Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4287 Total records
174,882 Unique word forms (full index)
3997 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4287 records

Сал күрең

Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста бүкіл сыншылар барлық тұлпарды сыннан өткізе келіп, күрең аттың қасына тоқтайды: – Қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, үңгір сағақ, қуыс қолтық, құлан жал, бәйгені өзге алмас, сен аларсың, күрең сал, – деп бағал...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Мұңлық – Зарлық

Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдірш...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Сұр теке

Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп шығады. Баласына: – Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң болса бері айда, – дейді. Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жатқанда, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Ж...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жаңылтпаш сайқал (бәдік күй)

Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады. Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт: – Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны қайталасаң, жеңесің, – деп күй тартады. Тартқанда саусағымен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсе...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жеті атан – Ерке атан

...Бір бай болыпты. Ол кедейленеді. Күндердің күнінде өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп жетелеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алдына шығып: – Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба? – дейді. – Сатам, – дейді жігіт. Сөйтіп,...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Бұлғын – Сусар

Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы тілдесіп, сөйлесе береді екен. Оны «аңның тілін білген, құстың үнін түсінген» деп жұрт аса ардақтайтын көрінеді. Бірде әлгі күйші тоғай аралайды. Бір-бірімен таласып жатқан бұлғын мен сусар мұны көре сала тұра қашыпты. Жігіт сонда домбырасын ала салып күй шертіпті. Әл...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жетім қыз (ІІ нұсқа)

Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз салады екен. Сонда қыз: – Мен – әке-шешесі жоқ жетім қызбын, – деп қана жауап береді екен. Мына сөзді естігендер: «Ой, жетім екен ғой!» – деп ынтықтық райынан айнып, қайтып кете береді екен. Сондағы қызд...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жетім қыз (І нұсқа)

Ертеде бір өзеннің жағасында жетім қыз бен бала болыпты. Ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар бұларға келіп қайықпен ойнап серуендейді екен. Бір күні қыз таудан жүзім жинауға кеткенде үйде қалған бала апасының жоғын пайдаланып қайыққа мініп жүзеді. Бірақ ол қайықты есе білмейтін. Ойламаған жерден қатты...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Шал бүркіт

Ертеде бір қазақтың жанында жақсы көретін, қасқыр мен түлкіге найзағайдай түсетін аңшы бүркіті болыпты. Ол көп жыл өмір сүріп, ақырында қартайып аңшылыққа жарамайды. Оның қанат жүні сиреп, құйрығының қауырсындары түсіп, ұша алмай, ұшса қайтып жерге қона алмай қатты қиыншылық көреді. Бір күні аспанда өте жоғары самғап ұ...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Қоңыр бұқа

Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол сиырлардың арасында көк бұқа болады. Сол көк бұқа жанына ешкімді жолатпайтын сүзеген болады. Сондықтан да ішінде осы бұқа жүрген бір қора сиыр бойлай басқа малдардан бөлек жайылады екен. Бір күні жем іздеп ашық...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Аққудың зары

Ертеде бір сұлу қыз бен күйші жігіт бір-біріне ғашық болыпты. Күндердің күнінде жігіт алыс сапарға аттанады. Аман- есен оралып, қыздың ауылына келсе, ол осыдан сәл бұрын қайтыс болған екен. Ел-жұрты сүйегін ауыл шетіндегі көлдің қасындағы төбенің басына жерлейді. Жігіт сол жерге барып, домбырасымен қалыңдығын жоқтап, к...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Аққу (ІІ нұсқа)

Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан, әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса, сол Қап тауынан әрі асады екен...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Аққу (І нұсқа)

Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. Оның бар байлығы – жетім сәбилер – немере ұлы мен немере қызы болыпты. Оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған. Кемпір көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын пісіріп болмашы ғана еңбек ақысын алып отырған. Немерелері де байдың жұмысын істейді: бала қо...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Аққабынның толқыны (ІІ нұсқа)

«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма атты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сыбызғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Марқакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Аққабынның толқыны (І нұсқа)

Керей руынан шыққан Мұса деген бір кісі қызын күйеуге ұзатарда қалың малына қосып, «мінгізгенім» деп Бурылат деген атын да береді. Жыл өткен соң Мұса қызын көріп қайтайын деп жекжатының аулына келе жатқан екен дейді. Ауылдың қарасын көрген соң, қолына сыбызғысын алып, «Аққабынның толқыны» деген күйді тартқан екен. Дәм-...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Нар идірген (ІV нұсқа)

Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз түйесі болыпты. Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өліпті. Ботасыз қалған жануар иімей, желіні сыздап, күңірене боздайды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Қарт жалғыз қызымен ақылдасады. Сонда қызы әкесіне: – Сіз елге хабар салыңыз? Кімде-кім осы маяны иітс...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Нар идірген (ІІІ нұсқа)

Ертеде бір кемпір-шал қызымен елден безіп, аң жортпас, құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. Олардың күнкөрісі жалғыз нары екен. Жылдарда бір жыл қуаңшылық жүріп, даланың шөбі қурағандықтан, бір үйлі ғаріптің, бетіне қарап отырған нарының ботасы өліп, нар жүдеп-жадап, суалып кетіпті. Үркердей үш жанның тал...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Нар идірген (ІІ нұсқа

Баяғыда бір шал мен оның жалғыз қызы болыпты. Олардың күн көретіні де жалғыз нар екен: ішсе асы, мінсе көлігі. Күндердің күнінде сауып отырған түйесінің ботасы өліп қап, қызы мен әкесі ас-сусыз қалады. Үйлерінде үнем жоқ, аштан өлуге айналады, шал не істерін білмей қатты қапаланады. Ақылды қызы оны жұбатып: «Әке, қайғы...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Тепеңкөк (V нұсқа)

Ертеде бір ханның қойшысы бар екен. Сол қойшы ханның жалғыз баласымен бір жаққа барып келе жатса, өзеннің жағасында жылқының басы жатыр екен. Сонда қойшы: «Мені Толыбай сыншының баласы деп кім айтады, сені көкорақ тұлпар деп кім айтады?» – деп жылқының басын құшақтап жылайды. Осы уақиға жайын ханның баласы әкесіне айты...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Тепеңкөк (ІV нұсқа)

Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты. Өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен. Бірақ бір қасиеті – тері шықпаса, мүлдем шаба алмайды, ал жақсылап тері шықса, қандай жарыс болса да алдын бермейді. Аттың сыры иесіне мәлім демекші, сол елде үлкен ас болып, асқа жан-жақтан небір сәйгүліктер...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан
Previous Page 45 of 215 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment