Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4304 Total records
174,940 Unique word forms (full index)
3981 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4304 records

Байұлы

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар біреу тайына, біреу атына мінгенде бір бала жыламсырап, қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: – Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. Бала қамығып: – Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – деді. Содан Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: – Мен атқа...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қарабақ-Уақ әулеті туралы

Бірде жолаушылап келе жатып Бармақ қалмақтардың қолына түсіпті. «Өлтіру керек!» – деп ұрандайды қалмақтар. Қалмақ ханы жөн сұрайды. «Мен жауласуға шыққан жоқпын. Жолаушымын, қаруым да жоқ», – дейді Бармақ. Оны танығандар: «Бұның бізге істемегені бар ма, жоқ қылу керек!» – деседі. Сонда Бармақ: – Әй, мен сендерге жалынб...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Бес қасқа

... Аласапыран заманда егеулі найза қолға алып күрескен Еламан балалары Бес Қасқа – Көшімбай (Күштібай), Қылжақбас (Қылжықай), Ашан, Қақал, Доғал болады. «Бес Қасқа» бірнеше күн мен түнге алай-дүлей шайқаста жауға дес бермей, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Бұл бесеуі қайда жүрсе де, соғыста болсын, тамақ ішсін, дем ал...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Шұбарайғыр

Орта жүз Абақ керей тайпасынан тарайтын іргелі рулардың бірі – Шұбарайғыр. Шежіре дерегі бойынша, Абақ керейдің Жаната деген жігіті қалмақтардан шұбарайғыр бастаған бір үйір жылқы айдап қайтыпты. Сол шұбарайғырдың үйірі құт болып, өсіп-өніп, Жаната бас құрап, елге танылған екен. Жанатадан тараған ұрпақ рулы елге айналы...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

«Бодансыз Керей» аталу мәнісі

«Керейден бір Жәнібек деген батыр шығыпты. Шақшақ Жәнібектің жиені екен», – деп естіген едім. Бұл «Ер Жәнібек» атаныпты. Мұның қылған ісі: «Керейді орысқа қаратпаймын! – деп, – Алатаумен Алтай тауының аралығында Алакөл деген көл бар, бір өзіне жеті өзен құяды. Тайы құлындап, тайлағы боталай тұғын жер, бұл Сарыарқадан д...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Руым – Шұбарайғыр, ұраным – Қожаберген

Абақтың үшінші ұлы Құтбердіден – Бағаналы, Жаппас екеуі. Жаппастан: Кенел, Жабай. Кенел жас кезінде Үйсін еліндегі Өміржол деген байдың қызы Ақшыраққа көңіл қосып жүргенде, әкесі Ақшырақты бір байдың ұлына айтырады. Кенел Ақшырақты алып қашып кетеді. Үйсін жағы дау көтеріп, үш жүздің бас қосқан жиынында әр жүзден адам...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көшебе мен Сибан

Танаш би өзінің үлкен баласы Балғаны Сібір татарының бегі Ағайынбектің қарындасы Ғалия сұлуға үйлендірген. Балғамен Ғалиядан Әзім есімді жалғыз ұл туған. Әзім туған соң, көп ұзамай Танаш бидің бәйбішесі Айша да босанып, бір ұл тауыпты. Ел жайлауға көшіп жатқан кез болса керек, баланың атын Көшебе деп қояды. Дәл осы тұс...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Ашамайлы Керей жайында

Абақ – Ұлы жүз – Үйсіндегі Сарымырза деген адамның қызы, Керейдің немересі Дана бидің келіні еді. Абақ тұрмыстанып, бір балалы болғанда күйеуі қайтыс болыпты, Шымыр атты бір баласымен Абақ жесір өтіпті. Бірқанша уақыт өткеннен кейін жесір отырған жас Абақты сол кездегі қазақ салты бойынша әмеңгерлік жолмен Уақтың немер...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көктіңұлы

Көктіңұлы тоқалдың баласы. Қоңырат көшкенде тоқалын жұртқа тастап кетеді. Келесі жылы келсе, тоқал баласын (жүкті болған) көкке орап өсірген екен. Содан «Көктіңұлы» атанған.

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көтенші (V нұсқа)

Жаманбайдың балалары: Құрбан, Ноғай, Шоқпарлы, Жауғашты, Қыйра. Құрбан – мүсәпір, момын адам, оның қалған төрт інісі – Жауғашты, Ноғай, Шоқпарлы, Қыйра, бұлардың көзі ұрлықпен өткен. Інілерінің ұрлығын ағасы Құрбан айта берген. Ұры інілері қылдан белбеу буынып ұрлыққа аттанған. Біреулер малын іздеп келсе: «Біздің мына...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көтенші – Көктіңұлы аңызы (ІV нұсқа)

Қоңырат – Қара – Құдайберді, онан – Берді – Сүгір, оның баласы – Мелдеби, Оның үш баласы болған. Мелде би – Отырардаби болған адам. Оны жайлаған бұрынғы қарақалпақтар болған. Мелде бидің әкесінің қолынан қалған екі бала болған: Демен, Семен. Сонымен 32 балам бар деп отырады екен. Қазақтан келген би деп Мелде биді қарақ...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көктіңұлы және Көтенше туралы аңыз (ІІІ нұсқа)

Жезбике шешеміз аса сымбатты, үй тірлігіне ұқыпты кісі болған. Мелде биге тиген соң ұзамай жүкті бопты. Ай-күні толып, босанар шағында, Құндызай бәйбіше күндестік кесірімен Мелде биге айтқанын істеп, Жезбикені жұртқа тастап кеткен. «Біз барған соң саған көлік береміз», – деп алдап көшіп кеткен екен. Көшкен жұртта қалға...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Көтен (ІІ нұсқа)

...Орта жүз – Қоңырат ішіндегі Жаманбай атасынан Құрбан туады. Оның алты баласының бірі «Көтен» деп аталады. Құрбан қартайып, жасы тоқсанға жақындағанда балалары әкесінің көңілін аулап, елден қыз айттырып, мол етіп қалың малын беріп, бір қыз алып беріпті дейді. Құрбан осы қыздан перзентті болып, оған «атамыз қартайғанд...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Сүйіліш батырдың Бұхараға сапары жайлы (ІІІ нұсқа)

Бірде Сүйіліш Бұхараның көшесімен келе жатып өлімге кесілген әлдебір адамға ара түсіп, хан алдына барып уәжден жеңіп, бейбақты өлімнен алып қалады. Өзін өлімнен алып қалған Сүйіліш батырға әлгі адам қатты разы болып, өмірлік дос боп қалады. Күндердің күнінде әлгі досы қатты ауырып, көз жұмар алдыңда Сүйілішке: «Сенің а...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Бозжан, Жетімдер аталуы (ІІ нұсқа)

Сұқсыр ханым сұлуды әкесі Әліхан хан Атамтөре деген батырға қосады. Олардың төрт ұлы болады. Бір соғыста батыр Атамтөре өзінің төрт ұлымен бірге қаза табады. Жесір қалған сұлу Сұқсыр ханымды Мелде бидің ұлы Құдайберді некелеп алады. Сұқсыр ханым алты айдан соң жүкті болады. Дәл осы сәтте елге жау шабады. Ер-азаматтар т...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Жетімдер руы аңызы (І нұсқа)

Көне Түркістан шаһарының іргесінде Қарашық деген өзен әлі күнге дейін ағады. Сол өзеннің жағасында қырық қақпалы әдемі қала болыпты. Сол заманда әлгі қаланы Әліхан деген қалмақ билепті деседі. Бүкіл қала халқы Әліхан ханға алым-салық төлеп тұрыпты. Әліхан ханның үш жүздің баласынан алым-салық жинаушы өкілі Жығалы мырза...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қоңырат Нағанай аңызы

Қазақтың үш баласы болған. Ақарыс (Ұлы жүз), Бекарыс (Орта жүз), Жанарыс (Кіші жүз). Біз – Бекарыс балаларымыз. Аңыз бойынша, Бекарыстың әкесі – Қазақ, Қазақтың әкесі Алаш екен. Алаштың әкесі Түрік керемет бай, кемеңгер данышпан кісі болған екен. Тәж-дәулет, сән-сәулет, азан-хәумет – бәрі-бәрі бір басында жетіп артылып...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қоңыраттың Жетімдері туралы

Баласы: – Неге бізді Таздар-Жетімдер дейді? Біздің ауылда бірде-біртаз адам жоқ қой. Өткенде төмендегі Игіліктен жылқы іздеп келген екі бала бізді «тазсындар» деп әбден мазақтап күлді, – деп сұрады. Сондағы айтылған әңгімеден құлақта қалғаны мынау еді. – Біздің ең үлкен жетінші атамыз Кенжеғұлдан басталған аңшылық, сая...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Бесата қалай шыққан?

Жетімдердің о бастан ата қонысы – Түркістан мен Шәуілдір өңірі. Түркістандық Жайма жетім Әжі қожа деген кісі аса дәулетті адам болған екен. Бәйбішесінен туған Мырзагелді, Оразгелді, Аспантай, тоқалынан туған Байтелі деген балаларыда заманының алды болған. Соның ішінде, әсіресе Оразгелдіге ырыс-дәулет артықша қонған еке...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Жетімдер (ІІ нұсқа)

Нағанайдың қонысы Отырар деген қаланың қасында болады екен. Бір күні Нағанайдың бір үйір жылқысы жоғалып, әкесі Мелде би деген жастау баласына: «Ас-ауқатыңды алып, қарап кел!» – деп жіберсе, артынша Отырар қаласын қалмақтар басып алып, ел бет-бетімен тарай бастайды. Нағанайдың отыз ұлы сегіз әйелден екен. Үш бала – Оры...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан
Previous Page 53 of 216 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment