Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап кетеді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп әкеледі екен. Ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қанаты талып, бірде төмендеп,...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір торғай бір ағаштың басына ұя салып жұмырқаласа, әр жылы жылан жеп тоқтатпапты. Әбден запы болған торғай, жұмыртқасына өрмелеп келе жатқан торғайды көріп, қайтерін білмей шырылдаған екен. Мұны көрген күйші осы шырылдан «Шыңырау» атты осы күйді тудырыпты.
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Күз жетіп құстар қайтқанда Шыңырау деген торғай да қайтады. Ол жол ортада бір мұхитқа тап болып, шексіз мұхиттың үстінен ұшқанда, қанаты талып, судың бетіне шыққан қамыс бастарына, сал сияқты нәрселерге қонып дамылдапты. Мұхиттың ортасына жеткенде қонуға қамыс жоқ, ұша берейін десе дәрмені жоқ шырылдап тұрған екен. Бір...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде оңайға өткел бермейтін Көкжал деген өзеннің екі жағалауында Байбол, Тауасар деп аталатын екі ауыл болыпты. Байболдың кіші келіні Гүлбике енесіне ақыл салғаннан кейін, ауылдағы жылқышы баланы шақырып: – Сен, Тауасар ауылына бар, күйеу жігіт Әзілбек ұрын келіп кеткелі осы ауылдың есігін ашқан жоқ. Бала өзі келеді...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Зәулім құз жартасқа ұя салған қыран өзінен ұрпақ көрмей шерлі өтеді. Жылдағы тапқан жалғыз жұмыртқасын ордалы жылан жылда жарып тұқымын құртып кетеді. Бір жылы тағы да жұмыртқаға өрмелеп келе жатқан сұр шұбардың үстінен тап болған ызалы қандыкөз қыран өткір тұяқтарымен құлақ-шекеден қатты серпіп, зәулім құздан зындан ш...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде Қобда жерінде атақты жүйрік Құбақан кер ат бер дегені естіген байлар ұрыларын аттандырып, осы атты әкелуге жібергенмен кейбірі бос оралыпты, кейбірі ұсталып қалыпты. Ең ақыры бір ұры ұрлап әкелгенімен, Қобданың ұрылары қайта ұрлап әкетеді. Өстіп үш алдырып, үш алдыртқан соң, төртінші рет ұрылар аттың кірпігін жұ...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады. Содан соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп, соны алдырады. Егер күйші бозі...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі – «Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды. Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді. Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп тұрған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құтылып, аман-сау сол бұлдыр тауға...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен. Оның бір түнде екі биесі құлындап, бірінің енесін қасқыр жеп, құлыны қарағанның түбіне кіріп аман қалыпты. Енді біреуі құлынын емізіп тұрады. Содан бұл жетім құлынды тірі қалған биеге теліп, екі құлын бір биені еміп өседі. Ат сыншылары екі құлынды жақсы ат болады д...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бұрын Марқакөл жағасын мекен еткен, дәулеті асқан бір бай болыпты. Ол қайда жүйрік бар десе, кейде алдап, кейде зорлап алмай қоймайтын озбыр да екен. Күндердің бірінде бай «Салдаман деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете алмайды» деген ел дақпыртын естіп, қалай да осы атты қолына түсіруге аңсары ауыпты....
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Кезінде байлығы басынан асқан бір мұңғұл болыпты. Оның жүйрік желмаясы, ісімер бір қызы болыпты. Атқұмар мұңғұл байы сол өңірде Балжың дегенде бір жүйрік ат бар дегенді естиді. Осы атты қолыма түсірсем деп ойлаған бай, Балжыңды шақыртып алып, Желмая мен кер атты үш күндік жолға бәйгеге қосады. Бәйге келгенше әлгі қызын...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қазақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Келесі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың біреуінің ішінде бұзау кетк...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Байлардың жемқорлығын өткір тілімен шенеп, сыбызғыдағы күйімен әжуасықақ еткен сыбызғышыны елдің игі жақсылары бірігіп алып, көзін құртпақ болады. Оған тұс-тұсынан қысым жасап, тілін тигізіп, тікенегін қадайды. Ел ішін аралап сыбызғы тартып, әзіл-сықақ айтуды қойып, қаршадай қара күркесінде, бала-шағасының қасында, оты...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл адамдары бұл қарияны қадір тұтып, үнемі алдына барып аман- сәлем жасап, амандық сұрап тұрады екен. Бір жолы ауыл ағалары барып көңілін сұрап: – Ақсақал, хал-жайыңыз қалай? – дегенде, төсегінде жантайып жатқан ол басын көтеріп: – Е, қарғаларым-ай, Кәрілік келіп қал...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қосар атпен келіп белдеуге түскен жігітті даяшылар ықылас білдіріп ордаға бастайды. Ордада жатқан бай есіктен имене сәлем берген жас жігіттің бас-аяғына одырая көз салып: – Иә, кім боласың? Жол болғай, – дейді қырылдаған дауыспен. – Тақсыр алты алашқа Қарынбай атанған, тайлағы сансыз, тайы таңбасыз, қойы енсіз Бегеннің...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиылады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар- қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып, қымыз сел боп ағады. Аста б...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбішесі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал- екең алады», – дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы қой, алалы жылқысын қимаған қыз әк...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейнетін көріп бұйығы болып өседі. Өзі теңдес балалар қозы жайып, күрке тігіп, өзен бойлай жүгіріп көбелек қуып дегендей балалықтың базарының ортасында жүріп, өскенде тауда кемтар қыз оның біріне де ілесе алмай қапада өмір сүреді. Балалықтың базарына ілесе алмаудан басталған...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан