Қара өлең үлгілері
Көзіңнен айналайын жайнап тұрған, Өлеңге бұлбұл құстай сайрап тұрған. Жігітке бұл жалғанда арман болмас, Бұралтып бір өзіңмен ойнап тұрған.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Көзіңнен айналайын жайнап тұрған, Өлеңге бұлбұл құстай сайрап тұрған. Жігітке бұл жалғанда арман болмас, Бұралтып бір өзіңмен ойнап тұрған.
Көзіңнен айналайын күлімдеген, Оғаштық тал бойыңнан білінбеген. Мінезің неткен жақсы майда қоңыр, Сыртыңнан көрген адам «күнім» деген.
Көзіңнен, айналайын, телміруі-ай, Суындай тас бастаудың мөлдірім-ай. Ішінде шаршы топтың жарқ-жұрқ еткен, Айшықты Алатаудай белгілім-ай.
Көзіңнен айналайын күліп тұрған, Жағдайды айтқызбай біліп тұрған. Тәңірге күндіз-түні айтам алғыс, Кезінде бір өзіңмен жолықтырған.
Көзіңнен айналайын күлімдеген, Тал бойынан ешбір мін білінбеген. Көңіліме ұялап көгершіндей. Жатсам көзім түн бойы ілінбеген.
Көзіңнен айналайын, қалқатайым, Келмейді сенсіз жерде менің жайым. Гүл жайнап көз алдымда сен тұрғанда, Басқаның күн мен айын не қылайын.
Көзіңнен айналайын, аймалайын, Қолыңа ақ сағаттай байланайын. Бергенде өзің көңіл, ей, қалқатай, Иіскеп ақ төсіңнен аймалайын.
Көзіңнен айналайын күлімдеген, Артыңнан басқан ізің білінбеген. Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып сенен, сәулем, жүрем деген.
Құрбым-ау, сен үйдесең, мен бүйдейін, Суына жүгерінің нан илейін. Кеткенде ауылың алыс, беу, қалқатай, Түйедей ботасы өлген зар илейін.
Құрбы сәні келмейді ойнап-күлмей, Қыздың сәні келмейді барша кимей. Алыстағы махаббат арман болар, Екі ғашық сырласып бірге жүрмей.
Қос құрбы біз дегенде әнге салғай, Аулыңа жете алмаймын жерің шалғай. Сағынып бір өзіңді жүргенімде, Болмаса әнге қосып есіңе алғай.
Ой, қалқа, қиғаш қасың қиылып тұр, Бетіңе нұрлы сәуле жиылып тұр. Гүл атқан қырмызыдай қызыл ерін, Сүюге қандай жанға бұйырып тұр.
Құрбым-ау, серттеселік, серттеселік, Сақтаса серттен Құдай ептеселік. Көңілің, сірә, бізде болса егер, Тасындай диірменнің беттеселік.
Қарағым, төмен қарап назданасың, Кім білсін қуаныштың азғанасын. Қосылса екі ғашық бір жерге егер, Жүректің бітірмей ме сан жарасын.
Қарағым, көркің сенің көктемдейін, Жетпесең уағдаңа, өкпелеймін. Осыдан қол ұстасып бір кетпесең, Жас жүрек жұбанбайды көпке дейін.
Қарағым, айналайын, қарадым-ай, Шашыңды қос бұрымдап тарадың-ай. Айырылып сенен, еркем, қалғаннан соң, Бурадай қаңтардағы жарадым-ай.
Қарағым, сен ар жақта, мен бер жақта, Ойнайды торы арғымақ тал шарбақта. Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің, Сенімен қосылсам деп жастық шақта.
Қарағым, айналайын, көзіңізден, Аузыңда мың ділдалық сөзіңізден. Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді, Садаға жиырма бес қыз өзіңізден.
Қарағым, айналайын, қасың керік, Мал болсаң алар едім бәсін беріп. Мен саған басыбайлы бол демеймін, Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.
Қарағым, айналайын, ұтымыңнан, Құмырсқа бел үзілген мықыныңнан. Бағаласам бағаңа жан жетпейді, Қандай жанның жаралдың тұқымынан.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment