанған Әлмерек бидің де сексенге...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әлмерек батырдың жорыққа аттануды мүлде тоқтатып, ел ішіндегі тыныш тіршілік әрекеттерінің қалыптасуына біржола ден қоюға ауысқан кезі екен. Күні-түні елдің қамын ойлайды. «Аз халық едік, азып кетпейік» деп, жөн сілтеп, ауыл-аймағынан ұзап алысқа шықпайды. Қатты-қайырымнан қалған қарт кісілер де Әлмеректі төңіректеп, қ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп оралады. Аттан түсіп, атын есіктің алдындағы мама ағашқа байлайды да, үйге қарай беттейді. Үйдің іші жап-жарық, лапылдап от жанып тұрады. Жәнібек батыр дыбысын шығармастан таяп келіп, жабықты ашады да, кере...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Көп жасаған, көпті көрген Әлмерек абыздың атақ-даңқын естіп, сол кісіге сәлемдесуге және ақыл-кеңесін тыңдауға құмартқан бір жігіт шалғай елден әдейі іздеп келеді де, абыздың үйіне түседі. Қонақты төрге шығарып, амандық-сәлемнен соң жөн сұрайды. – Ал, шырағым, жол болсын? – дейді абыз. – Ат басын тірер жерім – сіздің а...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бірде Әлмерек батыр алыс сапарға шығады. Ұзақ жол жүреді. Бір күні кештете қазақ салты бойынша алдынан кездескен ауылға атының басын бұрады да, еңселі ақ боз үйдің алдына барып тоқтайды. Құдайы қонақты көрген бір жігіт жолаушының атын ұстап, мама ағашқа байлайды да, есік ашып үйге кіргізеді. Үй иесі қонақпен амандасып,...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ел жайлаудан қайтып, ойға беттеген мезгілі екен. Солайша Ұлытауды жазық даламен жалғастыратын сары адырлар күзек. Таудың етегі кілт түрілетін осы тұстан басталатын жалпақ далаға ел малын қаптатып жіберген. Қора-қора қойларды жайып жүрген қойшылардың қостары дала төсінен андыздап көрінеді. Ал салтанатты ақ боз үйлер шоғ...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
«Әлмерек батырдың әйелі босанып, ұл тауыпты» деген қуанышты хабарды естіген Сырымбет батыр серігінің сергігеніне шаттанып, балаша ебелектейді. – Көңілі жарым боп, шердің шелі торлап жүрген мұнды ер еді, мына мерейіне ортақтасып, құтты болсын айтайын, – деп, ауылынан ізгі ниетпен аттанады. Қарт батыр суыт жүріспен абыр-...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бәйменнің шаршы топта Сапақ сияқты төбе биді көптің алдында сөгіпті деген сөз бар. Оның мәнісі: Бәймен бір топ адамдарымен жолаушылап келе жатып алдынан атылған мылтықтың дауысын естіді. Тезірек жүріп келсе Сапақ ауылының бір мергені киікті атып алып отырады. Бәймендер келуіне мерген жігіт киікті бұлардың қанжығасына б...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Е.Құлпейісов
Бекболат би ұзақ жасады, әбден қартайды. Арғынның игі жақсылары жиналып, Бекеңе сәлемдесуге келді. Сонымен қабат ойларын айтты: «Орнына қай баласын лайықтайтынын өз аузынан естігілері келетінін білдірді. Бекеңнің бәйбішесінен екі ер баласы, тоқалынан бір ұл, бір қызы бар еді. Бәйбішесі жанында отыр». Сұраққа жауап бере...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: М.Мәжікеев
Қасым хан ақбоз атқа мінеді екен, айыр қалпақ киеді екен, жолдастары бәрі де бір ыңғай боздан мініп, ақ киім киіп бір бай ауылға келеді екен. Байдың аулына сауын айтып: «Бізге үй тіксін, сұлу қыз-келіншекті жинап қойсын», – деп, сонда келіп жатады екен. Бір мезгілде Қаракерей Қабанбай аулына келмекші болыпты. Сол ауылғ...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1963
Region: Қазақстан
Әуелi аузыма алдым бисмилланы, Алланың бар өлшеулi берген дәнi. Жамиғат, құлақ салып тыңдасаңыз, Сөйлейiн Пайғамбардан бисмилланы. Азырақ сөз сөйлейiн Пайғамбардан, Тақсырға сауап тiлер құлақ салған. Сахаба отыз үш мың, төрт шәрiден Болмай ма сөзiм құрбан аяп қалған. Алланың хақ Пайғамбар сүйген жары, Қасында отыз үш м...
Genre: Діни дастан
Region: Қазақстан
Collector: С.Қорабай
Сөз басы Әй, Досы, неге отырсың қалам тартпай, Бұ дүние өтер бастан шапқан аттай. Сүрiктi мезгiлдi күн жеткеннен соң, Аллаға тапсырарсың аманаттай. Барында дәуренiңнiң ойнап-күлiп, Хикаят сөз қалдыршы кәрi-жасқа-ай. Баласы, атым Досы, Тiлегеннiң, Бiрi едiм жастан талап iздегеннiң. Басыңнан бақыт құсы тайып кетсе, Болма...
Genre: Діни дастан
Region: Қазақстан