Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Қаракесек

Кәдірқожа жарлы, кедейлеу болып өседі. Оның үстіне бір жылдары оның үй-жайы, қора-жайы өртеніп кетеді. «Өрт қырсықты ала кетеді», – деп халық айтқандай, сол өрттен соң атамыздың дәулеті өсіп, ықпалы жүре бастайды. Үйге қонақ айналып, той думан жиі болып тұратын қалге жетеді. Бай атанады. Жалғыз ұлы Қаракесек те ер жеті...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Әлім ата балаларының ру таңбаларын алуы (І нұсқа)

Әр рудың өз таңбасы болған. Ол таңба сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. Сырт көз жайылып жатқан түлікті көріп: «Мынау пәлен рудың малы екен», – деп таниды екен. Рулық таңбалар Әлім аталарында да бар. Олар жайлы кішкене әңгіме-хикаят мынадай: Әлім балаларының алдына ат- тарды әкеліп: «Ал өз таңбаларыңды бас...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Алаша-Байбақты атануы

Кейбір материалда Сұлтансиықтың балалары: Асқар, Масқар, Алаша, Тана, Алқа. Асқардың лақап аты Жабу екен. Оның себебі – Асқардың кірпігі көзін жауып тұрады екен, сондықтан «Жабу» атаныпты. Асқар өлгеннен кейін Шешемізді Танаға атастырыпты. Одан Қараман, Қалқаман туады. Асардан Байбақты, Жанбақты, Тынбақты туады. Байбақ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Таз руы атануы (ІІ нұсқа)

Қыдырқожа тағы бір жаугершілік кезінде қарсы жақтың 14-15 жасар қалмақтың қара қызын қолға түсіріп, ат артына мінгестіріп әкеледі. Қыз қазақшаға түсінбегендіктен, өзінің атын айта алмайды да, Бай оны бетіндегі меңіне және мойнындағы моншағына қарап: «Меңді қара, моншақты күң» деп атайды. Бұдан туған ұлдың атын Таз қояд...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Таз» атануы (І нұсқа)

Байдың үйінде жаугершілікте қалмақтан алып келген қызметші бір қыз жүреді екен. Мойнында моншақ тағып жүргендіктен оны «Моншақ» деп атап кетіпті. Сонымен қатар Ерназар («Қалпақ» атанған) деген басы таз жігіт малын бағып, жалшылықта жүріпті. Бай Моншақты сол Ерназарға некелеп қосады. Бұлардан бір ұл туып, атын «Таз» деп...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Алтын-Жаппас

Енді бір сәт осы шежіреші жазған аңызға құлақ түріп көріңіз. Бір жаугершілікте Әлқожа мен Асанқожа бірдей қаза табады да, әмеңгерлік заңы бойынша олардың жесірін жасы кіші Қыдырқожа алады. Нұрқожа да сол ұрыста жарақат алып, кейін қайтыс болады. Әлқожаның жесірі Қыдырқожаға әйел боп келген соң: «Ішім әуелден ауырады, б...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Шыбар айғыр туралы

Келбағыстың (Шыбар айғыр) атасы Кенел жас шағында үйін елінен шыққан Өміржол деген байдың қызы Ақшыраққа көңіл қосып жүргенде, қыз әкесі бұлардың махаббатына ырық бермей, басқа бір байға бермекші болғанда, Кенел ол байдың ұлын өлтіріп, Ақшырақты алып қашып кетіпті. Кейін Үйсін елінің қыз жағы да, ұл жағы да дау көтеріп...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Алтын-Жаппас туралы

Халық арасында тараған ауыз екі шежіреде Кіші жүздің қабырғалы Байұлы бірлестігі он екі атадан тұрады делінеді. Ол көбінде былай тізбектеледі: Шеркеш, Есентемір, Таз, Ысық, Адай, Беріш, Байбақты, Қызылқұрт, Тана, Масқар, Алаша, Алтын, Жаппас. Бірақ санамалай келгенде олардың біреуі артық болып келеді. Кіші жүздің Батыс...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Алтын-Жаппас

Жаппасты Алтын төрт баласына қосып бесінші бала етіп, асырап өсіріпті. Сөйтіп, ол төрт бала «біз Алтынбыз» деп, ал Жаппаспен бірігіп, кейін «Алтын-Жаппас» руы атанған.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жаппас қойылуы

Кіші жүз Байұлы тайпасының құрамындағы он екі атаның бірі – Жаппас. Жаппастың шешесі Тобан бибі тоқал болып босаға аттаса керек. Келін болып түскен үйінің бәйбішесі адуын адам екен дейді. Тобан бибі Жаппасты табарда ауыл-ел көшіп жатыпты. Адуын бәйбіше жаппа тігіп беріпті де, Тобан бибіні жұртқа тастап кетіпті. Содан,...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Есентемір (VІ нұсқа)

Арғында Құбаның баласы Темір деген кісі болған. Түбі – Төлеңгіт. Темір еліне симай, Қыдырқожаға келіп паналайды. Қыдырқожа бай болған екен. Темір осы байдың жылқысын бағады. Байдың қызы Күміспен Темір жақындасып қояды. Күміс жүкті болып, түнде босанады. Әкесі қой өргізетін жолға туған баласын шүберекке орап, талға іліп...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Махмұтов, Ғ.Мұсабаев

Есентемір (V нұсқа)

Есентемір Қыдырқожа байға жылқышы болған. Сауыт- сайман асынып, батыр атанған. Төрт баланың үлкені Есентемір екен. Қыдырқожа бай жұтқа ұшырайды. Ол кезде Есентемірдің аты Темір көрінеді. Темір жылқыға жайлы қоныс іздеп, оны «Шетпе» маңынан тапқан екен. Бай Темірдің тапқан қонысына бар жылқысын айдатып жібереді. Қыс өте...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Махмұтов, Ғ.Мұсабаев

Есентемір туралы (ІV нұсқа)

Алтай, Елтай жауда атысып, Алтай қаза табады. Елтай жеңгесімен қашып Қыдырқожаның қол астына келіп паналайды. Сол әйелдің ішінде келген баланың атын дүниеге шыққан соң «Беріш» қояды. Сол әйелді кейін Қыдырқожа алып, одан Таз туады. Қыдырқожа бай ауылында жоқ мезгілінде оның ауылын жау келіп, қамайды. Қашып келіп панала...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Темірдің «Есентемір» атануы (ІІІ нұсқа)

Қазақтың қария сөзінде: Алшынның Сыр бойын қоныстап қалған Байқожа деген немересі ауыл-аймағымен жаугершілікке ұшырайды. Сол жаугершілікте Байқожа өз кіндігінен туған Ата, Қалпақ, Естай деген балаларымен бірге жау қолынан қаза табады. Осылардың ішінде Атаның Темір деген баласы ғана тірі қалады. Темір бүкіл әулеттегі же...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Темірдің «Есентемір» аталуы (ІІ нұсқа)

Сол заманда, Ұлы жүзден Байбоз деген биді қысастықпен өлтіріп, елінен қашып кеткен Темір деген жас жігіт Кіші Жүзге барып, Қыдырқожаның (Байдың) ұлы Қыдырсиықтың қолына келіп паналапты. Қыдырқожа бай еті тірі, пысықша келген жігіт болғандықтан, оны өз қарамағына алып, жылқысын бақтырып қойыпты. Бір жылы қыс қатты болып...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Темірдің «Есентемір атанып, бір рулы елге айналуы (І нұсқа)

Қыдырқожаның жылқысына Темір ие болып жүрген бір жылы қыс қатты болып, жылқы тебіндей алмайтындай қауіп туады. Осы кезде Қыдырқожаның жылқысымен қатар тебіндегі жүрген киік үйірінің арқар мүйізді өте ірі текесі жоқ болып шығады. Бұл текені атып алмақ болып, Темір жолдастарымен келе жатады. Киіктер тегісінен жусап жатыр...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Бейсенғалиқызы

Бессары-Беріш

Қыпшақ елінен шыққан Қареке деген бір палуан ұлан-асыр той жасап жатқан үлкен бір жиынның үстінен шығып, күресіп жатқан жігіттерге делебесі қозады да, қарап тұра алмай өзі де күреске қатысады. Ұстасқан жігітін әй-шайға қаратпай алып ұрғанда, оқыс құлағандықтан, қабырғасы сынады. Сол жігіт үш күннен соң дүние салған көр...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ағатайдың Берішке ұран болуы

...Берішке ұран болуы былай болады: Ағатайдың жасы он алтылар шамасында екен. Жігіт болып есейіп қалса да, ол жасындағы тынымыздығы қалмайды. Бір күні елді жау шауып кетіп, ауылдың адамдары жауды қумақшы болады. Аға тай бірге барғысы келсе де, әкесі жібермейді. Жұрт кетіп қалғасын қолына бір қылыш алып, Ағатай тай міні...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Он екі ата Байұлы ішіндегі Беріш руы туралы аңыз

...Беріш – Қыдырқожа байға келіп паналаған, байдың жалшылығында болған бір әйелдің ішінде келген бала. Себебі мынау: Алтай, Елтай деген ағайынды екі жігіттің ағасы жауда өлгесін, ағасының әйелі мен екеуі (Алтай, Елтай) Қыдырқожа байға жаудан қашып келіп, паналайды. Сол әйел қайнысы мен екеуі келгенде жүкті болып келіп,...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қожамберді (ІV нұсқа)

Енді Бала Қожамберлі «жайындағы бір ауыз сөз: Бала Қожамберлі – үлкен Қожамберлінің баласы. Оның мәнісі мынау: үлкен Қожамберлі Хиуа жанына сенімді жігіт болып, сонда жұмыс істеп жүрген кезінде түрікменнің бір бегінің әйелімен көңілдес болады. Мұны бек сезіп қалады да, Қожамберліні өлтіруге әрекет жасайды. Бектің бұл ә...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 51 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды