Сегіз арыстың ағасы: Тәжіке (Тәзіке), Қосай, Құдайке балалары болған екен. Құдайкенің үй-орманы, мал-мүлкі мұз ойылып, суға кетіп қалады. Өзі ақтабан атпен жалғыз қалады да, Келімбердіге келіп жатып алады. Екі көзінен айрылып, қаріп болып қалады. Бір күндері Келімбердінің үйіне арып-ашқан түрікпеннің әйелі тап болыпты....
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Байболдың ішінде өскен ауылы – Есенғұл батыр ұрпақтары, бұлар «Бес Есенғұл» атанады. Есенғұл батырдың өзі кешегі қазақ-қалмақ жауласқанда, жаугершілік салдарынан жастық шағы алашабуыл аттың жалында өтіп, қырық жасқа келгенше үйленбепті дейді. Қырық жасында үйленіп, әуелгі туған бір-екі баласы өле беріпті. Содан ауылдың...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Елді қалмақ шапқаңда екі буаз әйел, бір жетім бала (Темір), бір бойдақ жігіт (Естай) жарға тығылып, жасырынып қалады. Естай Темір мен аяғы ауыр екі жеңгесін қалдырып, өзі Сыр бойыңдағы ағасы Қыдырқожаға келеді. Азық-түлік, күш-көлік, құрал-жабдық алып, жетім інісі мен екі жеңгесін елге әкеледі. Аман-есен келгендіктен,...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Байдың (Қыдырқожаның) Жәнби бәйбішесінен Қанбибі (Айсұлу, Баршабике, Бәше деп те атаған) деген жалғыз қызы болған. Бір жылы Орта Жүзден Елтай деген жігіт елінен қашып келіп Асанқожаға бала болып, Байға (Қыдырқожаға) іні болып паналайды да, Қанбибімен көңілі жақын болып, қыз екіқабат болып қалып, үйінде отырып ұл туыпты...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қосай ауылы жаз болса, Сырға қарай көшіп, қыс айларында Әмудің солтүстігін қыстап қайтып жүреді екен. Бір жылы көктемде Әмуден өтерде Қосайдың көші мал-мүлкімен, үш баласы, алты немересімен ұйыққа тап болған суға кетеді. Жасы алпысқа келіп қалса да қайраты қайтпаған Қосай жағаға жалғыз шығады. Сол кезде жапсар жатқан т...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Адай дүниеге келгеннен кейін әкесі Елтай жаугершілікте жау қолынан қаза болады. Жұбайы Елтайдың қайтыс болғанын естірткенде, Адайдың шешесі Қанбибі апамыздың жүрегі жарылып өліпті. Адай қас жетім қалады. Ал Таздың шешесі Моншақ емізулі екен дейді. Адайды бауырына басып, Тазбен қосып, екеуін өзінің сүтімен емізіп өсіред...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
...Бір жылы күзгі қатқақтың көш-қонында дарияның мұзы әлсіз болып, Қосай ауылы түгел дарияға кетеді. Қосайдың Әлдеке, Төлен, Сүйін деген үш баласы, Бердіғожа, Бегалы, Едіге, Ермек, Қаныш, Кеніш деген немерелері, әйелі мен келіндері, малшы-қосшылары тегіс осы апаттың құрбаны бола- ды. Дарияның арғы бетіне Қосай мен ауыл...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
...Айтумыс баһадүр 19 жасында қалмақпен соғыста қаза тапқанда, оның жары Асылай жүкті болып қалып, өмірге ұл бала келді. Жас батырдың артында қалған тұяғына ат қоймақ болған ағайын біраз ойласты. «Жастай қыршын кеткен Айтумыс баһадүрдің атына сай ұл болып өссін, дүние тұрғанша тұрып, ұрпақ жалғастырсын, «үш ылымды (үш...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жомарт батыр жаугершілікте көз жұмады. Ата-салт бойынша «жесір ерден кетсе де елден кетпек емес, аға өлсе – іні мұра», ел ақсақалдарының ұйғарымы бойынша қайнысы Алдасайға некеленді. Алдасай – өзіне бөлген еншілі малының жайына бас ауыртқаннан гөрі мергендік пен саятшылыққа құмар, мінезі шапшаң, еркіндеу жүріп-тұратын...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Хан елге хабар береді: «Қалмақпен соғысамыз, дайындалсын!». Хабар жетісімен Аталық жылқыдан өңкей қысырақты бөліп алып, нулы жерге айдап салып, сулы жерге саялатып бақтырады. Қыс бойы сойылған соғымның сүбесі мен қазысын, жал-жаясын, нар түйенің өркеші мен ісек қойдың құйрығын тұздатып сүрлетіп, тең-тең етіп түйелерге...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қаһарланса, қара тасты үгітер, өр мінезі өлі рухты тірілтер, айбаты мен ақылы талай дүр мен дүлейлерді бір өзіне табындырып, жүгінтер Адай бабамыз тұңғыш ұлының атын Құдай қойыпты, сонда қазақтың ақсақалды-қарасақалды қарттары тәубелеп жалынып, баланың атын Құдайке деп атауға мәміле жасапты. Құрсақтан жаңа шыққан шаран...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ұлы жүз Үйсіннің екінші әйелінен туған қаракерейдің ба- ласы, Құба бидің баласы Елтай батыр жас жігіт күнінде Кіші жүзге ұзатылып кеткен апасын іздеп Қыдырқожа байдың аулына келеді. Келсе, атасы Апай сұлу ері өліп, қайнысы Қыдырқожаға атасып, сонда отыр екен. Елтай келсе, бай үйінде жоқ, жолаушылай кеткен. Бір-екі күнн...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Есте жоқ ескі заманда Бай деген кісінің балалары енші бөлісіпті дейді. Еншіні Байдың адуын бәйбішесі бөліп, әр баласының таңбасын қоса атап отырады. Осы кезде өзгеден саяқтау жүретін, тентек мінезділеу бала Адай жүгіріп келіп: «Апа, менің де таңбамды аташы!» – дегенде, адуын бәйбіше үш саусағымен бұтының арасын сүйкей...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Темір – Ұлы жүздің батыры. Ол сол елдегі әділетсіз хандардың бірін өлтіріп, қашып келіп, Кіші жүздегі Қыдырқожаға келіп паналайды. Шамасы, Қыдырқожаның мейілінше әділ, қайырымдылығын пана тұтса керек. Темір келген соң Қыдырқожаға жасырмай, бар шынын айтады. Сонда Қыдырқожа: – Өзіңе-өзің сыйсаң, маған да сиярсың. Сені м...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Кіші жүздің Жанарыстың Алауынан өрбіген Алшынның ішінде Қыдыр деген бай болыпты. Қыдырдың байлығында қисап болмаған соң, жұрт оны «Бай» деп атайды екен. Сол әдетпен Қыдырдан тараған ұрпақ «Байұлы» деп аталып еді дейді. Байдың (Қыдырдың) Жанби, Ұлжан есімді екі әйелі болса керек. Жанбиінен туған Қанбибі жақын құрбыларым...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Шағырай, Шенеш, Шеркеш – үшеуі бірге туған ағайындар болса керек. Шағырай батыр болыпты, үйленбеген жас жігіт кезінде жаугершілікте елі мен жері үшін соғысып жүріп, мерт болады. Артында тұқым жоқ болса да, аты ұмытылмасын деп, Шағырайдың атын ұранға шығарады. Исі Шеркештің ұранының «Шағырай» болуы содан. Шенеш жасы жет...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
...Бір байдың қызына қаншама құдалар түсіп, айттырыла тұрса да, келісімін бермей қала береді екен. Әкесі қызының бұл қылығына ренжи тұрса да, көңілін қалдырмай: – Өз сүйгеніңмен кет, қалың мал сұрамай-ақ қояйын, – дейді. Осыны естіген Дербістің әкесі баласына: – Сен барып осы қызға жолығып көрсеңші! – деп кеңес береді....
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Бірде Әлімнің ел қамымен жүрген жақсы-жайсаңы жолау-шылап келе жатып Сағыз бойында отырған Дербіс батырдың үйіне тап болыпты. Дербіс батырдың өзі үйде жоқ екен, сыйлы қонақтарға жақын жерден алдыра қоятын малдың реті бол- май, Зылиха сол жерде күйеуі Дербіс батырдың жауға мінетін екі атының бірін сойып, қонақтарды құрм...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Нәдірқожадан бел бала болмай, жеті бала да киімшең келген екен. Сол себепті бұл балаларды «Жеті ру» атапты. Қыдырқожа ағайын ішінде бай болыпты. Қысырақтың бір үйірін сұлтанға, бір үйірін ханға соғымға беріп тұрған. Сондықтан мұның өркен-жараны «Байұлы» атаныпты. Қыдырқожада төрт әйел болған екен. Бірінші әйелі Жанбике...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қыдырқожа өте асқан бай болады. Малы мен басы тең өседі. Баласы – он екі, малы жерге симайды. Байдың жанында жүрген кедейлер, сондай-ақ оның отын-суын, қора-қопысын істеп жүрген жалшылар, байдың балаларын мадақтап: «Бай баласы», «Байдың ұлы» деп жағына сөйлеп, қолпаштауынан келіп шығады. Байдың балалары да: «Сері», «Мы...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан