Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. Орнынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі екен. Қорқып, дірілдеп тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі: – Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел! – деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жібе...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысында бітімі бөлек бір айғыры бар екен. Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс- тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі байдың алдына құр оралыпты. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі жылқыға келіп, бай мен жылқышылард...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Мұңғұл мен қазақ арасының дау-шары бір кездері асқынып соғысқа айналыпты. Бұл соғысқа көк дөненін мініп, бала Жәнібек те шығады. Хан Абылай мұны көрсе де, бетінен қақпапты. Сұрапыл соғыс бастала сала-ақ, қарсы жақтың күші басым келіп, Абылай жақ ығысып қашқан екен. Қалың айғай-сүрен, у да шудың ішінде жүрген Жәнібек бі...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таң...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болыпты. Оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі де осы аты екен. Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр- думан болып жатыпты. Олардың тұсынан әлгі адам боз атын жетектеп өтіп бара...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүрлі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбысын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен. Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің алысқа, жортуылға аттанып кеткенін...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ лағын да ит-құсқа бермепті. Өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де ексе емес екен. Мұның сыры күндіз-түні қасынан қалмайтын көк төбетінде екен. Көк төбет қасқырды қойып, аюға да айбарлы екен. Бұған дән риза болған қойшы, кезеңде отырып, «Көк төбет» деген сыбызғы күйін ш...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде ешбір туыс-туғаны жоқ бір жалқы жігіт болған екен. Жалғыздық мұңын ешкімге айта алмағандықтан домбыра мен сыбызғыны ермек етіп, ішкі дертін шығарады екен. Ол шерткен күйлерінде ылғи бір зардың сарыны білініп тұратындықтан, ел де бара-бара көп тыңдайтын болыпты. Әйтсе де, олар мұңлы-зарлы күйдің нендей күйініштен...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір жылы Ертіс өзені өткел бермей Қара айғыр деген жерден ел тосылып, төрт түлік мал неше күн иіріліп күйісі кетеді. Ел ағалары бұлай ширыға бермей ел мен малды судың аржағына өткізуді ақылдасады да, адамды да, малды да қырқарлап өткізе бастайды. Осы арпалыста астында шолақ торы байталы бар бір жетім жігіт, елден қалма...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып, ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қалған екен. Жігіт аң аулап, қарындасы екеуі аңның терісін киіп, етін азық етіп күнелтіп жүріпті. Шіліңгір шілденің бір күнінде ыстықтамас үшін бөкен терісінен киген киімнің жүнін сыртына қаратып киіп алға...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып жүргенде, бір әйел жолығыпты: – Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен малыңды түгел қайтарып әкелем, – деген екен. Бай бұл талапты қабыл алыпты. Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның жа...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда Махмұд деген елден асқан әділетті патша болыпты. Оның Асан, Үсен, Хасан деген үш ұлы бар екен. Күндердің күнінде Махмұд түс көреді, түсінде ғажайып құс көреді. Әлгі құс жер мен көктің ортасы, көк перілер шаһарында, тордың ішінде тұрады. Соны қолына түсіруді армандап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылады. Тіп...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін – сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбарпы енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Сарбарпы – адамның құсқа айналған түрі екен дейді. Баяғыда елден асқан оқымысты адам болыпты. Көктің де, жердің де, судың да, оттың да, құстың да құпиясын біліпті. Бірақ адамзатқа ешбір пайда келтірмепті. Сондықтан Алла тағала оны құсқа айналдырып жіберіпті.
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жақындаса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні естіледі. Жақын келіп үйге кірсе, бесікті құшақтаған күйі бір әйел өліп жатыр екен. Анасын жерлеп болғанша бесіктегі бала шырылдап жылауын қоймайды. Сонда күйші-батыр айд...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін: Қамауда жатып хал болмас, Қасыңа қалың ел қонбас, – деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені кесіп өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапырашты Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жарған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалм...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда кемпір мен шал мал бағыпты. Тоғыз ұлы бірінен соң бірі ес біле бастағанда шетіней береді екен. Оныншы ұлы дүниеге келгенде, шілдехананың үстіне құдайы қонақ келіп қоныпты. Қонақ кетерінде: – Сіздің балаларыңыздың иесі алып қара құс. Сол иесіне жетпей, тіл-көзден өледі екен. Бұл ауылдан жыраққа кетіңдер. Ұлыңыз...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қалмақтардың ауылын шауып, малын тартып алып, жылқыларын айдап келе жатқан батырдың алдынан біреу шығып: – Уа, батыр, осынша жылқыны өзің бағасың ба, балаңа бақтырасың ба? – деп сұрапты. Сонда батырдың баласының жоқтығы есіне түсіп, күйініп тартқаны дейді.
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз тауып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол ауылда жалғыз жетім бала бар екен: – Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, – деп Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп келсе, тө...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек хан Жиреншеге: – Әкесі өлген қалай болады? – дейді. – Әкесі өлгені – асқар тауы құлағаны, – депті. – Шешесі өлген қалай болады? – Сарқылмас бұлағының суалғаны. – Ағасы өлген қалай болады? – Оң қанаты қайырылғаны. – Інісі өлген қалай болады? – Сол қанаты қайырылғаны. – А...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан